Казахский государственный женский педагогический


ЖАҢЫЛТПАШТАҒЫ ШЕШЕНДІКТІҢ КӚРІНІСІ



Pdf көрінісі
бет8/19
Дата17.01.2017
өлшемі1,41 Mb.
#2102
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

ЖАҢЫЛТПАШТАҒЫ ШЕШЕНДІКТІҢ КӚРІНІСІ 
 
Дәуітҧлы Т.- аға оқытушы (Алматы қ., Қазмемқызпу) 
 
Шешендік  ӛнердегі  басты  талаптардың  бірі  —  жҥйелі  ойды  мәнді  де  сәнді 
етіп,  мҥдіріссіз,  іркіліссіз  шебер  жеткізу.  Сол  себепті  шешен  сӛйлеуге  қазақ 
фолъклорындағы жаңылтпаштың тигізер пайдасы мен атқарар рӛлі зор. 
Шешен әуел баста сӛйлеп жаттығуы шарт. Халқымызда «Кӛре – кӛре кӛсем 
болады, сӛйлей – сӛйлей шешен болады» деген мәтел бар. Бҧл кемел ойлы кӛрікті 
сӛз тегін айтылмаса керек. Бала тілі шыққаннан бастап әрнені бір айтып, сӛйлеуге 
жаттығады. «Бала тілі — бал» дегендей мҧны қызық кӛрген ата-анасы оларға бір 
ауыз  сӛз,  бір  жол  ән-ӛлең  мәтіндерін  әуенімен  ҥйрете  бастайды.  Осыдан  бастап 
сӛздік  қоры  молайып,  кӛптеген  әріптер  мен  сӛздерді  дҧрыс  айтқанымен, 
буындарында «р» мен «ң» әрпі бар сӛздерді кӛп бала дҧрыс айта алмайды. Кейде 
«р»  дыбысын  «л»  немесе  «й»  десе,  енді  бірде  «ң»  дыбысын  «н»  деп  айтып 
шатасады. Бҧл, әрине, кӛбінде дыбыстау мҥшелерінің дыбыс шығару заңдылығын 
толық  меңгермегендіктен  туындайтын  жайт.  Балабақшаны  тамамдап  бірінші 
сыныпқа  барғанда  балалардың  басым  кӛпшілігі  аталған  қателікті  тҥзетіп  дҧрыс 
сӛйлеуге  дағдыланады.  Ішінара  бірді-екілі,  тіпті  одан  да  кӛп  балаларда  бҧл 
ҥрдістің  сақталуы  сӛзсіз.  Бҧл  қаталік  дер  кезінде  тҥзетілмесе  дағдылы  «шҥлдір» 
мен  «сақаулыққа»  әкеліп  соқтыруы  әбден  мҥмкін.  Сондықтан  баланың  балғын, 
тілінің  балдыр  кезінен  бастап  дҧрыс  сӛйлеуге  дағыдыландыру  ҥшін  
жаңылтпаштың рӛлі ӛте зор. 
Баланы балабақшада, одан қала берді бастауыш сыныптарда жаңылтпаштың 
кӛмегімен  тілін  ҧстартып,  дҧрыс  та  анық,  әдемі  сӛйлеуге  машықтандырсақ,  ол 
орта мектеп, жоғары оқу орындарында да, тіпті қоғамдық қызметте де сарқылмас 
рухани азық болары айдан анық. 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008. 
 
68 
Шешен кӛп жағдайда ойын ашық, анық, айқын жеткізуге тырысады. Әрине, 
елді  ӛзіне  сендіріп,  иландыру  ҥшін  нақты  дәлелдермен  кӛзге  ҧрар  шындықпен 
бетпе-бет келуге тура келеді. Осы арқылы тыңдаушының сеніміне ие болады. Кей 
кездерде  ортаға  байланысты  тҧспалдап,  астарлап  та  сӛйлейді.  Тіпті  кейде  ым, 
ишарамен  ойын  жеткізіп,  емеурін  танытуға  болады  немесе  аудиторияны  ӛзіне 
қарату  ҥшін  ішкі  ойын  юморлы  әзілмен,  қызықты  жаңылтпаштармен  де  жеткізу 
шешеннің танымдық тапқырлығына байланысты.  
Жоғарыда аталған тақырыптардың айтпақ ойын жаңылтпаш арқылы жеткізу 
тыңдаушыға қызықты да әсерлілігімен, кӛкейге қонымды болып қарапайым зілсіз 
жеткізіледі. Мысалы: 
         Асан бақша жақтан, ақ сабақ асқабақ әкелді, 
         Басқа жақтан, басқарақ асқабақ әкелді.  
Мҧнда  Асанның  ӛз  маңдай  терін  тӛгіп,  еңбек  еткен  бақшасынан  алынған 
асқабақ  пен  басқа  жақтан  қандай  жолмен  тапқаны  ӛзіне  аян,  әкелген  асқабағын 
әдемі де астарлы, зілсіз де мінсіз, ҧтқыр да тапқыр жаңылтпашпен шебер жеткізіп 
отыр. 
         Шақшасыз ақшалы, ақшаңдай сӛйледі, 
         Шақшалы ақшасыз, шапшаңдай сӛйледі, – деп келетін тоқ ҧйқасты бҧл 
екі  жолдың  қҧрылысы  ӛте  шымыр.  Айтпақ  ой  –  болар-болмас  қана  астарланып, 
айқын,  әдемі  әрі  жеңіл  жеткізіліп,    ақшалы  мен  шақшалы  арасындағы 
психологиялық тартыс ӛте шебер шешендікпен жеткізіліп тҧр. 
Арзан алып кӛк қасқаны, 
Қымбаттатып  кӛп  қақсады,  –  дегендегі  сегіз  буынды  жыр  ҥлгісіндегі  бҧл 
жолдарда арзан мен қымбаттың арасындағы қарама-қайшылық, арзан алып пайда 
табам деп, қымбаттатып зиян тартып жҥрген қызылқҧлақ делдалдардың тіршілік 
кӛрінісі  «кӛк  қасқаны»,  «кӛп  қақсады»  деген  ҧйқастармен  жеріне  жете  шенеліп 
отыр. 
Алыстан Арыстанбай арыстандай кӛрінді, 
Арыстанмен Арыстанбай алысқандай кӛрінді. 
Бҧл  жолдардағы  шешендік  шеберлік  әсерлі  теңеу  арқылы  ой  кӛркемдігін 
айқындайды.  Әр  жолдағы  «А»  дыбысынан  басталған  ҥш  сӛз  ӛзара  бір-бірімен 
тығыз қабысып, әрі ҥндесіп, «Арыстанбай, арыстандай және алысқандай» сӛздері 
ӛзара  алмаса  келіп,  «кӛрінді»  сӛзінің  екі  қайталануымен  шымыр  ҧйқасып, 
Арыстанбайдың  кісілік  келбетімен  тіршілік  тынысын  кӛрікті  оймен  кӛркемдеп, 
шебер шешендікпен жеткізіп тҧр. 
Кӛп  жағдайда  қарапайым  жаңылтпашта  біз  ескере  бермейтін  кӛрікті  оймен 
кӛмкерілген астарлы мағынаның жататынын терең ҥңілсек аңғару аса қиын емес. 
Біз  шешендіктегі  кӛптеген  шеберліктің  қайнар  кӛзі  жаңылтпашта  екенін 
жете тҥсінбегендіктен, балаларды бҥлдіршін  кезінен балабақшадан бастап дҧрыс 
сӛйлеуге, әр дыбысты ӛзінің қалыпты нормасымен айтуға жаттықтыру жҧмысына 
мән  бермейміз.  Жаңылтпашты  жиі  айтқызу  арқылы  балалардың  тілін  ҧстарту, 
жаңылтпаш арқылы кӛркем ойды жеткізу, оның ішкі мазмҧны арқылы тәрбиелеу 
жҧмыстары  ӛз  дәрежесінде  жҥргізілмейді.  Соның  салдарынан  бҥгінгі 
қоғамымыздағы  ҧрпақтарға  білім  беріп  жҥрген  ҧстаздар  мен  теледидар,  радио 
арқылы  кҥнделікті  ақпаратты  жҧртқа  жария  ететін  дикторлар  мен  журналистер 
қауымы  арасынан  «р»  мен  «ң»  дыбысын  дҧрыстап  айта  алмай  «р»  дыбысының 
орнына тілін бҧрап «ар» немесе «и» деп, «ң» дыбысының орнына «н» деп немесе 
сӛздердің орфоэпиялық заңдылығын сақтамай «шегара» деп айтылуға тиісті сӛзді 
жазылуы  бойынша  «шекара»,  «кӛгӛніс»  деп  жҧмсартылып  айтылатын  сӛзді 
«кӛкӛніс»  деп  қҧлаққа  тҥрпідей  тигізе  сӛйлейді.  Бҧл  —  жеке  адамның  сӛйлеу 
дағдысының  қалыптаспағанынан  әлдеқайда  кҥрделі  қоғамдық  мәселе.  Олардан 
сабақ  тыңдап,  әдеби,  мәдени  жаңалықтарды  қабылдап  отырған,  мемлекеттік 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №5 2008. 
 
69 
тілімізге  енді  ғана  ауызданып келе  жатқан  жас  буын  солардан  естігені  бойынша 
қаз-қалпында қабылдайтыны сӛзсіз.  
Ҧстаздар  да,  журналистер  де,  дикторлар  да  бҥгінгі  қоғамның  шешендері 
саналады.  Олар  ӛзіндегі  осы  кінараттарды  алдымен  ӛздері  сезінуге  тиіс.  Ӛздері 
сезінбеген  жағдайда  мәдениет  және  ақпарат  министрлігі  тіліміздің  бҧлайша 
шҧбарлана беруіне селқос қарамағаны жӛн.  
Қорыта  айтқанда,  ҧлт,  заман  атынан  сӛйлейтін  би-шешендердің  шешендік 
мҧрасын қаймағын бҧзбай келесі ҧрпаққа табыстауы ҥшін сӛз ӛнерпаздары  ӛзінің 
жан-жақты  білімімен  дауысының  әдемілігі,  кең  тыныстылығы  және 
жағымдылығымен ардақты. Сӛзді анық, тҥсінікті ажыратып айтуға, гармониялық 
келісім  тудыруға,  сӛйлемнің  ырғағын,  екпінін,  ӛлшеуін  ӛзгертіп,  кӛркемдеп 
тҥрлендіруге кҥш салады. Әрбір сӛз бен сӛйлемнің ӛз орайында әр алуан ырғақты 
ҥн,  тиісті  әуен,  музыкалық  сазы  болады.  Сондықтан  әрбір  сӛзді,  сӛйлемді,  сӛз 
тіркесін  айтылмақ  ойдың  мазмҧнына  сәйкестендіріп  айту  —  сӛйлеу  тілі 
мәдениетінің басты талабының бірі болмақ. 
Шешендік  шеберлікті  шыңдауда  мақамды  жетілдіріп,  оған  сҥйкімділік 
дарыту ҥшін жаңылтпашты балабақша, мектеп, басқа да оқу орындарында оқыту, 
ҥйрету, жаттап жаттығу ӛте қажет.  
 
ТҤЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада 
жаңылтпаштың 
баланың 
дҧрыс 
сӛйлеу 
дағдысының 
қалыптасуына, шешендік ӛнердің дамуына тигізетін ықпалы қарастырылған.  
 
РЕЗЮМЕ 
В статье рассматривается  влияние скороговорок на формирование речевых 
навыков ребенка, а также на развитие ораторского искусства. 
 
 
 
 
 
ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢДЕГІ ПОЭЗИЯНЫҢ ДАМУ ҤРДІСІ 
 
Ержанова С.– ф.ғ.к., доцент (Алтамы қ.,Қазмемқызпу) 
 
Уақытты  қабылдау  призмасы  арқылы  қарай  отырып  әдебиеттің  даму 
ағымындағы  дәстҥр  және  жаңашылдық  мәселесіне  соқпай  кету  мҥмкін  еместігін 
ерексіз мойындаймыз. Бҧл ретте Абайдың ақындық дәстҥрінің дамуына тоқталған 
қазақ  әдебиеттану  ғылымының  азулы  академигі  З.Ахметов  «Абайдың  ақындық 
әлемі» атты еңбегінде дәстҥр мәселесі жӛнінде: «...жеке тақырып, сарындар, ӛлең 
ӛрнектері  мен  сӛз  қолданыстарындағы  жақындық,  ҧқсастықтар  жайында  айту 
аздық етеді. Олардың да мәні бар екенін жоққа шығармай, керекті жерінде тиісті 
мӛлшерде  назар  аудара  отырып,  алдымен  тарихи-әдеби  процесті  тҧтастай  алып 
қарастыру,  әдебиет  майданына  Абайға  ілесе  шыққан  ізбасар  ақындардың 
шығармашылық  тҧлғасын  анықтау  жағынан  олардың  әрқайсысы  қай  бағытта 
ізденіс  жасап,  қай  қырынан  келіп  әдебиетке  жаңалық  әкелді,  ӛзінше  жол  тапты 
деген тҧрғыдан сӛз қозғау ҧтымдырақ...», -дейді.  
Сонымен  қатар  әдебиеттің  дамуына  сол  кездегі  сыртқы  және  ішкі 
факторлардың  әсер  еткенін  білеміз.  Бҧл  ретте  қоғамдық  қоршаған  ортаның 
маңызы  ӛте  зор.  Сыртқы  факторлар  ретінді  жалпылық  тҧрғыда  ата-бабамыз 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008. 
 
70 
ертеден аңсаған мемлекеттік егемендікті белгілеуін, халықтың рухани жаңғыруын 
алуға  болады.  Ал  ішкі  факторлар  олар  саяси-әлеуметтік  жағдайдың  тҧйыққа 
тірелуі,  адамдардың,  соның  ішінде  шығармашылық  субъектілерінің  ӛздерінің 
әлуметтік жағдайларының нашарлауы тәуелсіздіктің ішкі жағындағы кедергілерді  
кӛрсетсе  керек.  Шығармашылықта  бҧл  екеуі  де  қатар  орын  алды.  Ақындарымыз 
сыртқы факторларды сіңіре отырып, олардың трансформациялануы арқылы жаңа 
туындыларды  дҥниеге  әкелді.  Осыдан  барып  жалпы  поэзиялық  шығармаларды 
жайлаған мҧңлы сарын, қиналыс пен кҥйзелісі, қатулы қабақ-кҥй пайда болды. Біз 
тануға  тиіс  шындықтар  кӛркем  шығармалардан  тіпті  қоюланып  кӛрініс  алғанын 
байқаймыз.  Бҧл  әлеуметтік  шындық,  қоғамдық  орта  қалыптастырған  ӛмір 
шындығы. Мысалға Ш.Әбдікәрімовтің «Ел кӛшті» ӛлеңіндегі қазіргі қазақ елінің 
тағдыры суреттелген: 
   
 
Сол сұрақ... 
   
 
Сол бір сұрақ ырықты алып
   
 
Шыбықтай тұрып кетем сынып барып. 
   
 
Шықпайды кӛкейімнен жауабы әзір, 
   
 
Тобықтай тамағыма тұрып қалып. 
   
 
Дертіңді жүрмесе де елеп ешкім, 
Мен сезем, 
Кӛзі соқыр кӛр емеспін. 
Тау асқан Алан жұртың аз ба саған, 
Ана-жұрт, 
Ата-жұрттан неге кӛштің?  
белгісіздеу  бір  бӛлшегі  ел-жҧрттың  туған  мекеніне  қоныс  аударуына  баса  назар 
аударады. Туған жер қазақ халқы ҥшін қашанда ыстық, қашанда қымбат. Алайда 
адамның ол жерден ауа кӛшуі қазақ баласының басына тӛнген ауыртпашылықты 
кӛрсетсе  керек.  Ақын  ӛзі  тҧрған  Байқоңыр  қаласының  қазіргі  геосаяси  жағын 
ақтарып,  ҧрандаудан  гӛрі  елдің  ауа  кӛшуін  айту  арқылы  қоғамға,  халыққа  ой 
тастайды. 
Әдебиетке  80-інші  жылдардың  соңы  90-ыншы  жылдардың  басында 
араласқан  буын  ӛкілдері  қазақ  әдебиетіне  нағыз  тәуелсіздік  рухын  алып  келді 
десек  қателесе  қоймаспыз.  Ол  буыннан  бӛле-жарып  Т.Әбдікәкімҧлын, 
Н.Мәукенҧлын, 
С.Нҧржанды, 
Г.Салықбайды, 
Ж.Әскербекқызын, 
М.Райымбекҧлын,  одан  кейінгі  толқыннан  Ж.Сәрсекті,  Б.Бабажанҧлын, 
Б.Алдиярды, Д.Берікқажыҧлын атауға болады. Бҧл буын Кеңестік дәуірдің соңғы 
қыспағын  кӛрді  және  тәуелсіздік  отының  тҧтануына  оттық  болған  желтоқсан 
оқиғасына  кейбіреулері  куә  болса,  кӛрмегендері  лебін  сезінді.  Шығармашылық 
қуаттарының  енді  қалыптаса  бастаған  шағында  қоғамда  болып  жатқан 
ӛзгерістердің аталған буынның ақындық амбицияларын ҧштап, жаңа бастауға жол 
ашқанын  байқаймыз.  Қоғам  ӛз-ӛзінен  қожырап,  ҧранға  айналған  қҧндылықтар 
ӛзін-ӛзі  жоққа  шығара  бастаған  кезде,  жаңа  арна  тауып  ағуға  ҧмтылған 
шығармашылық  тасқынын  белгілі  арнаға  тҥсіре  білген  таланттар  бҧл  кҥнде 
әдебиет  айдынан  ӛздерінің  жҥзу  алаңын    жасай  білді.    Ойлау    әлеміндегі  
шаблондарды  бҧзып,  жария  жайдақтықтан  бӛлек  сыры  терең,  ойы  нәзік,  рухы 
қуатты    лирикалық  туындыларды  дҥниеге  әкелді.  Поэзиялық  шығармалар  ішкі 
қуатқа,  ішкі  кеңістікке  ие  болды.  Шығармашылық  субъектісінің  дҥниетанымы 
ӛзгеріп, танымдық қҧбылыстардың да басқа қырлары ашыла бастады. Яғни «ӛмір 
қҧбылыстарының  ішкі  сырын,  мәнін  терең  ашып  беретін,  олардың  сипат-
қасиеттерін,  типтік  тҧрғыдан  саралап  кӛрсететін»  шынайы  ӛмір  мен  кӛркемӛнер 
арасындағы  байланыстың  нәзік  желілері  айқындала  бастады.  Осы  орайда  біз 
әдебиеттегі кҥллі жақсыны жоғарыдағы буынға таңып, оларды әшекейлей тҥсуден 
аулақпыз.  Айтайын  дегеніміз  олардың  алдындағы  буынның  ӛкілдері  мойынсҧна 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №5 2008. 
 
71 
бастаған жария ҧран,  жасанды тамсанудың жойылғаны, адам мен  ӛмірдің бетпе-
бет  келіп,  лирикалық  кейіпкердің  ішкі  толғанысы,  кҥрсінісі  арқылы,  ақын 
бҧрынғыдай  жадағай  сурттеуден  арылып,  сол  оқиғаға  тікелей  арласушы  ретінде 
байқалғаны.  Алдыңғы  буын  шығармашылығына  қатысты  бҧл  ойды  Тҧрсынжан 
Шапай  «Ой  тҥбінде  жатқан  сӛз»  /10/  кітабында  білдіріп,  мәселені  сол  уақыттың 
ӛзінде ӛткір қоя білген болатын.  Талантты сыншының іздегені жерден табылып, 
жаңа  буынның  қалыптасқанын  бәріміз  кӛзімізбен  кӛрдік.  «Лирикалық  поэзияға 
жан беретін - кӛркемдік ойдың қуаттылығы, сезімнің оттылығы, нәзіктігі» /10: 32/ 
сияқты  кӛркемдік  элементтер  тәуелсіздік  жылдарындағы  әдебиеттен  кӛрінгені 
рас. Қоғамның ащы шындығын баса айту кеңінен орын алып, адамзат мәселесіне 
бҧрынғыдай  космостық  масштабта  аралсу  тыйылып,  жеке  адам  ретіндегі 
тҥсініктер  орын  ала  бастады.  Бҧл  буынды  бағалаған  ғалым-сыншы  Б.Майтанов 
«Сӛз  сыны  кітабында»  «...  қазақ  ақындарының  да  жан  сырын  жаулаған  мәңгілік 
ақиқат  қҧпиялары,  ҧлттық  ӛлең  ӛнеріндегі  ӛзгеше  жаңа  қҧрылым,  болмыс 
мазмҧнына  тән  ғарыштық  тегеурін,  ғажайып  сҧлулық  аспандағы  жҧлдыздармен 
жарасым іздеуде»,- дейді.   
Сӛзіміздің  дәлелі  ретінде  Тыныштықбек  Әбдікәкімҧлының  келесі  ӛлеңіне 
назар  аударалық.  Жалпы,  Тыныштықбек  қазақ  әдебиетіне  ерекше  леп  әкелген 
ақындардың  бірі.  Оның  діни-танымдық,  философиялық  шығармашылығына 
дейінгі жазылған таза поэтикалық туындыларында кӛркемдік бояу тҧтасқан, ойы 
жеткізуі нақты, образдары соны болып келеді. Әр жылдары жарық ӛрген «Ақшам 
хаттары»  мен  «Ырауан»  жыр  жинақтары  соның  дәлелі.  Соңғы  жылдары  жарық 
кӛрген  «Хас  сақ  аңқымасы»  еңбегін  ақынның  қазақ  әдебиетіне  қосқан  ҥлкен 
танымдық зерттеу еңбектердің бірі ретінде тануға болады.  
Сезетінді сезбейтіндей жылым іш, 
Естіместей құр құлақ. 
Басынамыз бірімізді біріміз, 
 
Басымыздан ұрғылап.  
Ұят құшқан үміт бар ма үкілі? 
Сен де - таза, ол да - аппақ?.. 
Армандатқан әнімізге түкіріп, 
Азамызды ардақтап, 
Әбігерміз. 
(Келешегім кеше гӛр!..) 
Кеудемізді соғамыз! 
Жыртып алып, жат астына тӛсеген - 
Ӛзіміздің жағамыз!... 
Бұл тірліктің нендей ғана заңы бар?.. 
Қалдырар ма сезім із? 
Жылап тұрып мұң шағамыз соңынан 
Ӛзімізге ӛзіміз.   
Соңғы  кездері  әдебиетші  қауым  жиі  сӛз  етіп  жҥрген  модернистік  ойлау 
жҥйесінің  негізгі  дәлелі  болатын  ӛлең.  Бҧл  буында  модернистік  ҥлгі  бар  екенін 
Б.Майтанов  та  айтып  ӛткен.  Негізінен  алғанда  модернизмді  тәуелсіздік 
жылдарынан  кейінгі  әдебиет  ағымынан  табу  ҥрдіске  айналып  барады.  Себебі 
аталмыш  ағым  біздің  әдеби  арнамызды  анықтауға  мҥмкіндік  беріп, 
шығармашылық  иесінің  негізгі  ой-орамын  тануға  жол  ашады.  Жоғарыдағы 
ӛлеңінде ақынның жауыздық пен адамдықтың арасындағы ӛмір кҥресін суреттеуі 
кӛрінеді.  Ақынның  лирикалық  мені  ӛз  атынан  сӛйлегенмен  жалпыадамзаттық 
мәселені  айтуға  тырысады.  Ӛлеңнің  алғашқы  екі  тармағы    жеке  тҥрде 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008. 
 
72 
басталғанымен  алғашқы  шумақтың  соңғы  екі  жолы  кӛп  адамдардың  қимыл-
әрекетіне «бірін-бірі ҧрғылауына ҧласады». Ҥміті ҥзілген лирикалық кейіпкер ме, 
жоқ әлде адамзат атаулы ма ол жағы белгісіздеу. Ақынның суреттеу  объектісіне 
қатыстылығы жағынан алғанда қоғамда орын алған бассыздыққа деген ақынның 
шошына  қарағаны  байқалады.  Келесі  шумақтан  жоғарыдағы  «ҧрғылаудан» 
туындаған  істің  салдары  кӛрініс  тапқан.  Қоғамдағы  пенделік  қарым-қатынас 
философиясының  негізгі  орамы  жыртқыштық  инстинкті  оятатынын  кӛрсетеді. 
Алайда кінәліні қайдан іздейміз, себебі «сен де - таза, ол да - аппақ?..». Бҧл жолда 
қоғамға тән психология бар - бәріне кінәліні алыстан іздеу.  
Келесі шумақтың алғашқы тармағында ақын «келешегім кеше гӛр!..»,- деген 
сӛзді  айтады.  Ӛзіне  ӛзі  айтады.  Келешектің  алдында  кҥнәлі  болған  қоғам  ҥшін 
кешірім сҧраған ақынның азаматтық тҧлғасы, ӛнердің қоғамды ізгілендіру мҧраты 
айқын  байқалады.  Ол  жолдардың  жақшаға  алынуы  да  келешектің  кӛрінбейтінін 
мегзесе,  әрбір  адамның  ӛз  ішінен  ӛз  істеген  ісіне  ертең  жауап  беретінін  білдіріп 
кетеді. Бірақ оны ешкімде мойындағысы келмейді, жай ішінен кҥбірлеп айтады.  
Кейінгі  шумақтарда  лирикалық  кейіпкердің  қайта  сол  дҥрмекке  қосылып 
кеткенін  кӛреміз.  Лирикалық  сюжеттің  шарықтау  шегінде  «кеуде  соғу,  жаға 
жырту»  сияқты  қимыл-қозғалыстар  кӛрініс  алады.  Шешімі  ақынның  баяндауы 
тҧрғысынан айтылады. Ӛкіну мен опыну.   
Бҧл буынның келесі бір талантты ӛкілі - Нҧрлан Мәукенҧлы. Ғҧмыры қысқа 
болса  да  талантты  мен  дарынының  арқасында  әдебиет  тарихынан  орын  алған 
шығармашылық  иесі.  Ақынның  философиялық  дҥниетанымы,  зерлі  тілі, 
жыраулық  арыны  оның  ӛлеңдерін  замандастарынан  даралап  тҧрады.  Жыраулық 
дәстҥр бҧған дейінгі ақындарда кӛрінгенімен олардың айқындаушы стилі ретінде 
қалыптаса  қойған  жоқ.  Ал  Н.Мәукенҧлының  шығармашылығында  жыраулық 
дәстҥр стилі қазақы қара ӛлеңнің дәстҥрлі сипатымен жалғасып, жарасым табады. 
Нҧрлан ӛмірдің ӛткіншілігін жалынды жас шағында-ақ тҥсінген ақын. Сондықтан 
оның  ӛлеңдерінде  жыраулық  стиль  орын  тапқанмен  олардың  романтикалық 
сарыны  жоқ.    Бҧл  дегеніміз  ақынның  ӛмірсҥйгіш  рухын  жоққа  шығару  емес, 
айтқымыз  келгені  оның  ӛлеңдерінде    кӛрініс  тапқан  қоңыр  мҧңның  тӛркіні 
болатын. 
  Бақалы кӛлге түскенмін, 
 
 
  Балдырлы суын ішкенмін.  
 
 
  Бойлауығын жұлғанмын, 
 
 
  Балығына ау құрғанмын.  
  Тарғыл бір тауға шыққанмын
Тасының сырын ұққанмын. 
Қынасын жиып жүргенмін, 
Сары даланы кезгенмін,    
  Жаңғырық болып күлгенмін. 
 
  Бӛкен боп белде безгенмін. 
  Ерменнің дәмін алғанмын, 
  Елжіреп жүрек қалғанмын.    
Бҧл  шумақтарды  оқығанда  ең  басты  кӛзге  шалынатын  нәрсе,  ақынның 
табиғаттың тілін жақсы тҥсінетіні. Ақын табиғаттың ӛзіндік гармониясын бҧзбай, 
ол  кҥйінде  ӛлеңге  кӛшіре  білген  тәрізді.  Ҧйқастарды  табу  ҥшін  «ойдан  қырға, 
қырдан тауға секірмейді». Әр табиғи ерекшеліктің ӛзінің сырларын ӛз ішінен тани 
біледі.  Бірінші  шумақ  суда,  екіншісі  тауда,  ҥшіншісі  далада  ӛтетін  процесстер. 
Яғни ақын ҧйқастың ӛзін табиғи гармониядан таба білген. Кӛлге тҥсу, суын ішу, 
бойлауығын  жҧлу,  балығына  ау  қҧру  сияқты  суға  қатысты  іс-әрекетке  бір 
шумақты  арнап,  оған  басқа  табиғи  ерекшелікті  қоспаған.  Бҧл  ретте  ақынның 
кӛрсеткісі  келгені  атам  қазақтың  табиғатпен  арасындағы  байланысының 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №5 2008. 
 
73 
тығыздығы  болатын.  Сол  кӛшпелі  елдің  табиғат  анамен  етене  жақындығын 
бҧзбай,  сӛзбен  ғана  емес,  суретпен    сала  білген.  Ҥшінші  шумақтың  соңғы  жолы 
ғана  дала  кӛрінісіне  қатысы  жоқ.  Бірақ  ол  жаңа  идеяны  бастау  ҥшін 
жалғастырушы  тармақ  болып  табылады.  Табиғат  ананы  сҥюді  ол  жалғыз  ғана 
жҥректің  «елжіреуімен»  береді.  Ӛлеңде  халықтың  негізгі  тегін  іздеу, 
технологиялар  туындатқан  жаңалықтардың  адамзатты  тҥп-тӛркінен  бӛліп, 
тамырынан  алыстап  жатқанын  жеткізу  бар.  Ӛлең  негізінен  алғанда  екі  бӛлімнен 
тҧрады.  Алғашқысы  біз  атап  ӛткен  ҥш  шумақта,  екінші  бӛлім  -  жоғарыдағы 
ҧлттық  тамырды  іздеу  идеясын  нақтылы  айтатын  шумақтар.  Ӛлең  қҧрылымы  да  
ерекше, соңғы ҥш шумақ ҥш жолдан тҧрады және екі жолдары  ғана бір-бірімен 
ҧйқасып  ҥшінші  тармақтары  қайталау  ҥлгісінде  беріліп  отырады,  ӛлеңді 
тҥйіндейтін  «қҧлағың  шалсын  даусымды»  жолымен  ҧйқасып  келеді.  Сондай-ақ 
екінші  бӛлім  нақтылы  талап-тілек  ҥлгісінде  айтылады.  Ӛлеңнің  сюжеттік-
композициялық қҧрылымы ӛте серпінді және жасандылықтан ада.  
Замандастарымен  қатар  «алғашқы  қадамынан-ақ  поэзияда  қалыптасқан 
қасаң,  шаблондық  кӛру  жҥйесіне,  канонға  айналған  образ-ӛрнектердің 
мызғымастығына  дау  айта  келген»  ақынның  бірі  -  Гҥлнар  Салықбай. 
Поэзиясындағы  бейкҥнә  шарасыздық  пен  нәзік  сезімдердің  ағымы  ақын 
шығармашылығындағы лирикалық тҧлғаның рухани жаңа сапасын танытады.   
  Айналамда 
Аңыраған жел,  
Есіркеген, мүсіркеген ел. 
Маған дегің келмесе егер: «Ӛл!»,- 
кел.  
  Мені ұшырған бақыт, әлде  
сор, 
  тоқтата алмай ешбір темір  
тор. 
Құлау үшін кетіп барам кӛр.  
Сенен ешкім сұрай қоймас  
құн. 
Тек бір рет жыла сонда  
шын.  
Айналамда  
Аңыраған жел. 
Түн. 
  Гҥлнар ӛлеңдерінің қҧрылымдық жағы да аса ерекше. Ол негізінен алғанда 
ҧйқас қуып, сӛз ойнатуға аса ҧмтылыс білдірмейді. Мысалға келтірілген ӛлеңнен 
байқайтынымыз,  ақын  ӛлең  тармақтарын  белгілі  бунақтардан    «сындыру»  
арқылы,  композициялық  қҧрылымның  ӛзгеше  тҥрін  жасақтаған.  Екінші  жаққа 
бегісіз  біреуге  қарата  айтылатын  ойдан  лирикалық  кейіпкердің  басындағы 
драматизмді 
кӛреміз. 
Белгісіз 
образ 
немесе 
бейне 
бҧл 

ақын 
шығармашылығындағы  идеал-тҧлға  сияқты.  Оның  қҧтқарушы  кҥш  екені  айдан 
анық.  Алайда  ол  жаратушы  тҧлғасынан  жетпейді,  адам  тҧлғасынан  биік  тҧрады. 
Ондай  идаел-образ  (сен,  сіз)  Ж.Әскербекқызының  да  шығармашылығынан  орын 
алған.  Сірә,  бҧл  ақындардың  нәзік  жандылар  санатына  жататындығынан  болар. 
Қыз ақындардың физиологиялық  ерекшеліктеріне қарап, бҧл  ретте оны нақтылы 
ер  адам  ретінде  қарау  әбестік  болар.  Алайда  олардың  нәзік  жандары,  сезімтал 
жҥректері  ер-азаматқа  қарағанда  дҥниені  басқа  қырынан  қабылдайтыны  анық. 
Идеал-образ  дегенде  ақындардың  оларға  табына  қарауы  немесе  оларды  аспани 
қасиеттермен кӛмкеруі жоқ. Идеал-тҧлға - ол ақынның тҧтас шығармашылғынан 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008. 
 
74 
орын  алған,  лирикалық  кейіпкерімен  тіл  табысатын  объекті  ретіндегі  бейне. 
Лирикалық кейіпкер онымен қоянқолтық араласып кеткен, жанына жақын да сол, 
одан тым алыс та сол.  
Гҥлнар ӛлеңіндегі лирикалық кейіпкердің нәзік болмысына «аңыраған жел» 
тіркесі  эмоциялық  сипат  ҥстеп  тҧр.  Біз  айтқан  тҧлғаның  назарын  аударғысы 
келетіндей  ме,  оған  ӛз  жанының  жарасын  жеткізгісі  келетіндей  ме?!  Әйтеуір, 
лирикалық кейіпкердің ӛзіне ғана белгілі бір жағдай бар. 
Бір  буыннан  тҧратын  ҧйқастардың  жеке  жолға  жазылуынан  лирикалық 
кейіпкердің  оларға  екпін  тҥсіретіні  байқалады.  Сол  арқылы  ойын  нығарлап 
жеткізгісі  келетіндей.  Сол  бунақтарды  ӛлең  тармағының  бір  жолына  жазып 
қалдыратын  болсаңыз,  ӛлең  кӛркемдігінің  әлсірегенін  және  композияциялық 
қҧрылымның  босаңсығанын  байқайсыз.  Жел  мен  тҥн  тҧспалдау  арқылы  беріліп, 
қоғамдық  ортаны  кӛрсеткенімен  образ  дәрежесіне  кӛтерілмеген.  Лирикалық 
кейіпкердің ішкі әлемінің сыртқы дҥниені қабылдауы жел мен тҥннің сипатынан 
байқалады.  Жалпы  табиғат  қҧбылыстары  тәуелсіздік  жылдарындағы  поэзиялық 
шығармаларда анимистік сипатқа ие болып, оның образдық айқындаушы кҥшіне 
айналғаны  белгілі.  Негізінен  алғанда  Мағжан  ақынның  шығармаларынан  бастау 
алатын бҧл ҥрдіс қазіргі уақытта белсенді қолданысқа енгенін кӛреміз.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.Н.Келімбетов «Ежелгі дәуір әдебиет», Мектеп баспасы 1986 жыл 
2. Современный философский словарь Издательства «Одиссей» 1990 года  
г.Бишкек 
3. Кҥлтегін жыры 
4. А.Қыраубаева «Ежелгі дәуір әдебиеті» 2001 жыл «Елорда» баспасы, 
Астана қаласы 
5. Л.Гумилев «Кӛне тҥріктер», «Ана тілі» баспасы, Алматы қаласы  
   1994 жыл  
6. Жеті ғасыр жырлайды, Алматы, «Жазушы» 2004 жыл  
7. Ә.Қоңыратбаев «Қазақ фольклорының тарихы», Алматы, Ана тілі 1991 жыл  
8. М.Әуезов  «Әдебиет тарихы» Алматы «Ана тілі» 1991  жыл  
9. Қ.Жҧмалиев «Егеулі найза» , Жазушы, Алматы, 1979 жыл   
10.
 
 О.Тҧржан «Махамбет ӛлеңдерінің поэтикасы» 
 
ТҤЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада  тәуелсіздік  кезеңдегі  поэзияның  даму  ҥрдісі  қарастырылған. 
Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиеттің даму бағыты туралы сыншы-ғалымдардың 
пікірлері сараланып, ақындардың шығармаларымен дәйектелген. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Статья посвящена рассмотрению развития поэзии в период независимости. 
Также  в  ней  содержатся  высказывания  ведущих  литературоведов  и  критиков  о 
путях  развития  литературы  в  эти  годы,  проиллюстрированные  примерами  из 
текстов.  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №5 2008. 
 
75 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет