Казахский государственный женский педагогический



Pdf көрінісі
бет1/19
Дата17.01.2017
өлшемі1,41 Mb.
#2102
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №5 2008. 
 

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР  
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ   
 
КАЗАХСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ  
ЖЕНСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ 
УНИВЕРСИТЕТ 
 
 
 
ХАБАРШЫ
 
 
ВЕСТНИК
 
 
 
 
 
ФИЛОЛОГИЯ СЕРИЯСЫ 
 
СЕРИЯ  ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008. 
 

ҚАЗАҚ  МЕМЛЕКЕТТІК  
ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ 
 
ХАБАРШЫ
 
ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛ 
 
ФИЛОЛОГИЯ  СЕРИЯСЫ 
 
 
КАЗАХСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ЖЕНСКИЙ 
ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ  
УНИВЕРСИТЕТ 
 
ВЕСТНИК 
 
НАУЧНЫЙ ЖУРНАЛ 
 
СЕРИЯ ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
 
АЛМАТЫ                                 №5 (3)                                          2008 
 
2006 жылдан бастап шығады 
Шығару жиілігі – жылына 6 рет 
 
 
МАЗМҦНЫ 
Қазақстан Республикасының 
мәдениет, ақпарат және спорт 
министрлігі  
Ақпарат және мҧрағат 
комитетінде  
08.08. 2005 жылы тіркелген 
№6204-Ж
 
 
О Қ Ы Т У    Ә Д І С Т Е М Е С І 
Әмірәлиев Қ.  СТУДЕНТТЕРДІ НЕМІС ТІЛІ 
ПӘНІНЕН ӚЗ БЕТІНШЕ ЖҦМЫС ІСТЕУГЕ 
БАУЛУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕРІ........................... 
Жұмақаева Б.Д.  ЖАРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫН 
ТАНЫТУ ЖОЛДАРЫ............................................... 
Ергалиева Ж.Н. ИЗУЧЕНИЕ РОМАНА «ВОЙНА 
И МИР» В ШКОЛЕ.................................................... 
Искакова А.Г. ОПОРНЫЕ КОНСПЕКТЫ КАК 
СРЕДСТВО СИСТЕМАТИЗАЦИИ ЗНАНИЙ ПО 
ПРАКТИЧЕСКОМУ КУРСУ РУССКОГО ЯЗЫКА 
Исабаева Б.К. АУДАРМАШЫ СТУДЕНТТЕРГЕ 
АРНАЛҒАН ӚНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕНІҢ РОЛІ 
Қошқарбаев Б.Қ.  ШЕТ  ТІЛІН ОҚЫТУДА  
ЖАҢА  ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ  ТИІМДІ 
ПАЙДАЛАНУ............................................................. 
Меңдаяхова Қ. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ 
БАЛАНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДА КӚРКЕМ 
ШЫҒАРМАНЫ ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚҦРЫЛЫ-
СЫНА ҚАРАЙ ТАЛДАУ......................................... 
Нұртаева А.Б.  ЕКІНШІ ШЕТЕЛ ТІЛІН 
ОҚЫТУДАҒЫ АУТЕНТТІ МӘТІНДЕР-ДІҢ 
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ... 
Рахымжанова С.Қ.  ТІЛДІК ТҦЛҒАНЫҢ 
ҚАСИЕТТЕРІН МӘДЕНИЕТ АРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙ-
ДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ............................................ 
Сәлімбаев О.С., Бәйнеш Ш.Б.  ШЕТЕЛ ТІЛІН 
ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ АУЫЗ-
ЕКІ СӚЙЛЕУГЕ ҤЙРЕТУ......................................... 
Сүлейменова Ж.Н.  ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА  
ТЕХНИКАЛЫҚ ОҚУ ҚҦРАЛДАРЫН ТИІМДІ 
ҚОЛДАНУ................................................................... 
Ханина Н.Н. ФОРМЫ ОРГАНИЗАЦИИ 
ДЕТСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ПРИ ОБУЧЕНИИ 
ГЛАГОЛЬНОМУ СЛОВООБРАЗОВАНИЮ........... 
Ергашева М.Е.  ИЗУЧЕНИЕ КАТЕГОРИИ РОДА 
СУЩЕСТВИТЕЛЬНЫХ НА ЗАНЯТИЯХ ПО 
ПРАКТИЧЕСКОМУ КУРСУ РУССКОГО ЯЗЫКА 
 
 
 
 

 

 
13 
 
 
17 
 
21 
 
 
24 
 
 
 
28 
 
 
32 
 
 
35 
 
 
38 
 
 
47 
 
 
51 
 
56
 
 
Бас редактор 
профессор Ш.К. Беркімбаева 
 
Бас редактордың орынбасары  
п.ғ.д., проф. Қожахметова К.Ж.  
 
Редакциялық алқа 
Тастемірова Л.Ӛ. - ф.ғ.к., доцент 
Таубаева Ш.Т. - п.ғ.д., профессор 
Пірәлиева Г.Ж.–ф.ғ.д., проф. м.а.   
Хасанҧлы Б. - ф.ғ.д., профессор; 
Ыбырайым Б. –ф.ғ.д., профессор; 
Ермекова Т.Н. - ф.ғ.д., доцент; 
Сәтбекова А.А. - п.ғ.к., доцент; 
Сейдахметова Р.Г. - ф.ғ.к., доц.; 
Сҥлейменова Ж.Н.- п.ғ.д., доцент. 
 
Жауапты редактор 
 педагогика ғылымдарының 
кандидаты, доцент 
Б.Д.Жҧмақаева 
Редактор   
Ф.ғ.к. Орынханова Ғ.А 
© Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университеті 
050000, Алматы қаласы,  
Әйтеке би кӛшесі, 99.  
Тел. 233-18-32, 233-18-55 (120) 
Факс 233-18-35. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №5 2008. 
 

 
 
Ә Д Е Б И Е Т Т А Н У 
 
Ақанқызы Г.  Д.ПЕССИНГТІҢ «АЛТЫН КҤНДЕЛІК» РОМАНЫНЫҢ 
КӚРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІГІ............................................................................................. 
 
 
60 
Дәуітұлы Т. ЖАҢЫЛТПАШТАҒЫ ШЕШЕНДІКТІҢ КӚРІНІСІ............................. 
 
 
63 
Ержанова С. ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢДЕГІ ПОЭЗИЯНЫҢ ДАМУ ҤРДІСІ................. 
 
65 
Жанұзақова Қ.Т.  «ҚАРҒЫН» РОМАНЫНДАҒЫ ЖАСЫН БЕЙНЕСІ...................... 
 
71 
Зайкенова Р.  ТАРИХИ РОМАН ТАҒЛЫМЫ................................................................. 
 
75 
Каменева М.Б.  КОРАНИЧЕСКАЯ КЛЯТВА В ТВОРЧЕСТВЕ РУССКИХ 
ПИСАТЕЛЕЙ  ПЕРВОЙ ТРЕТИ XIX века....................................................................... 
 
 
84 
Көшекова А.  ЕР КӚКШЕ» ЖӘНЕ «ЖЕЛКІЛДЕК» АРХАИКАЛЫҚ 
ЭПОСТАРЫНДАҒЫ АТ БЕЙНЕСІ.................................................................................... 
 
 
89 
Қарынбаева Ұ.Қ. АЙТЫС — ӚНЕР САЙЫСЫ.............................................................. 
 
96 
Мұхамеджан А.  ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ АБЫЗДАР ДӘСТҤРІ............................. 
 
99 
 
Пірәлиева Г.Ж. ЗӘКИ АХМЕТОВ – ӘДЕБИЕТ ТАРИХЫН ЗЕРТТЕУШІ.................. 
 
10

 
Ыбрайым Б.Б.  С.МӘУЛЕНОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӚРКЕМДІК ҚЫРЛАРЫ. 
 
10

 
Ысқақұлы Д.  САТИРАНЫҢ САЙЫПҚЫРАН САРДАРЫ...........................................  11

 
Т І Л    Б І Л І М І Н І Ң    М Ә С Е Л Е Л Е Р І 
 
Ашекеева Қ.Н., Толысбай К.   АХМЕТ БАЙТҦРСЫНОВТЫҢ РУХАНИ 
МҦРАЛАРЫНДАҒЫ ТІЛДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ............................ 
 
12

Искакова А.Г. СПЕЦИФИКА СИНТАКСИЧЕСКОГО ФУНКЦИОНИРОВАНИЯ 
СУЩЕСТВИТЕЛЬНЫХ СО ЗНАЧЕНИЕМ ДЕЙСТВИЯ В СОВРЕМЕННОМ 
РУССКОМ ЯЗЫКЕ............................................................................................................. 
 
 
13

Оданова С.А. ФОНЕТИКАДАҒЫ ҤНЕМДЕУ ҚҦБЫЛЫСЫ..................................... 
 
13

Рысбаева Г.Қ.  ЖАРАТУШЫ КҤШТЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ТҦРАҚТЫ 
ТІРКЕСТЕР........................................................................................................................... 
 
 
14

Сеитова А.Б.  ФУНКЦИОНАЛЬНЫЕ, СТРУКТУРНЫЕ, СМЫСЛОВЫЕ 
АСПЕКТЫ КОММУНИКАТИВНОЙ РАВНОЦЕННОСТИ В ПРОЦЕССЕ 
ПЕРЕВОДА ..................................................................................................................... 
 
 
14

Симбаева С.  НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІНДЕГІ ЖЫРЛАРДЫҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ 
ҚАБАТЫНЫҢ СИПАТЫ.................................................................................................... 
 
 
15

Түйте  Е.,  Мажитаева  Ш.М.    ПСИХИКАЛЫҚ  КҤЙДЕГІ  НОМИНАНТТАРДЫҢ 
САНАТТЫҚ БЕЛГІЛЕРІ.............................................................................................. 
 
15

Хасанұлы Б.  КОНСТИТУЦИЯ — МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДАМЫТУДЫҢ КЕПІЛІ  16

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008. 
 

 

 
 
 
 
О Қ Ы Т У    Ә Д І С Т Е М Е С І 
 
СТУДЕНТТЕРДІ НЕМІС ТІЛІ ПӘНІНЕН ӚЗ БЕТІНШЕ ЖҦМЫС 
ІСТЕУГЕ БАУЛУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕРІ 
 
Әмірәлиев Қ. - ф.ғ.к., доцент (Алматы қ., Қазмемқызпу) 
 
Жоғары  білімді  мамандар  дайындау  ісі  алдына  қойылатын  талап  пен  оны 
орындаудың  маңызы  кҥннен-кҥнге  артып  келеді.  Оқу-тәрбие  жҧмысының 
ажырамас  бір  бӛлігі  студенттердің,  болашақ  педагогтардың,  ӛз  бетінше 
орындайтын жҧмысы жаңа талап тҧрғысынан қаралып, олардың жалпы ой-ӛрісін 
қазіргі білім беру бағытына сай дамытып, ойшыл да болжамды, ӛз пәнін терең де 
жан-жақты  білетін,  ӛз  мамандығының  нағыз  шебері,  саналы  да  белсенді  маман 
тәрбиелейтін, танымдық қабілетін  арттыратын амал-тәсіл ретінде қараған жӛн. 
  Студенттердің  ӛз  бетінше  істейтін  жҧмыстарын  сабақ  процесінің  барлық 
кезеңдерінде,  яғни  сабақ  кезінде  де  және  сабақтан  тыс  уақытта  да  алып  баруға 
болады.  Оны  тиімді  жҥргізу  сабақтың  мақсатына,  ӛтілетін  тақырыптың 
мазмҧнына, студеттердің білім қорына, деңгейіне байланысты да тәуелді болады. 
Ӛз  бетінше  орындалатын  жҧмыс  тақырыбы  ғылыми-әдістемелік  тҧрғыдан  жан-
жақты ойластырылған, біртіндеп жеңілден ауырға, қарапайымнан кҥрделіге кӛшу 
принципіне негізделген болуы керек. 
Берілген  тапсырма  оқытушы  тарапынан  міндетті  тҥрде  тексеріліп,  орындау 
дәрежесіне  қарай  бағаланып,  жіберілген  қателер  дер  кезінде  тҥзетіліп  және 
студенттерге  тҥсіндірілуі  тиіс.  Сондай  жағдайда  ғана  студенттердің  ӛз  бетінше 
жҧмысты  сапалы  орындауға,  болашақ  мамандығына  байланысты  қосымша 
ғылыми    және    ғылыми-әдістемелік  әдебиеттерді  оқуға  деген  ынта-ықыласы 
артады,  жҧмысты  орындау  барысында  шеберлігі  шыңдалады.  Оқытушы  осы 
айтылғандарды оқу жылы барысында ескеруі қажет. 
Қазіргі  шетел  тілдері  мамандандыру  пәндерінің  кӛлемі,  материалдарының 
кӛптілігі  мен  әр  тҥрлілігі  студенттерден  институтта  оқыған  жылдарында  ҥнемі 
ҥзбей  ӛз  бетінше  тҧрақты  жҧмыс  істеуді  талап  етеді.  Мҧндағы  негізгі  мақсат  — 
сапалы да саналы білім алу, осыған орай, студенттердің неміс тілі пәні бойынша 
ӛз бетінше орындайтын жҧмысының жҥйесі мынадай болса дейміз: 
-
 
әрбір  студент  ӛзі  орындайтын  жҧмысының  мақсатына  байланысты  неміс  тілі 
бойынша  қажетті  ғылыми  жӛне  ғылыми-әдістемелік  әдебиеттермен  танысу, 
конспектілеу, тезис тҥзу; 
-
 
оқытушының тапсырмасы бойынша әр тҥрлі жазбаша жҧмыс тҥрлерін орындау; 
-
 
оқу-зерттеу,  ғылыми  және  ғылыми-әдістемелік    зерттеу  жҧмыстары  бойынша 
тапсырма алып орындау; 
-
 
факультет және институт ғылыми ҥйірмелерінің жҧмыстарына тҧрақты қатысу; 
-
 
студенттердің неміс тілі пәнінен ӛткізілетін олимпиадаларына белсене араласу; 
-
 
институт  студенттерінің  дәстҥрлі  ғылыми-теориялық  конференцияларына 
ғылыми баяндамасымен қатысу; 
-
 
ӛз  бетінше  орындаған  жҧмыс  материалдарын  педагогикалық  және  ӛндірістік 
практика кезінде пайдалану;  
-
 
ӛзі таңдаған тақырыбы бойынша курс, диплом жҧмыстарын жазу; 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №5 2008. 
 

-
 
жиналған  материал  бойынша  карточкалар  тҥзіп,  оларды  жазбаша  жҧмыс 
процесінде әр тҥрлі мақсатта тиімді пайдалануға дағдылану. 
Әрине, бҧл айтылғандар әрбір оқытушыға белгілі болуы ықтимал, дегенмен, 
жас оқытушылар ҥшін пайдалы болар деп ойлаймыз. Оқытушы студенттердің ӛз 
бетінше орындайтын тапсырмасын берілген тақырыптың характеріне, мазмҧнына, 
ӛзіндік    ерекшелігіне  қарай  жҧмыс  жоспарын  ӛзінше  қҧруына  болады.  Ӛйткені  
әрбір  оқытушы  әр  факультетте  ӛз  бетінше  істелетін  жҧмыстың  тақырыбын,  оны 
орындауға    қойылатын  талаптар  мен  кӛзделетін  мақсатты  ӛзінше  жоспарлауы 
және соған сәйкес оны орындау әдісін де белгілеуі мҥмкін. 
Студенттердің  ӛз  бетінше  атқаратын  жҧмысы,  біздің  пікірімізше,  мынадай 
ҥш мақсатты кӛздеуі тиіс: 
-
 
студенттердің  неміс тілі пәні бойынша іскерлік қабілетін дамыту; 
-
 
мамандық  пәнінің  бағдарламасын  толық  меңгеріп,  оны  практикалық 
жҧмысында тиімді пайдалана білуге дағдыландыру; 
-
 
институтты бітіргеннен кейін де ӛз пәніне тиісті мәселелер айналасында 
ӛз бетінше жҧмыс жҥргізе білуге тӛселдіру. 
Сондай-ақ,  білікті  де  тәжірибелі  оқытушы  әрбір  орындалатын  тақырыптың 
мазмҧны  мен  табиғатына  қарай  жҧмыс  алдына  қойылатын  мақсатын  да  ӛзінше 
айқындауына болады. 
Дегенмен, қандай жағдайда да тақырыптағы проблемалық мәселелерді кӛріп, 
тани  білуге,  жарияланып  жатқан  ғылыми-әдістемелік  әдебиеттермен  танысып, 
ондағы айтылған бағалы пікірлерді қорыта, жинақтай білуге жаттықтыру, жҧмыс 
барысында туатын сҧрақтарға жауап табуға ҥйрету мақсаты кӛзделуі тиіс. 
Мысалы,  неміс  тіліндегі  артикльдердің  (бҧл  сӛз  табы  қазақ  тілінде  жоқ) 
септелуі  мен қолданылу  ерекшелігін, зат есімнің септіктері  мен септелу жҥйесін 
т.б. тіл қҧбылыстарын қазақ тіліндегі осы қҧбылыстармен салғастыра қарастыру, 
сондай-ақ,  неміс  тілі  етістігінің  шақ  тҥрлерінің  қазақ  тіліне  қарағанда  ӛзіндік 
ерекшелігі  барын  біліп  қана  қоймай,  танып  қана  қоймай,  оларды  салыстыра 
отырып,  ӛзінше  ой  қорыта  білу.  Немесе  неміс  тіліндегі  сӛз  таптары,  солардың 
ішінде  сын  есімдер  мен  сан  есімдер,  ҥстеулер  мен  одағайларды  т.  б.  қазақ 
тіліндегі  ҧқсас  қҧбылыстармен  салыстыра  ҥйрену  студенттер  ҥшін  ӛте  тиімді. 
Неміс  тілі  сӛз  тіркесінен  берілген  тапсырманы  орындау  барысында  студенттер 
сӛздердің  байланысу  (тіркесу)  жолдары  мен  турлері  туралы  неміс  тіліндегі 
теориялық  пікірлерді  пайдалана  отырып,  ол  туралы  ӛз  шешімін  де  айтуы  тиіс. 
Неміс тілі жай сӛйлемі мен қҧрмалас сӛйлемдерінің  қазақ тілінен айырмашылығы 
мен  ерекшелігін  ескере  отырып,  тіл  фактілері  негізінде  талдап,  ӛз  болжамдарын  
айтып ҥйренуі де болашақ шетел тілі мҧғалімі ҥшін де ӛте қажет деп білеміз. 
Тағы  айтарымыз,  неміс  тілінде  бҧлардан  да  басқа  ӛз  бетінше  орындайтын 
мәселелер  аз  емес,  оларды  таңдау  оқытушының  жоспарына  байланысты.  Ал 
оқытушының  негізгі  назар  аударатын  нәрсесі  -  орындалатын  проблемалық 
тақырыптарды  теориялық  және  ғылыми-шығармашылық  ой-пікір  негізінде 
таңдап,  зерттей  білу.  Сонда  ғана  кҥрделі  грамматикалық  мәселелерді  жеке-жеке 
шағын  ситуациялар  арқылы  дәл  және  айқын  ашуға  болады  Осындай  тҧрғыдан 
алып  барылған  жҧмыс  қана  нәтиже  береді,  ал  студенттер  ӛз  білімін  жан-жақты 
толықтырып,  тереңдетуге  мҥмкіндік  алады.  Ӛз  бетінше  істелетін  жҧмыстың 
орындалу  мерзімін  белгілеп,  сабақтан  тыс  уақытта  оның  орындалу  барысын 
бақылау,  керек  кезінде  ақыл-кеңес  беру,  толық  аяқталған  жҧмысты    топтың 
семинар  немесе  практикалық  дәрісі  уақытында  қабылдап,  студент-ізденушінің 
еңбегінің жетістігі мен кемшілігін кӛрсетіп отыруға оқытушы баса кӛңіл аударуы 
тиіс.  Мҧндай  жағдайда  тақырып  кӛпшілік  студенттер  тарапынан  талқыланып, 
топтағы  әрбір  тыңдаушы  ӛз  пікірі  мен  тҧжырымын  ортаға  салады.  Оқытушы 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008. 
 
10 
айтылған  пікірлерге  қорытынды  жасап,  жҧмысты  бағалауда  оларды  есепке  алуы 
керек. 
Егер  орындалған  жҧмыс  талапқа  толық  жауап  беретін  болса,  оны 
студенттердің  ғылыми-теориялық  конференциясына  қатысуға,  студенттердің 
ғылыми-зерттеу жҧмыстарының конкурсына ҧсынуына болады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Лемберг Р. Г. Методы обучения в школе. Алматы, КазПИ им. Абая. 1958. 
2.
 
Кларин М. В. Педагогическая технология в учебном процессе. М.:Знание.1989. 
3.
 
Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. Алматы,1991. 
4.
 
Рогова Г. В., Рабинович Ф. М. Методика обучения иностранным языкам в  
      средней школе. М.: Просвещение. 1991. 
5.
 
Бухвалов В. А. Развитие учащихся в процессе творчества и сотрудничества.  
      М.: Педцентр. 2000. 
     
ТҤЙІНДЕМЕ 
Мақалада  студенттердің  неміс  тілі  пәні  бойынша  ӛз  бетімен  атқаратын 
жҧмыстарын ҧйымдастыру жолдары мен студенттерді ӛзіндік ізденіске баулудың 
кейбір мәселелері қарастырылған.  
 
РЕЗЮМЕ 
 
 
В  статье  рассматриваются  некоторые  вопросы  обучения  студентов 
немецкому  языку,  организация  самостоятельной  работы  и  привитие  им 
исследовательских качеств.  
 
 
 
 
ЖАРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫН ТАНЫТУ ЖОЛДАРЫ 
 
Жҧмақаева Б.Д. - п.ғ.к., доцент (Алматы қ., Қазмемқызпу) 
 
Кӛркем шығарма табиғаты кҥрделі. Кӛркем шығарманың  басты мақсаты — 
табиғат  бейнесін,  ӛмір  қҧбылыстары  мен  заңдылықтарын  кӛркемдік  заңымен  
бейнелеу арқылы оны қабылдаушының танымы мен тҥйсігіне  кӛркемдік жолмен 
ҧсыну, әсер ету. Бҧл мақсат адамзат мәдениетінің әр кезеңінде ӛз уақытына сай әр 
деңгейде жҥзеге асырылып келе жатқандығы мәлім. Біздің кӛңіл аударып отырған 
нысанымыз кӛркем дҥние мен оны қабылдаушының ара қатынасы туралы болмақ.  
«Сӛз тҥзелді, тыңдаушы, сен де тҥзел, сендерге де келейін енді аяңдап» дегендей 
кӛркем  шығарманы  қабылдаушы  оқырманға  бҥгінде  кӛркем  дҥниені    танудың, 
танытудың  да  ӛз  ережелері  мен  заңдылықтары,  былайша  айтқанда  «алтын 
сандықтың кілттері» бар.  
Мектепте де, жоғары оқу орындарында  да кӛркем шығарманы талдау  - аса 
маңызды  процесс  болып  саналады.  Кӛркем  шығарманы  кӛркем  қабылдау  мен 
тануда,  әрине,  ең  әуелі  оны  оқу  аса  маңызды  болмақ.  Кӛркем  дҥниенің  кӛркем 
бейнесін кӛзбен кӛріп, ой тҥйсігінен ӛткізу, адам миының терең  қатпарында оның 
бейнесін жасау маңызды процесс болып қала бермекші.  
Қаламгердің  дҥниетанымы  мен  кӛзқарастары,  ҧстанымдары  мен  тҥйсігінен 
жинақталып  шыққан    тҧтас  дҥниені  тану,  жекелеген  із  жолдарын  саралау    тек 
талдау арқылы жҥзеге асады. Талдау — талдап алу, тарату, тарамдау деген ҧғым 
екені  мәлім.  Онда    тҧтас  дҥние  талдау  арқылы    тараталылады,  танылады,  яғни 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №5 2008. 
 
11 
жинақтау  мен  даралау  ҧғымдары  сияқты,  синтез  бен  анализ  болып  табылады. 
Тарату қандай бағыттарда жҥзеге асуы мҥмкін? 
Кӛркем  шығарманы  әр  тарапты  талдауға  болады.  Мысалы,  образдар 
жҥйесіне  қарай  талдау,  сюжеті  мен  композициялық  қҧрылымына  қарай  талдау,   
кӛтерген басты проблемасына қарай, қамтыған жанама мәселелеріне қарай талдау,  
шығармадағы кӛтерілген басты тақырып пен жанама тақырыптарға қарай талдау,  
шығармадағы  кӛтерілген  ӛзекті  ойды  айқындау,  сол  ойды  ашудағы  қаламгер 
тәсілдерін  саралау,  модуль  бойынша  талдау,  герменевтикалық  талдау,  кӛркем 
деталь  арқылы  талдап  тану,  символ  арқылы  талдап  тану,  кӛркемдік 
ерекшеліктеріне  қарай,  шығармадағы  кӛркем  компоненттерге  қарай  талдау,  тіл 
ерекшеліктеріне қарай талдау  т.б. 
Шығарманы  қай  тҧрғыда  талдау  керектігі  мҧғалімнің  кӛздеген  мақсатынан 
туындап  жатады.  Тек  ескеретін  бір  мәселе  талдаудың  тҥрін  таңдап  алу  сол 
шығарманың  ішкі  екешеліктеріне  тікелей  қатысты  болатындығында.  Кез-келген 
шығарманы  композициялық  қҧрылымына  қарай  талдауға  болғанымен,  сюжеттік 
талдау  тек  эпикалық    шығармаларға  ғана  жҥргізіледі.  Ал  тақырыптарына  қарай 
талдау  кӛлемді  шығармалармен  ғана  жҥзеге  асады.  Кӛркем  деталь  арқылы 
қаламгердің  ӛзекті  ойын  айқындау,  ҧстанымын  тану  әр  текті  шығармалармен 
жҥзеге  асырылады.  Символ  арқылы  талдау  да  лирикалық,  эпикалық  
шығармаларға  ыңғайлы.  Шығарма  табиғатын  еркін  ашып,  терең  ҥңілуге 
мҥмкіндік  беретін  талдау  герменевтикалық  талдау  бола  тҧра,  бҥгінде  бҧндай 
талдау тҥрі мектепте немесе жоғары оқу орындарында кең кӛлемде жҥргізіліп жҥр 
деуге келмейді.  
Кӛркем  шығармаға  герменевтикалық  талдау  оқырманды  таным  тҥсінік 
жағынан  байытатын  бірден-бір  талдау  тҥрі.  «Герменевтика  —(от  греч. 
hermeneutikos  —  разъясняющий,  растолковывающий)  —  направление  в 
философии,  основной  проблемой  которого  является  проблема  понимания.  В 
педагогике  герменевтика  начинает  использоваться  как  принцип  научного 
исследования,  требующий более осмысленного и глубокого понимания сущности 
воспитательного  взаимодействия  и  разработки  технологий  обучения.  В 
образовании одним из основных способов постижения истины является обучение 
пониманию»/1/.  Бҧл  берілген  анықтамадан  кӛрінетіндей  герменевтика 
педагогикалық  процесте  кеңінен  қолданылатын  бір  әдіс  деп  танысақ,    оны 
әдістемелік  мақсатта  да  еркін  қолдануға  мҥмкіндік  мол  екен.  Герменевтикалық  
талдауда  кӛркем  шығарманы  тудырған  дәуірді  терең  тҥсінуге,  кӛркем  дҥниені 
тудырған  тҧлғаның  болмысын  тануға,  шығармадағы  ойдың  терең  астарына 
бойлауға,  тереңнен  қазып  әр  қҧбылыстың  байыбына  баруға,  әр  қолданыстағы 
сӛздің  астарына  ҥңілуге  мҥмкіндік  туады.  Герменевтикалық  талдау  жҥргізуге 
ауыз әдебиеті ҥлгілерін, ежелгі дәуір әдебиеті ӛкілдерінің шығармаларын, хандық 
дәуір  әдебиетінен  жыраулар  толғауларын,  жекелеген  ақын-жазушылардың 
шығармаларын нысан қылып алуға болады.  
Жыраулар  —  басқа  тілдік  тҧлғаларға  ҧқсамайтын  ерекше  феномен.  Жырау 
—  шығарманы  ӛзі  тудырушы,  орындаушы,  кӛркем  жеткізуші,  дәстҥр 
қалыптастырушы,  белгілі  бір  шығармашылық  мәдениет  қалыптастырушы 
философиялық  болмыс  иесі.  Сондықтан  жыраулар  поэзиясын  поэтикалық, 
филологиялық,  лингвистикалық,  философиялық,  теологиялық  пайымдаулармен 
қарастырған  абзал.  Жыраулар  поэтикасында  дҥниенің  сан  тҥрлі  бейнесі  кӛрініс 
береді.  Шығармашылық  тҧлға-жыраудың  кӛркем  әлемі  діни-мифтік,  адамзаттық 
танымына  негізделеді.  Олар:  «адам  болмысы»,  «дҥниенің  жаратылуы»,  «қайғы, 
мҧң, наласы», «жалғыздық сарыны», «ӛлім-ӛмір» толғаныстары.  

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008. 
 
12 
Жарау  ҧғымы  мен  жырау  тҧлғасы  ХV  ғасырға  дейін  де  болған.  Дегенмен 
тарих  мҧнарынан  аршылып  шығап,  белгілі  бір  шығармашылық  тҧлға  ретінде 
танылғандары ХV ғасырдан бастау алады. Сол себепті де жыраулар поэзиясының 
туып қалыптасқан кезеңдері  ХV-ХҤІІІ  ғасырлар делінеді. Ол кезеңнің сҧранысы 
мен  әлеуметтік  кҥйін,  тілдік  қолданысы  мен  сол  тҧстағы  қҧндылықтарды  білу 
ҥшін  толғаулардағы  жекелеген  сӛздердің  мағынасын  тануға  талаптану  керек 
болады.  
Жырау  шығармашылығын  танытудың  кҥрделілігі  оның  тіліне  де  қатысты. 
Жырау    шығармашылығын  лингвистикалық,  когнетивтік,  семантикалық  тҥсінік 
негізінде салыстырмалы талдау қажет. Жыраулар поэзиясында бҥгінде мағынасын 
тҥсінуге  қиындық  туғызатын  сӛздер  толып  жатыр.  Мысалы,  «Тұсыңдағы  болған 
нартың  қорлама»,  Сӛз  боларсың  кӛлемге»,  Сындырау  арқа,  сырт  соқпақ, 
Шемшірлігін  ноқталап»  (Шалкиіз),  «Кӛмбідей  ару  жаларға,  Кірмембес  ауыр 
қолға бас болып» (Доспамбет) тіркестердегі ойды айқындау ҥшін сӛздердің дербес 
тҧрғандағы  мағынасын  тану  қажет-ақ.  Сол  сӛздердің  тіркестегі  қолданыс 
мақсатын  білу  содан  кейін  ғана  жҥзеге  асырылады.  Ондай  сӛздер  кӛптеп 
кездеседі:  кӛбеген,  нараду,    мүритін,  жұмлә,  салп-салпыншақ,  байтақ,  ұнымы, 
тебір т.т.
 
 Жыраулар  поэзиясында  кездесетін  сӛздердің  мағынасын  тану  ҥшін  сол 
тҧстағы  әдеби  тілдің  даму  бағыты  мен  қазақ  қауымына  қызмет  еткен  тілдің 
сипаттарын  анықтайтын  тілші  ғалымдардың  зерттеулеріне  ҥңілу  қажеттігі 
туындайды /2/. 
ХV-ХVІІІ  ғасырлардағы  ӛлең-толғаулар    мәтіні  бірнеше  жинақта 
жарияланған Атап айтқанда: Арыстанғали Берқалиҧлының «Ақын». Қазан, 1912; 
Ғҧмыр Қарашҧлының «Шайр яки қазақ ақындарының басты жырлары», Орынбор; 
Ғабдолла  Мҥштақтың  «Кӛкселдір,  яки  бҧрынғы  мырза  ҧлы  һәм  ноғайлы 
батырлары  да  ғайри  мағыналы  жырлар»,  Орынбор,  1911;  Мҧқаш 
Бекмҧхамедовтың «Жақсы ҥгіт», Қазан, 1908;   
Мәшһҥр  Жҥсіп  Кӛпеев,  Мҧсылманқҧл  Жиреншин  сияқты  кӛне  әдебиет 
ҥлгілерін  жинаушылардың  қолжазбалары  негізінде  жарық  кӛрген  басылымдар:  
ХVІІІ-ХІХ  ғасырлардағы  қазақ  ақындары  шығармаларының  жинағы.  Жалпы 
редакциясын  басқарған  Ы.Т.Дҥйсенбаев  Қазақ  ССР  Ғылым  Академиясының 
баспасы.  Алматы,  1962;  Ертедегі  әдебиет  нҧсқалары.  Алматы,  1967;  Алдаспан. 
Кӛне  қазақ  поэзиясының  антологиясы.  Жинақты  қҧрастырып,    алғы  сӛзін, 
тҥсініктерін  жазған  М.Мағауин.  Алматы,  1971;  ХV-ХІІІ  ғасырлардағы  қазақ 
поэзиясы.  Жинақты  қҧрастырып,  ғылыми  тҥсініктерін  жазған  Б.Ақмҧқанова, 
Ә.Дербісәлин, М.Жармҧхамедов т.б. Алматы, 1982; Бес ғасыр жырлайды. Бірінші 
том. Қҧрастырушылар: М.Мағауин, М.Байділдаев, Алматы, 1989. 
ХV-ХVІІІ  ғасырдағы  жыраулар  поэзиясы  зерттеліп,  ғылыми  тҥсініктер 
жазылғанымен  жоғарыда  аталған  жинақтарда  жыраулар  толғауларының  мәтіні 
тҧрақты бір ізге тҥскен деуге келмейді. Белгілі бір жыраудың толғауы әр жинақта 
берілуінде  лингвистикалық,  мағыналық  ӛзгеріске  ҧшыраған.  Бҧл  ӛзгерістер 
жыраулар поэзиясын оқытуда елеулі қиындықтар туындатады.  
Қазақ әдеби тілінің тарихын зерттеуші ғалым Р.Сыздық: «Талданып отырған 
кезеңдердегі  ауызша  сақталған  әдеби  мҧралардың  тілін  зерттеуде  қияндық 
тудыратын,  кейде  тіпті  зерттеушіні  немесе  жалпы  оқырмандарды  шатастыратын 
келеңсіздік бар. Ол — жеке сӛздердің қате берілуі. Бҧл мҧралардың қай кітапта, 
қай  журналда,  қай  жылда  басылғанын  алсаңыз  да,  бәрінде  де  қателерді,  әсіресе 
бейтаныс сӛздердің жазылуындағы ала-қҧлалықты кездестіреміз. Ала-қҧлалықтың 
бірқатары  араб  жауымен  жеткен  кітіптар  мен  қолжазбалардағы  сӛздерді  қазіргі 
жазумен  кӛшіргенде,  контекске  қарай  тҥзетіп  жазуға  байланысты  алшақтықтар. 
Мысалы, алдыңғы басылымдарда Асан қайғының «Шабылып жатқан халқың бар, 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №5 2008. 
 
13 
Аймағын кӛздеп кӛрмейсің» деген жолдардағы «шабылып жатқан» тіркесі соңғы 
басылымдарда  «жайылып  жатқан»  деп  ӛзгертілген.  Сол  сияқты  Қазтуғанның 
бҧрын «Билер отты, би соңы» деген тармағын  «Билер ӛтті,  би соңы» деп  дҧрыс  
оқығандықтан, екі басылымда екі тҥрлілік бар»/2/,- деп жараулар поэзиясындағы  
ауысып қолданылып жҥрген сӛздерді саралайды.  
ХV-ХVІІІ  ғ.  Қазақ  поэзиясы  тіліндегі  фразеологизмдерді  зерттеуші 
Г.Боранбаева да: «ХV-ХVІІІ ғасыр толғаулар тексіндегі халықтың тарихын, салт-
дәстҥрін,  ҧлтық  ділін  танытатын  сӛздер  мен  сӛз  тіркестерінің  тҥрліше  жазылып 
жҥру  себебі,  біріншіден,  араб  әрпімен  хатқа  тҥскен    толғаулардың  дҧрыс 
оқылмауынан  болса,  екіншіден,  бҧл  қолданылмайтын  кӛне  образдардың 
мағынасы тҥсініксіз болғандықтан деп білеміз» -деген пікір білдіреді /3 /. 
Жыраулар  поэзиясында  кездесетін  бейтаныс  сӛздердің  тҥпкі  мағынасын 
тҥсіну ҥшін ғалымдар мағынаның бір ҧшығын сол тҧста тілге ықпал етуші  араб-
парсы тілдерінен қарастырса, келесі бір іздестіретін аймақ деп сол тҧстағы ортақ 
мҧра болып келген ноғайлы тілі мен әдебиетімен де байланыстырады. 
Тілдік  мағынаны  тҥсіну  талдаудың  кіріспесі  ғана.  Талдау  сол  мағыналы 
сӛздің қандай мақсатта қолданылғанын анықтаумен жалғасады.  
Мысалы,  Қазтуған  жыраудың  «Мадақ  жырында»  метафоралық  қолданыста 
келген кҥрделі ҧғымдар кӛп.  
 «...Ұстаса қашағанның ұзын құрығы, 
Қалайылаған қасты орданың сырығы... 
Буыршынның бұта шайнар азуы, 
Бидайықтың кӛл жайқаған жалғызы...».  «Қашағаның ұзын құрығы» деген 
қолданысқа қарағанда қашаған жылқыны ҧстайтын қҧрықтың ҧзын болатыны бір 
аңғарылса,  сол  қашаған  қҧрыққа    балап тҧрған  тҧлғаның    «қашағанды»,  яғни  ел 
ішіндегі  бас  бҧзарларды  немесе  жауды  тырп  еткізбес  бір  қыры  танылады. 
«Қалайылаған  қасты  орданың  сырығы»  деген  ҧғымнан  орданың  қандай  екенін 
танытатын маңдайына қағылған белгі сияқты елдің бет-бейнесін танытарлық бір 
қыры ашылады. «Батырын кӛріп, елін таны» деген ҧғымға саяды.  
Буыршын  —  еркек  тҥйенің  жасы,  жас  бура.  Оның    мҧқалмаған  тісі  бҧта 
шайнауға  қаншалықты  жарамды  болса,  сипатталып  отырған  тҧлғаның  да  неге 
салсаң тартынбайтын дер шағынан кӛрініс береді.  
Бидайық  —    торғай,  ҥйрек  сияқты  кӛл  қҧстарына  тҥсетін  жыртқыш  қҧс. 
Толғауда  «бидайықтың  кӛл  жайқаған  жалғызы»  деп  беріледі.  Жыртқыш 
қҧстардың  екі  балапанының  ең  мықтысы  ғана  аман  қалатыны,  ӛз  ҧяласын  әлдісі 
жойып,  ата-анасы  тасыған  жемді  ҥлессіз  жеп  жетілетіні  болады.    Ендеше, 
«жалғызы»  қолданысы  да  белгілі  бір  семантикада  берілген.  Ал  «кӛл  жайқаған» 
тіркесі  кӛбіне  ―шайқаған‖  яғни  қозғаған  мағынасымен  алмастырылып  та 
ҧғынылуы  мҥмкін.  Бҧл  екі  сӛз  екі  мағынада  қолданылады.  ―Кӛл  жайқау‖  кӛлді 
аласапыран, астан-кестен ету, бҧл әрекет  қҧс қимылын қҧс характерін білдіреді, 
сол арқылы сипатталып отырған тҧлға Қазтуғанның бір қырын танытады. Бҧндай 
тіркестер жыраулар поэзиясында кӛптеп кездеседі.  
Асан  Қайғы  толғауында    елдің  қҧтты  мекені  болған  жер  Ойыл  сӛзі  ерекше 
қолданыста  ҧсынылып,  терең    мағыналық  сипат  алады.    «Ойыл  —  көздің  жасы 
еді» деген жолдар ерекше мәнге ие. Осы толғаудың ӛн бойына ӛзек болатын ой да 
осы тіркестерге ӛріліп тҧр. Толғаудың тақырыбы да, айтар ӛзекті ойы да елге қҧт, 
мекен болған Ойыл, Еділ, Жайық туралы.  Жаңа қонысқа тҧрақтай алмаған елдің 
соңына  қарайлауы.  Асыл  ҧяны  қимаған    елдің  мҧң-зары,  қҧтты  мекенді  аңсауы, 
ӛкініш,  наласы.  Ойыл  —  кӛз  қарашығындай  сақтар  асыл  мекен  еді,  еңірей 
жылаған  елдің  кӛз  жасы  еді  деген  ӛкініші,  ел  сағынышы  танылады.  Жекелеген 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008. 
 
14 
сӛздің мағынасын терең тҥсіну арқылы бір тіркестің мағынасы кеңіп, жыраудың 
айтар ойының астары айқындала тҥседі. 
 
Қазтуған  жырауда  да  осы  сипаттас  тіркестер    ҧшырасады.    «Алаң  да  алаң, 
алаң жҧрт» толғауындағы  «Қайран менің Еділім» тіркесі әр тармақ бойы ерекше 
екпін  тҥсіріліп  айтылатын  синтаксистік  қайталауда  тҧрған  «жұрт»  сӛзі  мен 
«жер»  сӛзінің  барлық  жҥгін,  осы  толғаудағы  ӛзекті  ойды  ең  соңында  ӛзіне 
аударып  алып  тҧр.    Қайран  сӛзі  елдің  кӛп  ӛкініші  мен  ӛксігін,  тебіренісі  мен  
аңсарын,  жыраудың  ішіне  қатқан  қасіретін  кҥрсінісімен  шығарып    тҧрған  сӛз 
болып танылады.  
Доспамбет  жыраудың  «Алғаным  Әли  ағаның  қызы  еді»  деп  басталатын 
толғауында  «маңдайы  кҥнге тимеген»,   «желге шашын  ӛрмеген»,  «серпіліп адам 
бетін кӛрмеген»  «Қосақай, Қосай, Ер Досай» сынды балаларының ардақты анасы 
сҥйген жарының  «қалай белін шешкені» де тҥсіндіруді қажет етеді.  «Ер Тӛстік» 
ертегісінде  Кенжекейдің    сҥйген  жарын  алыс  та  қауіпті  сапарға  шығарып  салып 
тҧрып  белін  таңатыны,  ол  белдікті  «Ер  Тӛстік  не  ӛлгенде  шешіл,  не  аман-есен 
келгенде шешіл» деп серт қылатыны бар. Олай болса, жарын соғысқа аттандырған 
сҥйген  жар  «жанын  шҥберекке  тҥюге»,  тілек  тілеп,  амандыққа  бел  бууға  серт 
қылады деп тҥсінуге болады. Бҧл да адалдық пен амандықтың тілекшісі сипатты 
бір  жоралғы  болып  танылады.  Ӛзі  қан  майданда  жҥрген  жауынгер  жырау 
Доспамбет «жағдайсыз жаман қалып бара жатқандағы» кҥйін айта отырып, ҥйдегі 
жарының  мҧңын  сезінеді,  «қалай  да  белін  шешті  екен!..»  деп  уайым  жейді. 
Жыраулар  поэзиясы  ҥшін  бҧндай  нәзік  кӛрініс  пен  сезімдерді  жеткізу  —  сирек 
қҧбылыс.  Осы  кҥнгі  тілімізде  қолданылып  жҥрген  бір  іске  бет  бҧру,  орындауға, 
атқаруға  шешім  қабылдау  ҧғымдарында  қолданылып  жҥрген  «бел  буу»  тҧрақты 
тіркесі біз тҥсіндіріп отырған  дәстҥр мен салттан туындауы да әбден мҥмкін.  
«Сере, сере, сере қар,  
Асты кілең, үсті мұз, 
Күн-түн қатса жібімес, 
Мен кӛлікке қосымды артқанмын», - дегенде де сере сӛзі кӛпшілік қауымға 
тҥсінікті деуге келмейді. Соғымның қазысын қазақта тӛрт еліден кейінгі ӛлшемде  
«сере  шығыпты»  дейді.  Сонда  сере  —  бас  бармақ  пен  сҧқ  саусақты  кере 
ӛлшегенде  кӛрінетін  ҧзындық  ӛлшемі.  Кейбір  жинақтарда  сере  сӛзінің  орнына 
сіреу, сіреу, сіреу қар деп беріліп жҥр. Олай болса сіреу сӛзі (сірескен, қабаттала 
қатқан) ҧзындық ӛлшемін білдірмей, тығыздықты білдіретін болып шығады. Бҧл 
сӛзді  қайталай  айту  арқылы  Доспамбет  жырау  қабат-қабат  қар  жастанып,  мҧз 
кешкен  жорықтарынан  кӛрініс  береді.  Бҧл  ой  келесі  толғауында  да  айқын 
кӛрінеді: 
Ағарып атқан таңды ай деп, 
Шолпанды шыққан күндей деп, 
Май қаңбақта ағалардың аты жусап жатыр деп, 
Ақ шаңдақты құрып қойған шатыр деп, 
Жазыда кӛп-ақ жортқан екенбіз 
Арғымақтың талдай мойнын талдырып, 
Үйде қалған арудың 
Ал иіндігін аударып.  
Махамбет  толғауларында  Түн  қатып  жүріп  түс  қашса,  Доспамбет 
толғауларында  кҥн  мен  тҥннің  ара  жігін  ажыратқысыз  сарсаң  жҥріс,  шолпанды 
күн  деп,    ағарып  атқан  таңды  ай  деп  біліп,  ес  қашқан  жазыда  кӛп  жортқан 
жорықшылардың жай кҥйін танытады. Келесі тармақта айтылатын  Арғымақтың 
талдай мойнын талдару да ҧзақ жорықтың нышаны. Тҥзде кӛп болудың тағы бір 
белгісі — ҥйдегі арудың  иіндігін аудару, аңсату, әбден зарықтыру. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университетінің Хабаршысы  №5 2008. 
 
15 
 
Шалкиіз толғауларының тақырыптары  әр алуан болып келеді. Кӛркемдік 
тәсілі жағынан да жырау толғауларының бағасы жоғары. Шалкиіз «Би Темірге  
бірінші толғауында»: 
  Аспанды бұлт құрсайды — 
Күн жауарға ұқсайды,  
Кӛлдеге қулар шулайды — 
Кӛкшіліден ол айуан 
Соққы  жегенге ұқсайды, 
Кӛп ішінде бір жалғыз 
Кӛп мұңайып жылайды —  
Күйбеңдескен кӛп жаман 
Сӛзі  тигенге  ұқсайды...,  -  деп  толғайды.  Паралеллизм  тәсілімен  береліп 
отырған  жалғыздық  сарыны.  Кӛп  ішінде  жалғыздыққа  қамап  отырған 
күйбеңдескен  кӛп  жаманның  сӛзі.  Толғаудағы  кҥйбең  сӛзінің  мағынасы  да 
әдеттегіден 
ӛзгеше. 
Кҥйбеңдеу, 
кҥйбең 
тірлік 
ҧсақтықты 
білдіреді.  
«Кҥйбеңдескен  кӛп  жаманның»  әрекеті  педелік  қызғанышты,  жымысқылықты,  
ҧсақтықты танытады.  
Туырлықсыз қара үйге 
Ту байламақ не керек! 
Туғаны жоқ жалғызға 
Кӛп ішінде суырылып, 
Жауға шаппақ не керек! 
Бҧл талғауда да «туырлықсыз қара үй» тіркесі ӛзекті ойға қызмет етіп тҧр. 
Керегенің  сыртынан  жабылатын  киіз,  туырлық,  болмаса  ҥйдің  жылу  сақтамасы, 
аңғал-саңғал    болары  белгілі.  Оның  ҥстіне  қара  ҥй  болса,  тіпті  де  кішкентай, 
жҧпыны  болғаны.    Қазақта  ҥйдің  кереге-қанатына  байланысты  шаруашылыққа 
тігілетін кӛлемі шағын қара ҥйден бастап, он екі, он сегіз қанат ақ ордаға дейінгі 
атаулары бар.  Қара үй тіркесі  осы ерекшеліктерге қатысты қолданыс тапқан. Ту 
байлау  тіркесі  де  мағыналық  жағынан  кең  тҥсіндіруді  керек  етеді.  Осы 
айтылғандар  сияқты  герменевтикалық  талдауды  керек  ететін  жырау  толғауының 
ішкі астары, сӛздер мен тіркестер, мағыналар  кӛптеп кездеседі.  
Кӛркем шығарманы талдап тану ҥлкен дайындықты керек етеді. Бҧл әдетте 
оқытушы  басшылығымен  жҥзеге  асырылатын  процесс.  Шығарманы  жете 
тҥсінгенде ғана одан белгілі  бір дәрежеде эмоциялық  әсер алу мҥмкіндігі туады. 
Шығармадан оқылатын ӛмір сабақтары да мазмҧнды, мағыналы болып, оқырман 
кӛңіліне берік орнайды, ӛмір тәжірибесіне жарамды «қҧрал» бола алады.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.Г.М.Коджаспирова,  А.Ю.Коджаспирова.  Педагогический  словарь  М.,  Академа, 
2005.  
2.Р.Сыздық. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, «Арыс». 2004. 
3.Бес ғасыр жырлайды. Алматы, «Жазушы» 1989. 
 
ТҤЙІНДЕМЕ 
 
Мақалада мектеп пен жоғары оқу орындарында жыраулар поэзиясын оқыту 
мәселесі  қарастырылады.  Жыраулар  поэзиясын  оқытуда  жыраудың  тілі  мен  сӛз 
қолданыс  ерекшеліктерін,  кӛркемдік  қырларын  танытудың  бірден-бір  жолы 
талдау екендігі басты мәселе ретінде кӛтеріледі.  
 

Вестник Казахского государственного женского педагогического университета.№5 2008. 
 
16 
РЕЗЮМЕ 
 
В статье рассматриваются вопросы преподавания поэзии жырау в школах и в 
высших учебных заведениях. При этом выявлена роль анализа художественного 
текста как одного из эффективных способов изучения поэзии жырау. 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет