170
ҚОҢЫРБАЙ – жайлау, Алтынбел а.о.. Антропотопоним.
М.:
Жебетей жұртының. Алтай тауының бөлігі[113].
ҚОҢЫРБАЙ – тау, Алтынбел а.о. Антропотопоним.
М.: Адам
атымен қойған атау[138].
ҚОҢЫРЖОН – тау, Ақсу а.о. «Қоңыр» сын есімі + Жон зат есім
(географиялық термин) үлгісімен жасалған топоним.
Бұл атауда
Қоңыр сапалық сын есімі тура мағынадан гөрі, ауыспалы мағынада
қолданылған. Жап-жасыл шалғын түске боянған тау осыны аңғартады.
Қазақ халқының танымында қ
оңыр түсі табиғат құбылыстарының
кейбір қалпын көрсетеді: қоңыр салқын, қоңыр жел. «Қоңыр самал
жел» деген тәрізді «қоңыр салқын ауасы» бар жота деген мағынаға
жуық, яғни малға жайлы жота мағынасын береді.
Достарыңызбен бөлісу: