Казахский национальный



Pdf көрінісі
бет8/53
Дата26.02.2017
өлшемі5,1 Mb.
#5002
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53

 
Г. Қ. Қазыбек 
 
А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ-АУДАРМАШЫ
 
 
Арада  елу  жылдан  астам  уақыт  өткен  соң 
саяси жағынан да азаматтық тұрғыдан да толық 
ақталып, туған халқымен қайта табысқан қоғам 
қайраткерлерінің бірі – Ахмет Байтұрсынов. 
Тұтас буынның төл басы, кешегі Абай, Ыбы-
рай,  Шоқан  салған  ағартушылық,  демократтық 
бағытты  ілгері  жалғастырушы  ірі  ғалым-тілші, 
әдебиет  зерттеуші,  тюрколог,  дарынды  ақын-
аудармашы  Ахмет  Байтұрсынов  қалдырған  бай 
мұраның бір саласы – оның көркем аударма да-
муына үлесі. 
Қазақ  әдебиетіндегі  көркем  аударма  тарихы 
бай екендігі мәлім. ХХ ғ. бас кезінде аудармада, 
әсіресе орыстың классикалық әдебиеті үлгілерін 
қазақ  тіліне  аудару  ісінде  едәуір  тәжірибе  жи-
нақталған еді. Сонау  Абай мен Ыбырай тәжіри-
белерінен басталған бұл игі дәстүр Ақылбай мен 
Мағауия  Құнанбаевтар,  Шәкәрім  Құдайбер- 
диев,  М.Сералин,  Б.Өтетілеуов,  Ғ.Қарашев  ау-
дармаларының,  газет-журналдардағы  тәржіма-
лармен  толыға  түскен.  Енді  бір  топ  ақын-жазу-
шылар – А.Байтұрсынов,  Ж.Аймауытов,  М.Жұ-
мабаев,  М.Дулатов  Шығыс  пен  Батыс  елдерінің 
әдебиеттер  үлгілерін,  орыс  классиктерінің    шы-
ғармаларын  қазақ  тіліне  аударып,  көркем  қазы-
наның бұл саласын байытуға көп қызмет етті. 
А.Байтұрсынов  алғаш  рет  аударма  жинақ 
бастыру  ісін  бастаушы  болды.  Ахметтің  ақын 
ретінде  ең  әуелі  аударма  арқылы  танылды.  Ол 
орыстың  классикалық  жазушысы  И.А.Крылов 
мысалдарының  бір  тобын  қазақ  тіліне  аударып, 
«Қырық  мысал»  деген  атпен  Санк-Петербург  
 
 
1909  жылы  императорлық  ғылыми  академия-
сының  баспаханасында  жеке  кітап  етіп  шығар-
ды.  Бұл  И.А.Крылов  шығармаларының  қазақ 
тілінде,  тіпті  Орта  Азияда  десе  де  артық  емес, 
тұңғыш жеке кітап болып бастырылуы еді. 
А.Байтұрсынов  «Қырық  мысал»  жинағына 
жазған «Замандастарыма» деген кіріспесінде ау-
дарманың  мән-мақсаты,  дәуір  дүбіріне  ілесу 
ниеті,  қиындық  жағдайларда  орындағаны  ту-
ралы айта келіп, былай дейді: 
Орыстың тәржіме еттім мысалдарын, 
Әзірге қолдан келген осы барым 
Қанағат азға деген, жоққа сабыр, 
Қомсанып қоңырайма, құрбыларым! 
 
 
Бабы жоқ жұмыстағы мен бір арық, 
Күй қайда үздік шығар топты жарып. 
Ат тұрмас аяғында желі болса, 
Дүсірлеп шапса біреу қиқу салып. 
 
Бар болса сондай жүйрік қоуар деймін, 
Естілсе құлағында дүбір барып. 
Әйтпесе арық шауып оңдырар ма, 
Жүргенде қамыт басып, қажып-талып. 
«Қырық  мысалды»  Мұхтар  Әуезов  «қалың 
қазақ  жұртының  алғашқы  естіген  төңкеріс 
рухындағы сөзі» - деп бағалаған еді. 
Крыловты  кезінде  Абай  да  аударған.  Бай-
тұрсыновтай  көп  емес,  академиялық  жинақта 
Абайға телініп жүргендері 12 мысал. Бірақ, Бай-
тұрсынов аты атаусыз қалып, оның әдеби мұра-
сына тыйым салынған кезде, Крыловтың аудар-
машысы  ретінде  тек  Абайды  ғана  білдік.  Сон-
дықтан  Абайдың  кейбір  басылымдарына  Ахмет 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, № 4(134). 2011                                                                          47
 
 
аудармалары  кіріп  кеткен  кездері  болды.  Бірақ, 
мәселе  мұнда  емес.  Біз  үшін  ең  қызықтысы,  ең 
мәндісі – бірін-бірі  білмей,  Крыловты  өздігінен 
аударған екі данышпанымыздың өлең стилі, сөз 
өнері  бөлек  болуы.  Аудару  принциптері  де  қа-
зақтың  тосаң  құлағына  етене  еніп,  жеткізу  ше-
берліктері  де  айна-қатесіз  бірдей  десе  де  бо-
лады.  Түпнұсқа  мазмұнынан  ауытқымай,  соны 
өз сөздерімен жеткізуге емін-еркін тырысқан екі 
ақынның  орысшасындағы  көркемдік  бөлшек-
терді түсіріп алмай, соншалықты ұқыпты беруге 
ұмтылған  ұқсастығына  қайран  қаласың.  Мы-
салы,  Крыловтың  атақты  «Қарға  мен  түлкі» 
атты  мысалын  Абай  екі  рет  аударған.  Екеуінің 
өлең  өлшемң  де,  көлемі  де  бірдей.  Бірі – жеті, 
бірі – сегіз  буынды  жыр  үлгісінде.  Ал,  Ахмет 
Байтұрсынов  он  бір  буын  қара  өлеңмен  төрт 
жолдық шумақтар арқылы баяндайды. 
«Ну что за шейка, что за глазки, 
Рассказывать – так, право сказки! 
Какие перышки! Какой насок! 
И, верно, ангелский быть должен голосок!» 
 
Осы шумақ Абайдың екі нұсқасында былай: 
І-нұсқада 
     
«Неткен сойын, неткен көз, 
Осыдан артық дейсің бе 
Ертегі қылып айтқан сөз 
Қалайша біткен япырмай. 
Мұрныңыз бен жүніңіз! 
Періштенің үніндей 
Деп ойлаймын үніңіз...» 
 
ІІ-нұсқада   
   
«Есен-сау жүрсіз бе 
Ақынның төресі? 
Көп жерден белгілі 
Тегін құс емесі 
Жүніңіз, үніңіз 
Мұрныңыз, көзіңіз, 
Құлаққа дөп тиген 
Мақталған кеңесі...» 
 
Ал енді А.Байтұрсынов аудармасына үңілейік: 
 
«Тамаша қарағанға түрің қандай, 
Мынау көз, мынау мойын, мүрын қандай. 
Гауһардай қанаттарың жарқырайды, 
Келісті қалай біткен және маңдай» 
 
Крыловтан  тәржімә  жасау  Абай  шығарма-
шылығының  соңғы  кезеңдеріне  жатады.  Демек, 
Абай  немен  аяқтаған  болса,  Байтұрсынов  дәл 
содан  бастады  деуге,  яғни  Абай  эстафетасын 
Ахмет жалғастырады деуге толық негіз бар. 
Сонымен  қатар,  бұл  жинақта  орыс  әде-
биетінде  мысал  жанрын  қалыптастырушылар-
дың  бірі  И.И.Химинцердің  «Ат  пен  есек» 
шығармасы  қазақшаға  аударылған.  Онда  көте-
рілетін  мәселелердің,  айтылатын  ойлдардың 
салмақтылығына, қазақ ақыны қатты бөлген. 
Бір  жағынан  қызықты  форма,  екінші  жағы-
нан  ұғымды  идея,  үшінші  жағынан  қазақ  тұр-
мысына  ет-жақын  суреттерді  ұластыра  келіп, 
бұл  өлеңдерді  халықтың  төл  дүниесіндей  етіп 
жіберген. 
Мысалы:  
«Когда в товарищах согласья нет 
На лад их дело не пойдет. 
И выйдет из него не дело, только мука. 
Однажды Лебедь, Рак, да Щука, 
Везти с поклажей воз взялись. 
И вместе трое все в него впряглись  
Из кожи лезут вон, а возу все нет ходу! 
Поклажа бы для них казались и легка. 
Да Лебедь рвется в облака, 
Рак пятится назад, а Щука тянет в воду 
Кто виноват из них, кто прав, - судить не нам 
Да только и ныне там» 
 
Аққу, Шортан һәм Шаян 
Жүк алды Шаян, шортан, аққу бір күні, 
Жегіліп тартты үшеуі  дүркін-дүркін. 
Тартады аққу көкке, шаян кейін, 
Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін. 
Бұлардың машақаты аз болмады, 
Жұмысы орнына кеп мәз болмады. 
Тартса да бар кұштерін аямай-ақ, 
Асылы, жүк орнынан қозғалмады. 
Оншама ол жүк артық ауыр емес, 
Құр сырттан «пәлен» деу де тәуір емес. 
Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр, 
Бірыңғай тарпаған соң бәрі тегіс. 
Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас, 
Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас. 
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей, 
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас. 
 
Аудармада  мін,  жоқ,  мүдірмей,  тұтықпай, 
есіліп төгіліп тұр. Орысшасында үш шумақ – он 
екі жол. Тәржімасында бір шумақ артқан. Одан 
мағынасына  өзгеріс  кірген  жоқ.  Ой  қазығы 
болатын  бөлшектері  тұгел  жалғыз-ақ  айырмасы 
–  крыловтың  көп  мысалдардағыдай,  түпнұс-
қаның  бас  жағында  жүретін  кіріспе  шумақты 
А.Байтұрсынов  соңына  шығарып  қорытынды 
етеді.  
«Маймыл», «Өгіз  бен  бақа», «Емен  мен 
шілік», «Бұлбұл  мен  есек», «Қаптесер  мен 
көртышқан», «Маймыл  мен  көзілдірік», «Шал 
мен ажал» секілді мысалдарды аудару – машығы 
жағынан  осы  бірінші  принциптің  жемісі.  Мәсе-
лен, «маймыл»  атты  мысалдың  аудару  прин-
циптері  де  діл  жоғарыдағы  «Аққу,  шортан  һәм 
шаяндағыдай»: Крылов төрт жолдық кіріспесін-
дегі  аяғына  шығарылады  да,  қалған  мазмұны 
қазақтың  қара  өлеңімен  хикаялау  түрінде  дәл 
және емін-еркін жеткізеді. 

48
                                                                     
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
 
 
Түпнұсқада:           
Крестьянин на заре с сохой 
Над полосой своей турдился – деп басталса, 
Аудармада:  
 
Жер жыртты ерте тұрып қарашекпен, 
Қашаннан кәсібі еді егін еккен, -  
деп  дәл  сол  күйінде  қайталанады  да  әрі  қарай 
оқиға  өз  ретімен  баяндалып  кете  береді.  Тағы 
бір  таңғажайып  тапқырлыққа  осы  тұста  және 
кездесеміз.  Диқаншының  еңбегіне  еңбегіне 
көрген жұрттың сүйсінетінін жеткізерде Крылов 
түбі  грек  тілінен  ауысқан,  сөйтіп  орыс  тіліне 
кірігіп  кеткен  «исполать»  дейтін  бір  ескі  сөзді 
қолданады.  Бұл  орыстың  байырғы  тілінде 
«молодец» деген мағынаны береді. 
Зато кто мимо ни проходить, 
От всех ему: спасибо, исполать. 
Орыс  тілін  жетік  білген  тәржімашы  осы 
сөздің  қазақша  дәл  мағынасын  былай  деп  сол 
қалпында жеткізеді. 
«Жарайды, бәрекелді, сабаз-ай!- деп, 
Алғысты берді оған өткен-кеткен» 
Осы  жердегі  «сабаз-ай»  деген  бір  сөздің  өзі 
Крылов  мысалының  бүкіл  рухын,  бүкіл  ұлттық 
қасиетін  түп-түгел  қазақшалап,  қыр  елінің 
қалың  ортасына  дәл  сол  қалпында  алып  келіп 
тұрғандай  қабылданады.  Дәлдігі  осындай  бол-
ғанда, жатықтағы да айрықша дәлелдеп жатуды 
қажет етпейтіндей болып, Байтұрсынов ақынды-
ғының  барлық  ерекшелігімен,  мейлінше  табиғи 
болмыс-бітімімен, ұлттық ой-өрісінің шеңберін-
де үйлескен, ұйқасқан қисын-қиюымен әрбір қа-
зақ оқырманының көңіліне ұялап қалып жатты. 
Ахмет  Байтұрсынов  аудармаларында  сюжет 
сақталғанмен, еркіндік басым, қазақ тұрмысына 
жақын идеялар, заман тынысын танытатын жаңа 
ойлар айтылады. Мысалы, «Шал мен ажал» атты 
мысалдағы әбден шаршап-шалдыққан зарыққан-
дағы шалдың монологы: 
«Куда я беден, боже мой! 
Нуждаюсь во всем; к тому же жена и дети, 
А там подушное, боярщина, оборок, 
И выдался и когда на свете 
Хотя один мне радостный денек?» 
 
 
 
«Мен сорлы, әрі кәрі, әрі жарлы, 
Асырау қиын емес үйлі жанды. 
Қартайдым, жалданарға қайратым жоқ, 
Бермеді тұтынарлық құдай малды 
Бұл маған не қылғаның, жаратқаным, 
Бір шалға үйлі жанды қаратқаның? 
Төлермін салық ақша қайдан тауып, 
Қажетім бірін сай ғып жаратпадың. 
Не жаздым құтқармастай бұл бейнеттен, 
Күнің жоқ тілегімді қабыл еткен. 
Біреу кеш, біреу ерте өліп жатыр, 
Келмейді маған ажал, қайда кеткен?» 
 
Бұл жолдардағы «үйлі жан», «бермеді құдай 
малды», «жаратқаным» деген тіркестер тек қана 
қазақ  психологиясына  тән  ұғымдар  екенін  дә-
лелдеп жатудың өажеті болмас. 
Сонымен қатар түп негізі Федерден алынған 
Крыловтың  он  жылдық  «Шымшық  пен  Көгер-
шін» мысалы  ақын  аудармасында 11 буынды, 8 
шумақ,  яғни  отыз  екі  жолды  жаңа  шығарма. 
Түпнұсқаның  мазмұны,  бір-ақ  ауыз  сөзбен  айт-
қанда «Күлме досыңа, келер басыңа». Ақын бұл 
жерде айтайын деген ойыныңа аясына кеңейтіп, 
түпнұсқадағы мысалдың жүгін әдейі ауырлатып 
отыр.  Мұндай  тәсіл  барған  сайын  тереңдеп, 
кеңейе  түседі. «Жарлы  бай»  деген  мысалда  қо-
лында  дәулет  жоқ  кезде  жомартсынып,  өзі  сол 
байлыққа  ие  болған  күні  дереу  ындынды  бұзы-
лып кететін тойымсыздықты суреттегенде, оның 
әсерін  күшейте  түсу  үшін  аудармашы  оқиға 
желісін  оқырман  түйсігіне  әлгіден  жақындатып 
әкеледі. 
Крылов  кедей  адамның  бай  болсам  бүйтер 
едім деген қиялын былай жеткізеді. 
«Нет, если мне далось богатство не удел, 
Не только бы рубля – я бы тысяч не жалел. 
Чтоб жить раскошно, пышно, 
И о моих мерах далеко б было слышено» 
 
Ал, Байтұрсыновта ол былай болып келеді: 
 
«Дариға! Мен бай болсам жұрттан асқан, 
Үйлерді салдырар ем қандай тастан! 
Сол түгіл мыңын бірден жұмсар едім, 
Аямай нелер киім, ішер астан. 
Жылқымды, қымызымды, қойымменен 
Жұмсар ем қонағыма тойымменен. 
Жұртымның жабықтырмай көңілін ашып, 
Күнде той, қызық, ойынменен» 
 
Мұнда  ақын  нағыз  қазақ  ұғымындағы  шал-
қыған  тұрмысты  малмен,  қымызбен,  ағыл-тегіл 
қонақасымен, той-томалақпен байланыстыра су-
реттейді.  Аудармашы  негізгі  түпнұсқа  текстіне 
орайластырып,  көркем  ойға  ой,  суретке  қосып, 
пікірді ұштап, жаңа сарын әуез қосып отырады. 
Сонымен  қатар  «Маса»  жинағының 1911 
жылғы  алғашқы  басылымында  Пушкиннен  ау-
дарылған  «Ат», «Данышпан  Олегтің  ажалы» 
атты  өлеңдер,  және  «Балықшы  мен  балық», 
«Алтын  әтеш»  ертегілері  енгізілген.  Бұлардың 
бәрі  де  жоғарыда  айтылғандай,  оның  романти-
калық  сарында  жазылған  сюжетті  өлеңдері  мен 
аңыздары,  ертегілері.  Бұлардың  кейінірек  ауда-
рылып, 1922 жылғы  енгізілген  «Мцири»  поэма-
сының үзіндісі де осылармен іштей үндесіп жат-
қанын аңғару қиын емес. 
Бұл жерде айтпағымыз – А.Байтұрсыновтың 
тәржімашылық  тәжірибесінде  ерлікті,  еркіндік-

Вестник КазНУ. Серия филологическая, № 4(134). 2011                                                                          49
 
 
ті,  отаншылдықты  сезіну,  таза  сүйіспеншілікті 
жырлайтын  шығармаларды  аударуға  бейім  бол-
ғанын аңғарту. 
Қорыта  келгенде,  А.Байтұрсынов – ағарту-
шы,  ғалым,  қоғамдық-саяси  қайраткер  ретінде 
қандай  ірі  тұлға  болса,  ақындық  өнерде  де 
қайталанбас орны бар, туған әдебиетімізде тұтас 
бір  дәуірде  бейнелейтінт  кесек  бітімді  дарын 
иесі. Өз өмірін туған халқының бостандығы мен 
бақыты  жолындағы  күреске  түгелдей  бағышта-
ған азамат ақын бойындағы табиғи талантын ең 
алдымен осы жолда кару етіп пайдаланды. 
Мысалдың  арқауы – хикая,  көздейтін  ныса-
насы – соның  ішіндегі  мәні,  ал  қолданылатын 
қаруы - әжуа  мен  мысқал.  Ахмет  те  пайымды 
практикалық  рухты  дарыту  үшін  мысалдың 
мазмұнын    Крыловтан  алады  дв,  уытты  қаруды 
өз  халқының  даналығынан,  ана  тілінің  ішкі  
 
 
 
 
мүмкіндігінен  іздестіреді.  Ол  өз  таңдаушысы-
ның ұзын ырғалы қиссаға дағдыланған құлағына 
бейімдеп,  әр  хикаясын  тәптіштеп,  егжей-тег-
жейлі баяндау машығын ұсынды. 
Сонымен, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйі-
нін  айтсақ,  айтушысы  Крылов  болғанда,  жет-
кізушісі  Байтұрсынов  болғандықтан  да  «Қырық 
мысал», «Маса» сияқты жинақтардағы аударма-
лар  қыр  еліне  қыдыр  болып  дарып,  қазақ  сана-
сына қырық түрлі кеселдің даруындай сіңді. 
_______________ 
1.  А.Байтұрсынов.  “Ақ жол” Өлеңдер мен тәржімелер 
публицистикалық  мақалалар  және  әдеби  зерттеу.  Алматы, 
“Жалын” 1991. 340-425 б. 
2.  Әбдиманов  Ө. "Қырық  мысал" - төл  туынды // Ал-
маты ақшамы. - 1992. 4 наурыз. 
3.  Ұлттың ұлы ұстазы.  (Халқымыздың көрнекті қоғам 
қайраткері  ғалым,  ағартушы  Ахмет  Байтұрсыновқа  арна-
лады). Алматы – 2001. 68-82 б. 
 
 
  
 
Қ. Мәдібай 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫ: КӨРКЕМДІК ӨРІС 
 
 
Жазу бағыты, даралық мәнер, машық тұрғы-
сынан  келгенде,  Серік  Асылбекұлының  қадап-
қадап  айтар  шығармашылық  қыр-сыры  айқын. 
Оның  әңгіме,  баяндары  өмірдің  сәулелі  болмы-
сын,  бағзы  құндылықтарды,  адамның  жараты-
лыстан  дарыған  артық  қасиеттерін  арқау  етуі-
мен,  кейіпкерлерінің  қарапайым  күйбең  әрекет-
харекетінің  мазмұнындағы  мығым  отансүйгіш-
тік,  ұлтжандылық  негіздерімен  ерекшеленеді. 
Серік  Асылбекұлы – жарық  дүние  сұлулығына 
тойымсыз  құштарлықпен  ынтық  адам  атаулы-
ның  жан  әлеміндегі  артықшылықтар  мен  осал-
дықтарды  қысқа  қайырымға  қыруар  құбылыс 
сыйғызып,  қамтып  «жеңіл  жазудың»  классика-
лық  үрдісі  бойына  сіңген  жазушы.  Серік  Асыл-
бекұлы  алғашқы  шығармаларын  жаза  бастаған 
уақытта  орайы  келген,  қолайлы  көрген  әдіс-
тәсілдерін ұдайы шыңдап, үздіксіз негіздеп оты-
руымен көркемдік кеңістігін кеңітті. Нұр құйыл-
ған  жарық  әлем,  дүние  болмыстың  құшағын-
дағы адам тағдырын ұлттық құндылықтар ауқы-
мында  шығармашылыққа  ұластырудың  өзіндік 
тәсілдерін тапты.  
Серік  Асылбекұлының  әңгіме,  баяндарын-
дағы  таныс – бейтаныстардың,  негізінен,  арғы 
қазақтық діңгегі берік болып келеді.  
Кейіпкер  болмысын  жеткізуде  Серік  Асыл-
бекұлы  ұғымы  ұлы  Жаратқан  Иеге  ғана  аян  
 
 
тылсым  дүниелерді  билеп-төстеуге  әуес  емес. 
Оның  шығармаларында  қайда  апарып  соғары 
беймәлім сандалған ой болмайды.  
Қазақы тірлік қайнап жатқан орта қалыптас-
тырған  ауыл  адамдарының  өзгеше  өмір  салты, 
күнделікті  ғұмыр  ағысы  түзген  тарихи  тұғыры, 
әулекі  ойшылдықты  жақтырмайтын,  шама  жет-
песке  арамтер  болмайтын,  негізінен  көп  сөйле-
мейтін, сөйлесе  түбін түсіріп бетке айта алатын 
адал,  ақжүрек,  аңғалдау  қалпы – Серік  Асыл-
бекұлы шығармаларының үзілмеген арқауы.   
Ауыл – қазақтың  бітім-болмысы  қалып-
тасқан,  құт  қонған,  кие  дарыған  тарихи  мекен. 
Ауыл -  Серік  Асылбекұлының  таусылмайтын 
жүрек  әні,  сарқылмас  шығармашылық  бастауы. 
Жазушының  «Кешігіп  қайтқан  тырналар» 
(1981), «Оттан  да  ыстық  өмір» (1984), «Мұға-
лімдер  күні» (1986), «Сағыныш» (1994), «Ата 
жұртта» (1996), «Түнгі қаланың әні» (2005) жи-
нақтарына  енген  шығармаларының  дені  ауыл-
елдің  адамы  туралы.  Заман  ыңғайы,  тіршілік 
қамымен  қала  тұрғыны  болып  кеткен  жандар-
дың ауық-ауық ауылды аңсап жүретіні де қағыс 
қалмайды.  Ауыл  дегенде  кеудесін  сағыныш 
бумайтын қазақ баласы кем де кем. Аға жасына 

50
                                                                     
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
 
 
келіп  қалған  Серік  Асылбекұлының  ауыл  деген 
де  әлі  күнге  жан-дүниесі  атой  салып,  жүрегі 
атша тулап қоя береді. Ол үшін ауыл аяулы ата-
ана,  балалықтың  базары  қалған  қимасы,  аса 
қастерлі,  қасиетті  Ел,  Отан,  Ұлт  ұғымдарының 
құт қонған бастауы, қазақтың келер ұрпағының 
алтын  ұясы.  Иә,  ауыл – қазақтың  мызғымас 
тұғыры.  Әлемдік  қауымдастықтың  төлтума  си-
патты  тарихи  категорияларының  бірі.  Қазақы 
болмыс,  ұлтжандылық,  ұлттық  бітім  алдымен 
ауылда қалыптаса бастайды. 
Герольд  Бельгердің  «Ауыл  жоғалса – қазақ 
та  болмайды» («Нет  аула – нет  казаха»)  деген 
бірауыз  сөзге  сыйған  тоқтамы – ақиқат.  Ұлты-
мыздың  ұлы  мекені,  ырыс  ұялаған  қара  шаңы-
рағы  ауылдың  арғы-бергі  тарихтағы  өзіндік 
бітімін,  белгілі  бір  кезең  аясындағы  тыныс-
тірлігін  арқау  етпеген  қазақ  жазушысы  жоқ 
деуге  болады.  Серік  Асылбекұлы  да  қырық 
жылға  жуықтаған  шығармалық  ғұмырында  ай-
налып  соғып  отырып  емес,  айнымай  ауылды 
жазып  келеді.  Серік  жазған  ауыл  қазақ  ауылы-
ның  қилы  замандардың,  дүбіле  көшкен  аласа-
пыран  уақыттың  қыспағынан  өтіп,  марқайған 
бір шағы. 
Иә,  ауыл – жазушы  Серік  Асылбекұлының 
қашанғы  қымбаты,  қызуын  бәсеңдетпей  аялап, 
қорғаштап келе жатқан ыстық махаббаты.  
Ел  адамдарының  қапылысқан  күнделікті 
күйбең тірлігін түгін қалдырмай түгендеп жазу-
ға  ол  ерінбейді  де,  жалықпайды  да.  Не  жайдың 
болсын ақ-қарасын, анығын іздеп тұратын ауыл 
адамының  іштен  шыққан  бір  баласы  емес  пе, 
ендеше Серік Асылбекұлы үшін ауылға айналып 
соғар  құбылыстар  ішінде  ұсақ-түйек  дәнеме 
жоқ.  Ауыл  адамы  үшін  қайнаған  қызу  өмірдің 
өзегіне  тартып  жатқан  харекет-тірліктің  бәрі  де 
елеулі  маңызды.  Жазушы  қаламына  сол  мағы-
налы ғұмыр кешіп жатқан тұғырлы тұлғалардың 
кірген-шыққаны,  жүріс-тұрысы,  амандық-сә-
лемі,  ашық  қабағы,  жақтырмаған,  жат  көрген 
құбылысы – ештеңе қағыс қалмай, барлығы-бар-
лығы  қамтылады...  Сөйтіп,  кең  байтақ  Қазақ-
станның шетсіз-шексіз даласының қаға берістеу 
қолтығында, ежелгі Жойқын дарияның мың-сан 
иінінің  бірінде  қонақтап  ғұмыр  кешіп  жатқан 
шағын  бір  ауылдың  таңы  мен  түн  қараңғысын, 
тал түсі мен – кеш құрымын тұтас қармап алып, 
жарық  дүниенің  қас-қағым  сәтінен  баян  тауып 
күліп-ойнап,  қуанып,  мұңайып,  бір  толып,  бір 
орта  түсіп  маңдайға  жазған  тағдырын  кешіп 
жатқан  адам  өмірін  алақандағыдай  анық  сурет-
тейді.  Ағайыншылық  базына  да  қамтылады,  ер 
жігіттің  алды  ашық  азаматтығы  да  айтылады, 
жасы  кішіге  орныңды  біл  деген  құлаққағыс  та 
ұмыт  қалмайды.  Әйел  затының  ауыл-үй  өмірін-
дегі  артықшылығын  сырт  көздің  сыншыл  баға-
сымен таразылып кетіп отыру да міндет. 
Шардарбектің қайта  құру заманы туып жат-
қанымен  шаруасы  жоқ,  әділетті  белшеден  бас-
қан  безбүйректігіне  күйініп,  ағайын  іздеп,  асы-
ғыс  шаруамен  ауданға  шыққан  Алданыш  той 
үстінен түсті де, амалсыз күйіп-жанып бара жат-
қан дүниесі кейінге ығысты.  
Ауыл-елдің онша-мұншаға асыға қоймайтын 
өмір  ағысы  қыпылықтап  жүрген  Алдоштың 
алаңын  елең  де  қылған  жоқ.  Ауылда  жеке  бас 
шаруа  деген  ағайындық  мүдденің  қасында  ма-
ңыз, мәнін жояды.  
« - Хош, тойды өткіздік. Енді ата дәстүрі де-
ген  болады,  екі-үш  кісі  бас  қосып,  құдалардың 
алдынан  өткен  ләзім.  Сірә,  Құрекең,  Алдош 
үшеуіміз  барып  қайтамыз,  қалғандары  жұмыс-
тағы адамдар ғой, қолдары тиеді дейсің бе, түге.  
Алдош – Алданыштың іші бүлк ете қалды.  
-  Өтеке-ау, мен де ... – деп, бұл да осы ара-
да  өз  пікірін  қыстырып  жіберуге  асығып  еді. 
Масақбайдың  үлкен  ұлы  жарты  жолдан  тыйып 
тастады. 
-  Әй,  Алдош,  мына  Бекешжанның  мені 
мен сенен басқа кімі бар? – деді ол бұған жылы-
шырай білдіріп. Алдакең бұл сауалға жауап бере 
алмай, жапақтап төмен қарады. 
-  Ендеше сөзді қой, -деді Өктембай бір-ақ 
кесіп. 
Алданыш Өктембайдан қорыққан жоқ, бірақ 
оның  «Бекешжанның  мені  мен  сенен  басқа  кімі 
бар» деген сөзі көкірегін иітіп-ақ жіберді». 
Аяқ  асты  ашылып-шашылып  жарқылдап 
кететін  ақкөйлек  аңқылдақтық,  түкке  тұрмас 
бірдемеге  шарт  етіп  шыға  келер  ашушаңдық, 
аңысын аңдап қайтер екен дегендей мысық тілеу 
мыстандық,  қойшы  әйтеуір,  адам  баласына  тән 
мінездің  барлығынан  да  қазақ  ауылы  кенде 
емес.  Аярлық  та,  аңқаулық  та – бәрі  де  бар. 
Бірақ  соның  барлығы  ауыл  аясында  өтіп  жат-
қандықтан  ба,  жалпыадамзаттық  ізгіліктер  мен 
игіліктерге  зиянын  тигізбейтін  әншейінгі  қа-
лыпты  құбылыстардай  жанға  бір  түрлі  жақын, 
жат емес.  
Қазақы  қауымдастықтың  ата  заңы – Ақса-
қалдық салт ауылда қалды.  
Алдоштың  аудан  шауып,  ауыл  кезіп  бітіре 
алмаған  шаруасына,  мілитса  туысқаны  қол 
ұшын  беруге  ыңғай  танытпаған  ісіне  Қалнияз 
қария  кілт  тапты. «- Иә,  қайдан  жүрсің? – деді 
ақсақал сәлемдесіп болғаннан соң.  
-  Ауданға барып ... – деді Алданыш күмілжіп. 
-  Ал, хош ... бірдеңе бітірдің бе? 
Алдекең не айтарын білмей, желкесін қасыды.  

Вестник КазНУ. Серия филологическая, № 4(134). 2011                                                                          51
 
 
-  Естіп  жатырмын, - деді  ақсақал  енді  оны 
көп қинай  беруге аяғандай.  – Шардарбектің  де 
аяғы  аспаннан  салбырап  түспеген  болар,  барып 
айтамын,  баланың  трәктрін  өзіне  қайтарыңдар 
деп... – Осыны айтты да әлі сынын жоғалта қой-
маған биік бойлы қапсағай қара шал жөніне кете 
берді. 
Алданыштың  көзіне  жас  келді.  Ол  Қалнияз 
ақсақал  айтса,  Шардарбектің  тырп  ете  алмасын 
түсінді». 
Ауыл-үйдің  әр  шаңырағы  барымен  базар 
болып,  жалпақ  ғаламның  бір  түкпірінде  тірлік 
кешеді.  Әркімнің  өз  ошағының  аумағындағы  өз 
отбасындағы  қызығы  мен  шыжығы  қоса  қабат 
бақытты-бақытсыз өмір ағысын тіршіліктің ұлы 
арнасына  қарай  тартып  отырып,  иландыратын, 
елітіп  ерітіп  әкететін  шығарма  жазу – шын  ше-
бердің  ғана  шаруасы.  Ауылдағы  қарапайым 
жандардың тірліктің жалт-жұлт ойнаған шуағы-
на  шомылып,  қуанып  жүріп  күн  кешу  дағдысы 
басым өмір салты жасампаз! 
Серік Асылбекұлы енді бір шығармаларында 
қасиет  дарыған  ауыл  дейтін  үлкен  дүниенің 
замана  желінің  екпінінде  біртіндеп  болмысын 
өзгерте бастағанынан перзенттік жүрекпен қауіп 
етеді.  Бірер  жыл  әскерде  болып  келген  жігіттің 
(«Эх,  Россия!»  әңгімесі)  ауыл  тірлігін  жатсы-
нып, өзгеріс аңсаған басбұзарлығы әзірге әкенің 
– отағасының жеңісімен аяқталды. Алда ауылды 
әлі  талай  кеп  күтіп  тұрғанын  сол  әңгімені  жаз-
ған тұста автор ішкі түйсікпен сезінетіндей... 
Серік  Асылбекұлы  халықтық  әңгімешілдік 
дәстүрді  әлем  әдебиетінің  классикалық  үрдіс-
терімен  ұштастыра  жазу  жолында  талмай  ізде-
ніспен  келе  жатқандай.  Жазушының  тіл  ұқсату 
тәсілдері,  баяндау  иірімдеріндегі  ойнақылық, 
жанды  суреттер  дарыта  жазу  бағытындағы  та-
бысы – көзге  ұрады.  Ол  қаламы  әу  бастан-ақ 
ширақ,  шымыр,  қысқа  қайырмаға  ыңғайлы, 
қызыл сөзден ада жинақылыққа бейім. 
Ауыл адамының бойына сыйымды, жарасып 
тұратын,  жанға  майдай  жағатын  бейкүнә  жеңіл 
қағытпа – жазушы  машығындағы  қолайлы  бір 
тәсіл. «Құлан  құдыққа  құласа – құрбақа  құла-
ғында  ойнайды»  деген  бар  емес  пе,  қырсық 
шалған  Алданыштың  аяқ  асты  іштей  өзіне  әсте 
тең  көрмей,  әй  қойшы  деп  жүрген  келіншегі 
Ұрқия да ақылман бола қалғанына жыны келіп, 
әрі-сәрі  бір  күйге  түсіп  отырғаны  еді.  Әйелін 
менсініңкіремейтінін  айтқанда,  жеңгесі  жерден 
алып жерге салған.  
«Қазір,  шүкір  Алдекең  сегіз  бала – жеті  ұл, 
бір  қыздың  әкесі.  Қартайайын  деген  бе,  кен-
желері қыз болды. Алданыш бәрінен соны жақ-
сы  көреді.  Қазір  ұлдан  рақат  көріп  отырған 
ешкім  жоқ:  ертең  кетеді  бәрі  бет-бетіне.  Қыз 
жат  жұрттық  дегенмен,  елді  көріп  жүр,  осы 
заманда әке-шешесін солар асырайтын болды.  
Табиғат  құбылыстарын  кейіпкер  басындағы 
күймен  тоғыстырып  отырудың  дәстүрлі  тәсіл-
деріне де жазушы қаламы тым оңтайлы.  
«Қоңыртаудың басында бір түп жусан» әңгі-
месінде бір күн аясында ширыға түскен тіршілік 
драматизмі  ақпанның  аязды  суығы  араласып 
маңыздана түскен. 
Кездесуге  кешіккен  жігітті  тосқан  жас  бой-
жеткеннің күте-күте жабығып, жүдеу күйге түсе 
қалуы тез. Жазушы бұл кешіккен кездесуді, жанды 
жұлмалап  кеткен  психологиялық  торығуды  әдейі 
күздің қолайсыздау бір қара суық күнімен, айда-
ладағы аңғал-сеңғал қыстаумен астастырады. 
«Күн  ұясына  қонуға  таяу.  Кенет  көкжиекке 
барып  тірелетін  бұйра-бұйра  боз  шағылдардың 
еңсесін  басқан  жабағы  бұлттардың  оң  қанаты 
өртке  шалынғандай  алаулап  қызара  бастады  да, 
артынша  бірте-бірте  сиыр  таңдайланып  жалпая 
берді.  Ажары  сәттен  сәтке  солғын  тартқан  күн 
ондық  шамның  пілтесіндей  қызарып  барып, 
ұясына үзіліп түсті.» 
Күннің  ұясына  қонақтауын  физик  физика 
заңдарымен  астастырып  көреді,  лирик  оған 
сұлулық  дарытып  қарайды  дегендей  жаны 
сүйген  жігітті  ғана  іздеп  тұрған,  алып-ұшқан 
жас  көңіл  үшін  қазіргі  сәтте  дүние  сұлулықтан 
ада. Жазушы ишарасы иланымды. 
Көркем дүниеде деталь деген бір мықты бар 
емес пе. Серік сол детальға мығым. Бір детальға 
қыруар  жайды  айғақтатып  ала  қояды. «Алда-
ныш – Айдош – Алдекең»  әңгімесінде  талай 
детальға талай жүк артады.  
Баяндауға  сурет  дарытып  жазудың  класси-
калық  үрдісін  қолайлылау  көретін  Серік  Асыл-
бекұлының  ауыл  адамы  арқау  болған  шығар-
маларында  жазық  кеңістік,  дарқан  тірліктің 
жарық  нұрын  көз  алдыңа  алып  келіп,  сезінтіп, 
елітіп, елпілдетіп ерітіп әкететін өзіндік бір күш 
бар.  Әне,  қой  жайып  жүрген  кейіпкер  ермек 
іздеп шойын жол жағалап бара жатыр. Ауылдың 
тағы  бір  тұрғыны  әділет  іздеп,  осы  жұрттың 
маңдайына  біткен  жалғыз  автобуста  мойны 
қылқиып аудан кетті. Оқушы солардың жетегін-
де.  Ауыл-үйдегі  әлеуметтік  ахуалдың  жайын 
мына бір деталь бойына сыйғызып алған. Жата-
ған  үйлі  ауылдың  да  айы  оңынан  туып  тұрған 
адамдары болады. Бұл әңгімеде ауылдың «артық 
туғаны» - ферма меңгерушісі Шардарбек. Ойын-
да  дәнеңе  жоқ  тісін  шұқып,  күншуақтап  тұрған 
Алданыштың  көзіне,  құдай  бір  жамандықты 
сездірген-ау,  ферма  меңгерушісінің  «төңірегіне 
мойнын  соза  қараған  еңселі,  қос  шатырлы  үйі» 

52
                                                                     
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, № 4(134). 2011
 
 
түсе  кетеді.  Иә,  аты  озып  тұрған  пенденің  үй-
жайы да астам. 
Ол  өзінің  көпшілік  шығармаларында  бала 
жанының  ересектер  өмірінің  қатқыл,  күрделі 
ақиқатымен  бетпе-бет  келіп,  бой  үйрете  баста-
ған  есею жолын, баршаның бастан кешпей  қал-
майтын  күйін  өмір  өзегінен  суыртпақтап  оты-
рып нанымды суреттеуге бейім қаламын танытты. 
Серік  Асылбекұлының  көпшілік  туындысы 
жас адамның албырт бір кезеңі, айлы түн, көгіл-
дір  ымырттағы  алғашқы  махаббат  аңсарымен 
алып-ұшудан  жүйрік  жүрегі  тынбай  салған  ға-
шықтық әнге бөгіп тұрады. 
«Мектеп бітіру кеші», «Үлкен қаладағы кіш-
кентай оқиға», «Сарықыз», «Кездесу», «Қараша-
дағы  үйлену  тойы», «Түнгі  қаланың  әні»,  т.б.  
әңгімелерінде бозбала жігіт, бойжеткен қыздар-
дың асық көңілі, аяулы сезімі тұнып тұр.  
 
Серік Асылбекұлы от басынан бастау алатын 
ұлы  ұғымдардың  ұлт  тәрбиесінің  негізгі  тетік-
терінің бірі, ұйытқысы – ерлі-зайыпты адамдар-
дың  табиғи  арақатынасын  баяндауға  да  жүй- 
рік.  Жазушы  туындыларындағы  тұнып  тұрған 
лиризмге  бөккен  тіршілік  әні  негізінен  отба-
сылық  үндестік,  үйлесім,  бірін-бірі  қабағынан 
таныған  дәстүрлі  қазақы  ерлі-зайыптық  ғұрып-
тың  мазмұнымен  астасып  барып  қана  өрісін 
табады.  
* * * 
В  статье  рассматриваются  вопросы  художественности 
в прозt писателя Серика Асылбекулы.     
 
* * * 
This article explores issues of fiction in prose writer Serik 
Asylbekuly. 
 
 
                                                        

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет