152
ҚАРАГЕМ (ҚОЛАТҚАМ)
– көл, Берел а.о. Атау қара және гем
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Қара қазақ тілінде түс атауын
білдірсе, кем/хем/гем тұлғасында қолданысқа түсетін сөз алтай,
тува тілдерінде өзен, су мағынасында қолданылады. Көлдің суы
терең болғандықтан, қара болып көрінуі заңды.
М.1. Бұл аудан
территориясында Қарагем деген көл бар. Мұндағы қара,біздіңше
түрік сөзі де, оның екінші компоненті хәм, шек, шекара мағынасындағы
монғол сөзі [3,78б.].
М.2: Қазақтың қойған аты. Балығы, үйрегі мол
көл. Аңызда: бір мерген үйрек атамын деп өз қолын өзі атып алыпты,
соған байланысты қойылған [101].
ҚАРАҒАЙ – қыстау, Өрел а.о. Қарағай көп болғандықтан қойылған
атау.
М.: Қыстау жанында қарағай көп. Қыстың күндері желді
баяулатып, әрі ық болғаны үшін осы жерде қысты өткізген [119].
Достарыңызбен бөлісу: