149
бітірді [2, с.351].
М.2: Қарт Алтайдың тарихи бір пұшпағы ретінде
бұл өлке де сонау көне заманнан сақ, ғұн, түркі жұртына қасиетті
қара қоныс, алтын бесік – атамекен болған. Археологиялық зерттеулер
деректеріне қарағанда қазіргі Катонқарағай ауданының аумағын
адамдар мұз дәуірінде, орта палеолит заманында мекендей бастаған.
Осыдан 15-20 мың жылдай бұрын өмір сүрген ертедегі адамдардың
еңбек құралдары табылған Свинчатка, Қанай, Усть-Нарым елді
мекендері, Шыңғыстау таулары осы өңірде екенін еске сала кеткен
жөн шығар [3,3б.].
М.: Қарауылдан жоғары тұр [146].
ҚАНАЙ – қыстақ. Катонқарағай а.о. Антропотопоним[99].
ҚАНАЙ – өзен, Катонқарағай а.о. Қанай деген кісі атына байланысты
қойылған атау.
М.: Содан кейін елі Сандықтасқа көшкенде, өзі тоқалы
Алтынай, оның оның екі ұлынан тараған әулетімен Қанай өзені бойына
көшіп барды [2,161с.].
ҚАНАЙ БҰЛАҒЫ – бұлақ. Катонқарағай а.о. Антропотопоним.
М.:
Мойылды өзенінің бастауы, сарыала қаз мекендейді, маңайы сазды, суы
мол [99].
ҚАНДЫСАЙ – сай, Алтынбел а.о. Өлім-жітім көп болатын сай
болғандықтан солай аталған болса керек. Біріккен атау.
М.: Көшкін көп
түскен[139].
М.: ә. Моңғолдармен Наймандармен осы жерде соғысқан
болуы керек [143].
ҚАНДЫСУ –
өзен, Берел а.о. Ағысы тым қатты болғандықтан
өлім-жітімі көп болатын өзен деген мағынада қолданылады. Сохотушка
өзенінің қазақша аты, Катонқарағай ауданы. Мұндай атаулар кезінде
Хан суы «хандар мекендеген өзен» атанып, кейінгі ұрпаққа Қандысу
болып жетуі де мүмкін. Бойында сақ қорымдары болса, демек, Хан суы
болғаны [15, 55б.].
М.1: Батпақты жазықты қақ жарып, бұраңдай
аққан Қандысу нобайланады. Қандысу – мынау көлден ағып шыққан
жалғыз өзен. Неге екені белгісіз, осы көлге жұрт ат қоймапты. Оған
қарағанда, күміс шытырадай жылт-жылт еткен анау шүмегінің даңқы
жер жарады. Жұрт ол өзенді Қандысу деп те тегін атамаған сияқты.
Көлден бастау алған Қандысу тау мен тасты қақ жара арқырап,
Бесқарағай мен Шұбарағаш ауылдарын басып өтеді. Қандысу әсіресе
көктем шыға өткел бермей тасып, малды қойғанда, жыл сайын адам
шығыны да болып жатады. Қандысудың мінезі қыс айларында да
шатақ болатын, арнасынан асып, жер-көкті қызылсу қаптап кетуші
еді. Ондайда айнадай жалтыраған шыңылтыр мұздың арғы шетіне
көзің әрең жететін. Ауыл адамдары қысты күні өзеннің арғы жағына