Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет122/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   305
«Кішіайғай» «Үлкенайғайға» қарағанда көлемі 
шағын дегенді білдіріп тұр.
КІШІАША - жайлау, Катонқарағай а.о. Нысанның қасындағы 
нысаннан кішірек екенін білдіру үшін қойылған атау.
КІШІЖАҚАБАЙ – Кісі атына байланысты қойылған ферма 
атауы[100]. 
КІШІҚАРАУЫЛ – төбе, Белқарағай а.о. Жан-жағы түгел көрінетін 
биік жер мағынасында қолданылған. Мұндағы Қарауыл / қарауылда 
– бір нәрсені қору, бақылау, аңду, күзету мағынасында қолданылады 
[50,663б.].
КІШІСАЗ – жайлау, Белқарағай а.о. Жанындағы саздау жерге 
қарағанда аумағы кішілеу сазды жер[135].
КІШІШАҚАБАЙ – беткей, Өрел а.о. Кісі атына байланысты 
қойылған атау [100].
ҚАБА – өзен, Өрел а.о., Науаға, астауға ұқсас болғандықтан 
қойылған атау. М.1. Жалғыз қауіпті жол «Ирек» емес, кереметі алда – 
Алатайдың үстіне шығып қайтадан ойға құлдилап, Алатай қыстағына 
апарар «Тар» деп аталар сүрлеуіне түскеніңде басталады. «Тар» – 
деген атауы білдіріп тұрған, осы жол Қаба деген өзенді қуалап, сол 
өзенді сан рет әрі-бері кесіп өтіп, мезі қылар ирек жасап, екі таудың 
ұңғыдай ғана ашамайын аралап, оңтүстікке қарай сұғына беретін 
[24,19 б.]. М.: Көне түркі тіліндегі қобы / қоба – «су ағар», моңғолша 
– «хабоо» – «науа», «астау» мағыналарын береді [154].


144
ҚАБА – өзен, Қатонқарағай а.о. Қашқари сөздігінде «қаба – кез 
келген бір жердің көтеріңкі тұсы, биігі» [61, 673б.] деген мағына береді. 
Бастауын таудан алатын өзенге берілген атау. М.: Қабаға Таутекенің 
суы құяды. Қаба өзені Қытайдан бастау алады. Күршімді басып өтіп 
Ертіске құяды. Қабаға 7 көпір салынған Стратегиялық маңызы бар 
[133].
ҚАБАНБАЙ – ж.а., Катонқарағай а.о. Кісі атына байланысты 
қойылған атау[163]; [107].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет