І. ЖАНСҮГІРОВ ПОЭЗИЯСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ХАЛЫҚТЫҚ ДƏСТҮРДЕГІ
КӨРКЕМДІК НАҚЫШТАР
Өз шығармаларында ұлттық болмысты
халықтық дəстүр негізінде таныту жолында тың
ізденістерге барған ақын Ілияс Жансүгіров ана
тіліміздің игерілмей жатқан мол көркемдік
мүмкіндіктерін ашты. Туған халқының тіліндегі
көркем ойға тəн икемділігін шыңдауда, оның
терең сырлы тұңғиықтарына үңілуде көрегендік
пен көсемдік танытып, артына өлмес өнеге
қалдырған I.Жансүгіров əдебиетіміздің қоржы-
нын толтыруға қомақты үлес қосты.
Шығармашылық ғұмырында ұлттық əде-
биетіміздің бүгінгідей қарышты дамуына кең
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010
227
өріс ашқан арқалы ақын І.Жансүгіров – ұлттық
көркем ойды соныдан барлап, тыңнан жол
тартқан əдебиет алыптарының бірі. Халық
қазынасын шығармашылық жолмен пайдалана
білуі, оның жалпы халықтығы мен ұлттық бояу-
бедері Ілияс поэзиясының ерекше күші мен əсем
əуезділігін паш етеді. Өз туындыларында таби-
ғат, өмір құбылыстарына лайық бейнелі сөз,
балама сурет тауып, ойды айшықтап, көркем
жеткізе білген ақын халқының ғасырлар бойы
жасап келген ұланғайыр мұрасын бойына
сіңіріп, терең меңгерген. Оның шығармашы-
лығында көп кездесетін халықтық поэзияның
даму жолында сұрыпталған үлгілерінің əуені
мен ырғағындағы əр алуан құбылыстар, ұтқыр
сөз қолданысы, бейнелегіш тəсілдер бұған
айқын дəлел.
Ілияс поэзиясында халықтық дəстүрде
жасалған теңеу, эпитет, метафоралар өте мол.
Туған халқының фольклорлық мұрасын бүкіл
шығармашылық ғұмырында жанына жақын
тұтқан ақын халық ұғымына қонымды теңеуді,
көркем ой өрнектерін шебер қиюластырады.
Əдеби тіліміздегі басты құбылтулардың
бірі – метафора, яғни ауыстыру. Белгілі
ғалым З.Қабдолов метафораға «...сөз мəнін
өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған
затты не құбылысты айқындай, ажарландыра
түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа
не құбылысқа балау; сөйтіп суреттеліп
отырған заттың не құбылыстың мағынасын
үстеу мазмұнын тереңдетіп, əсерін күшейту»
[3, 219] деген анықтама береді.
Көркем шығармаға əр беретін көріктеу
тəсілінің бұл түрі де Ілияс поэзиясында
көрініс тапқан. Ақын:
Түлкі қыз қызыл алтай, кер марал қыз,
Ақ қоян, бозша байтал, ақша нар қыз.
Қымыздай балға ашытқан тəтті қызға
Жігіттер, бəріңіз де-ақ сұқтанарсыз [2, 230]
деген өлең жолдарында сұлу қызды көшпелі
қазақ тұрмысында маңызды орын алатын
алтайы түлкіге, кер маралға, ақ қоянға, ақша
нарға, бозша байталға балайды.
Халқымның қуанышты бұлбұлымын,
Жұртымның жүйрігінің дүлдүлімін...
Шат елдің шешенімін, даңғылымын,
Шыным сол, правом бұл, заңды мұным [2, 273]
деген шумақта ақын өзін бұлбұл, дүлдүл,
шешен сынды поэзияда жиі қолданылатын
дəстүрлі образдарға балайды.
«Құлагер» поэмасында Ақан сері өмір
сүрген заманды оқырманға дəл, анық жəне
көркем жеткізу үшін Ілияс балама образдармен
суреттейді:
Заманда сонау сарсаң Ақан тұрган,
Ол заман – ерге тұсау, зорға думан.
Жалмап жеп айналасын аш кенедей,
Семірген жұрт қанына нелер жуан.
Хан қабан – халық құлағын бұрап тұрган,
Бүйі би – билеп-төстеп сұрап тұрған.
Қор қылып ақ алмасты отқа көсеп,
Жүз-жүз жар теңін таппай жылап тұрған [2, 276],-
дегенде Ақан заманын ерге тұсау, жуандарга
думан деп суреттеп, ханды қабанға, биді бүйіге
балап, сол кезеңнің əлеуметтік тынысын дөп
басады.
Сөз маржанын меруерттей тізіп, оқушысы-
ның сезімін тербеу арқылы өз ойын барынша
көрікті, мейлінше мəнерлі түрде беруді көздеген
ақын шығармаларынан көркемдік тəсілдің кең
тараған түрі – эпитетті де көп кездестіреміз. Осы
орайда тағы да З.Ахметовтің эпитетке берген
анықтамасына тоқталайық: «Эпитет – заттың не
құбылыстың айрықша белгісін, қасиетін білді-
ретін бейнелі сөз. Эпитет ұғымға, нəрсеге
бейнелілік, нақтылық сипат береді. ...Поэзияда əр
ақынның өз қолтаңбасын танытатын əсерлі,
күрделі эпитеттер мол кездеседі. Мысалы, «Күй-
ші» поэмасында Ілияс күйді алуан түрлі эпитет-
термен сипаттайды. Жалынды күй, сарынды күй,
ыңыранған күй, ырғалған күй, жынданған күй,
жандырған күй, жылатқан күй, жұбатқан күй,
жорға күй, тəтті күй, шерлі күй деген сияқты
ондаған сөз тіркесіндегі эпитеттер мейлінше
мағыналы, əсерлі келеді» [1, 233].
Ақынның «Күй», «Күйші» поэмаларында
дəстүрлі эпитеттермен бірге төл көркемдігімен
берген эпитеттер қатары мол кездеседі. Атынан
белгілі негізгі идеясы күй мен оның жеткізушісі
хақындағы бұл шығармаларда «күй» деген
сөздің өзіне тоқсанға жуық эпитет беріледі.
Зарлы күй, əсем күй, жаңа күй, көне күй,
шерлі күй секілді келетін тіркестерде күй мен
оның əуеніне қатысты үйреншікті эпитеттер
берілген болса, ақынның шығарма кейіпкер-
лерінің əр түрлі жағдайларға қатысты күйді де
құбылтуына қарай жорға күй, жынды күй,
жалынды күй, бебеу күй, паң күй, долы күй,
сергек күй, бұлбұл күй, бота күй, батыр күй,
т.б. секілді эпитеттер одан да көп кездеседі.
І. Жансүгіров поэзиясында ұлттық бояуы
қанық, қалыптасқан эпитеттер, əсіресе, ару қыздың
бейнесін жасауда көп кездеседі. Мысалы:
Ақ тамақ, алма бетті арулар жүр,
Қыдыртқан бақалшылар сабыншықтай [2, 286]
немесе
Қыр мұрын, қыпша белді, қиған қасы,
Ақ маңдай, қас бітісі қып-қиғашы.
Ақ жүзі, оймақ аузы, күлім көзі,
Білектей қап-қара боп өрген шашы,
Ақ иек, кірсіз тісі, кірпіктері,
Екі елі мөлдір көздің екі арасы [2, 23].
Бұл жолдардағы ақ тамақ, алма бет, қыр
мұрын, қыпша бел, оймақ ауыз, күлім көз,
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010
228
білектей шаш, мөлдір көз деген эпитеттер сонау
ауыз əдебиеті мұраларынан бері қолданылып
келе жатқан халықтық тіркестер. Ақынның:
Көргенде күйелі төс, күсті білек,
Тапқандай жаңа бауыр, жаңа тілек.
Жылы қан улы бойда шым-шым қайнап,
Сауығып сала берген дертті журек [2, 221]
деген шумағындағы күйелі төс, күсті білек,
жаңа бауыр, жаңа тілек, жылы қан, дертті
жүрек тіркестері айтайын деген ойға образды-
лық мəн үстеп тұр.
Адамның жан дүниесін тебірентіп, өмірді
терең барлауға баулитын Ілияс Жансүгіров
поэзиясында образды айқындап, оны əр қыры-
нан танытатын көріктеу құралы – эпитет арқылы
оқырмандарына айтар ойын көркем өрнектеді.
Құбылысты басқа нəрсемен салыстыру ар-
қылы сипаттау тəсілі болып табылатын теңеу-
лерді Ілияс Жансүгіров поэзиясынан көп
кездестіреміз.
Белгілі əдебиеттанушы ғалым З.Ахметов:
«Əдетте теңеу туралы сөз болғанда, салыс-
тыру үшін не нəрсе алынады, қандай нəрсемен
салыстырылады, соған көп мəн беріледі... Екі
нəрсені теңестіруден, олардан ортақ сипат-
белгі табудан қандай мағына туып, қандай ой
аңғарылады, қандай сезім-əсер жалғастығы
(ассоциация) пайда болады – міне, осы толық
ескерілуі керек»[1, 198], - дейді.
Халық
фольклорында
қалыптасқан
теңеулер сол халықтың дүниетанымын, əдет-
ғұрпын, тіл көркемдігінің дəрежесін, халықтың
бейнелі ойлау жүйесін көрсетеді.
Ілияс Жансүгіров өз туындыларында ұлт
санасында қалыптасқан теңеулерді жиі қол-
данады. Əсіресе, туған жер табиғатын, əр
мезгілдің ерекшелігін суреттейтін туындыла-
рындағы теңеулердің қолданысы ерекше. «Мез-
гіл суреттері» өлеңінде Жетісу өңірінің жазғы
сұлу табиғатын былайша өрнектейді:
Жерің анау,
Жасыл жолақ кілемдей,
Желің мынау,
Жігіт айтқан өлеңдей.
Көңіл анау,
Той қып жатқан ауылдай.
Күнің мынау,
Елжіреген енеңдей [2, 56].
Ақын жерін жасыл кілеммен, желін əнші
жігіт сызылтып айтқан өлеңмен, көңілін тойлы
ауылмен, күнін мейірім-шуағы төгілген ана
мінезімен астастыра суреттеп, олардың ара-
сындағы ортақ сипатты дəл тапқандай. Ал мына
шумақта кең далаға қоңыр күз келіп, жер мен
жел де, күн де жадыраған жазғы күндегі көркем
келбетінен айрылып, күрең түске боялады:
Жерің анау,
Шала илеген терідей,
Желің мынау,
Дарымшының деміндей.
Көлің анау,
Насыбайлы түкірік.
Күнің мынау,
Ауылнайдың мөріндей [2, 57].
Күзгі даланы илеуі жетпеген теріге балап,
күңгірт тартқан күн сұлбасын көк ала мөрге
теңеуі ақынның туған жер табиғатын қазақы
болмыспен түйсіне жырлаған шеберлігінің
айғағы.
I.Жансүгіров поэзиясының «Əнші» өлеңін-
дегі теңеулер əн өнерінің қыр-сырын танытады.
Əннің бірде шарықтап көкке өрлесе, енді
бірде баяулап, қоңыр əуенге ұласатынын
немесе мұңға толып күңіренетінін ақын теңеу
арқылы былай жеткізеді:
Əн салсаң өзімдей сал аңыратып,
Жайлантып, қоңырлатып, жамыратып.
Аққудай аспандағы əнді өрлетіп,
Қондырып қоңыр қаздай мамырлатып.
Боздатып саулы інгендей күңірентіп,
Нөсердей нөпір төккен жауындатып,
Қазандай қарсы соққан дауылдатып,
Қамыстай дауыл жыққан сауылдатып [2, 150
]
Ақынның əнді бірде өрлетсе, бірде ма-
мырлатып құстардың ерекшелігіне қарай құбылта
суреттеуі, күңіренген мұңлы əнді боздаған саулы
інгеннің дауысына, арқыраған арынды əнді
қалың нөсерге, күздің қара желіне, дауыл
жыққан қамыстың сауылдаған үніне теңеуі
оқырманның ойын кеңейтіп, əнші дауысын
тыңдап отырғандай əсер қалдырады.
Ақын сатиралық элементтерді қазақы тұр-
мыспен бірлікте байланыстыра теңеулер жасап,
тек қазақ ұғымына сыйымды образдар жүйесін
жасаған. Мысалы:
Жүнін жұлған тайлақтай тазығыр шал,
Жас тоқал жанында отыр қаққан қылмаң [2, 78]
немесе
Қойнына алып Қожағұл шал жататын,
Сабадай боп күнге көннен қатырған
[
Бұл мысалдарда ақын шал бейнесін бірде
жүнін жұлған тайлаққа баласа, енді бірде көннен
қатырған сабаға теңейді. Ал бай ауылдың ауыз-
дары астан босамайтын бəйбішелерін ақын бауыр-
саққа теңейді:
Бір үйде бəйбішелер бауырсақтай,
Ауызы еттен, майдан дамыл таппай.
Сүртініп сорпа терін жеңіменен,
Ұзын күн істеп отыр қарнын қаптай [2, 286].
Сұлу қыздың сыртқы келбетін бейнелеуде
ақын ауыз əдебиетіндегі көріктеу тəсілдерін
қолданады. «Исатай» поэмасынан:
Қыз тұлғасын қарасаң –
Жайықтың боз талындай.
Бет ажарын қарасаң –
Жазғы түскен сағымдай.
Қыз ажарын қарасаң –
Еділ, Жайық таңындай [2, 350],-
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010
229
деп келетін халық эпосына ұқсас жолдарды
ұштастырамыз. Енді бірде ақын
Бейне біткен қайыңдай,
Білегі мінсіз балғынның.
Ақша төсі айдындай,
Шашы сенің шалғының [2, 92],-
деп қыздың тал бойын қайыңға, ақша төсін
айдынға теңейді.
Қымыздай балға ашытқан тəтті қызға,
Жігіттер, бəріңіз де сұқтанарсыз [2, 230]
деген жолдардағы қызға айтылған теңеу өзіне
оның сөзі тəтті, мінезі жұмсақ, жүзі жылы
сынды көп мағынаны сыйғызады.
І.Жансүгіров шығармаларындағы түз та-
ғыларының атаулары адам бойындағы белгілі
бір қасиетті теңеп, салыстырып айтуда жиі
жұмсалады. Мысалы, ақынның «Құлагер»
поэмасында балуандар бəйгесін жариялап
жүрген жаршының сөзінде:
Арыстандай айбынды ер,
Жолбарыстай жуан ер.
Ертістің бойын сіліккен ер,
Еділдің бойы уріккен ер...
Аюбайдың асында,
Онда он алты жасында,
Атан жыққан алыпты
Абжыландай жұтқан ер [2, 309].
Күреске түсер балуандардың бітім-бол-
мысы, ерлігі арыстанның айбынына, жолба-
рыстың жуандығына, абжыланның жұтқыш-
тығына теңеледі. Ақын поэзиясында жоғарыда
келтіргендей үлкен суреткерлік шеберлікті та-
нытатын теңеудің келісті үлгілері аз кез-
деспейді.
Ақын халықтық теңеулерді өзінше өңдеп,
жетілдіріп, табиғат көріністерін, кейіпкер пор-
третін жасауда да ұтымды пайдаланған. «Игілік»
өлеңін эпитеттер арқылы жасалған сұлу қыздың
портреті деуге болады:
Екі ұрты, екі жағы алмадай боп,
Бітімі бейне гүлді алма ағашы.
Ақ саусақ, ажымы жоқ, буыны жоқ,
Жылтырап тырнақтары тап-тазасы.
Тік иық, жазық жауырын, аққу мойын,
Толқытып қос құлақты əм сырғасы.
Қайрақтай төсі жайдақ, шынтағы етті,
Жазылып бейне мамық қабырғасы,
Тар мықын, орта бойлы, түзу аяқ,
Бұралып тал шыбықтай белдің ашы,
Қолданып əдеп, үлгі жанды ерітіп,
Ақыл сөз, ақырын күлкі шын мирасы [2, 23].
«Тұңғыш тоғысу» өлеңінде кəрілік жеңіп,
кескін-келбеті солғын тартқан, тістері түсіп,
аузы опырайған байдың бəйбішесі мен үлде мен
бүлдеге оранған тоқалының бейнесі Ілиястың
көркемдік құралдарды ұтымды пайдаланып, ұлт
санасына сіңімді жасайтындығының тағы бір
куəсі дер едік.
Байсалды бəйбіше отыр бөстегінде,
Екі айна айналыпты төстегі інге.
Секілді күйген тері беті бопты,
Итиген иек, ауыз түскен көрдей.
Түсіпті опырайып ішкеріге,
Моладай жауын шайған мұрын қапты [2, 78]
деген жолдардан бəйбішені танысақ,
Қара көз, қаймақ ерін, қасы жатық.
Қайрақтай қара жайдақ, қаймаң қаққан,
Қайқы төс жатағандау, тілі тақ-тұқ...
Самсулы саусақтары сақинадан,
Омырау, ілгек, түйме, маржан, ақық [2, 78],-
деп келетін жолдар, анық, жас тоқалдың бей-
несін көз алдымызға келтіреді. «Исатай» поэма-
сындағы халық эпостарының үлгісінде күрделі
эпитеттер мен теңеулерден жасалған қыз бей-
несі де ақынның портрет жасаудың асқан шебері
екенін байқатады:
Екі көзін қарасаң –
Нұр шырақтың шамындай.
Қыз тұлғасын қарасаң –
Айдынды елдің туындай.
Айтқан сөздің шербеті –
Абылхаят суындай.
Əзілінің лəззаты –
Аққұйрық шай буындай.
Ақылының шалымы –
Айдынды елдің туындай [2, 350].
Поэзияда əр дəуірдің суреткері өзінше
қолтаңба қалдырады. Осы салада соны соқпақ
салған ақынның бірі – І.Жансүгіров поэзия-
сындағы теңеулер қолданысынан дəстүр жал-
ғастығын көреміз. Ақын бұрыннан халық поэзия-
сында бар көріктеу құралдарын пайдалана
отырып, өз тарапынан жаңаларын да жасаған.
Жүректің қылын шертетін Ілияс поэзиясы оның
асқақ ақындық талант-дарынын, сырлы да сезім-
ді суреткер екендігін көрсетеді. Бұған ақынның
жырға арқау болған нəрсені бейнелі жеткі-
зуіндегі, ұқсастықты дəл таба білуіндегі асқан
шеберлігі куə.
__________________
1. Əдебиеттану терминдерінің сөздігі. – Алматы: Ана
тілі, 1996
2. І.Жансүгіров. Құлагер. – Алматы: Атамұра, 2003
3. З.Қабдолов. Сөз өнері. –Алматы: Санат, 2002
* * *
В этой статье анализируются художественные осо-
бенности поэзии Илияса Жансугурова, связанные с на-
родными традициями.
* * *
In this article the artistic pecularity of national traditions
in Ilyas Zhansugirov’s poetry will be observed.
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010
230
А. Таңжарықова
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ САРЫНДАР
Қазіргі қазақ əдебиетінде мифке қызығу-
шылық реализммен постмодернизмге дейінгі əр
түрлі эстетикалық бағыттағы жазушылардың
көбіне тəн, ол əңгімеден романға дейінгі түрлі
жанрлық нышандарда жүзеге асырылып келеді.
Миф əртүрлі көркем бағыттар мен жанрларда
нығайып қана қойған жоқ, көркем мəтіннің
барлық деңгейіне енуде.
М.Ысқақбаевтың «Ұят туралы аңыз» повесі
сонау бағзы замандардан да əрідегі біздің баба-
ларымыз тəу еткен «Тəңірі» туралы əңгіме-
ленеді.
«Ол өзі бір Жақия да, Бұдда да, Иса да, тіпті
Алла-тағаланың өзі де адам санасынан орын
тебе қоймаған кез еді. Не жанарымызға сый-
майтын, не ақылымызға сыймайтын бүкіл мына
жарық дүниені де, Адам ата мен Хауа анадан
өзге тірі пенде көріп-білмеген, көзге де, көңілге
де қараңғы о дүниені де Тəңірі жеке-дара би-
лейтін» [1.7].
Ғалым С.А.Қасқабасов «Қазақтың көне
мифінде болуға тиісті ілкі ата – демиург бейнесі
Тəңір образымен алмастырылған. Ал, Тəңір
аспанның əміршісі саналған. Яғни Тəңір – ең
жоғарғы құдай, ол аспан мен жердегі тылсым
мен тіршіліктің иесі» деген... [2.96]. М.Ысқақ-
баевтың «Ұят туралы аңыз» повесін фоль-
клорлық таным пайыммен жасампаздық мифке
жатқызуға болады.
Ал жасампаз миф туралы орыс ғалымы
Е.М.Мелетинский «Жасампаздық мифтер де-
геніміз бүкіл дүниені құрайтын нəрселердің
пайда болуын баяндайтын мифтер» деп анық-
тайды өзінің «Поэтика мифа» атты еңбегінде
[3.195].
Бұл мифтік повесте Тəңірі екі періштесін
кезек тыңдап, ғаламда болып жатқан өзге-
рістерді солардың шар айналарынан қарап біліп
отырады. Анда-санда жерге қарап, əуелде
адамзат атаулы Адам ата мен Хауа ананы
пейіштен қуғанда екеу-ақ еді, қазір ұзын саны
бірер мың болыпты деп ой түйеді.
Шарапат қашанда ізгілік пен жақсылықтың
символы іспеттес. Ал Кесепат болса мүлдем
қарама-қарсы. Автор Шарапат пен Кесепатты
антитезалық бейнелеу тəсілімен ізгілік пен
зұлымдықтың, жақсылық пен жамандықтың
қарама-қарсы символы ретінде алған. Дүние
дүние болып жаралғалы жұмыр басты пенде
бойындағы екіұдай мінез: бірі жамандыққа
бастап тұратын – кесепат азғыруы, бірі адамдар
үшін жақсылық жасауға бар Шарапаттың іс-
əрекеті өмір-бойы бір-біріне кереғар күресіп
өтетіні содан екен.
Ғ.Мүсіреповтің «Ана туралы жыр» əңгімесі
алғашқы адамның пайда болуы Адам ата мен
Хауа ананың алғаш жер бетіне түсіп, ұрпақ
жаюы туралы. Мұны əңгімені фольклорлық
пайыммен гениологиялық мифке жатқызуға
болады. М.Ысқақбаевтың «Ұят туралы аңыз»
повесіндегі орталық негізгі кейіпкер Тəңірі
болса, бұл шығармада Алла бейнесі берілген.
«Ұят туралы аңызда» Тəңірінің екі періштесі
Кесепат пен Шарапат болса, Ғ.Мүсіреповтің
«Ана туралы жыр» повесінде Алланың бес
періштесі болады. Екі повесте де бір Құдіретті
күшке бас ию, тағзым етіп табыну. Екі автордың
да авторлық идеясы – бағзы заманнан келе
жатқан Тоныкөк, Күлтегін жырларымен үндесіп
жатқандай.
«Жоғарыдағы Көк Тəңірі,
Төменде қара жер жаралғанда,
Екеуінің ортасында адам баласы жаратылған...»
Бұл повесті көне діни аңыздық сюжетке
құрылған, мифтік бейнелермен толықтырылған
жасампаздық рухани шығарма деп қарастыруға
болады. Сонымен қатар бұл шығармада ар,
ұждан, ізгілік, ақыл, қанағат ұғымдарын мəң-
гілік мəселелерді қамтиды. Егер адам бойын-
дағы қанағат атты мінез өз күшін жойса, ардан,
ұяттан безіп күнəға бататындардың жосықсыз
көбейетінін мегзейді.
Академик С.Қирабаев «Ұят туралы аңыз»
повесін аңыздық сюжетке құра отырып, соның
негізінде жазушы адам баласы өмір бойы тол-
ғандырып келе жатқан бүкілхалықтық проб-
леманы – зұлымдық пен адалдықтың күресін
бейнелейді. Ертегілік оқиғаларға нақты адам
əрекетіне ылайық сипаттар береді. Дүниені
жеке дара билеуші Тəңірі де, оның періштелері
Шарапат пен Кесепат та Марал повесінде
аңыздық күйден көркем бейнеге айналады»
[4.353] деп бағалайды.
Бұл мифтік аңыз шығыстың мотивтегі көне
сюжетке құрылған. Жазушы құрғақ баяндаудан
гөрі адам тойымсыздығының түп төркіні неде
деген сұрақты ортаға салады.
Е.М.Мелетинский өзінің «Миф поэтикасы»
деп аталатын іргелі зерттеу еңбегінде мифтің
əдебиетке əсер ету нəтижелерін былайша си-
паттады:
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010
231
1. Ортағасырлық «символизмнен» табиғатқа
еліктеуге, шынайылықты өмірдің дəлме-дəл
нышандарында бейнелеуге көшу үшін дəстүрлі
сюжет пен «топиктерден» саналы түрде бас
тарту.
2. Мифті (нышаны емес, оның рухын)
саналы, нағыз биресми, дəстүрден тыс қолдану,
бұл кейде дербес поэтикалық мифтік шығар-
машылық сипатқа ие болады.
Реалистік прозаны шарттылықтың бір түрлі
нышандарына ресми түрде салу кеңестік кезең
кезіндегі отандық əдебиеттің мифтендіру
\мифологизация\ үдерісіне кері əсер етті.
Бірақ бірқатар жазушылардың шығармашы-
лығындағы реалистік əдісті мифологиялық
логика элементтерімен біріктіру ұмтылыстары
шығарманың құрылымын құруға, шынайы
өмірді тұрақты мифологияның модельдер мен
образдар арқылы түсіндіруге ықпал етті. [3.121]
Ə.Кекілбаевтың «Күй» повесінде ежелгі
аңыз-əңгімені, өткен күннің елесін ой елегінен
өткізіп, бүгінгі күннің көкейкесті мəселелерін
қозғайды. Жазушы ескі аңызды қайта жаңғыр-
тып, қайта баяндап қана қоймайды, оған фило-
софиялық, психологиялық реңк үстемелей отыра
аңыздың əлеуметтік сипаты, (қырын) ашады.
Шығармада ежелден қоңсы отырған бірде
жауласып, бірде татуласып, талас-тартыспен
күшін көрген қазақ пен түркімен арасындағы
бітіспеспен жаулығы сөз болады. Бітімге
келмей, тек қана жауласумен болған, өзара
сыйыса алмай, ұғыса алмай өткен екі бауырлас
жұрт талай тауқыметті бастан кешіріпті, бірін-
бірі кешіре алмапты. Автор талай замандар
бойы қазақ даласы мен түркімен құмдарындағы
зорлық-зомбылықтың неше алуан түрі: алып
кету, шауып кету, жер дауы, жесір дауы,
жазушының ең ауыр сұмдық түрі – мəңгүрт
жасау сияқты аңыздық желілерді шебер қолдана
білген.
Шығармада түркімен батыры Жөнейттің
қолға түскен тұтқын жас өспірімдерді мəңгүртке
айналдырып, жаулықтың, дұшпандықтың ең
ауыр да сорақы үлгісін көрсетеді. Бағзы
заманнан адам баласына неше түрлі қиянат
зұлымдық-əрекеттер жасаудың ішіндегі ең
сұмдығы, ең шектен шыққаны – адамды қинап,
мəңгүрт жасау болып табылады. Мəңгүрттіктің
қасында басқа зұлымдық, жауыздық дегеніңіз
түк емес. Бұл қорлау – мəңгүрт жасап, жеңген
жауының тұқымын құрту, болашақтың тамы-
рына балта шабу мақсатында жасалған мəңгілік
азап. «Кенет тұтқын балалардың бірі артындағы
тұтқынның кеудесіне екі шекесін алма кезек
ұрғылап шыңғырып жіберді. Ақ тайлақтың те-
рісі күнге күйіп, тырысып барады. Қаудырап
кеуіп жатқан түйенің кеуі бас сүйекті сы-
тырлатып шаға түсті. Қазір-ақ ұн қылып уатып
жіберетіндей. Басқа тұтқындар да бебеулей
бастады» [5. 225].
Автор повестің сюжет желісіне мəңгүрттік
туралы аңызды орынды ала білген. Жауласқан
елдер тарихында мəңгүрттік жəне мəңгүрт жасау
ежелден бар екендігі белгілі. Бұл жайлы кейбір
мəліметтер ауыз əдебиеті нұсқаларында кезде-
седі. Мысалы қырғыздың əйгілі «Манас»
жырында да жас балаларды алып қашып кетіп,
олардың басына шіре байлайтыны жайлы ай-
тылады. «Кепеш кигізу», «шіре байлау» дегенді
мəңгүрттікпен қатарластыра алуға болады. Төл
əдебиетімізге, жалпы өз кезеңінде, одақтық
əдебиетке мəңгүрт ұғымын алғаш алып келген
қаламгер - Əбіш Кекілбаев.
«Олар бір апта бойы осылай зар илеп,
шыңғырды да жүрді. Сосын бастарына шаш
шықты, ол түйенің көнінен өте алмай, қайтадан
бастың құйқасын тесіп кері өсті. Алты тұтқын
елі қайда, жері қайда екенін білмейтін мəңгүртке
айналды. Жүре-жүре тілден де айырылды.
Түйемен бірге өреді, түйемен бірге келеді» [5.
225].
Автордың айтпағы əр заманның, əр қоғам-
ның өз мəңгүрті болады деп ой түйдіреді. Пат-
ша үкіметі тұсындағы бертін келе, Кеңес
Үкіметі тұсындағы күшпен енгізілген отаршы-
лықтың таз кепеші мəңгүрт болып жалғасын
тапты. Бүгінгі күні ешкімнің зорлық-қорлы-
ғынсыз-ақ туған тілімізден, дінімізден айы-
рылған, тегін білмейтін «шала қазақ» дейтін -
«рухани мəңгүрт» ұрпақ дүниеге келді. Автор
танымы рухани мəңгүрттік мəңгүрттіктің ішін-
дегі аса қауіптісі деген байламға көз жеткізеді.
Ежелгі аңыздағы тарихи шындыққа сүйеніп,
жазушының өткенді шолып, болашаққа жасаған
ишара – тұспалы аңызбен астасып, қазіргі
күнмен үндесіп, психологиялық – параллелизм
тұрғысынан мəні ашыла түседі.
Негізгі кейіпкер – түркімен батыры Жө-
нейттің өш алу, кек алу жолында туған бауы-
рынан да, баласынан да айырылуын, өмірінің
соңында құлағына келген күй əуені арқылы
түсінеді. Екі елді татуластырып табыстырған да,
бітістірген де өнердің құдіреті. «Күй» пове-
сіндегі аңыздық желідегі сол кездегі мəң-
гүрттікті қолдан жасау болса, бүгінде рухани
мəңгүрттіктің белең алуын жəне екі кезең
мəңгүрттігін бір-біріне қарама-қарсы, антитеза
формасында алынуы шығарманың əлеуметтік
салмағын арттыра түседі.
Ол күйдің астарында – рухани таным, ұлт-
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010
232
тық болмыс, салт-сана, фольклорлық сана, бүкіл
қазақ елінің рухани-мəдени – пəлсапалық бай-
лығының негізі, түп-тамыры, көрсеткіші жатыр.
Д.Досжановтың
«Тілегімді
бере
гөр»
повесінде Шалқардың шалғай түкпірінде жас
журналист жігіт Дана сол маңнан мемлекеттік
қорық аштырмақ болады. Жергілікті «Охотсоюз-
дың» қорықшысы, өкіметтің байлығына қолын
салып, тегін ішіп-жеп отырған араны ашылған
Молдаберді зиянкестік əрекет жасап жас жігітті
айдалада соққыға жығып тастап кетеді. Біраз
жыл өткен соң Молдаберді ұшты-күйлі жоғалып
кетеді. «Ақырында Мəнəулие маңында жапанда
шошайып жалғыз отырған жүз жасқа келген
аңшы шал айтыпты-мыс деген сөз ел ішінде гу
ете түседі. Əлгі аңшы айдалада, киік қарап
сандалып жүрсе, бүйірі қабысып бұратылған аш
қасқыр көріпті. Құдая тоба, сол қасқырдың
көзі құдды Молдабердінің көзі, үні құдды
Молдабердінің үні дейді: қарт аңшы қарап
тұрып қайран қалыпты, қатты шошыпты, көріп
тұрып сенбеуге амалы болмапты. Аш қасқырға
айналып айдалаға қаңғып кеткен Молдаберді
сол деп иманын айтып жат та қарғаныпты. Бұл
қауесетке бəреу сенеді, біреу күлді, біреу
шошынып ішегін тартты.
Біз айтсақ – үйірінен, туған жерінен қарадай
безініп, айдалада алып соғып тояттауға таппай
сілесі қатып сенделіп жүрген аш қасқыр – сол
Молдаберген дер едік», - деп аяқтайды автор
повесті [6.138].
Бұл повесте автор «аш бөрідей» деп қазақ
айтпақшы өмірінде «тою» дегенді білмей, өмірі
аш көзденіп, аш қасқырдай жалаңдап өткен
Молдабердінің образын символмен ұтымды
берген.
Автор неліктен кейіпкерін қасқырға айнал-
дырды? Бұл ретте ел арасында тараған танымал
аңыз желісімен келетін болсақ, халық қар-
ғысына ұшыраған Қарынбай сараңның суырға
айналуын тілге тиек етіп кетуге болады.
Жазушының «Келіншек таудағы тас түйе-
лер» атты тағы бір мифтік шығармасында қыз-
дың əке қарғысына ұшырап тасқа айналуының
себебі тасбауырлығында жатса, сол Молда-
бергеннің қасқырға айналуы оның аш көзді-
лігінде болса керек.
Д.Досжановтың тағы бір «Қызылқұмның
желі не деп жырлайды» атты əңгімесінде
түйеден өзге уайымы жоқ қария алдындағы
малды совхоз басшысы басқа кісіге алып
бермекші болғанда, шарт ашуланып, түйесіне
мінеді де құмға сіңіп ұшты-күйлі жоғалып
кетеді. Ел-жұрт қарияны іздеп, таппағаннан
кейін өлдіге санап, жаназасын шығарады.
«Сол жаназа оқитын күні бұрын-соңды мал
ішінен ұшыратпаған, сол аяғын сылти басқан
кəрі атан ( неге бура емес) келіп, ашаға сүйеніп
үнсіз жылап тұрыпты. Көрген адамдар əлгі кəрі
атанның көз жанары өткірленіп, қарағаны, əр
кісіні танитындай жетіп келіп бас шұлғығаны –
құдды баяғы Мүсіркеп түйеші деп жат та
қарғанады».
Автор бұл жерде кейіпкерін неліктен түйеге
айналдырып отыр? Көзін ашқалы көргені түйе,
бар ынта пейілі өзінің алдындағы аз ғана
түйесінің қамы болған, адамдардан гөрі түйемен
тіл табысу оңайырақ тиетін Мүсіркеп шалды
түйе малынан басқа малға айналдырудың жөні
жоқ сияқты.
Автор идеясына сəйкес мифологиялық дү-
ниетаным бірде асқақ, бірде трагедиялық, бірде
фарстық сипатта болуы мүмкін.
Тұтастай алғанда ХХ-ХХІ ғ.ғ. басындағы
қазіргі қазақ прозасында миф ролінде тек тар
мағынадағы мифология емес, тарихи аңыз-
дар, тұрмыстық мифологиялық, тарихи-мəдени
реальды жағдай, өткеннің танымал жəне белгісіз
көркем мəтіндеріндегі көркем образдар көрінеді.
_________________
1. Ысқақбаев М. «Ұят туралы аңыз» Алматы:
Жазушы. 1980. Б-7.
2. Қасқабасов С. Жаназық. Аударма баспасы.,
Астана. 2002. Б-96.
3. Мелетинский Е.М. Москва 1976г. Поэтика мифа,
с.195., 121
4. Қирабаев С. Адам тануға ұмтылыс. Қазақ əде-
биеті. 1980. Желтоқсан. Б-353
5. Кекілбаев Ə. Таңдамалы шығ. 1 том. Алматы:
Жазушы, 1989. Б-221
6. Досжанов Д. «Алыптың азабы». Алматы: Рауан,
1997, Б-138.
* * *
В статье рассматриваются фольклорные мотивы в
современной казахской прозе.
* * *
The article considered folklore motives in modern Kazakh
prose.
Достарыңызбен бөлісу: |