ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ
Қазақ әдебиеті пәнінен өздік жұмыс ұйымдастарудың
модульдік жүйедегі жаңа тәсілдері
Бисенғали Зинол-Ғабден Қабиұлы
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ф.ғ.д., профессор, Алматы, Қазақстан
Аннотация. Студенттердің өз бетімен істелетін жұмысында кейде көпшілік біле бермейтін
материалдар да қолданылады. Бұлардың аталған жұмысқа қосатын үлесі айтарлықтай. Сондықтан
мұндай жұмыстарды талдау барысында жоғарыда аталған бұрын белгісіздеу көрінген деректерді,
болмаса әдеби мәтіннен алынған материалдарды қолдану қажет.
Қазақ әдебиетінен оқытылып жатқан ар-
наулы курстарды немесе жалпы курстарды
бірнеше модульге топтастырып беру үрдіске
айналды.. Бір дәуірге жататын әдеби туын-
дыларды осылай бөлшектеудің барлығын ғы-
лыми жаңалық ретінде қабылдауға болар ма
еді? Ойлануға тура келеді. Жоқ, - деп біржақты
айту қаншалықты қиын болса, бар деудің өзі де
оңай емес
Әдебиет тек қана ғұламалар мен таланттар
жазған туындылардан тұрады деп түсіну мүлде
қате. Оның ауыр жұмыстарын жасайтын сол-
даттары да болады. Ендеше олардың жазған
туындылары мен шығармашылығын ескермеу
мүлде дұрыс емес.
Әдебиетте көрнекті қаламгерлер таба алмай
жүрген көркемдік-идеялық, түрлік (формалық)-
стильдік жаңалықтарды, талантты жастардың,
болмаса белгісіздеу қаламгердің өз шығарма-
шылығында пайдалануы әбден мүмкін. Бұл
жаңалықты саналы түрде, әдейі қолданбаса да
шығарма мәтіні ішінде күтпенген жерде кез-
десетін мұндай жаңалықтардың орны бөлек.
Тіпті оған автордың мән бермеуі де мүмкін.
Сыншы, зерттеушілер тарапынан да бұл жаңа-
лықтың, детальдің бағаланбауы да ғажап емес.
Ал осы көркем идея әдеби процеске жіті көз
тігіп отыратын талантты қаламгердің қаламына
іліксе, бұл жаңа өрнек бірден көзге түсіп көп-
шіліктің назарын аударады. Бірте бірте соның
ашқан «аралы», жаңалығы тәрізді қабылданып
та кетеді.
Мәселен, Оралхан Бөкейдің «Өз отыңды
өшірме» романында алғаш қолданған «Саха-
раны дүр сілкіндіріп тағы бір поезд өтті.Сол
поездің ішінде кімдер кетіп барады екен..» өзге
бір тұста, «осы поездың ішінде Оспан да кетіп
бара жатуы мүмкін-ау».., «Көз ұшынан тағы бір
поезд көрінді. Сол поездағы көп жолаушының
бірі ғана..».., «Оспандар қай вагонда кетіп ба-
рады екен?..- деген тәрізді қайталаулар кеңіс-
тік пен уақыт өлшемдерінің символдық мәнін
поезға байланысты көрсету, кейін Ш.Айтматов
шығармашылығында қолданыл-ды.(1) Әрина,
қолданыстар мақсатында сәл өзге реңк те бар,
алайда сауатты оқырман көңілін аудартын де-
таль ретінде қолданылу үлгісі ұқсас.
Сол тәрізді «мәңгүрт»-ке байланысты
Ә.Кекілбаев қолданған астарлы мағына мен ой
да кейін Ш.Айтматов шығармасында қолда-
нылып, өзгеше символға, әлемдік көркем ұғым-
ға айналды.
Мұндай мысалдарды әлем әдебиетінін де
көптеп кездестіруге болады. Мәселе кімнің
бірінші қолданғанында емес, адамзат рухания-
тының алтын қазынасына, оның дүниені, бол-
мысты бейнелеу әрекетіндегі көркем танымы-
ның пернесіне айналуында.
Ендеше, қазақ әдебиеті тарихынан өздік жұ-
мыстарды жоспарлау барысында өзіндік өрнегі
мен айтар жаңа ой-идеясы байқала бастағы
қаламгерлер шығармалары мен шығармашы-
лығын бөлек модульге топтастырып, маңызды
тақырып ретінде ұсынған жөн.
Өздік жұмыстар мен арнаулы курстарда та-
лантты студенттерге, әдебиет тарихын зерттей-
мін деген ізденушілерге әдеби әлемге әзірше
беймәлімдеу, қосқан үлесі де көріне қоймаған
© 2012 al-Farabi Kazakh National University
109
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012
қаламгерлердің, шығармашылығын ұсынып
көруге болады. Ал оларға бағыт пен бағдар
көрсетіп көмектесіп отыру жоғары оқу орын-
дары кафедраларының, ұстаз ғалымдарының
негізгі міндеті. Әсіресе, студенттердің өздік
жұмыстарын мән беріп, олардың жазғандарын
талдап, қанаттандырып отыру үлкен іс.
Қоғамдық санаға біртіндеп еніп орныға бас-
таған жаңалықтар, өтіп жатқан процестер әде-
биетке жаңа таным өрнектерін әкеледі. Сол
жаңа танымның бірден қабылданар, жинақта-
лар және көрініс табар алаңы - жастар шығар-
машылығы. Әрине олардың барша ізденістерін
көркем үлгі, үлкен табыс деп қабылдауға бол-
майтыны түсінікті. Бірақ, ойлана қарауға, тал-
дап, байқауға міндеттіміз. Оны талдап түсін-
діруде жаңаша ойлау мен таным технологияла-
рын қолдану ғана тиімді нәтижелерге қол жет-
кізеді.
Жаңалық тәрізді көрініп, көңіл аудара баста-
ған әрбір әдеби құбылыс пен шығарманы көр-
кемдік дамудың қажетті, маңызды бөлшегі
ретінде қарастырған жөн. Ол жазу стиліне бай-
ланысты бөлектене ме, идея мазмұнымен өзге
көріне ме, әйтеуір қоғамдық санада қозғалыс
туғызса ол тексерілуге тиісті. Бейнелеу құрал-
дарындағы, шығарма құрылысы мен құрылы-
мындағы тосындау көрінген жаңалықтардың
көпшілік ықыласы мен тығыз байланысы бар
және тек қана қазақ әдебиеті аясында ғана
емес, әлемдік әдебиет төңірегінде де солай.
Әлемдік әдебиет дегеннен шошынудың қа-
жеті жоқ, өйткені бүгінгі таңдағы ғылым мен
техника жетістіктері әлем мен әр үйді интернет
арқылы кәдімгідей жақындастырды деп айтуға
әбден болады. Сондықтан көркемдік танымға
байланысты зерттеу жұмыстарындағы басты
мақсат – әдебиеттегі шығармашылық ізденіс-
терді ғылыми тұрғыда деректі нәтижелермен
негіздеуде. Осы құбылыстарды жүйелі түрде
зерттеуге басты назар аударуда.
Бұл жаңалықтарға көңіл аудару біздің әде-
биеттануды замана талабына сай деңгейге кө-
тереді және жазушылар шығармашылығын да
жаңа ізденістерге, замана талаптарына сай
шығармалар жазуға бағыттайды.
Қазақ қаламгерлері арасында да замана та-
лабына сай жаңа көркемдік танымды қолдану-
шылар бар. Мәселен, М.Шаханов, (2) Т.Әбді-
ков, Т.Нұрмағанбетов, Иран-Ғайып, Е.Раушанов,
Г.Салықбай, Р.Мұқанова, Д.Амантай, А.Алтай
(3) т.б. шығармашылығы қоғам алдында пайда
болған мәселелерді жаңаша көркем бейнелеуге
бағыт алады. Олардың шығармаларындағы
эстетикалық объектіні сезіну мен қабылдау,
жаңа ой мен парасатты байымдау замана тала-
бына сай деңгейіндегі көркем өрнектерге ұласа
бастады. Аталған қаламгерлердің шығарма-
шылық ізденістері әлемдік әдебиетте өтіп
жатқан көркемдік ізденістері-мен ‰ндеседі деп
айтуға әбден болады. Сон-дықтан да олардың
шығармалары Қазақстаннан тыс елдерде де өз
оқырмандарын табуда. Мәселен, М.Шаханов-
тың жаңа сипатты романдары мен өлең толғау-
ларының Америка, Франция, Жапония елде-
рінде сөз болуы да осыны анық көрсетеді. Ал
орыс тілінде жазатын қазақ жазушылары
Б. Қанапьянов, Д. Нақыпов т.б. шығармашы-
лығындағы көркемдік ізденістер мен табыс-
тардың шетелдік сыншы, зерттеушілер тара-
пынан жоғары бағаланып отыр айрықша айтуға
болады.
Қазақ жазушыларының нақты эстетикалық
объектілерді, ой, сезімдерді бейнелеудегі та-
быстары әжептәуір болғанмен, кейбіреулерінің
оны қаламгерлік стиль, бейнелік (образылық),
таңбалық өрнек деңгейіне көтере алмауы бар.
Бірақ, замана талабына сай жаңа бейнелеу құ-
ралдарын (кең мәнінде) қолдануға ұмтылыс-
тары қуантады. Ал жастар шығармашылығын-
дағы сезім, ой толғаныстарын т‰птей т‰сінуге,
жаңаша бейнелеуге ұмтылыстар құптарлық.
Қаламгерлер ізденістерінің басты арналары
уақыттың жаңа танымдарын өзгеше, дара
суреттеуге, бағытталуға тиіс. Демек: «Көркем-
дік таным табиғатын өзіндік м‰мкіндігін же-
тілдіре отып, адам баласы жаңа ғасыр, ғалам
сырын жете таныу, игеру жолында құлшына
қызмет етуде»-деп айтқандай (4), жаңа бейне-
леу технологияларын замана талабына сай әдіс-
тәсілдермен көмкеру, әрлеу қажет.
Әрине, замана талабына сай жаңа таным,
жаңа әдіс-тәсілдер дегенде, көпшілікке таныс,
белгілі қаламгердің бұрынғы оқырмандары,
олардың д‰ниетаным, ойлары қайда қалады
деген сұрақтардың да туындауы м‰мкін. Олар-
дың замананы қабылдауы тез өзгереді деп
айтуға бола ма? Ойлануға тура келеді. Алайда,
өзгермейді, замана оларға әсер етпейді, ойлан-
байды деуге де болмайтын шығар. Қалай бол-
ғанда да, қаламгердің, замана дамуының
көкжиегіне көз тігетіні шындақ.
Жанталасқан бәсекеге бағыт алған мына
заманда, оның талаптарын, заңдылықтарын
ескермей бейғамдыққа бой алдыру – бәйгенің
соңында қалып, шаң қабу ғана емес, той
тарқағанда келумен парапар. Сондықтанда
адамзат баласы алдына замана тартып отырған
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 2(136). 2012
Бисенғали Зинол-Ғабден Қабиұлы
110
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 2(136). 2012
барша ірі құбылыстарды көркем суреттеу,
қазақ ұлтының д‰ниетанымына сай бейнелеп
көрсету барлық қаламгерлер алдындағы қа-
сиетті борыш болмақ.Осы деңгейден табыла-
тын шығармалар ғана қазір де, болашақта да
оқырманын табады ғой деген ойдамыз.
Қоғамдық санасының дамуы әлемдік дең-
гейдегі мәнді мәселелерге көз тіккенмен оның
нақты ұлттың төл мәдениеті мен әдебиетінің
дамуынан, ішкі жағдайлардан тыс бола алмай-
тыны т‰сінікті. Мәселен қазақ әдебиетіндегі,
кез-келген шығарма негізінен қазақ рухания-
тына қатысты жайларды суреттейді. Әлемдік,
жаһандық мәлелерге де сол арқылы келеді.
Әдебиетіміздің аса көрнекті өкілдері, Ә.Нұр-
пейісов. З.Қабдолов. Ә.Кекілбаев, т.б. замана
талабына сай шығармаларындағы көркемдік
табыстар мен жаңа танымдарға қазақ елі мен
ұлтының басындағы уақиға, құбылыстарды
тереңдей, жан-жақты суреттеумен келген. Бі-
рақ, бір өкініштісі, олардың шығармаларында
келісті көрініс тапқан жаңа көркемдік-идеялық
табыстарды, бейнелеу әдіс-тәсілдерін әрі да-
мытушылар көп емес. Әркім өзінше жаңа
тәсілдер іздегенмен, табылған жемісті байнелеу
құраларын байқап көру, пайдалану аз. Қысқаша
айтқанда, жеке ізденістер бар да, қол жеткізген
табыстарға көңіл аудару, қолдану, дамыту жоқ.
Бұл біздің алдымыздағы басты қиындықтың
бірі болып тұр.
Міне, өздік текстологиялық жұмыстарды
орындау барысында студенттерге осы жай-
ларды өздері аңғаратындай деңгейде тапсыр-
малар ұсынып, олардың шешімдері мен нәти-
желерін тексеру, т‰сіндіру керек.
Қуатты ағым, көркемдік табыс ретінде бай-
қала бастаған көркемдік – идеялық ізденістерді
көре білу, оның кейбір сырлары мен заңдылық-
тарын ұғыну жұмысымыздың аса маңызды
шарты. Оны алғаш ұсынушы. қолдаушы, да-
мытушы шығармашылық к‰штерді таба білу-
дің де маңызы өте зор.
Біздің әдебиетіміздің тарихына мұндай
құбылыстар жақсы таныс. Кезінде Б.Майлин,
М.Әуезов, Ғ. М‰сірепов т.б. дәст‰рін ұстау-
шылардың аз болмағаны белгілі. Алайда,
б‰гінгі таңда осы дәст‰рге көңіл бөлушілердің
көп еместігі де көрініп-ақ тұр. Ешкімге ұқса-
маймын, өзімше жазамын, өз стилімді, өрне-
гімді табамын деген мақсат теріс емес, алайда
мықты мектептің әсері, ықпалы – өнер жо-
лындағы ‰лкен к‰ш. Мына озық технологиялар
мен информациялар заманында адасулардан
және «шайтан арба» (велесипед) жасап әуре
болуден сақтайтын төле жол осы. Мықты мек-
тептің қажеттігі әдебиет қана емес, өнер мен
спортта да табысқа жетудің бірден бір құралы
болып отырғаны құпия емес.
Замана талабына сай жаңа ізденістерге көз
тігіп, шығармашылық істерінде осы қиын жол-
ға шығып отырған қаламгерлер табыстарын
шама жеткенше тексеріп, басты заңдылықтары
туралы ойланып көру, пікір айту ‰лкен мін-
деттеріміздің бірі. Олардың шығармаларына
айрықша қоғамдық ықылас қалыптастырған
жаңа ізденістер мен табыстарға жігерлендіретін
пәрменді к‰шдің қандай екенін ажырата білуі-
міз қажет. Әсіресе әдебиеттану мен әдеби сын
маңында ж‰ргендердің сын, мақалаларында
осы заңдылықтар ескеріле ме бұл да есте бол-
ғаны жөн.
Осы бағыттағы қаламгерлер шығармашылы-
ғын қолдайтын, қанаттандыратын стимул (ын-
таландыру) ретінде соңғы кездері ‰кімет та-
рапынан тағайындалып жатқан сан т‰рлі грант-
тар мен сыйлықтар, м‰шәйралардың ролі зор
болып табылады. Бұл қаламгерлерге рухани
қанағатты, шығармашылық шабытты ғана емес,
қолды байлайтын қаражаттық мұқтаждықты,
біраз уақытқа болса да шешуге жәрдемде-
седі.(5)
Осы ықылас жаңа бағыттағы ізденістердің
көбеюіне, осының арқасында жаңа сипатты
шығармалардың д‰ниеге келуіне жағдай жа-
сайды деген ойдамыз.
Жана сипатты шығарманың әлдеқалай өзі-
нен өзі д‰ниеге келмейтіні т‰сінікті. Көп ізде-
ністер мен талантты қаламгерлердің маңдай
тері, ұйқысыз т‰ндері мен мазасыз к‰ндерінің
жемісі бұл. Әрі оны өзге ел, болмаса ұлт
өкілдері жазып бермейтіні де т‰сінікті. Тіпті,
жазғанның өзінде де к‰ндердің к‰нінде ол
өзгенің қазынасы болып табылады. Оған жұ-
банудың да, алданудың да қажеті жоқ. Ендеше,
жаңалыққа көз тігіп, жаңа танымды д‰ниелерді,
шығармаларды жасап жатқан қаламгерлер із-
деністеріне қолдан келгенше жағдай жасау
қажет. Олар сол ізденістерін тынбай, тынымсыз
жалғастыра берсе, осының өзі оларды бей-
нелеудің жаңа белестеріне алып шығары анық.
Бұл - біз ‰шін ең маңызды белестің өзі. Осы
ізденістер негізінде жазылған туындыны жаңа
көркемдік мақсаттағы шығармалардың басы
деп атауға әбден болады. Бұл өнердегі кезекті
толқының басы. Жаңа таным мен тәсілге с‰йен-
ген, соның негізінде жазылған шығарма тыныш
жатқан әдебиет әлемінде толқын туғызады.
Толқыннан толқын туады деген осы.
Қазақ әдебиеті пәнінен өздік жұмыс ұйымдастарудың модульдік жүйедегі жаңа тәсілдері
111
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012
Жаңа шығарманың тілін, стилін, құрылы-
мын, мазмұнын қайталауға қымсынбайтындар
аз емес. Алдынлағы үлгі неғұрлым ірі болған
сайын, озғе ел, ұлт мәдениеті мен әдебиетіндегі
құбылыстармен теңескен сайын оған еліктеу-
шілер де аз болмайды....Тіпті осы толқынның
ішінде де өзіндік ой, таныммен байқала бастай-
тын талантты қаламгерлер болады. Осы бағыт-
тағы шығармашылық топтардың ізденістерін
де талдап тексеру өздік жұмыстар үшін аса
маңызды шарт. Көркемдік іздністерді тез қа-
наттануға жағдай жасайтын және көрші елдер
мен озық әдебиеттерде өтіп жатқан үдерістерді
туған әдебиет мысалдарымен түсінуге жағдай
жасайды. Әрине, әдебиет пен өнердің түптеп
келгенде таланттарға тірелетіні түсінікті, алай-
да талант қашан туады деп аспанға қарап жата-
тын заман да өтті...
Қаламгерлердің нарыққа сүйенген заман
талаптарын да ескергені де жөн. Өйткені өтпей-
тін кітап пен оқырманды тартпайтын, көркем-
дігі әлсіз шығарма жазудың күні келмеске
кеткен.
Қазақ жазушыларының кейбірінде, мені
түсінетін оқушы жоқ (туған жоқ) деген бір
қызық пікір бар. Бұл тым ұшқары пікір Қазіргі
заман мүлде басқа. Жастардың дүниетанымы,
талап тілегі жоғары. Олардың көбі әлемдегі
озық қазыналарды еркін аралай алады. Сон-
дықтан мен заманымнан оздым, оқушым туған
жоқ, – деген сөздер қуыс кеуденің құр жа-
ңырығы тәрізді әсер қалдырады.
Алда тұрған міндеттің бірі, бірі емес-ау ірісі
де – қаламгердің дүниетанымдық, интеллект
бағытында оқушысының артында қалып қой-
мауы. Ең қауіпті нәрсе осы. Білімсіз адамның
білімдіні оқытпақ болуы бүгінгі таңда мүмкін
емес нәрсе.
Осындай ізденістерге жол ашатын, себеп
болатын істердің бірі студенттердің өздік
жұмыстарында әдеби сын назарынан тыс қалып
келе жатқан қаламгерлердің, әсіресе әдеби
орталықтардан алыстау тұратын жазушылар-
дың шығармашылығы мен талантты туынды-
ларын талдау. Олардың шығармаларында бұр-
шік жарып бой көтере бастаған жаңа таным
бейнелерінің өрнектерін көрсету.
Ұсыныс ретінде төмендегі жайларды ай-
тамыз. Біріншіден, өздік жұмыстарға көп зерт-
телген, жазылған қаламгерлердің шығармала-
рын ұсына бергенше, көпшілік назарынан
қалыс қалған талантты жастардың туынды-
ларын жоспарлаған жөн. Екіншіден, ізденістері
айқын байқалатын қаламгерлер туындыларын
бөлек модульдерге топтастырса дұрыс болар
еді.
Әдебиеттер:
1. Бөкеев О. Өз отыңды өшірме. Роман. – Ал-
маты, 1981.
2. Айтматов Ч. О космоформуле карающей
памяти. // Шаханов М. Космоформула ка-
рающей памяти. – Алматы, 2001. – С.7.
3. Серікқалев З. Алғы сөз // Амантай Д. Гүлдер
мен кітаптар. – Алматы, 2003. – 3-4 бб.
4. Серікқалиев З. Сын кітабы. – Алматы, 303 б.
5. Оразалин Н. Әдебиеттің иесі – халық, киесі
– елдің рухы... // Әдебиет мәңгілік қозға-
лыста. – Алматы, 2009. – 624-628 бб.
* * *
Материалы о неизвестных миру страницах творчества
писателей, невыявленнох их вкладе в литературу, могут
быть исползованы в самостоятельной работе студентов, в
исследованиях по истории литературы. Оказывать им
помощь в определении направления исследований– прямой
долог ученых, членов университетских кафедр. Свои по-
ложительные результаты даст участие в самостоятельной
работе студентов, их глубокий анализ, выявление лучших
работ и поощрение их творчеств.
* * *
The materials about the unknown information on the
creative activity of writers, their undiscovered contribution to
literature may be used in the students’ self-study work, in the
research on the history of literature. The main responsibility of
scientists, teaching staff of university departments is to render
them the assistance in defining the directions of their studies.
The participation of students in their independent work, their
in-deep analysis, revealing the best papers and the encou-
ragement of their creative activity will contribute to achieving
positive results.
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 2(136). 2012
Бисенғали Зинол-Ғабден Қабиұлы
112
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series. № 2(136). 2012
Использование видеофильмов на уроках английского языка
Ф. К. Атабаева
1
, Г. К. Атабаева
2
, З. А. Тлеугабылова
3
1
к.ф.н., доцент университет «Туран»,
2, 3
ст. преподаватели КазНУ им. аль-Фараби
Алматы, Казахстан
Аннотация. Авторы статьи предлагают создать условия для практического овладения языком,
выбрав один из методов обучения – использования видеофильмов. Видеофильмы позволяют
соединить процессы изучения, закрепления и контроля усвоения учебного материала, помогают
каждому студенту проявить свою активность, своё творчество, а также активизировать его
познавательную деятельность в процессе обучения иностранным языкам.
Главная задача преподавателя заключается в
том, чтобы создать условия для практического
овладения языком для каждого студента,
выбрать такие методы обучения, которые
позволили бы каждому студенту проявить свою
активность, своё творчество, а также активи-
зировать познавательную деятельность сту-
дента в процессе обучения иностранным
языкам.
При традиционных методах ведения урока
главным носителем информации для студента
является преподаватель. Он требует от студента
концентрации внимания, сосредоточенности,
напряжения памяти. Не каждый студент спо-
собен работать в таком режиме. Психологи-
ческие особенности характера, тип восприятия
личности становятся причиной «неуспеш-
ности» студента. При этом современные тре-
бования к уровню образованности не позво-
ляют снизить объем информации, необходимой
для усвоения студентом на занятии. Поэтому
можно сделать один вывод – необходимо про-
водить занятия с применением новых инфор-
мационных технологий, в частности использо-
вание видеофильмов.
Видеофильмы направлены на интенсифика-
цию процесса обучения, на совершенствование
форм и методов организации учебного про-
цесса и являются наиболее эффективной фор-
мой обучения иностранного языка.
Видеофильмы позволяют соединить про-
цессы изучения, закрепления и контроля усвое-
ния учебного материала, которые при тради-
ционном обучении чаще всего являются разор-
ванными. Видеофильмы дают возможность в
большой степени индивидуализировать про-
цесс обучения, уменьшая фронтальные виды
работы и увеличивая долю индивидуально-
групповых форм и методов обучения. Также
видеофильмы способствуют повышению мо-
тивации обучения, развитию креативного
мышления, позволяют экономить учебное
время; интерактивность и мультимедийная
наглядность способствуют лучшему представ-
лению информации и, соответственно, луч-
шему усвоению материала.
Очень интересным методом является инди-
видуальная и парная работа просмотр худо-
жественного фильма на английском языке, ко-
торый используется вместо домашнего чтения
и прослушивание песен на английском языке,
где студенты могут демонстрировать свои
мнения, высказывания, пересказ или вставить
пропущенные реплики и выражения из фильма
и песни, различные игровые формы обучения –
интерактивные игры, разгадывание кроссвор-
дов, чайнвордов, приключенческие игры, путе-
шествме в мир сказок.
Такой метод формирует мотивацию различ-
ным языковым материалом, развивает комму-
никативные навыки, способствует взаимообмену,
развивает аудирование, а также понимание
аутентичной речи с их присущими выраже-
ниями и акцентами. Как средства ИКТ можно
использовать видеофильмы и песни популяр-
ных певцов, а также использовать электронный
учебник, который содержит фильмы и песни.
Использование видеофильмов позволяет
реализовывать принципы наглядности, доступ-
ности и системности изложения материала.
При этом эти возможности реализуются в
режиме просмотра при сочетаний проверенных
методов и приемов работы с интерактивными
и мультимедийными средствам. Видеофильм
позволяет осуществлять активное комментиро-
вание материала, выделение, уточнение, добав-
ление дополнительной информации.
Возможности
видеофильмов
позволяют
переключить студентов на понимание того, что
видео программы успешно используются для
обучения, способствуя развитию творческой
активности, увлечению предметом, созданию
наилучших условий для овладения навыками
аудирования и говорения, что обеспечивает в
конечном счете эффективность усвоения ма-
териала на уроках английского языка.
Использование видеофильмов на уроках английского языка
113
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012
Примерный план урока с применением
Достарыңызбен бөлісу: |