Әдебиеттер:
1. Сатыбалдиев Ә. Рухани қазына. – Алматы:
Жазушы, 1987. – 232 б.
2. Талжанов С. Аударма және қазақ әдебиетi-
нiң мәселелерi. – Алматы: Ғылым, 1975. –
286 б.
3. "Дала уалаятының газеті": әдеби нұсқалар.
1888-1894 Қазақ ССР-інің "Ғылым" баспасы,
1989. – 654 б.
* * *
В статье рассматриваются произведения на двух
языках (казахском и русском), опубликованные в первых
печатных изданиях Казахстана.
* * *
The article deals with library works in two languages
(Kazakh, Russian) published in the first publications of
Kazakhstan.
Көне түркі мұраларындағы ел бірлігі, мемлекет тұтастығы идеясы
(«Орхон» және «Қутадғу билиг» материалдары бойынша)
Б. Р. Құлжанова
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің ф.ғ.к., доцент, Алматы, Казахстан
Аннотация. «Тарихы бар халық тарихын таспен жазады, тарихы жоқ халық жаспен жазады»
дегендей, біздің түркілік ата-бабаларымыз бай тарихын, мәдениетін, ерлік дәстүрлері мен
қаһармандық жорықтарын «Тастағы жазудан тағлым алғайсың!» деп, – кейінгі ұрпақтарына
мәңгілік тасқа қашап жазып қалдырып отырған.
Көне түркі ескерткіштері – сайын даланы
мекендеп, тұлпар мініп, ту алған ата-бабалары-
мыздың өмірін жыр еткен, түркілердің асыл
мұралары. Міне, осындай ескерткіштер қата-
рында «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк»
жырлары және де ортатүркілік дәуірде жазыл-
ған Жүсіп Баласағунидің «Қутадғу билиг» атты
ғажайып дастандары бар. Түркілер дәуірінен
жеткен шығармалардың қайсысынан да халық-
шылдық сезім лебі еседі. Адамзаттың көркем-
дік талғамының ерте кезден-ақ дамығанын дә-
лелдейтін көркем сөз ескерткіштері көне түр-
кілер ру-тайпаларының рухани өмірін бейне-
леген әдебиет туындылары. Ежелгі түркілердің
қоғамдық, әдеби, мәдени өмірін бейнелеген бұл
ескерткіштер жазба мәдениеттің ғана емес, сол
замандағы саяси ойдың да асыл мұралары бол-
ды. Жалпы қай ғасырда өмір сүрген түркі ғұла-
масы болмасын, түркі елінің, түркі жұртының
«Тұғырлы мемлекетін» құру жолында аянбай
еңбек етті.
Көне дәуірлерден жеткен рухани мұралар-
дың негізгі түйіні – «Тәңірінің өзі дәулет ұясын
түріктер жұлдызына жаратқан» [1] қасиетті
ұлыс – түркілер, ел бірлігі, түркілік бабала-
рымыз аңсаған тәуелсіздік, бірлік жолында жа-
салған еңбек, оны ұстап тұру үшін ұрпақтарына
аманаттап кеткен ұлағат, түркі мемлекеттерінің
ыдыраудан сақтандырып, алауыздық пен шие-
леністерден сақ болуға шақырған, ғасырлар
Г. Қ. Қазыбек
31
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012
қойнауындағы даналық ойлар мен көрегендік
тұжырымдар. Тәңірден жаралған көк түркілер
ел деп туады, ел деп өмір сүреді, ел деп соғы-
сып, ел деп өледі.
Руна жазуларында елді сақтау, мемлекетті
түзу, кеңейту, ұлтты сақтап қалу сияқты қаһар-
мандық ерліктер нақты ой түйіндерімен жет-
кізілсе, XI ғасыр жазбасы Ж. Баласағунидің
«Қутадғу билиг» дастаны сол рухты ұстанып,
елдік дәстүр, халықтық рух, білік мұраттарын
айқындай түседі. Дастанда мемлекет, ел бас-
қарудың міндеттері мен шарттары шежіреле-
неді. Шығарма XI ғасырда ұлан-байтақ аты-
рапты алып жатқан Қарахандар әулетінің мем-
лекеттігін нығайтуға қатысты алуан проблема-
ларға жауап айту мақсатынан туған. Дастанда
көтерілген тақырыптардың ішіндегі ең негізгісі
– мемлекет, ел басқару, ел басқарушының мін-
деттері мен құқығы туралы, жалпы адамзаттық,
халықтық мәселелер қозғалады. Дастанның ең
өзекті тақырыбы, басты мақсаты – халыққа ізгі
өмір сыйлау, бақытты, әділетті қоғам құру.
Ата-мекеннің азаттығын, ата-тегінің тазалы-
ғын, түрік ұлтының рухани дәстүрлік, тілдік
тәуелсіздігін басты қасиет ретінде ұстап, «Ел
болып бірігуден асқан бақыттың жоқ» екенінің
бағасын білген бабаларымыз: «Түркі халқы
жойылмасын, ел болсын!», «Пәк ұлдарың құл
болмасын, пәк қыздарың күң болмасын!» деп
күресті. Ел билеудегі жалғастықтың үзілмеуін,
дәстүрлердің жойылмауын ескертеді. Яғни,
«түнде ұйықтамай, күндіз отырмай» жеткен
тәуелсіздікті ұстап тұрар татулық, бірлік мәсе-
лесі, түркілерді бірлестіру мәселесі тарих сах-
насынан қай кезде де түскен жоқ.
Енисей өзені аңғарынан табылған әдеби
жәдігерліктер де сол замандарда ғұмыр кешкен
түркі әулеттерінің бізге қалдырып кеткен өлмес
мұралары.
Ежелгі дәуір ескерткіштерін зерттеуші
М. Жолдасбеков: «Орхон» ескерткіштерін
жалаң тарихи фактілер тізбегі деп қарамай,
түркі халықтарының ізгі арманын, кескілескен
соғысын, айбынды батырларын өзгеше әуезбен
жыр еткен ерлік эпосының ең әдепкі үлгісіне
жатқызу орынды» [2, 72-б.] деген болатын. Дү-
ниенің төрт бұрышын түгел мекен еткенін түр-
кілер жырда зор мақтанмен баян етеді. Төрткүл
дүниені дүр сілкіндірген түркілердің күштілігі
олардың бірлігінде болатын. «Биікте көк тәңірі,
төменде қара жер жаралғанда, Екеуінің арасын-
да Адам баласы жаралған». «Бастыны еңкейт-
кен, Тізеліні бүктірген» [3.10-б.] түркі елінің
тұтастығы, бірлігі ынтымақта болатын.
Дегенмен осындай бірлік бір кездері осал-
дап, түркілер батыс және шығыс қағанаттарға
бөлінген. Түркі мемлекетінің басқа елге тәуелді
болу себебі шығармада былайша баяндалады:
Соңындағы інісі ағасындай болмады,
Ұлдары әкесіндей болмады.
Біліксіз қағандар отырған екен,
Жалтақ қағандар отырған екен,
Әміршілері де біліксіз екен
Жалтақ болған екен.
Бектерінің ымырасыздығынан,
Табғаш халқының тепкісіне көнгендігінен,
Түркі халқы елдігін жойды. [4,11-б].
«Орхон» жырларында түркі мемлекетінің
ыдырауы, жойылуы айқын көрсетіліп, болашақ
ұрпақты содан сақтандырады. Мемлекеттің
күйреу себептерін қадап-қадап айтып береді.
Біріншіден, ел билеудегі жалғастықтың үзілуі,
жақсы дәстүрлердің жойылуы, інінің ағадай,
ұлдың әкедей тізгін ұстай алмауынан білік-
сіздік, жалтақтық, алауыздық жайлап, жат жұрт
– айлалы табғаш мемлекетінің сұрқия саясаты-
на сеніп, алтын, күміс қазынасына, жібек бай-
лығы мол, тәтті сөзіне алданып арбауына түс-
кендіктен, бектер мен ел басыларының алдам-
шы байлыққа қызығуы, құнсыз, еңбексіз бай-
лықтың түркі бектерін мастандырып, мемлекет
шаңырағын шайқалтқаны, екіншіден, ағалы-
інілі дауласқандықтан, бегі мен халқы жаулас-
қандықтан түркі халқы жұдырықтай тұтасты-
ғынан, елдігінен айырылып қалғандығы, түркі
халқының жойылғанын, тоз-тоз болып шашы-
рап кеткендігі, бек ұлдарының құл болғаны,
пәк қыздарының күң болғаны, түркі бектерінің
түркі аты жойылып, табғаш атына көшкендігі,
жат елге ісін-күшін беріп, табаны күректей елу
жыл езгіге түскені зор өкінішпен айтылады.
Сондықтан да мемлекет ішіндегі ішкі алауыз-
дықты болдырмау, ру, тайпаларды бір ту
астына жинау мәселесін басты назарда болды.
Бірлік бар жерде береке, татулық орнайды.
Үшіншіден, мемлекет басқаруға ақылды тұлға-
лардың тартылмай, дарынсыз, тек қара басы-
ның қамын ғана ойлаған, ұсақ адамдардың
келуі.
Көне түркілік қай жырды алсақ та, күшті
мемлекеттің кепілі ақылды, көреген басшы,
мықты заң екендігі, сол заңды тура ұстай білу
керектігі баса айтылады. Яғни ақылды басшы
өз халқына бостандық пен тәуелсіздік бағын
орната алады, мемлекетті нығайтуды өмірлері-
нің басты мақсаты деп таниды. Ақылды қа-
ғандар басқарған қоғамда халықтың әдет-ғұр-
пы мен заңдары мүлтіксіз орындалады, ниеті
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 2(136). 2012
Көне түркі мұраларындағы ел бірлігі, мемлекет тұтастығы идеясы
32
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series.
№ 2(136). 2012
бұзық жандар болмайды, мемлекет күшті бо-
лады. Билеуші нашар болса, ауызбірлік бол-
маса, мемлекеттің шаңырағы шайқалады, билік
кетіп, халқы құлдық қамытын киеді. Сондық-
тан да «Халыққа алып ұлдар керек саспайтын,
Ұлы істерде ұлы жорық бастайтын» [5, 1961-
бәйіт]. Немесе «Шыншыл, сара басшы керек
халыққа, Халық үшін түсіп шығар тамұққа» [5,
1964-бәйіт].
Түркілік жырларда мемлекетті нығайтудағы
ірі тұлғалардың ерекше роль атқаратыны ай-
тылады. «Күлтегін» жырында түркі мемлекетін
орнықтырған алғашқы қағандар елдің бірлігін
сақтау үшін көп күш жұмсаған ақылды да,
күшті болып суреттеледі. Әсіресе, түркі мем-
лекеттінің бірлігін сақтауда зор табыстарға
жеткен Білге қаған мен әскери қолбасшы Күл-
тегін батыр болды. Күлтегін тақтың мүддесінен
гөрі елдің мүддесін жоғары қойды. Ағасы
Білгемен Күлтегін қосылып, Тоныкөк секілді
ақылгөйдің жәрдемімен өмір бойы жанын
жалдап, барлық күш-жігерін Түріктерді бір-
лестіру, басын қосу мәселесіне жұмсаса, кейін
«Қутадғу билиг» жырында қарахандар мемле-
кетінің бегі Күнтуды Елік те уәзірі Айтолды-
мен бірігіп, өз кезеңде елінің гүлденуіне ба-
рынша үлес қосты.
«Қутадғу билиг» жырында 2016 бәйітте
«Қай жерде бек заңды түзу ұстаса, Елдің де
онда күні жарқын қысқасы» деп жырланса,
«Күлтегін» жырында «Елін сонша шексіз би-
леген екен, Ел ұстап, заң жасаған» деп, шексіз
биліксіз елді бейбіт өмірге, молшылыққа жет-
кізе алмайтындығы» дәлелденеді, «Күлтегін»
жырында да, «Қутадғу билиг» дастанында да
мемлекет басшысына биліктің берілуі тек тәңір
арқылы келетіні баяндалады. «Қутадғу билиг-
тің» 5469 бәйітінде «Ұлықтықты алған жоқсың
сен тілеп, Берді құдай рахымымен белгілеп»
дейді. «Күлтегін» жырындағы «Әміршілері де
білгіш болған екен» дегені Жүсіп Баласағуни
дастанындағы бекке қойылатын талаптармен,
яғни ел басқаруға ақылды, данышпан адамдар-
дың тартылуы керек екенімен үндесіп жатыр.
«Орхон» жырларында оқиғалар, ел амандығы,
мемлекет тұтастығы үшін жасалған ерліктер
нақты іс-әрекет арқылы көрініп отырса, XI ға-
сыр дастанында сол өз дәуірдің қоғамдық-
саяси, моральдық мәселелері жан-жақты,
мемлекет басқару туралы құнды пікірлер кең
көркемдік тыныспен жырланады.
«Құтты білік» – түрік елінің ел болу жо-
лындағы қоғамтану, елтану дастаны десе де
болады. Орта Азия, түрік тарихының аласа-
пыранға килігіп, түркі дарабоздарының шаша-
сына да, санасына да шаң тимеген тұста туған
туынды. [5, 21-б.]. Дастан XI ғасырда ұлан-
байтақ атырапты алып жатқан Қарахандар
әулетінің мемлекеттігін нығайту, «мемлекеттің
ішкі-сыртқы тәртібі қалай болу керек, ел
басқарған бек пен қоғам мүшелері арасында
қарым-қатынас нормалары қандай болу керек,
мемлекетті сақтап отыру үшін қандай заң-
ережелер керек?» деген сияқты өмірдің өзі
туындатқан сауалдарға жауап айту мақсатында
жазылған. Надандық жайлаған қоғамда адам
қайткенде бақытты заман кешпек? Құтты ел
құру үшін не істемек керек? «Қайтсек ел
боламыз, қайтсек тұғырлы мемлекет боламыз?»
деп, ұлы мақсатқа бет алған тұста «мемлекет
құрушылар қандай болу керек?» деген сұраққа
жауап ретінде ел басқарар бектеріне мораль-
дық-әдептілік тұрғысынан бірқатар ойлар ай-
тады. Халық бақыты ең бірінші ел басқарған
бекке тікелей қатысты дей келе, басшысы қара-
мағындағы әкімдер мен халықты өзінің өнегелі
ісімен ұйыта білу керек екенін ескертеді. Ха-
лықтың бақыты – билеуші үшін басты мұрат
болу керек. Билеушінің сыйлы болуы – бірін-
шіден, билік жүйесіне, тыныштық пен бейбіт
өмір елдегі тәртіпке байланысты. Ол әділ,
адамгершілігі мол болса ғана құрметке ие
болады. Ізгі басшы халқын ізгілікке, берекеге
бастайды. Басшысы жақсы елдің жұрты түзу,
құлқы түзу. Бектері ізгі елде халқы байып, құт-
берекеге оранады. Ізгі бекке тән қасиеттер:
сабыр, ізгілік, мейірімділік пен қаталдық. Елдің
ел болуы үшін ең әуелі бектері білімді, па-
расатты болу керек. Яғни, елдің құты – білім-
ді, мейірімді бек.
Кім дана бек болса, жақын білімге,
Біліктіні жақын тартар түбінде.
Ел үшін еңбек етер бек – ең абзал бек.
Бек жақсы боп, істесе көп қайырды,
Ел-дүние жайнап, халық байыр-ды. (880-
бәйіт).
«Елді әділ заңмен басқару арқылы елді
ұйытуға, құтқа, береке-бірлікке бастауға бо-
лады дейді» дейді ортағасырлық ғұлама. «Зұ-
лым күшпен бек ұзаққа бармайды, күш-зор-
лыққа халық шыдап қалмайды» – дейді дастан
бәйіттері. Сонымен бірге бекте жігерлілік, жо-
марттық және шырын тіл болған жағдайда ғана,
елін тұтас, әділ билей алатынын айтады. Со-
нымен бірге осыдан мың жыл бұрынғы дастан
бектің ойы мен бойынан бастап, қалай тамақ-
тану, сарай жұртымен қандай қарым-қатынас
жасау керек екеніне дейін егжей-тегжей түсін-
Б. Р. Құлжанова
33
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012
діреді. Мансапқорлық – мемлекет адамы үшін
үлкен кемшілік екенін көз жеткізе дәлелдейді.
Және де ел басшысын парақорлықтан аулақ
болуды үндейді. «Өзің бексің дүниеге құл бол-
ма, Үкім күтпе, өзің билеп, бұр жолға». «Егер
ізгі болса елдің басшысы, түгел ізгі болар ат-
қосшысы». Жүсіп Баласағунидің бұл пікірлері
әл-Фарабидің қала басшысының бойынан та-
былуға тиіс он екі талабымен де шебер үндесіп
жатыр.
«Жырды жазудағы автордың мақсаты «көк
түркілердің» тарихын жазу емес, түркі халқы-
ның бұрынғы дәстүрлерін өз замандастарына
идеал етіп көрсету» еді дейді Н. Келімбетов [2.
43-б.]. Авторды қызықтырған түркі елінің ішкі-
сыртқы жағдайы емес, мүсәпір халықты Білге
қаған қалайша дәулетті, бақытты еткенін оқу-
шысына көркем сөз арқылы жеткізу, құтты
қоғам құру, әлеуметті түзіп, халықтың әл-
ауқатын көтеру, ел іргесін нығайту. Құтты
қоғам, іргелі ел болу үшін не керек? Ел билеу-
ші қаған ел тәуелсіздігін бәрінен жоғары
қояды. Көктегі Тәңірден: «Түріктің қасиетті
жері, суы, түркі халқы жойылмасын, ел бол-
сын!» деп, аян беріліп, сол құлдыраудан қайта
бас көтеріп, ес жиып, Тәңірінің жарылқауымен
еліне, жерінен айырылған халықтың басы қо-
сылып, ата-баба мекеніне қайта оралады. Түркі
елінің бүтіндігі мен тәуелсіздігі туралы «Күл-
тегін» жазбаларында мынадай жолдар бар:
«Түркі халқының атақ-даңқы өшпесін деп әкем
қағанды, шешем Қатынды қаған көтерген
Тәңірі –Түркі халқының атақ-даңқы өшпесін
деп мені қаған етіп отырғызған еді. Іші –ассыз,
сырты – тонсыз бейшара халыққа отырдым.
Інім Күлтегінмен ақылдастық. Әкеміз, ағамыз
құрған халықтың даңқы өшпесін деп түркі
халқы үшін түнде ұйықтамадым, күндіз отыр-
мадым. Өліп-тіріліп жерді ұлғайттым, біріккен
халықты от-су (алауыз) қылмадым», Немесе,
«Өлімші халықты тірілттім, жалаңаш халықты
тонды, кедей халықты бай қылдым. Аз халық-
ты көп қылдым, тату елге жақсылық қылдым».
Жыршы бұл арқылы сол дәуірдің қас баты-
рының көркем бейнесін жасау мақсатын қойды.
«Орхон» жырлары: «Бектері де, халқы да
сенімді екен, Сол үшін де елін сонша билеген
екен, Ел ұстап, заң жасаған...» десе, «Қутадғу
билиг» дастанында «Кедейді – орташаға, орта-
шаны – байға» теңеген Күнтуды Елік заманын-
да:
Халық байып, ырысы артты елінің,
Тілін безеп, көтерді елі Елігін.
Құт дарыды, өсті халық өрісі,
Бірге жусап, өрді қозы, бөрісі
Деп жырланады. Бұл жолдардан қоғамның саяси-
әлеуметтік мұраттары айқын танылады.
Жырдағы Тоныкөк бейнесі батагөй дана, әрі
үлкен қолбасшы, жауынгер ретінде көрініп
отырады. Әр түрлі жағдайларда ой түйіп, тұ-
жырым жасап отырады. «Тоныкөк» ескерткіші-
нің басты ерекшелігі – негізгі оқиғалар Тоны-
көк аузымен баяндалады. «Тоныкөк» жырында
алдымен қағандарды мадақтай келе, солармен
үзеңгілес болып, түнде ұйықтамай, күндіз
отырмай түркі елі үшін, түркі мемлекеті үшін
қызыл қанын суша ағызып, қара терін төккенін,
күш-қуатын сарқып бергенін, құрсауы берік,
құдіретті қауым жасағанын мақтанышпен паш
етеді. Әр түрлі жағдайларға батагөй дана өз
бағасын беріп отырады. Билік ұстап отырған
қаған мен ақылгөй абыздың бірауыздылығы,
сөз бен істің бірлігі үнемі ескертіледі. Елдікті,
тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін қағанды
құрметтеу, ақылгөйді тыңдау, ел басына қатер
төнгенде басты бәйгеге тігіп, сол жолда мерт
болу батырлықты мадақтау, елдікті жырлау,
бабаларымыздың аңсарлары мәңгілік тасқа
қашалды. Түркі елінің тұтастығы ынтымақта
екендігі, барлық күштердің ұйтқысында екен-
дігі түп нысана болып табылады. Бірлесіп,
ынтымақта жасаған түркі халқын жеңетін күш
жер бетінде жоқ екені баяндалады. Ал «Қу-
тадғу билиг» дастанында уәзір ақылгөй Ай-
толды да Күнтуды Елікке қызметке келіп,
өзінің өмірден түйгенін, білгенін үйретіп оты-
рады. Бұл даналардың аузынан небір шұрайлы
сөз орамдары, мысалы, «Тоныкөкте»: «Жұқаны
таптау оңай, жіңішкені үзу оңай», «Қағаны –
батыр, ақылгөйі – кемеңгер елдің бағы жа-
нады»; «Қутадғу билигте»: «Келген құтты ұта
алмасаң озады, Бергенге ие бола алмасаң –
тозады!», «Бақ қонса адам, көңілі судай сар-
қырар, Жаңа айдай толысар да, жарқырар» де-
ген жолдар айтылып, күні бүгінге дейін құн-
дылықтарын жоймағанын куә боламыз.
Мемлекеттің мелекет болуы үшін керек
басты белгілер: тілі, шекарасы, астанасы болуы
міндетті болса, көне түркілер де бұл ұғымдарға
ерекше құрметпен қараған. «Орхон» жырла-
рында туған жер – Өтүкен жайлауы аса бір
құрмет сезіммен ауызға алынып отырады. «Ол
жерге барсаң, түркі халқы өлмейсің, Өтүкен
қойнауында отырсаң, мәңгі ел ұстап отырарсың
сен. Сонда түркі халқы тоқ» делінеді. Білге
таққа отырған кейінгі түркілердің астанасы
Өтүкен жайлауы болды. Бұл жерде қоғамдық-
әлеуметтік қарым-қатынастарға жол ашылды.
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 2(136). 2012
Көне түркі мұраларындағы ел бірлігі, мемлекет тұтастығы идеясы
34
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series.
№ 2(136). 2012
Ел билеудегі табыстар мен кемшіліктер
қатар айтылған, одан сабақ алуды өсиеттеген
көнетүркілік жырлардың негізгі арқауы қаған-
ның халыққа мемлекет ісіне адалдығы, ха-
лықтың қағанына бағынуы. «Орхон» жырлары:
«Егер, сен, түркі халқы, өз қағандығыңнан,
өзіңнің бектеріңнен, өз Отаныңнан бөлініп
кетпесең, онда өзің бақытты өмір сүріп, өз
үйлеріңде боласың, қайғы-қасіретсіз өмір сүре-
сің» десе, қағанының басты мақсаты «Ел-жұр-
тының қамын ойлау, күші мен ісін мемлекет
мүддесіне жұмсау» дейді. Қаған басына қойыл-
ған таста да: «Ол өзінің халқын армансыз асы-
рады» делінген. XI ғасыр дастанында да патша-
ның халық алдындағы міндеттері айтылса,
қарапайым халықтың да қағанда қақы бар екені
ашып айтылады. Осы үш талап, міндет орын-
далаған жағдайда ғана мемлекет гүлденіп, ел
ырысы артады деп сенеді.
Мақаламызды қорытындылай келгенде,
әлемдік мәдениеттегі ұлы ескерткіштердің қа-
тарынан орын алған көнетүркілік мәдени жаз-
баларда саясат, ел билігі, ел ынтымағы, көсем-
дердің мақсат-мүдделері көркем баяндалады.
Түркі халқы Білге қағанның «кедейді байытып,
азды көбейткен» түркі халқын біріктіруші,
қуатты қасиетті, ерлік істерін мадақтап, «түркі
халқы неден қауіптеніп, нені білуі үшін», бо-
лашақ үшін, ата сөз, шежіре сөз ұрпақ жадында
сақталуы үшін қара тасқа мәңгілік қашап жаз-
ды. Бұлар адамзат ұрпақтары үшін мәңгілікке
ұласатын құндылықтар, рухани самғау биіктер.
«Тарихы бар халық тарихын таспен жазады».
Әдебиеттер:
1. Махмұт Қашқари. Түрік сөздігі. – Алматы:
«Хант». – 1997 ж.
2. М. Жолдасбеков. Асыл арналар. – Алматы,
1990 ж.
3. Н. Келімбетов. Ежелгі дәуір әдебиеті. – Ал-
маты: «Ана тілі» – 1991 ж.
4. Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматия. (Құрас-
тырған Алма Қыраубаева). – Алматы: «Ана
тілі». – 1991 ж.
5. А. Егеубаев. Құтты білік. – Алматы: «Жазу-
шы». – 1986 ж.
Tolstoy’un yaşam felsefesi
Doç. Dr. Beyhan Asma
Erciyes Üniversitesi, Edebiyat Fakültesi, Kayseri, Türkiye
Аннотация. Мақалада Лев Толстой және басқа белгілі философтардың өмір интерпретациясы
мәселесі қарастырылады. Ерекше көңіл Толстойдың өмір түсінігіне және оқырмандарға өз
көзқарасын жеткізу талпынысына аударылады. Толстойдың өмір философиясы мен адам алдында
тұрған басқа мәңгі сұрақтар түсінігін зерттеудің алғашқы сатысының нәтижелері берілген.
İnsan Yaşam Felsefesi kavramı daha önce
Schopenhauer ve Nietzsche felsefeleri için
kullanılmıştır. Bu iki filozof Simmel gibi 19.
yüzyıldaki aydınlanmış aklın çıkmaza girdiğine
inanmaktadırlar. Yaşam Felsefesi genel anlamda
aydınlanma ve rasyonalizme karşı çıkan Ramantik
akımın devamı olarak görülür. Yaşam Felsefesi
hayatı yalın bir düşünce olarak değil, gerçekten
yaşanması gereken canlı bir değer olarak görür.
Burada akıl bazen hayata yardımcı bir unsur olarak
bazen de ona karşı çıkan bir düşman olarak
görülür. Bütün 20. yüzyıl yaşam filozoflarının
ortak noktası Schopenhauer ve Nietzsche fel-
sefelerini kendilerine çıkış noktası olarak almış
olmalarıdır. Bu düşünürlerin diğer ortak yanları
şöyle sıralanabilir: Hepside varlıkta hareketin,
oluşun, gelişmenin hüküm sürdüğüne inanmakta,
donuk bir varlık anlayışını kabul etmemektedirler.
sanlığın tarihsel kökenlerini dinsel anlamda Âdem
ve Havva’ya; dünyevi ve ideolojik olarak ilkel
kominel toplum, avcılık, toplayıcılık, yerleşik
toplum, imparatorluklar, feodal ve ulus top-
lumlarına kadar dayandırmak mümkündür. Top-
lumların sosyal, siyasi, ekonomik, kültürel ve
dinsel yaşam tarzları ne kadar farklı olsa da
toplumda yaşayan tüm bireylerin ortak duygu,
düşünüş ve hayat anlayışları mevcuttur. Her zaman
ve her yerde güncelliğini koruyan, tartışılan, anlam
yüklenen kavramlar olmuştur. Bunlar genel
anlamda hayatı anlama, yaşamı sorgulama, umut,
Б. Р. Құлжанова
35
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012
özlem, eşitlik, adalet, mutluluk ve sevgidir. Bana
göre bunların en can alıcı olanı insanın kendisini
hayat karşısında var etmeye yeltenmesidir ya da
ispatlamasıdır. Kendini ve yaşamı anlamaya ve
anlamlandırmaya çalışmasıdır. Bunlar büyük
bedeller gerektiren duygulardır. Öyle görünüyor ki
bu, insanoğlunun var olduğundan bugüne kadar
giriştiği en büyük mücadele örneğidir. Hayat
içinde kendimize değer yüklemek, yaşamın kır-
mızıçizgilerini sorgulayıp anlam yüklemeye çalış-
mak. Bu çok çetin bir mücadele örneğidir. Belki de
tarih boyunca girişilen en kanlı ve şiddetli sa-
vaşlardan, en dramatik sahnelerden, sonu faciayla
sonuçlanan tüm toplumsal hareketlerden daha
acımasız ve hüzünlü bir tablodur. Çünkü bu savaş
kişinin kendi kendisiyle verdiği savaşıdır. Bunları
düşünürken bazen kendimize gülmüyor değiliz.
Neden mi? Bu kavramlar o kadar masum, çekici ve
kulağa hoş geliyor ki bu hayattan çok mu şey
istiyoruz diye kendimize sormadan edemiyoruz.
Hayat içinde yerimizin ne olduğunu anlamak için
türlü serüvenlere girdik. Evet, iki sihirli kelimemiz
var: “Yaşamın anlamı ve amacı nedir, nasıldır, ne
olması gerekir?” soruları değil mi bizi sürükleyen,
maceralara yelken açtıran, umuda yolculuk ettiren.
Acaba hayatın anlamı ve önemi diyalektik bir
bakışla yaşamı kabul edip ona sıkıca sarılıp kabul
etmek midir? Rüzgâr bizi yeri ve sonu belli ol-
mayan yerlere götürecek. Bazen sevindirecek,
sürprizler yapacak, göz kırpacak; bazen de kederli
ve hüzünlü bırakacak. Yaşam bu gelgitler içeri-
sinde zıt kutuplu dünyada yaşamaya benzer.
Hayatımızın bir tarafında etrafımızı saran mayın
tarlaları, uzaydaki kara delikler, korkunç bermuda
üçgenleri işgal etmekte; hemen yanımızda ise yeni
bir günün habercisi olan güneşin doğuşunu,
karşılıksız bir anne sevgisini, doğan bebeğin ilk
ağlayışını, bir dostun sıcaklığını yüreğimizde
hissederiz.
Bir çok dünya edebiyatları yazarları Tolstoy
için 'bir insanlık örneği' der. İlk bakışta abartılı bir
değerlendirme gibi görülen bu tespite, İtiraflarım'ı
okuyunca hak veriyorsunuz. Tolstoy, bu hayatın
içine doğan, yaslanılacak bir anlam dizgesi için
soruların ardına düşen Rus edebiyatının önemli bir
temsilcisidir. Kalbin uyuşmadığı, zihnin gündelik
hayatın genel-geçer kabulleriyle canlılığını yitir-
mediği çocukluk döneminin naif sorularına yol
açarak yaşamış nadir insanlardan biridir. Birçok
filozof onu Sokrat konuşan adamsa, Tolstoy soru
soran adamdır diye yorumlar. On sekiz yaşına
kadar tabi olduğu Ortodoks bir eğitimin öngördüğü
anlam dünyasının, yaşadığı reel hayatı izah
edemediğini, insana ayağı yere basan bir anlam
katamadığını görmüş, cevapsız kalan sorular onu
inanç öğretisinin dışına sürmüştür: ”Hıristiyan-
lığın Ortodoks mezhebine göre vaftiz edildim ve o
doğrultuda eğitildim. Çocukluk ve gençlik yıl-
larımda, bu inanç çerçevesinde öğrenim gördüm.
Ama on sekiz yaşında, ikinci yıldan sonra üni-
versiteyi bıraktığımda, artık bana öğretilmiş
şeylerin hiçbirine inanmıyordum. Benim inançtan
kopuşum, kültürlü tabakaya mensup insanlarda
nasıl olmuşsa ve şimdi de nasıl oluyorsa, öyle
olmuştu “der
1
.
Sanırım bu, çoğunlukla şöyle olmaktadır:
Çevresindeki çoğunluk nasıl yaşıyorsa, öyle
yaşıyor insan; herkes inanç esaslarıyla ortak
olmayan, çoğunlukla ona ters düşen ilkelere bağlı
olarak yaşıyor; inanç öğretisinin hayatımızda yeri
yok, ne başka insanlarla olan ilişkilerimizde
rastlıyoruz ona, ne de bizzat kendi hayatımızda
onunla alış-verişimiz oluyor, inanç esaslarını
herhangi bir yerde, hayattan uzakta ve ondan
bağımsız olarak kabulleniyoruz. O, bir kere kar-
şımıza çıkınca da, tıpkı, hayatı içten hiç ilgilen-
dirmeyen dıştan bir olaymış gibi karşılıyoruz.
'Tolstoy, gençliğin en coşkun dönemindedir; inanç
esaslarının müdahale etmediği bir pratik hayatla
kuşatılmış olsa da, ruhunun derinliklerinde iyi
insan olma arzusu vardır. Ahlaken iyi olma ar-
zusunu gerçekleştirmek isterken karşısına ihti-
rasları ve inançla bağını kopartmış toplumun
küçümsemeleri çıkar; hem ihtirasları hem de
toplum onu negatif duygulanın içine iter. Kötünün
göklere çıkarılması ve iyinin ezilmesi istikame-
tinde bir hayat yaşar, yazılar yazar. Artık o, yazar
ve sanatçı bir çevrededir. Yazar ve sanatçı, ha-
kikati bulmuş insanlardır; insanlığın gelişmesinde
büyük payları vardır. Görevleri insanlara ders
vermek, onları adam etmektir. Böyle bir çevrede,
kendisine böyle bir görev benimsetilen Tolstoy,
hakkında çok şey bilmediği hayatı öğretmeye
girişir; karşılığında kazanç ve çevre edinir.
Yazar arkadaşlarında hayat felsefelerinin özü
şuydu: Hayat, genel olarak ilerleme yoluyla
gelişmektedir. Bu gelişmede en büyük pay fikir
adamlarına aittir ve fikir işinin erleri arasında en
büyük etki yapanlar da sanatçılar, şairlerdir. On-
ların işi, insanlara ders vermektir. Tolstoy kendini
eşsiz bir sanatkâr ve yazar olarak görüyordu. Bu
teoriyi benimsemesi, çok doğaldı. Tolstoy, yani
sanatkâr ve yazar olan kişi, yazıyordu, neyi
öğrettiğini kendi de bilmeden öğretiyordu. Bunun
___________________
1
Richard Freeborn. Turgenev: The Novelist’s novelist. 1970.
Beyhan Asma
36
ISSN 1563-0223 Bulletin KazNU. Filology series.
№ 2(136). 2012
karşılığında para kazanıyor, oldukça iyi bir şekilde
yaşayıp gidiyordu, güzel bir evi vardı, çevresinde
insanlar çoktu; ünlüydü. Bu onun için öğrettiği
şeyin çok iyi olduğu anlamına geliyordu.
Ortalama seviyenin çok üstünde bir hayat
standardını yakalayan ve sıradan yaşayan
Tolstoy'un bu dönemi on beş yıl sürer. Bu sürede
içindeki çocuk sesini tekrar yükseltir; yazarlığını
ve yaşadıklarını beğenmez olur. Sorular onu
rahatsız eder. Cevapsız kalan soruların kendisine
bulaştırdığı boşluk duygusuyla hayat tutkusu söner.
Anlamı olmayan bir hayatı yaşamak ona
dayanılmaz acılar yaşatır; ne istediğini de bilmez.
Bir uçurumun başındadır ve yok oluştan başka bir
şey görmez. Birer yırtıcı hayvan gibi insanın
üzerine atlayan hayatın acılarından kaçmak için
kendini bir kuyuya atar. Hayata dair o kadim soru
ve acıların üzerini örten, onları unutturan, insanı
oyalayan zevklere tutunduğunu, bunlardan haz
etmekle bir yanılsamayı yaşadığını düşünür.
Kuyunun dibinde ağzını açmış vahşi hayvana yem
olmamak için tutunduğu hayat dalından hazlar
emen insanın trajik durumundan kurtulmak isteyen
Tolstoy, bilimde, 'hayatın anlamı nedir?' sorusunun
cevabını arar. İçindeki boşluğu büyüten, ça-
resizliğine vurgu yapan çözümsüzlük durumuyla
karşılaşır. Çözümü bilimde bulamayan Tolstoy,
düşünce tarihinde birer yıldız gibi parlayan
filozoflardan bu konuda bir ışık bekler. Tutkuyla,
neredeyse öfkeyle, karmakarışık ve düzensiz bir
şekilde, önce hüzünlü ruhun ebedi yoldaşı olan
Schopenhauer'i, sonra Sokrates'i, Platon’u,
LaoTse'yi, mistikleri, stoalıları, septikleri ve
Nietzsche'yi okur. Ama çok geçmeden kitapları
kapatır. Kitaplarda da, bu dünyayı açık ve seçik
olarak görme imkânını verecek farklı bir araç
bulmaz; onlar da bilmekten çok, soru sorarlar.
Endişeli bir ruhun huzura kavuşması için değil,
düşünce için birtakım sistemler geliştirirler; avuntu
değil, bilgi verirler. Bilim ve düşünceden umudunu
kesen Tolstoy, hayatı gözlemlemeye başlar; kendi
çevresindeki insanların hayatı karşılayış biçim-
lerini anlamaya çalışır. Bu gözleminden sonra
kendini bir kavşakta bulur; tercihini yapar. Kim ne
derse desin, Tolstoy bu tercihini çok önemser.
Tolstoy inançla yeniden buluşmuştur. Aklın
çözemediği ama inancın hallettiği o önemli nokta
nedir? Tolstoy bağlamında cevap şudur: 'Akıl
yalnız başına ancak hayatı anlamak için yeterlidir,
ölümü anlamak için değil; bunun içindir ki, o
zamana kadar bir nihilist olan Tolstoy, kavranıl-
maz olanı kavrayabilmek için yepyeni ve çok farklı
bir manevi yeteneğin var olması gerektiğini anlar.
Hayatın ve insanın anlamına vurgu yapan soruların
ardına düşen çoğu insan gibi, içine doğduğu hayatı
okumuş; konuşan hayatın dilinden dökülenlere
kulak kabartmış; tam anlamıyla kalbinin ve
vicdanının işaret ettiği yere yürümüştür. Bu
sebeple, "Tolstoy Diyor ki" başlığı altında
okunabilecek İtiraflarım'ı, 'Hayat Diyor ki' şeklinde
de okuyabiliriz. Zweig'in kendisi için yazdığı 'Son
Sözler ne kadar yerindedir. Tolstoy, eşsiz bir ruh
içtenliği sayesinde, insanın en yüce şeklini aradı ve
ona ulaşmaya çalıştı. Onu, kendi vicdanının
derinliklerinde, insanın ancak kendini yaralayarak
inebileceği derinliklerde aradı, sordu, soruşturdu.
Örnek bir ahlaki deha olarak, amansız bir ciddilik,
acımasız bir sertlikle, kayıtsız şartsız bir şekilde
eşeleyip durdu ruhunu. Goethe'den bu yana, hiçbir
şair, kendini ve aynı zamanda ebedi insanı bize bu
şekilde gösterememiştir. Öyle görülüyor krallar da
ya da kendini özne olarak gören insanlar da ne
kadar özne oldukları ve hayat karşısında ken-
dilerini var ettikleri tartışılır bir mevzudur. Onlarda
bir gün coşkun bir akarsuyun üstünde yüzen küçük
bir odun parçası olup denizin kıyı çizgisindeki sıfır
noktasına boşalarak bir hiçliğe boğulacaktır. Kendi
özlerini kaybederek, varlık nedenlerini yitirerek
bütünün bir parçası olacaklar ama hiçbir zaman
kendileri olamayacaklar. Onların da sesi kala-
balıklar arasında kaybolup gidecektir; ama onlar
seslerinin duyduklarını zannedecekler. O yanıl-
gıyla yaşayacaklar ve o ihaneti hiçbir zaman gore-
meyecekler. Kendi yaşam alanımız da bu çileli,
sıkıntılı ve hüzünlü ortamdan kurtulmak mümkün
mü? İnsan olmamız icabıyla içimizdeki merak
duygusunu harekete geçirmemiz gerekmiyor mu?
İnsanı, doğayı ve evreni kısaca var olan olmayan
her şeyi irdelememiz gerekmiyor mu? Karl
Jasper ’in dediği gibi “Felsefe yolda olmak demek
değil miydi?” Hiç bitmeyen bir yolculuk, bir
macera, bir umut kapısı değil mi? Keşfedilmemiş
yerleri görmek kazma, kürek ve sondaj
vurulmamış bakir toprakları ele geçirmek. Evet,
felsefi düşünmenin zihniyeti bu olmalı. Bu
yaklaşım tarzını bize öğütlerken şu uyarıyı da
yapmadan edemiyor. Hiçbir zaman elimizdekilerle
yetinmeyip tembellik yapmayacağız. Sokrates’in
dediği gibi: “ Bildiğim bir şey varsa oda bir şey
bilmediğimdir.’’ önermesini hayatımızın merke-
zine yerleştirip bu anlayışı genetik kodlarımıza
işlememiz zor olmayacaktır. M.Ö 469_470 yıl-
larında yaşadığı tahmin edinilen Sokrates :
“Sorgulanmamış bir hayat yaşanmamıştır” diyerek
hepimizi tembihleyerek kulağımızı çekti. Aslında
bu söylemlerin dışına çıkmayı bazen gerekli
görüyorum. Amaç insanı, doğayı, evreni ve hayatı
derinden kavrama yüceliğiyse neden yapmayalım.
Tolstoy’un yaşam felsefesi
37
Вестник КазНУ. Серия филологическая. № 2(136). 2012
Neden alışılmışın dışında değişik kulvarlarda
dolaşmayacağız. Bu önermeler zincirinde aklıma
Platon ’un ve Farabi’nin varlık anlayışı geliyor .
Platon’un iddia ettiği gibi bizler gerçekten idealar
dünyasının bir kopyası, bir yansıması, bir gölgesi
olmanın ötesinde anlam ifade edebiliyor muyuz?
Duyular dünyasının ölümlü, sınırlı, kusurlu, eksik
ve gelip geçici bir hayat olduğuna inanmamızın
vakti geldi mi acaba? Bu dünyada bize verilen
tiyatro oyununu ustaca oynayıp ebedi âleme gitme
yolculuğuna hazırlanmamız mı gerekiyor? Bir
figüran olmaktan başka anlam ifade etmiyor
muyuz? Doğrusu bu fikirlerde bazen kafamı kur-
calamıyor değil. “Mutluluğu, güzelliği, ölümsüz-
lüğü, kusursuzluğu, idealar dünyasıyla bütünle-
şerek nirvayaya ulaşabilir miyim?” sorusunu çoğu
zaman birçok kişi kendisine sorar. Bu düşün-
celerimi belirtirken şu yönde bir eleştiri geleceğini
hisseder gibiyim. Hayat karşısında benzer ve farklı
duruşlar sergiledik; ama nedense hiç birine de
sahip çıkmadık, hiçbirini savunmadık, yanımıza
alıp da yaşam gerçekliğimiz olarak görmedik.
Aslında felsefi bakış tarzı bu değil miydi? Hayata
meydan okuyuş, otoritelere ve kutsallıklara boyun
eğmeden doğmaları eleştiri oklarından geçirmek
değil miydi? İnsanı, doğayı, evreni, kısaca var olan
ya da olmayan tüm varlıkları derinden kavrama ve
bilme yüceliği taşımıyor muydu? İnsan var olmak
için düşündü, hayata meydan okudu. Bunun
sonucu Truva savaşında Aşil’in keskin kılıcı ve
barbarlığı karşısında hayatını hektar gibi onurlu bir
şekilde kaybetse de bundan vazgeçmeyecek. Bu
insanı hayata bağlayan ve yalnızlıktan kurtaran
biricik yaşam pınarıdır belkide. Var olduğu halde
yok olmamak için. Tolstoy’un insanı, doğayı,
toplumu, evreni; anlama ve bilme sürecinde farklı
bakış açılarını geliştirip bunları ortaya çıkarmaktı.
Tıpkı çalışkan bir arının gücü ve yeteneği
ölçüsünde mümkün olduğunca çiçeklerden toz
alması gibi.
Достарыңызбен бөлісу: |