Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет257/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ҰЛАНДАБА - асу, Катонқарағай ауд. Атау ұлан және даба сөздерінің 
бірігуі арқылы жасалған атау. Негізінен моңғол тілінен енген кірме атау. 
Атаудың бірінші компоненті «ұлан» сөзі моңғол тілінен аударғанда 
«қызыл» деген мағына берсе, «даба» сөзі «өткел» [188,34 б.] мағынасын 
береді. 
ҰЛАРКҮНГЕЙ – ж.а., Катонқарағай а.о. Ойконим. Тау аты негізінде 
қалыптасқан атау. М: Ақжар тауында орналасқан[157].
ҰЛАРКҮНГЕЙ – тау, Катонқарағай а.о. Ұлар (зат есім) және күңгей 
(зат есім) сөздерінің бірігуі арқылы жасалған атау. Бірінші компонент 
ұлар – «таудың биік шыңдарын мекендейтін, түсі сұрғылт, еті дәмді, 
ірі құс» [56, 707б.] мағынасын береді. Ал екінші компонент күнгей сөзі 
«1. Күннің шуағы мол түсетін жер; 2. Таудың үнемі күн сәулесі түсіп 
тұратын бір жағы, етегі, баурайы» [50,511б.] деп сипатталады. Олай 
болса, ұлар құсы көптеп кездесетін таудың үнемі күн түсіп тұратын 
жағы, күнгей тұсы дегеннен қалыптасқан атау болып табылады. М: 
Ақжар тауында орналасқан [157].


276
ҰЛАРЛЫ - тау, Катонқарағай ауд. Ұлар (зат есім) және лы (туынды 
сын есім жұрнағы) тұлғаларының бірігуінен жасалған, «Ұлар құсы көп 
мекендейтін тау» деген мағына береді [15, 186 б.].
ҰҢҒЫ – аңғар, Қатонқарағай а.о. Ұңғы – кетпен-шоттың, 
балтаның, күректің сапқа киілетін қуыс жағы, сап кигізілетін жері 
[56,731б.] мағынасында қолданылатын сөз. Атау қалыптастыруда 
аңғардың аузын ұңғыға ұқсату негізінде қалыптасқан атау. М: Үлкен 
ауыз болып біткен. Шыңғыстай мен Жаңаүлгі арасында орналасқан 
[114]; [110].
ҰҢҒЫ – асу, Өрел а.о. Ұңғы – кетпен-шоттың, балтаның, күректің 
сапқа киілетін қуыс жағы, сап кигізілетін жері [56,731б.] мағынасында 
қолданылатын сөз. Атау қалыптастыруда асуға баратын жолды ұңғыға 
ұқсату негізінде қалыптасқан атау. М: Тарбағатай жайлауына төте 
жол. Ирек атты жолы бар[131].
ҰҢҒЫ – жол, Белқарағай а.о. Ұңғы – кетпен-шоттың, балтаның, 
күректің сапқа киілетін қуыс жағы, сап кигізілетін жері [56,731б.] 
мағынасында қолданылатын сөз. Атау қалыптастыруда жайлауға 
баратын жолды ұңғыға ұқсату негізінде қалыптасқан атау. М: Ұңғы 
жайлауына шығатын жол солай аталған [134].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   253   254   255   256   257   258   259   260   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет