Казахский национальный



Pdf көрінісі
бет33/43
Дата03.03.2017
өлшемі3,12 Mb.
#5534
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43

Литература
 
1.  Котелова  Н.З.  Проект  словаря  новых  слов 
русского языка. – Л.: Наука ЛО, 1982. 
2.  Попова  Т.В.  Русская  неология  и  неография. 
– Екатеринбург, 2005.  
3.  Волков С.С., Сенько Е.В. Неологизмы и вну- 
 
 
 
 
тренние  стимулы  языкового  развития // Но-
вые слова и словари новых слов. – Л.: Наука, 
1983. 
4.  Степанова  М.Д.,  Чернышева  Н.Н.  Лексико-
логия  современного  немецкого  языка. – М.: 
Высшая школа, 1962. 
5.  Будагов Р.А. Введение в науку о языке. – М.: 
Изд-во АН СССР, 1953.  
6.  Лыков  А.Г.  Современная  русская  лексико-
логия (русское окказиональное слово). – М.: 
Высшая школа, 1976.  
7.  Заботкина В.И. Новая лексика современного 
английского  языка. – М.:  Высшая  школа, 
1989.  
8.  Калинин  А.В.  Лексика  русского  языка.  Уч. 
пособие  для  факультетов  журналистики  ун-
тов. – М.: Изд-во Моск. ун-та, 1966. 
9.  Брагина  А.А.  Неологизмы  в  русском  языке. 
– М.: 1973. 
10. Земская Е.А. Активные процессы современ-
ного  словопроизводства//Русский  язык  конца 
XX столетия. – М.: 1996.  
11. Земская Е.А. Словообразование как деятель-
ность. – М.:1992. 
12. Крысин Л.П. Иноязычные слова в современ-
ном русском языке. – М.: 1968. 
13. Земская  Е.А.  Словообразование  как  дея-
тельность. – М.: 1992. 
* * * 
Бұл мақалада тілдегі белсенді инновациялық үдерістер 
және  неология  өзекті  мәселелері  қарастырылады.  Орыс 
тіліндегі неологизмдердің дамуы және жасалыну ерекше-
ліктері талданған.  
* * * 
The article is devoted to the current issues of neology and 
active innovation process in the language. The characteristics 
of formation and development of neologisms in Russian are 
analyzed.  
 
 
 
 
 
Сұраулы сөйлемдердің функционалды-семантикалық сипаты  
С. Ғ. Қайдауылова  
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистранты, Алматы, Қазақстан 
 
Аннотация.  Мақалада  сұраулы  сөйлемдердің  коммуникативтік  мақсатқа  сай  функционалдық-
семантикалық  сипаты  айтылады.  Сұраулы  сөйлемдер  өзінің  екінші  қызметі  ретінде  ақпарат  алу 
мағынасында  емес,  белгілі  бір  пікірді  білдіру,  хабарлау  мақсатында  жұмсалатыны  бар.  Сұраулы 
сөйлемдерді осы тұрғыдан зерттеп, қарастыру қазіргі тіл білімінде жан-жақты қарастырылып жүр.  
 
Сөйлем – тілдің қарым-қатынас құралы ретінде 
қызмет ететін коммуникативтік тұлға. Кез кел-
ген ой, пікір тек сөйлем арқылы берілетіні дау-
сыз.  Ж.А.Жақыпов  синтаксистік  құбылыстар- 
 
дың алуан қырлылығы туралы айта  келіп, син-
таксистік  бірліктердің  мынадай  аспектілерде 
зерттелуіне  назар  аударады:  құрылымдық  ас-
пект,  семантикалық  аспект,  коммуникативтік 
Тенденции образования и развития неологизмов в русском языке
 

202 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 2(136). 2012
аспект,  логикалық  аспект [1]. Автордың  ай-
туынша, «Сөйлем – кешенді единица. Сондық-
тан  оны  құрылымдық  қана  емес,  функционал-
ды-коммуникативтік,  логика-семантикалық  тұр-
ғыдан  бірдей  қарастыру  ұтымды. ...Сөйлемге 
коммуникативтік  тұрғыдан  қарау  дегеніміз – 
оны  сөйлеу  единицасы  ретінде  қарау...  Осы-
лайша сөйлем ой ағынының, сөйлеу ағынының 
единицасы ретінде қызмет атқарады» [1,  25 б.].  
Осы  пікірдің  негізінде  сұраулы  сөйлемдер-
дің  табиғатын  толық  ашу  үшін  оны  сипаттап 
жүйелеумен  қоса,  оның  жұмсалу  қызметін  де 
қарастыру қажет деп ойлаймыз.     
Сұраулы  сөйлемдердегі  пайымдау  мен  бо-
лымсыздық мәселесі логиктер мен лингвист ға-
лымдардың  назарын  аударып  келеді.  Логика 
тұрғысынан бір сөйлемде сұрақ пен пайымдау/ 
болымсыз  пікірдің  қатар  келуі  сәйкес  емес 
ұғымдар.  Пайымдау/болымсыздық – хабарлы 
сөйлемдердегі  пікірдің  бөлігі,  ал  сұрақ  пікірді 
білдірмейтін болғандықтан, онда пайымдаудың 
да,  болымсыз  пікірдің  де  болуы  мүмкін  емес. 
Дегенмен де грамматикалық еңбектерде «пайым-
дау/болымсыз  пікір»  белгісі  бойынша  сөйлем-
дердің  сипаты  айтылу  мақсатына  қарай  бөлі-
нетін  барлық  сөйлемдерге,  яғни,  хабарлы,  сұ-
раулы,  бұйрықты,  лепті  сөйлемдерге  қатысты 
айтылады.  Мысалы:  Қар  еріді. – Қар  ерімеді; 
Қар  еріді  ме? – Қар  ерімеді  ме?;  Оқыңыз! – 
Оқымаңыз! 
Сұраулы  сөйлемдерді  болымды  және  бо-
лымсыз  пікір  деп  бөлу  хабарлы  сөйлемдерге 
сәйкес  және  болымсыздық  көрсеткішінің  бар 
немесе жоқ болуына қарай  (жоқ, емес сөздері, 
ма, ме болымсыз шылаулары) жүзеге асады.  
Сұраулы сөйлемдердің  грамматикалық фор-
масы болымды да, болымсыз да болуы мүмкін, 
бірақ  мағынасы  жағынан  сұраулы  сөйлемдер-
дің  болымды,  болымсыз  формалары  хабарлы 
сөйлемнің  болымды,  болымсыз  формаларына 
сәйкес келмейді.  
Хабарлы  сөйлемнің  болымды/болымсыз  фор-
малары  мағынасы  жағынан  бір-біріне  қарама-
қайшы  (антонимдес): Балалар  үйге  келді. – Ба-
лалар  үйге  келмеді.  Ашық  сұраулы  сөйлемдер-
ден  басқа  сұраулы  сөйлем  түрлерінің  болым-
ды/болымсыз формалары мағыналары жағынан 
жуық, мәндес (синонимдес): Балалар үйге келді 
ме? Балалар үйге келмеді ме? Сұраулы сөйлем-
нің  екі  формасы  да  сұрақ  қоюшының  лебізге 
қатысушы  арқылы  істің  жүзеге  асқанын  не 
аспағанын білгісі келетінін білдіреді.  
Хабарлы сөйлемдер не болымды, не болым-
сыз  болып  келеді.  Болымды  хабарлы  сөйлем-
дерде  бір  істің  жүзеге  асуы,  бір  нәрсенің, 
құбылыстың  болғандығы  туралы  айтылады, 
болымсыз  сөйлемдерде  құбылысты,  жағдайды 
терістеу,  істің  жүзеге  аспағандығы  айтылады. 
Сұрақ  лебізге  қатысушыны  ақпараттандыру 
үшін  емес,  ақпаратты  сұрау  үшін  жұмсалады. 
Сұраулы  сөйлемдерде  хабар  айтылмайды,  сон-
дықтан  да  онда  ештеңе  пайымдалмайды  да, 
болымсыз пікір айтылмайды да.  
Сұраулы  сөйлемдер  логикалық  пайымдау 
немесе  болымсыз  пікірді  білдірмейді.  Алайда 
бұл  пікір,  бұл  көзқарас  сұраулы  сөйлемдердің 
тек  екінші  қызметіне  ғана  қатысты.  Себебі 
өзінің  бірінші  қызметі  ретінде  сұрақ  ақпарат 
іздеуге,  яғни  жауап  алуға  бағытталатыны  бел-
гілі. Кез келген сұраулы сөйлем сұраулық мақ-
сатқа ие болады, ал егер ондай мақсат болмаса 
немесе әлсіз болса, онда сұрақ та туындамайды. 
Кез келген сұраулы сөйлем, біріншіден, белгілі 
бір  ақпараттың  жоқтығын  көрсетеді,  ал  екін-
шіден,  жауап  түрінде  жетіспей  тұрған  толым-
сыз  ақпаратпен  толықтырылуын  қажет  етеді. 
Осы  екі  коммуникативтік  мәселенің  өзара  қа-
рым-қатынасы  кез  келген  сұраулы  сөйлемнің 
құрылымының ерекшелігін көрсетеді және бұл 
сөйлемнің  басқа  коммуникативтік  типтерінен 
ерекшеленіп тұрады.  
Екінші  қызметінде  ол  ақпарат  іздеу  емес, 
оны  жіберуге,  бірнәрсе  жайлы  тікелей  хабар-
лауға бағытталған. Сондықтан да ол қарым-қа-
тынас үстінде түрлі коммуникативтік талаптар-
ға  сай  әртүрлі  функционалдық-семантикалық 
сипатқа ие болады.  
Сондықтан да сұраулы сөйлемдерде пайым-
дау  мен  болымсыз  пікірді  білдіру  мүмкіндігі 
сұраулы  сөйлемдер  тобының  біртекті  еместігі-
мен түсіндіріледі.  
«Лингвистикалық  түсіндірме  сөздікте»  сұ-
раулы сөйлемдердегі қойылатын сұрақтың маз-
мұнының  әр  түрлі  болатынын  атап  көрсетіп, 
беске  бөлген:  ашық  сұрақ,  қарсы  сұрақ,  кү-
мәнді  сұрақ,  таңырқаулы  сұрақ,  риторикалық 
сұрақ [2].  
Сондай-ақ сұраулы мақсаттың сұраулы сөй-
лемдер  арқылы  берілу  мәселесіне  түрлі  көзқа-
растар  бар.  Бір  ғалымдар,  сұраулы  сөйлемнің 
коммуникативті  типін  белгілі  бір  ақпаратты 
сұрау  ретінде  қарастыру  дұрыс  емес.  Себебі 
бұл критерий қатаң лингвистикалық емес дейді. 
Аталған талап тілдік құбылыстарға таза семан-
тикалық  қырынан  қарауына  негізделеді.  Осы-
дан келіп сұраулық форма мен сұраулық мағы-
наның арасында теңсіздік мәселесі туындайды. 
Н.М.Васильеваның  көзқарасы  бойынша  бұл 
С. Ғ. Қайдауылова  

203 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012 
 
 
жағдай  сөйлемнің  түрлі  типтерінің  интерфе-
ренциясының  түрлі  формаларымен  байла-
нысты.  Сөйлемдердің  жеке  коммуникативті 
түрлерінің арасындағы байланысу формасының 
әртүрлілігі  лингвистердің  «сұраулы-хабарлы»,  
«сұраулы-бұйрықты», «сұраулы-лепті», т.б. ту-
ралы  айтуына  негіз  болды.  Сұраулы  сөйлем-
дердің көбі формасы жағынан сұраулық форма 
арқылы  жасалса  да,  сұраулық  мағынаны  біл-
дірмейді,  ал,  керісінше,  көптеген  сөйлемдер 
хабарлы формада айтылса да, сұраулы мәнге ие 
болып  келеді.  Алайда  сұраулы  сөйлемдердің 
коммуникативтік  бағытын  мәнмәтіннен  тыс 
қарастыру мүмкін емес, себебі сұраулы сөйлем-
дердің функционалды-коммуникативтік сипаты 
жағдаят  не  мәнмәтін  арқылы  ғана  анық  бай-
қалады. 
Тілдің  философиясын  зерттеушілердің  көз-
қарасы бойынша 50-жылдардың өзінде-ақ пайым-
дау  мен  сөйлемдерге  байланысты  дискуссияда 
«әрбір  сұрақтың  негізінде  пікір-хабарлама  жа-
тады» деген тұжырым алға тартылды.  
Сұрау есімдігінің қатысуынсыз жасалған сұ-
раулы  сөйлемдерді  мағынасын  ескере  отырып, 
таза  пайымдау  немесе  таза  болымсыз  деп  ай-
туға болмайды. Сұраулы сөйлемдерде бірнәрсе-
нің  (бір  құбылыстың, істің, жалпы  жағдайдың) 
бар-жоқтығы  айтылмайды,  бірақ  бірнәрсенің 
бар-жоқтығы  туралы  сұрақ  болады:  Биыл  қар 
көшкіні болды ма? (Қар көшкіні болды ма, әлде 
болмады ма?) 
Сұрау есімдігінің қатысуынсыз жасалған сұ-
раулы  сөйлемдердің  болымды  не  болымсыз 
формасының  қай  түрінде  болсын  бір-бірін  те-
ңестіретін  екі  мағына  қатар  айтылады.  Егер 
сұраулы  сөйлемнің  осы  түрінің  екі  формасын 
да  салыстырайық.  Мысалы:  Кешкі  жаңалық-
тарды  көрдің  бе?  Кешкі  жаңалықтарды  көр-
медің бе? 
Сұрау есімдігінің қатысуынсыз жасалған сұ-
рақтың  болымды  және  болымсыз  формалары 
мазмұны жағынан бірдей, бірақ стилистикалық 
сипаты  жағынан  айырмашылығы  бар.  Болым-
сыз сұрақ сыпайы, әдепті болып саналады. Бо-
лымсыз  сұрақтың  «сыпайы  сұрақ»  ретінде 
жұмсалуына  Ә.Кекілбаевтың  «Бәсеке»  шығар-
масынан мысал келтіруге болады: - Қызды қы-
рық үйден тый деген қайда? Үйде қонақ отыр-
ғанда  үстіне  неге  кіреді?  Аға-жеңгесінің 
отауына  бара  тұрса  болмас  па?  (Ә.Кекілбаев). 
– Жарайды, бір ретін табармыз. Сен қайтесің, 
жұмысқа  барып  айтасың  ба,  жоқ  телефон 
соға саласың ба? (К.Ахметбеков) 
Алғашқы  мысалдағы  сұраулы  сөйлемді  ға-
лым  Р.Әмір  мағыналық  жағынан  түрткі  сұрақ-
ты  білдіретін  сұраулы  сөйлемге  жатқызады. 
Формасы  бірдей  болып  келетін  болымсыз  сұ-
рақтың  да,  түрткі  сұрақтың  да  коммуника-
тивтік  тұрғыдан  өңі  ұқсас – «іске  жұмсаудың 
бұйрықты  форма  арқылы  айтылмай,  сұраулы 
сөйлем формасында айтылуы  коммуникативтік 
мақсатқа байланысты. Ол мақсат – тілекті, іске 
жұмсауды ізетпен, сыпайы білдіру» [3,  71 б.].   
Болымды  формада  айтылатын  сұрақ  (Үйде 
жалғыз қалуға қорқасың ба?) тіке бағытталған, 
дөрекілеу, әдепсіз көрінеді.  
Болымсыз  сұрақтар  «сыпайылық  жағынан 
қолайлы  болғандықтан»  баспасөздегі  сұхбат-
тардың  мәтіндерінде  жиі  қолданылады:  Бала-
ларымызды  не  үшін  сынақтан  өткізіп, «Бола-
шақ» бағдарламасы бойынша шетелге жіберіп 
жатырмыз?  Сол  балаларға  қойған  талапты 
неге  біз  өзімізге  қоймаймыз?  Алдымен  «өзім 
мемлекеттік тілді білемін бе?», «мемлекеттік 
тілді  дамытуға  қандай  үлес  қосып  жатыр-
мын?» деп өзімізден сұрауымыз керек емес пе? 
(Жас  Алаш, 2011); ...сонау  бала  кезіңізден 
қазақтың  қоңыр  даусымен  қазақ  эстрадасы-
ның жарық жұлдызы болдыңыз. Қазір сол қара 
домбыраңызбен сахнаға қайта келгіңіз келмей-
ді ме? («Жұлдыздар отбасы»). (Салыстырыңыз: 
Қазір  сол  қара  домбыраңызбен  сахнаға  қайта 
келгіңіз келеді ме?). 
Сұраулық  есімдік  қатысуынсыз  жасалған 
ашық,  тура  сұрақты  білдіретін  сұраулы  сөй-
лемдер сұраулық шылау (ма, ме, ба, бе, па, пе) 
мен  сұраулық  интонация  арқылы  жасалады. 
Мысалы: Ол хатты алды ма? (Ол хатты алды 
ма,  алмады  ма?);  Әдебиет  пен  өнер  егіз  бе? 
(Әдебиет  пен  өнер  егіз  бе,  егіз  емес  пе?).  Сұ-
рақтың  болымсыз  формасы  да  тура,  ашық  сұ-
раққа  қарағанда,  көп  жағдайда  болжау,  жора-
малды  білдіру  үшін  жұмсалады:  -  Сіз  «Супер-
стар»  жобасынан  кейін  «жұлдыз  ауруымен» 
ауырмадыңыз  ба?  («Жұлдыздар  отбасы»).  (Са-
лыстырыңыз:  Сіз  «Суперстар»  жобасынан 
кейін  «жұлдыз  ауруымен  ауырдыңыз  ба?  Сіз 
«Суперстар»  жобасынан  кейін  «жұлдыз  ау-
руымен ауырған шығарсыз?). 
Сұраулы-болжалды  сөйлемдер  болымсыз 
формада  айтылса  да,  әдетте,  болымсыз  мағы-
наны  білдірмейді,  сөйлемде  сұралынып  отыр-
ған  нәрсе  жайлы  болымсыз  пікір  емес,  оның 
бары, бар болуы туралы болжал айтылады. Мы-
салы: Ол қол ұшын беріп жіберер ме? (=Мүмкін 
ол қол ұшын беріп жіберер?). 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 2(136). 2012 
Сұраулы сөйлемдердің функционалды-семантикалық сипаты  

204 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 2(136). 2012
Болжалды  сұрақ  мағынасы  жағынан  «таза» 
сұрақты  білдірмейді.  Оның  семантикалық  тұр-
ғыдан жартылай сұрақ-жартылай болжал болып 
табылады.  Сұрақпен  қатар  сөйлеуші  сөйлемде 
айтылып  отырған  пікір  туралы  өз  жорамалын, 
болжалын  білдіреді,  бірақ  өзінің  болжамының 
дұрыстығы туралы сенімсіз болып келеді. Бол-
жалды  сөйлемнің  болымсыз  формасы  арқылы 
берілетін  болжамдарды  А.М.Пешковский  «әл-
сіз» пайымдау деп атайды.  
Сұрақтың  мағынасы  күмәнмен,  сенімсіздік-
пен  айтылуы  мүмкін.  Мысалы:  Бұл  іске  сіздің 
де  қатысыңыз  бар  ма? (Сіздің  де  қатысыңыз 
туралы  баспасөз  беттерінде  жазды) = Бұл 
іске сіздің де қатысыңыз бар шығар.  
Сенімсіздік,  күмәнді  білдіру  үшін,  әдетте, 
болымды формадағы сұрақ жұмсалады, бірақ та 
ол  әлсіз  болымсыздық  мәнде,  яғни,  қарама-
қайшы нәрсенің болжамын білдіреді: Ол келеді 
ме? (Оның  шаруасы  көп) (=Осыған  қарағанда 
ол  келмейтін  болды).  Мұндай  сұрақ  сөйлеуші 
сұрақта  айтылған  нәрсе  туралы  қарама-қарсы 
ақпаратты  білген  жағдайда  қолданылады.  Бас-
пасөз  беттерінен  мысал  келтірейік:  Еліміз  еге-
мендігін  алды,  өзге  елдермен  терезесі  тең 
тәуелсіз ел болдық, алдыңғы қатарлы елу елдің 
қатарына  да  ендік.  Экономикамыз  бен  мәде-
ниетіміз  түзелді,  дегенмен  өз  құндылығынан 
айрылып бара жатқан «шалақазақ» тіліміздің 
жағдайы  жақсы  ма? (=Тіліміздің  жағдайы 
жақсы емес, мүшкіл). 
Сенімсіздіктің,  күмәннің  бір  бөлігі  көрініс 
тапқан  сұрақ  оқырманды  (тыңдаушыны)  сөзсіз 
«Жоқ,  тіліміздің  жағдайы  жақсы  емес»  сияқты 
болымсыз  жауап  формасында  сөйлеуге  қаты-
суына әкеледі. 
Риторикалық  сұрақ  тек  формасы  жағынан 
сұраулы  сөйлем  болып  табылады.  Мағынасы 
жағынан  болымды  немесе  болымсыз  түрдегі 
хабарлы  сөйлемдерге  сәйкес. Р.Әмір  риторика-
лық  сұраулы  сөйлемдердің  негізгі  ерекшелігі 
ретінде  баяндауыш  сөздердің  кері  мағынада 
жұмсалуы арқылы құрылуын айтады: болымды 
формадағы баяндауыш сөз болымсыз мағынада, 
болымсыз формадағы баяндауыш сөз болымды 
мағынаға ие болатынын атап көрсетеді [3,  70 б.].  
Зәкон? Үстав? Трибунал? Менен жақсы три- 
 
бунал  болады  ма?  А?; - Әр  күн  жексенбі  бо-
лады дейсің бе?; - Қиын күндері теріс айналып, 
ат  терісін  ала  қашқан адам  менің  досым  дей-
сің бе?  
Сонымен  ашық  сұраулы  сөйлемдер  болым-
ды,  болымсыздық  жағынан  бейтарап  болып 
келеді.  Болжалды  сұрақтарда  бұл  бейтараптық 
болымды  формаға  қарай,  күмәнді  сұрақтарда 
болымсыздыққа  қарай  ауысқан.  Риторикалық 
сұрақтарда  сұраулық  форма  не  болымды  не-
месе  болымсыздық  мағынаны  білдіру  үшін 
жұмсалады.  
Болымды  немесе  болымсыздық  ұғымын  сұ-
раулы сөйлемнің формасы арқылы білдіру сөй-
лемдердің  коммуникативтік  талабына  байла-
нысты  қолданылады.  Мұндай  сөйлемдер  тек 
бір ақпарат туралы сұрап қана қоймай, хабарды 
да білдіреді. Олардың сұрақ мағынасы толығы-
мен  жойылған,  болмаса,  хабарлау,  пайымдау 
семантикасымен  біріккен,  яғни  айтылу  мақса-
тына қарай сұраулы-хабарлы сөйлемдер болып 
табылады.  
Сонымен, функционалды жағынан сұрақ, бі-
ріншіден,  әңгіменің  тақырыбын  қоюға;  жеткі-
ліксіз  ақпаратты  толықтыруға  және  лебізге  қа-
тысушының  нақты  бір  реакциясын  тудыру 
үшін  жұмсалады.  Психология  тұрғысынан  сұ-
рақ-жауап кешені мәселесін қарастыратын бол-
сақ, сұрақтың қызметін проблемалық жағдайды 
болдырмау  құралы  ретінде  анықтауға  болады. 
«...вопрос  в  функциональном  отношении  пред-
ставляет  собой,  прежде  всего,  способ  обозна-
чить  тему  диалога  и  указать  точку  зрения,  ко-
торую  хотел  бы  знать  задающий  вопрос.  Во-
прос всегда к чему-то относиться, т.е. он всегда 
указывает на то, по отношению к чему в ответе 
должна  появиться какая-то предполагаемая во-
просом  определенность.  Это  «что-то»,  т.е. 
основное, фиксируемое вопросом определяемое 
(то,  о  чем  будет  говориться  в  ответе),  пред-
ставляет  собой  тему  вопросно-ответного  цикла» 
[4,  13 б.].  
Сұраулы  сөйлемдердің  функционалды-семан-
тикалық  жағынан  лебізге  қатысушының  ком-
муникативтік талабына, қарым-қатынас үстінде 
түрлі өң алатынына қарай жалпы төрт модельді 
мынадай кесте түрінде көрсетуге болады.  
 
Сөйлеушінің 
бастапқы 
коммуникативтік 
ниеті  
→  Сөйлеушінің 
туынды 
коммуникативтік 
ниеті 
→ Сұраулы 
сөйлемдердің 
функционалдық 
мақсаты 
→ 
Семантикалық 
бірлік 
Белгілі бір 
тақырыпта әңгіме 
Оқырманды, 
тыңдаушының 
Күмән тудыру 
мақсатында 
- Күмәнді сұрақ,  
- Болжалды-
С. Ғ. Қайдауылова

205 
 
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012 
 
 
жүргізу 
назарын аударту, 
дискурстың 
басталуы туралы 
хабар беру 
жұмсалатын 
болжалдылық 
мағына; сенімсіздік 
мағынасы 
сұраулы сөйлем;  
- Риторикалық 
сұрақ;  
- Түрткі сұрақ  
Кейбір пікірді, 
пайымдауды 
білдіру 
Өзінің сөзіне 
сенімділік тудырту  
жауап-мақұлдау мен 
болымсыз пікір 
мағынасы 
Кейбір деректің, 
оқиғаның 
бірегейлігін 
көрсету 
Лебізге қатысушыға 
айтылып отырған 
оқиға, дерек туралы 
ақпаратқа ие екенін 
таныту 
Экспрессивті-
эмоционалды 
сұраулы мағына 
Лебізге 
қатысушы туралы 
көп ақпарат білу// 
өзі туралы айту 
Айтылып отырған, 
сөйлеушіге белгілі 
ақпарат туралы 
сұрақ қою/ сол 
ақпаратпен бөлісу 
Бір іске түрткі 
болатын сұраулы 
мағына 
 
Мұндай  сызба  сұраулы  сөйлемдердің  бар-
лық  функционалдық  түрлеріне  ортақ  жалпы-
лама кесте болып табылады.  
Қорытындылай  келгенде,  сұраулы  сөйлем-
дердің  функционалдық  көпсемасы  хабарлама, 
сұрақ,  түрткі  болу,  сондай-ақ  апеллятивтілік, 
эмоционалды-бағалауыштық,  т.б.  сияқты  сема-
лары  көрініс  табатын  сұраулық  форманың  көп 
құрамды құрылысымен анықталады. Пікір алы-
су  кезінде  сұраулы  форманың  аясында  экстра-
лингвистикалық,  сонымен  қатар  тілдің  өз  ішкі 
заңдылығы  негізінде  хабарлама  немесе  түрткі 
болу  сияқты  мағыналары  бірінші  кезекте  көрі-
нуі мүмкін.  
Көптеген  зерттеушілер  өзінің  бойында  жауап 
алуды  мақсат  етпейтін  сұраулы  сөйлемдерді 
«сұраулы  сөйлемдердің  функционалды-семан-
тикалық  типіне», «стандартты  емес  семанти-
каға  ие  сұрақтарға», «жартылай  сұрақтарға», 
«жалған  сұрақ»,  т.б.  деген  терминдермен  атап 
келеді.  Алайда  сұраулы  сөйлемдердің  мұндай 
функционалдық  қызметін,  мағыналық  жұмса-
лысын  коммуникация  үстінде  түрлі  өң  алатын 
сұраулы сөйлемдердің функционалдық әртүрлі-
лігі  ретінде  қарастырған  ғалымдардың  пікіріне 
қосыламыз. 
 
 
 
 
 
 
 
Әдебиеттер: 
 
1.  Жақыпов Ж.А. Сөйлеу синтаксисінің сипат-
тары. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 1998. – 
159 б.  
2.  Лингвистикалық  түсіндірме  сөздік. – А.: 
Сөздік-словарь, 1998. – 215 б. 
3.  Әмір Р., Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. 
–  өңд.,  толық., 2 бас. – А.:  Қазақ  универси-
теті, 2003. – 199 б.  
4.  Косоножкина  Л.  Структурно-семантические 
и  прагматические  особенности  эллипти-
ческих  предложений  в  составе  вопросно-
ответного  диалогического  единства.  Авто-
реф.  дисс. ... канд.филол.наук. – Пятигорск, 
1989. –  С. 32. 
* * * 
В  статье  рассматривается  функциональная-семанти-
ческая  характеристика  вопросительных  предложений. 
Вопросительное  предложение  во  вторичной  функции 
направлено  не  на  поиск  информации,  а  на  передачу, 
утверждение или отрицание сообщения, суждения.  
* * * 
 The article deals with functional-semantic characteristics 
of interrogative sentences. The second function of inter-
rogative sentence is not devoted to searching the information, 
on the contrary to transfer, approve or deny the message, judg-
ment. In modern linguistics research of interrogative sentences 
from the communicative part of the sentence is very actual. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 2(136). 2012 
Сұраулы сөйлемдердің функционалды-семантикалық сипаты
 

206 
 
 
 
ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 2(136). 2012

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет