Казахский национальный



Pdf көрінісі
бет42/52
Дата03.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#5592
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   52

 
 
 
 
 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 
 
271
А. Мұхамеджанова 
 
А. НҰРҚАТОВТЫҢ ƏДЕБИ–СЫН  ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ ƏУЕЗОВТАНУ  
ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ 
 
 
А.Нұрқатов  əдебиетке  елуінші  жылдардың 
басында  келіп  қосылып,  он-он  бес  жыл    көле- 
мінде  екі  монографиялық  еңбек  пен  жүздеген 
əдеби-сын  мақала  жариялап  үлгерген  қаламгер.  
Белгілі сыншы 1954 жылы «В.Маяковский жəне 
қазақ  совет  поэзиясы»  атты  кандидаттық  дис- 
сертация  қорғап,  əдеби  сынға  ғылыми  дайын- 
дықпен,  теориялық  біліммен  қарулана  келген  
талантты    қаламгерлердің  бірі  болатын.  Сын- 
шының  Абай,  М.Əуезов  шығармашылығына 
қатысты  ғылыми  тұжырымдарынан  шығарма- 
шыл тұлға мен оның дəуірінің қыр-сырын, əдеби 
процесті  жетік  білетін  біліктілік,  жетістік  пен 
кемшілікті  қатар  көрсете  білген  білімділікті 
аңғаруға болады. А. Нұрқатовтың əдеби-сын мұ- 
расы  жайында  айтқан  тұста  оның  сыншылығы 
ақындық,  аудармашылық  өнермен  де  ұштасып 
жатқандығын ескеруіміз қажет.   
50-ші  жылдар - сынның  жаңа  белеске  кө- 
теріліп,  əрі  оның  өнер  ретінде  мойындалуына 
ықпал  еткен  кезең.  Сол  жылдардан  бастап  сын 
тек  əдеби  ортаға  ғана  қозғау  салып  қоймай, 
қалың  оқырман  қауымның  көркем  талғамын 
қалыптастыруға  да  зор  ықпал  етті.  Елуінші  
жылдардағы  сын    баспасөз  бетіндегі  əдеби-сын 
мақалалармен  ғана  шектеліп  қалмай,  моно- 
графиялық зерттеулерге ұласып, əрі сол ізденіс- 
тер  өз    жемісін    бере  бастаған  шақ    болатын.  
Сол кезеңнің  елеулі  ғылыми зерттеулерінің  бірі 
1957  жылы    жарық  көрген  А.Нұрқатовтың 
«Мұхтар  Əуезов»  атты  монографиялық  очеркі 
еді.  Б.Сахариевтің  пікіріне  ден  қойсақ    бұл  ең- 
бек  «Əуезов  творчествосы  жөніндегі    толассыз 
пікірлерді  жүйеге  салған,  ал  бірқатар  талас 
мəселелердің  басын  ашып,  орынды  дəлелдеме- 
лерімен  тың    пікір  айтқан  алғашқы  еңбектердің 
бірі болды» [1, 6]. Сыншының қысқа ғұмырында 
артына  қалдырған  екінші  бір  елеулі  еңбегі-  
«Қазақ поэзиясындағы Абай дəстүрі» деп атала- 
тын  монографиялық  зерттеуі.  Ғалым-сыншы 
еңбегін  жазып  бітіргенімен,  жариялап  үлгер- 
меген.  Үшінші  еңбегі - 1956-1960 жылдар  ара- 
лығында  жазған  мақалаларынан  құрастырылған 
«Идея  жəне  образ»  деген  атпен  жарияланған  
жинақ.  
Сыншы  қаламгер  М.Əуезов  атындағы  əде- 
биет  жəне  өнер  институтында  аға  қызметкер 
бола  жүріп,  қазақ  əдебиетінің  көп  томдығын 
шығару  шарасына  белсене  атсалысып,  оның  
 
 
белді  мүшелерінің біріне айналған. Мұның үсті- 
не    А.  Нұрқатов  орта  мектепке  арналған  əде- 
биет  оқулығының  жарыққа  шығуына  да  ықпал 
еткен    талантты  авторлардың  бірі.  Əдебиеттану 
ғылымы  мен  сын  саласында  қатар  еңбек  еткен 
А.Нұрқатовтың  артында  қалған  əдеби-сын  
мұрасы көлемі жағынан қораштау көрінгенімен, 
ғалым  зерттеулеріндегі      терең  пайым  мен  тың 
тұжырымдардың  ғылыми  құндылығын  ешкім- 
нің жоққа шығара алмасы анық. А.Нұрқатовтың 
1965  жылы  «Жазушы»  баспасынан  жарық 
көрген  «М.Əуезов  творчествосы»  атты  еңбегін 
мақаламыздың  зерттеу  нысаны  етіп  алып 
отырмыз.  Еңбек  сыншы  дүниеден  қайтқан  соң 
көп  ұзамай  жарияланған.  М.Əуезов  шығарма- 
шылығына қатысты сыншы ғалымның пікірі  өз 
кезеңі үшін де, кейінгі жылдардағы зерттеулерге 
негіз  болар  қайнарлар  мен  бағыттарды  ашып 
көрсеткен қорытындыларымен құнды. Моногра- 
фиялық очерк алты мақаладан  тұрады. Мақала- 
лар  ұлы  жазушының  алғашқы  əңгімелеріне 
қатысты  зерттеулерден  басталып, «Абай»  ро- 
маны  мен  жазушының  драма    жанрындағы  ше- 
берлігін талдауға  арналған   əдеби-сын зерттеу- 
лермен тұйықталады.   
Əуезов  шығармашылығына  қатысты    сын- 
шы  пікірлерінің  құндылығының  үстіне  назар 
аударуға тиісті екінші бір жай - 50-60-шы жыл- 
дардағы  идеологиялық  саясаттың  заманға  қа- 
быспайтын  əрбір  жаңа    пікірді  мүлт  жібермей 
отырған  қырағылығы  сыншының  кей  ойларын  
қысқа  қайырып,  іркіп  ұстауына  əсер  еткендігі. 
Заманының  талабына  орай  сыншы  кей  байлам- 
дарын  объектісінің  тереңдігі  мен  ауқымды- 
лығына  қарамастан,  шолақ  қайыруына,  көп 
жайдың  мəнін  əлеуметтік  тақырып    ауқымынан 
іздеу сарынына салып жібереді.   
Сыншы  зерттеулерінің  құндылығының  бір 
қыры - зерттеу нысанына алынған шығармашы- 
лықтың    ешкімге  ұқсамайтын  даралығымен  қа- 
тар    кемшін  түскен  жайларын    да    ашып  көр- 
сеткен  əділ сыншылығында. Бұл да А.Нұрқатов- 
тың  сыншыға  тəн  мінезін  танытатын  мысалдың 
бірі  болмақ.  А.Нұрқатов  шығармашылықты 
зерттеуде  тұтастық  принципін  ұстана  отырып,  
қаламгердің  көркемдік ізденіс жолының эволю- 
циялық  сипатын  тануға  тырысады.  Сыншы 
«Творчестволық  бастау»  аталатын  Əуезов  шы- 
ғармашылығына  арналған  алғашқы  мақаласын 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010
 
 
272
дəл  осы  мақсат  тұрғысынан  бастайды. «...Біздің 
əдеби  сынымызда  басқа  аға  суреткерлеріміз 
сияқты,  М.Əуезовтің  творчествосы  жайында  да  
аз жазылған жоқ. Бірақ сол зерттеулердің басым 
көпшілігі,  дені  Абай  туралы  эпопеяның  ғана 
төңірегінде 
ой 
топшылаумен 
тынады... 
Жазушының  Абай  туралы  эпопеяға  келу  жолы, 
творчестволық  сапарының  бұлақ-бастауы  мен 
бел-белестері  мүлдем  аз,  тым  тапшы  зерттелді» 
[2, 10] дейді.  Сыншының    қай  шығармашы- 
лықты  зерттеуде  де  маңызды    болып  қала 
беретін    позициясы  кейінгі  кезеңдердегі  көркем  
тұтастық  мəселесін    ескере  бермейтін    ғылыми   
зерттеулерге де үлгі болып қала бермек. Сыншы 
қаламгер  шығармашылығын  даму  үстіндегі, 
үздіксіз  өсу  мен  жаңарудан  тұратын    процесс 
деп қарайды.  
А.Нұрқатов Əуезовтің «Қараш-Қараш» атты 
көлемді  кітабына  енген  шығармаларына  тоқ- 
талады.  Сыншы  жазушының  өзі  суреттеп 
отырған жайға қатысты   авторлық  позициясына 
ерекше    мəн  береді. «Бұдан  бұрын  да  бірнеше 
рет  басылған  «Қараш-Қараш  оқиғасы»  повесі 
жиырмасыншы  жылдардағы  жас  прозамыз- 
дың  санамалы  тəуір  шығармалардың  бірі 
болатын.  Соңғы  жылдары  жазушы  осы  повесін 
толықтырып  өңдеді,  оның  сюжеттік  желісіне 
соны  оқиғалар  мен  жаңа  кейіпкерлер  енгізді» 
дей  отырып,  сыншы  повестің  тілінің  байлығы 
мен суреттілігін атап өтеді.  
Сыншы жазушының алғашқы кезеңдегі шы- 
ғармаларының  көркемдік  əдісі  мен  творчество- 
лық  тəсіліне  назар  аударады. «Қорғансыздың 
күні»  əңгімесіндегі  реализмнің  сырын  ашуға 
тырысады.  Жазушының  «адам  тағдырын,  оның 
іс-əрекетін  реалистік  жағдайда  тұтас  алып 
суреттеуге  ұсталығы,  оның  мəдениеті  жоғары 
əдебиет  дəстүріне  ден  қойғандығы,  суреткерлік 
алғырлығы» [2, 13] сияқты  қырларын  ашып 
көрсетеді. «Суреткерлік  алғырлық»  деп    дəл 
айтылған  бағаға  қосылмасқа  амалымыз  жоқ. 
Əуезовтің  алғашқы  əңгімелеріндегі  реалистік 
тəсілдің өзгеше сипатын дəл байқайды да,  ойын 
сыншы  былай  деп  қорытады: «Бұл-  оның  ащы 
шындықты  ақтара  ашуға  ұмтылуы  жəне 
қарапайым жандардың талайсыз тағдырына селт 
еткіш сезімталдығы мен тебірене іш тартуы» [2, 
14].  Пікірдің  астарынан  жоғарыда  айтып  өткен 
автор позициясы мен  лирикалық тəсіл көрінісін 
байқаған    сыншы  жітілігін  танимыз. «Үйлену», 
«Сөніп  жану»  атты  əңгімелерінің  табиғатына 
қатысты  да  бұрын-соңды  айтыла  қоймаған 
пікірді  ортаға  салады.  Сыншы  пікірінше  əңгі- 
менің  артықшылығы - ондағы  сынның  ашық 
түрде емес, нəзік астарлы юмормен берілуінде.  
А.Нұрқатов  Əуезовтің  «Қаралы  сұлу», 
«Кінəмшіл  бойжеткен», «Қыр  суреттері», «Қыр 
əңгімелері», «Көксерек»  əңгімелеріне  талдау 
жасайды.  Қарагөз  бен  Ғайшаның  көңіл-күй 
сəттерін  суреттеуде    натурализмнің  бар  екен- 
дігіне,  тұтастай  алып  қарағанда  жазушының 
дүние  танудағы,  уақыт  ағысын  бағдарлаудағы 
кейбір  шектеушілікке,  тараңдыққа  бой  алдыр- 
ғанымен,  суреткерлік  зор  талантын  реалистік 
бағытқа сарп еткендігіне тоқталады. Қазіргі күн 
биігінен  қарасақ,  сыншының  жазушы  əңгіме- 
лерін бағалауда кей тұстарда заман талабына сай 
келе  бермейтін  жайларды  ашып,  ізерлей  жазу- 
дан    əдейі  бойын  аулақ  салғандығын    байқай- 
мыз.  Есесіне  «Қыр  суреттерінің»  жанры  мен 
ерекшелігіне    қатысты  «олар  жазушының  соқ- 
талы  шығармалар  жазар  алдындағы  өз  қаламы- 
ның  күшін  барлап  байқауының,  көркемдік  бояу 
реңдерін  таңдап,  салғастырып  көруінің  куəсі, 
жекелеген эскиздер тəрізді» [2, 15] деген пікірі- 
нің  маңызы  ерекше. «Көксерек»  шығармасын 
«тілінің  ғажайып  көркемдігі  мен  қисапсыз 
молдығы  жағынан  бұл  повесті  жазушының  тек 
кейін  кемеліне  келген  кезінде  жазған  шығар- 
маларымен  ғана  салыстыруға  болады»  деген 
ойының астарынан Əуезов шеберлігінің уақытқа 
тəуелсіз  табиғатын  айтқысы  келген  бағасын 
аңғарғандай боламыз.  
Сыншы 
Əуезов 
əңгімелерінің 
шебер  
шығуына  əсер  еткен  бір  арна  ретінде  классика- 
лық  орыс  əдебиетіндегі  гуманизм  мен  ондағы 
қарапайым  жандардың  тағдырына  зер  салып, 
оларды  іш  тарту  сарынымен  ұласып,  табысып 
жатқандығымен  байланысты  екендігін  де  атап 
өтеді.  А.Нұрқатовтың  жазушы  əңгімелеріне  қа- 
тысты бағасын оның мына ойларымен тұжыруға 
болады: «М.Əуезов  өзінің  майталман  суреткер- 
лігін,  тілінің  ғажайып  молдығы  мен  бейнелі- 
лігін,  əлеуметтік халдердің де, жеке адам өмірі- 
нің  де  небір  қалтарыс  түпкірлеріне  барлап 
үңілер байқағыштығын да əуел бастан көрсетті» 
[2,17].  
Сыншының  «Ел  өмірінің  айнасы»  атты 
мақаласы  Абай  жайындағы  романдарын  зерт- 
теуге    арналған.  Мақаланың  ел  өмірінің  айнасы 
деп  аталуы  да  тегін  емес.  Сыншының    роман- 
дағы  ақын  мен  оның  халқы  арасындағы  қаты- 
насқа,  дəуір  тынысына  ерекше  мəн  беретіндігі 
байқалады.  
Əуезовтің  ұлы  ақын  жайындағы  шығар- 
масынының  бірнеше  кітаптан  тұратындығына 
орай оны  сыншы «Абай» жайындағы романдар 
деген ортақ атпен атайды. Нұрқатов жазушының 
аталмыш шығарманы жазудағы сарыла ізденген 
байсалды  да  қайсар  мінезімен  қатар  романның 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 
 
273
Əуезовтің  «творчестволық  өмірінің  өрісті  өзегі- 
не,  жазушылық  еңбегінің  мағынасы  мен  мақ- 
сатына  айналғандығын»  атап  өтеді.  Сыншы 
«Абай»  романын  тарихи  роман  ретінде  баға- 
лайды.  Алайда  тарихи  романның  бəрін  бір 
қалыппен  бағалауға  болмайтындығына,  твор- 
чество  адамына  арналған  шығарманының  əлем 
əдебиетінде    əртүрлі  үлгілерінің  болғандығына, 
соның  ішінде  Абай  жайындағы  романның 
өзгеше табиғатына тоқталады. Тарихи романның 
қалыпты  шарттарымен  қатар,  Белинский  дəл 
атап  көрсеткен «...Біз  қазір  мынаны  жақсы 
білеміз:  əрбір  халықтың  жəне  бүкіл  адам  бала- 
сының  ой-санасының  белгілі  бір  дəуірдегі 
көрінісі  саналатын  искусство - сол  халық 
өмірінің  тынбай  соғатын  тамыры  тəрізді, 
сондықтан  да  искусствоның  дамуы  мен  тарихы 
халықтың  немесе  адам  баласының  дамуымен 
жəне  тарихымен  тығыз  байланысты»  деген 
пікірдің  «Абай»  романын  тануға  тигізер  əсері 
зор  болмақ.  Сыншы  жазушының  тарихи  роман 
жанрындағы    ізденісін  автордың      өз  пікірінен 
тарқата  отырып  сабақтайды.  Əуезов  оқыған 
тарихи  шығармалардың  жазушыға  бірдей  оң 
əсер  етпегендігі  белгілі. «... менің  оқығанда- 
рымның  бəрі  бірдей  қанағаттандырған  жоқ, 
бірін  ұнатсам,  бірін  ұнатпадым.  Бірақ  екеуінің 
де пайдасы болды, екеуінен де үйрендім. Бірінен 
қалай  жазу  керектігін  үйрендім,  бірінен  қалай 
жазбау  керектігін  үйрендім»  деген  жазушы 
пікірінен  оның  тарихи  тақырыпты  игерудегі 
принципін  аңғаруға  мүмкіндік  аламыз  дейді 
сыншы.  Осы  тұста  жазушының  Абай  жайын- 
дағы  романнан  бұрын  да  тарихи  тақырыпқа 
қалам  тартпақ  ниеті  болғандығын    ұмытпаған- 
дығымыз жөн.  
Нұрқатов  Əуезовтің  аталмыш  романды 
жазуда  үлкен  қиындықтарға  тап  болғандығын,  
«ұлттық  сипаты  мол  шығармаларда»  өзгеше 
белгілер  мен  өзіндік  ерекшеліктердің  болатын- 
дығын,  сондай-ақ  тарихи-əлеуметтік  жағдай- 
ларға  орай    жазба  деректердің    тым  мардым- 
сыздығы  роман  жазуда  көп  кедергі  келтір- 
гендігіне тоқтала келіп,  «Бұл ретте М.Əуезовке 
шығармаларының  нақтылы  мазмұнымен,  тақы- 
рыптық-  идеялық  сарындарымен  Абайдың  өзі 
көп  жəрдемдескені  күмəнсіз»  деген  қорытын- 
дыға тоқтайды. 
Сыншы  шығарма  жанрының  табиғатын 
саралай  келіп,  творчество    адамы    жайындағы 
романның өзгерек табиғаты болатындығын айта 
келіп, ойын былай деп тұжырымдайды: «...Жазу- 
шы  Абайдың  əлеуметтік  қызметін,  іс-əрекетін 
оның  творчествосымен  тығыз  байланыстыра 
отырып  суреттейді,  сөйтіп  ақын  творчест- 
восының  психологиясын  терең  ашады  жəне 
оның  шығармаларын  нəрлендірген,  туғызған 
себептерді – ақын творчесвосының түп төркінін 
де шынайы, нанымды көрсетеді» [2, 35].    
А.Нұрқатов  роман  поэтикасына  қатысты 
бірнеше  құнды  пікір  айтады.  Ол  ой-тұжы- 
рымдардың  əлі  күнге  маңызын  жоймағандығын 
айта  кеткендігіміз  жөн.  Біз  тоқталғалы  отырған 
сыншы  пікірлерінен  тұтасты  бөлшек  арқылы 
таныған байқампаздық пен  жазушы  шеберлігін 
танытатын  көздерді  дəл  аңғаратын  жітілікті 
байқадық.  Сыншы, ең алдымен, романның əсер- 
лілігін  күшейтетін  тəсілдерді  тап  басады. 
«Абай»  романының  бірінші  кітабында  жазушы 
ерекше  бір  суреттеу  тəсілін  қолданады.  Бұл- 
романда  суреттелетін  оқиғаларға  автордың 
көбінесе  өзінің  жас  геройының  көзімен  қарауы 
жəне  соның  түйсінулері  мен  сезінулері  арқылы 
бейнелеуі.  Міне,  осындай  көркемдік  ерекшелік 
романның  өн  бойына  аса  бір  тартымды,  əсерлі 
рең  беріп  отырады» [1, 39] деген  ой  тастайды. 
Сыншының  бұл  пікірі  бүгінгі  күн  тұрғысынан 
бағалағанда  соншалықты  өзекті  болмағанымен, 
роман  жазылған  уақыттың  ізін  ала  айтылған 
пікір екендігін ескерсек, маңызы сөзсіз артады.  
Сыншы  бір  мақаласында  Əуезовтің  Абай 
жайындағы  шығармасының  тереңдігі    мен  кең 
тыныстылығын  тануда  Ғ.Мүсірепов  тұжырым- 
дарының үлкен маңызы бар екендігін айта келіп, 
кейінгі  жылдардағы  зерттеулердің  кейбірі 
жазушы ойын қайталаумен шектелсе, екіншілері 
сондағы  айтылған  ойды  кеңейте,  қаза  зерт- 
теумен айналысуда  деген ой айтады. Шынында 
да,  Əуезов  шығармашылығына  қара  бұлт  
үйіріліп,  роман  мен  оның    авторының  тағ- 
дыры  сан  түрлі  пікірдің  талқысына  түскенде 
Ғ.Мүсірепов  айтқан  объективті  пікірдің  орны 
ерекше болғандығы сөзсіз. Сыншы үшін Мүсірепов 
сынды  сұңғыла  суреткер  пікірінің  қаншалықты 
əсері  болғандығын  дəл  айту  қиын,  десек  те 
Нұрқатовтың  жазушы  шеберлігін  байқататын 
тəсілдерді  дөп  басып  айтудағы  қырағылығы 
таңдандырмай қоймайды.   
А.Нұрқатов  романдағы  табиғат  суретінің 
сан қырлы көркемдік қызметін саралап көрсетіп 
береді. Романның алғашқы кітабындағы табиғат 
суреттерінің  өзіндік  ерекшелігі  бар  екендігін 
айтады.  Алғашқы  романдағы  табиғат  суреті 
Абайдың  көзқарасын,  сезімі  мен  жан  толқын- 
дарын  астарлы  түрде  ашады  дейді  сыншы.  
«М.Əуезов табиғат суретін беруде де өзін үлкен 
суретші  ретінде  көрсетеді. «Абай»  жəне  «Абай 
жолы»  романдарынан  қазақ  совет  əдебиетіндегі 
пейзаждың  классикалық  үлгілері  болып  табы- 
латын тамаша табиғат суреттерін кездестіреміз... 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010
 
 
274
Табиғат  суретін  беру  Əуезов  үшін  дара  мақсат 
емес,  ол  пейзажды  өзінің  авторлық  идеясына 
сəйкестендіріп,  үнемі  құбылтып,  құлпырта 
отырып  қолданады» [2, 126]. Сыншы  сонымен 
қатар  табиғат  суретінің  кейіпкер  табиғатын 
тануға  əсер  ететін  көркемдік  қызметін  де  атап 
өтеді.  Нақтырақ  айтсақ,  Нұрқатов  Абайдың 
көңіл-күйіне  байланысты  алынған  табиғат 
суреттеріне  ақын  сезіміне  лайық  бояулар  мен 
өрнек-нақыштар  мол  араласып  отырса,  Əбіштің 
түйсінулері 
арқылы 
берілетін 
пейзаждық  
көріністер  басқа  бір  алуан  болып  келетіндігін 
ескертеді.  
Табиғат  суреті  кейде  болғалы  тұрған 
оқиғаға  көркем  мекен  ретінде  алынады  да,  сол 
арқылы  оқушыны  психологиялық  тұрғыдан 
дайындайды  дейді  сыншы.  Мұнымен  қоса, 
сыншы-қаламгер  пейзаж  шығарманың  оқиғала- 
рын  дамытуға  септігін  тигізіп,  оларды  өзара 
тұтастырып,  мотивировкалық  қызмет  те  атқа- 
ратындығына  назар  аударады.  Нұрқатов  Əуезов 
шығармаларындағы  пейзаждың  көркемдік  қыз- 
метін барынша толық сараптау мақсатында тағы 
да бірнеше ерекшелікті  атап өтеді. Соның бірі- 
пейзажды  жазушының    жанама  мінездеуде    де 
сəтті қолдануы.  «Абайдың өз өлеңдеріндегі пей- 
зажды  да  шеберлікпен  пайдалана,  бере  білгенін 
байқау  қиын  емес»  деген  сыншы  пікірінің 
маңызы өз алдына. А. Нұрқатов ойын романнан  
 
алынған  үзіндімен  дəлелдейді. «Роман  геройы 
мен  Абайдың  өз  өлеңдеріндегі  лирикалық 
геройдың  түйсінулері,  тебіреніс-толғаныстары 
мен ой-сезімдері осылайша өзара ұласып келетін 
мұндай  эпизодтар  М.Əуезов  эпопеясында  мол 
ұшырасады» [2, 128] дейді.   
Табиғат суретінің жоғарыда айтқан  көркем- 
дік  қызметінің  бар  қырынан  сəтті  шығуына  
жазушы тілінің суреттілігінің  зор əсері болған- 
дығы сөзсіз. «Енді біраз тұрғанда Абай көзі тағы 
да  жылжып  өтіп,  əр  сəтін  айқын  танытып  бара 
жатқан  бейуақ  мезгілін  аңғарады.  Кеш  жеңіп 
келеді.  Көлеңкелер  тұтасып  барады»  деген 
жолдардағы  суретті  тек  көріп  қана  қоймайсың, 
сезінесің  дейді  сыншы.  Абай  лирикасымен 
астасып  жатқан  романдағы  табиғат  суретінің 
сезімге  əсер  беріп,  оқырманның  көңіл  көзін 
ашпауы мүмкін де емес.  
_________________ 
1.  Нұрқатов  А.  Мұхтар  Əуезов  творчествосы / 
Сахариев Б. Алғысөз.  - Алматы: Жазушы, 1965. -400 б. 
2.  Нұрқатов  А.  Мұхтар  Əуезов  творчествосы. –Ал- 
маты: Жазушы, 1965. -400б. 
* * * 
В  этой  статье  дается  анализ  научных  взглядов 
известного критика А.Нуркатова на прозу М.Ауезова. 
* * * 
Making  analysis of  A. Nurkhatov s  scientific  inferences   
which  concern  M.Auezov s  prose  is  considered  in   this  
article. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 
 
275
ТІЛДІ ЖƏНЕ ƏДЕБИЕТТІ ОҚЫТУ ƏДІСТЕРІ 
МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ
 
 
 
Қ. Б. Абирова 
 
АДАМГЕРШІЛІККЕ ТƏРБИЕЛЕУДЕГІ ХАЛЫҚ АУЫЗ ƏДЕБИЕТІНІҢ 
МҮМКІНДІКТЕРІ 
 
 
Кішілік пен ақ пейілділік – ұлылықтың белгісі. 
(Махмұд Қашқари). 
 
Қазақстан  Республикасының 2007 жылғы 
«Білім  туралы»  заңында,  білім  беру  жүйесінің 
міндеттерінің бірінде: 
«а)  ұлттық  жəне  жалпы  адамзаттық  құн- 
дылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері 
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамыту- 
ға  жəне  кəсіптік  шыңдауға  бағытталған  сапалы 
білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; 
ə)  жеке  адамның  шығармашылық,  рухани 
күш-қуат  мүмкіндіктерін  дамыту,  адамгершілік 
пен  салауатты  өмір  салтының  берік  негіздерін 
қалыптастыру,  даралықты  дамыту  үшін  жағдай 
жасау арқылы ой-өрісін байыту,» - делінген. 
Адамгершілік  ұғымы – адамдардың  күнде- 
лікті  қарым-қатынасына  байланысты  гуманизм 
принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет/1/. 
Яғни,  адамгершілік  ұғымын – қоғамдық 
қатынастардың тарихи-мəдени дамудағы рухани 
қажеттіліктің  нəтижесі  деп  түйіндеуімізге 
болады. 
Баланың  адамгершілігі  мен  мəдениетін  қа- 
лыптастыру тəрбиесін жүзеге асыру проблемасы 
педагогикада  өзекті  мəселелердің  негізгісі.  Ал, 
тəрбие дегеніміздің өзі – адамның жан дүниесін 
ізгілікке  баулу  болып  табылады.  Осы  орайда 
Мағжан  Жұмабаевтың: «Жер  жүзіндегі  басқа 
жан  иелерімен  салыстырғанда  адам  баласы 
туғанда  өте  əлсіз,  зағып,  осал  болып  туады. 
Малдың  төлі  туа  сала  аяқтанады.  Тауықтың 
балапаны  жұмыртқадан  жарылысымен  жүгіріп 
кетеді.  Ал  адам  туғанда  іңгəлаған  айғайы  мол 
берік кесек ет. Ақылы, есі жоқ. Денесі тым əлсіз, 
өсуі,  ұлғаюы  тым  сараң,  тым  шабан.  Мінеки, 
адам  баласы  осылай  өте  əлсіз  болып  туып,  аса 
сараң өсетіндігінен, оның денесіне, жанына азық 
беріп  өсуіне  көмек  көрсетпей,  яғни  оны  тəрбие 
қылмай  болмайды,» -деген  пікірінде  де 
тəрбиенің  өзіндік  ерекше  функциясын  аша 
түседі. 
Адамгершілік тəрбиесі – тұлғаның адамгер- 
шілік  сана-сезімін,  іс-əрекетін  қалыптастырып, 
құндылық  бағдарын  айқындайтын  тəрбие.  Бұл  
 
 
тəрбиенің  түрі  адамгершілікке  негізделген  қа- 
рым-қатынас  тəрбиесін  игертеді. ...білім-білік, 
дағдыларды  игертумен  бірге  тұлғаның  ар-ұж- 
данын,  танымдық  қызығушылығын  кешенді 
түрде дамытады /1/. 
Адамгершілік  тəрбиесінің  нəтижесі – адам- 
дық  тəрбие.  Ол  тұлғаның  қоғамдағы  бағалы  қа- 
сиеттері  мен  сапаларын  қарым-қатынас  бары- 
сында  қалыптастырады.  Рухани  адамгершілік 
тəрбие – бұл  түзу  дағдылар  мен  өзін-өзі  ұстау 
дағдыларының  нормалары,  ұйымдағы  қарым-
қатынас  мəдениетінің  тұрақтылығын  қалыптас- 
тырады.  Сондай-ақ,  адамгершілік  тəрбиесі – 
белгілі  бір  мақсатқа  негізделген  көзқарасты, 
мінез-құлық дағдылары мен əдеттерді қалыптас- 
тырудағы  жəне  адамгершілік  сезімді,  қарым-
қатынасты дамытуда, жалпы адамзаттық құрам- 
дас бір бөлігі. 
Қоғам  үшін  құнды  адамгершілік  əдеттерді 
қалыптастыру  баланың  адамгершілік  норма- 
ларын  ұғынуын  жəне  өзінің  ішкі  түрткілерін, 
уəждерімен  қалау  сезімдерін  саралау  қажет. 
Баланың адамгершілік мінез-құлқы оның қоғам- 
ға,  адамдарға,  өзіне,  дүниеге,  табиғатқа  деген 
қатынасын  көрсететін  қылықтарынан,  сонымен 
бірге  тұрақтылыққа,  орнықтылыққа  апаратын 
адамгершілік əдеттерінен құралады. 
«Адамгершілік қасиеттері мəдениетті мінез-
құлықты  қалыптастырумен  байланысты – деп 
көрсетеді  Төлеубекова  Р.К. – балаларды  жас 
кезінен-ақ  жақсы  əдет-ғұрыпқа  дағдыландыру, 
оларды  адамдарға  жақсылық  жасауға  үйрету,  
үй  тұрмысындағы  жоғары  мəдениетке  деген 
сүйіспеншілік  дарыту  өте  маңызды.  Мəдениетті 
мінез-құлыққа  тəрбиелеу – ұзақ   уақытты  керек 
ететін  күрделі  процесс.  Оны  берік  қалыптас- 
тырып,  баянды  етуге  тек  мектептің,  семьяның, 
балалар  мен  жастар  ұйымдарының  күнделікті 
тəрбие  жұмыстары  арқылы  ғана  қол  жеткізуге 
болады /2;17/,» - дейді. 
Негізгі  адамгершілік  сапалар – тазалық, 
əділдік,  борыш,  ұқыптылық,  жауапкершілік,  ар, 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010
 
 
276
намыс,  гуманизм,  еңбексүйгіштік,  үлкенді  сый- 
лау сияқты қасиеттерді жатқызамыз. 
Халықта: “Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны 
iлерсiң” деген мақал бар. Тəлiм – тəрбие болма- 
ған жерде адамгершiлiк мəдениеттiң ұшқыны да 
көрініс таппайды. 
Адамның  адамгершiлiгi – оның  жоғары 
қасиетi,  былайша  айтсақ,  кiсiлiгi.  Оның  негiзгi 
белгiлерiнiң  бiрi – адамдық  ар-намысты  ардақ- 
тау,  əр  уақытта  жақсылық  жасауға  ұмтылу, 
соған дайын болуды айтамыз.  
А.И.  Левшин: «Қазақтардың – басқа  Азия 
халықтарына  қарағанда,  қайырымдылық,  адам- 
ды аяу, қарттарға құрмет көрсету, баланы аялап, 
жанындай  жақсы  көруі – айрықша  қасиет»  - 
деген  көзқарас  білдіреді.  Яғни,  бұл  көзқарас 
бойынша  қазақ  елінің  рухани  байлығын  көр- 
сетеді. 
«Адамға  ең  бiрiншi  керегi  бiлiм  емес,  тəр- 
бие. Тəрбиесiз бiлiм – адамзаттың қас  жауы, ол 
келешекте  оның  өмiрiне  апат  əкеледi»-  деп  Əл-
Фараби айтқандай, педагогика ғылымы зерттей- 
тiн негiзгi категорияларының бiрi – тəрбие. 
Тəрбие  адам  тағдырын  ойластырады,  бол- 
жайды,  алдын-ала  адамның  рухани  өмiрiнiң 
көптеген  негiздерiн  сақтайды,  тəрбие  алыс  пен 
жақын  адамдарға  жəне  өзiн  қоршаған  ортаға 
қатынас  орнатады.  Тəрбие – ұлылар  өсиетiн 
сақтата  отырып,  олардың  адамгершiлiк  құнды- 
лықтарын  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткiзедi.  Адам 
тiршiлiгiне  тек  қана  материалдық  жағдайлар 
ғана емес, тəрбие – адамзат тiршiлiгiнiң мiндеттi 
шарты  екені  белгілі.  Олай  болса,  болашақ  ізба- 
сарларға  адамгершілік  қаситтерді  қалыптас- 
тыруда  ойындардың,  ертегі-аңыздардың,  мақал-
мəтел,  жұмбақтардың  орны  ерекше.  Ертегі  мен 
аңыздар баланың тұлғалық дамуын жеделдетеді. 
Өзінше  қиялдауға  жетелейді.  Ол  дегеніңіз, 
болашақта  шығармашылыққа  апаратын  баспал- 
дақ.  Ал,  мақал-мəтелдер,  жұмбақтар,  салт-
дəстүрлер  де  бала  жанын  ізгілікке  тəрбиелейді. 
Сонымен  бірге,  ұлттық  мінез,  қалып,  түсінік, 
бояу,  бір  сөзбен  айтқанда,  ұлттық  тəрбиеге 
баулиды.  Демек,  адамгершілік  тəрбиенің  мəнін 
аша түседі.  
Орыстың  ұлы  жазушысы  М.  Горький: 
«Халықтың  өткендегі  тарихын,  тұрмыс  тіршілі- 
гін,  əдет-ғұрпын,  ұрпақ  тəрбиелеу  тəсілін 
жақсылып  зерттейміз  десек,  ауыз  əдебиетін 
білуге  тиіспіз!» - деген  болатын.  Бүгінде  бала- 
ның  рухани  дүниесін  байытып,  жан  дүниесін 
ізгілікке  баулу,  ең  əуелі – халықтың  ауызша 
шығарған шығармаларынан бастаған абзал. 
Ауыз  əдебиеті  шығармаларында  халық- 
тың  дүниетанымы,  өмірге  көзқарасы  көрінеді, 
халықтың ұғымы мен түсінігі байқалады. Халық 
ауыз  əдебиетін  халықтың  ауызша  шығарған, 
ауыз  екі  түрінде  таратқан  сөз  маржандары 
құрайтыны  белгілі.  Ауыз  əдебиеті  ғылыми 
термин ретінде «фольклор» деп аталады. Алғаш 
1846  жылы  ағылшын  ғалымы  У.Дж.  Томсон 
енгізген  бұл  термин  ағылшынша – халық  дана- 
лығы (folk – халық, lore – білім, даналық) деген 
ұғымды  білдіреді.  Фольклор  ұғымы  алғашында 
халықтың  рухани,  кейде  материалдық  деп 
түсінгенімен, уақыт өте келе бұл ұғымның аясы 
тарылып,  оған  ел  арасындағы  аңыз-əңгімелерді, 
ертегілерді,  өлең  жырларды,  мақал-мəтелдерді 
тағы  басқа  халықтың  шығармашылықтарын 
жатқызды. 
Жазу-сызу болмаған заманда педагогикалық 
идеяларды ұрпақтан-ұрпаққа, осы ауыз əдебиеті 
мұралары  негізінде  жалғасын  тапты.  Аңыз-
əңгімелер,  ертегілер,  батырлар  жырларында, 
мақал-мəтелдерде  жəне  шешендік  сөздердегі 
мəнді  педагогикалық  ойлар  мен  тұжырымдарда 
бейнеленді. 
Халық  ауыз  əдебиетінің  мазмұнында  гума- 
низм,  патриотизм,  еңбек  сүйгіштік,  адалдық, 
сабырлық,  табандылық,  кішіпейілділік  сияқты 
адамгершілік  қасиеттер  негізгі  орынға  ие.  Сон- 
дықтанда  қазақ  халқының  ауыз  əдебиеті  жас 
ұрпақты  патриотизм  рухында,  Отанын,  елін, 
тілін сүюге, оның мəдени байлығын, өткені мен 
бүгінгісін  қастерлеу  рухында,  адамгершілік 
қасиетті иемденген тұлға ретінде тəрбиелейді. 
«Халық  əдебиетінің  басқа  түрлері  секілді, 
ертегілер  де  адам  баласының    еңбек  кəсіп  ету, 
тұрмыс-тіршілік    құру  тəжірибесіне  байланыс- 
ты  туған.  Жаратылыс  құбылыстарын,  табиғат 
сырын  жетік  білмеген,  олардың  неліктен  бо- 
латындығын  толық  түсінбеген  ертедегі  адам- 
дар  əр  нəрсені  қиял  еткен;  өздерінің  ауыр 
еңбектерін  жеңілдету  жайын  қарастырған.  Бұл 
жөнінде ұғым-түсініктерін, нанымы мен сенімін 
əңгімелеп  айтатын  болған.  Сөйтіп  ертегі-
əңгімелердің  алғашқы  үлгілері  туған,» - деп  М. 
Ғабдуллин, ертегі жайлы мəлімет береді. 
Қазақ  ертегілердің  мазмұнындағы  ерекше- 
ліктеріне байланысты: 
1.  Қиял-ғажайып ертегілер; 
2.  Хайуанаттар жайындағы ертегілер; 
3.  Тұрмыс-салт ертегілері жəне аңыздар. 
Қайсы  бір  ертегіні  алмайық  адам  жанын 
ізгілікке  баулудың  элементтері  кездеседі.  Мы- 
салы, «Ертөстік», «Жеті  өнерпаз», «Сырт- 
тандар», «Алтын  сақа», «Тепең  көк», «Мақта 
қыз  бен  мысық», «Аяз  би», «Үш  ауыз  сөз»  
жəне т.б. ертегілер баланы адами тəрбиеге жете- 
лейді. 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №6 (130). 2010 
 
277
Халық  ауыз  əдебиетінің  бір  түрі – аңыз-
əңгімелер, бала қиялын дамыта отырып ізгілікке 
баулуда  құнды  шығарманың  бір  түрі.  Аңыз-
əңгімелердің  мазмұны – жамандықтан  жиреніп, 
жақсылыққа  ұмтылуды  суреттейді.  Мысалы, 
«Екі дос», «Сыншының баласы», «Қос қырсық», 
«Ақылгөй  торғай», «Байлық  пен  ақыл», «Екі 
батыр», «Молда мен  бала», «Бір  басқа бір  сөз», 
«Құмырсқа», « санасыздың сазайы», жəне т.б. 
«Қос қырсық» атты аңыз-əңгімеде:  
«Бір  күні  дастарқан  басында  екі  қырсық 
ұшырасып  қалады.  Алдарында  сынық  сүйем 
шұжық бар екен. 
- Сен тура, - дейді біріншісі. 
- Жоқ сен тура, - дейді екіншісі. 
- Жоқ, сен тура. 
- Сен тура. 
Екеуі шұжықты біріне-бірі итереді. Əрі-бері 
ысырысып  отырғанда,  шұжық  еденге  түсіп 
кетеді. Енді олар: 
- Сен көтер. 
-  Жоқ,  сен  көтер, - деп  ерегеседі  бірімен- 
бірі. 
Ертеден  бері  терезе  алдында  басын  қисай- 
тып,  қызығып  отырған  мысық  сол  сəтте  еденге 
секіріп түсіп, шұжықты ала қашады. 
-  Сен қу. 
-  Жоқ, сен қу,- деп, қос қырсық ауыздары 
аңқиып қала беріпті»/3; 313-314/. 
Бұл шығарма арқылы бала күнделікті өз бет-
бейнесін  көруі  мүмкін.  Яғни,  осындай  шығар- 
маларды  оқу  барысында  бала  өз  ішінен  өз 
қимылын  талдайды.  Өзін-өзін  саналы  түрде 
тəрбиелейді. 
Мақал-мəтелдер  жайында,  М.  Горький  бы- 
лай дейді: 
«Адамдардың еңбек процесінің нəтижесінде 
ертеде  пайда  болды.  Бұл  көркем  өнердің  пайда 
болуына    адамдардың  еңбек  тəжірибесін  сөздік 
формада  ұйымдастыруға  ұмтылу  себеп  болған 
еді», - деген  сипаттама  береді.  Оқырманды 
еңбексүйгіштікке,  имандылыққа,  жақсылық  жа- 
сауға, оқуға, ізеттілікке, əділдікке, өз елін сүюге 
баулиды.  Еңбек  адамды  мұратына  жеткізудің  
 
 
 
 
 
баспалдағы  секілді. «Еңбегі  бардың – өнбегі 
бар», «Еңбексіз  тапқан  мал,  есепсіз  кетер», 
«Түстік  өмірің  болса,  кештік  мал  жина»,  деген 
сияқты  мақалдарды  балаға  оқып  беріп,  бірге 
талдау  қажет.  Сонда  бала  бұл  сөздің  мəніне 
үңіліп санасының қойнауында сақталып қалады.  
«Ердің  екі  сөйлегені  өлгені», «Қоянды – 
қамыс  өлтіреді,  ерді – намыс  өлтіреді», «Ел-
жұрты бардың жұтамы жоқ», «кісі елінде сұлтан 
болғанша,  өз  еліңде  ұлтан  бол», «Жақсы  сөз – 
жарым  ырыс», «Ақымақпен  тойға  барғанша. 
Ақылдымен  бірге  тас  тасы», «Шын  жомарт 
жоқтығын  елемейді,  шын  жүйрік  тоқтығын 
елемейді»  деген  сияқты  басқа  да  мақалдарды 
баланың  жас  кезінен  бастап  үйретіп,  бірге 
талқылап  жатсақ  баланың  рухани  дүниесін 
байытатынымыз  белгілі.  Бір  баланы  біз  бір 
қоғам  ретінде  қарауымыз  керек.  Себебі,  бүгінгі 
жас  бала  ертең  қоғамның  дамуы  немесе  құл- 
дырауына  бірден-бір  себеп  болатын  тұлға  екені 
белгілі. 
Қорытындылай  келе,  ертеңгі  еліміздің 
болашағы  осы  өскелең  ұрпақтың  қолында  деп 
жатамыз. Ал қазақ елінің іргесін берік ұстайтын 
қазақ  жастары,  əрине,  қазақ  азаматы  деген  атқа 
лайық  болуы  қажет.  Адам  өз  тарихын,  əде- 
биетін, тілін, ділін білмесе өз жерінде тұра, онда 
бұл  елдің  құлауының  көрінісі  болса  керек. 
Сондықтан  да  бүгінгі  өскелең  ұрпақты  халық 
ауыз əдебиетінің сөз маржандарымен сусындата 
отырып, адамгершілікке баулудың маңызы зор.  
________________ 
1.  Қазақ  тілі  терминдерінің  салалық  ғылыми  түсін- 
дірме  сөздігі.  Педагогика  жəне  психология. -Алматы: 
«Мектеп» 2002. 
2.  Төлеубекова  Р.К.  Адамгершілік  тəрбиенің  негіз- 
дері. -Алматы,1991. 
3.  Ел аузынан. Құрастырушылар: Адамбаев Б., Жар- 
қынбекова Т.  –Алматы, 1992, 365 бет. 
* * * 
В  этой  статье  рассматривается  нравственное  воспи- 
тание  подрастающего  поколения  на  устном  народном 
творчестве. 
* * * 
Moral upbringing of our rising generation which based on 
oral folk creation is considered  in this article. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №6(130). 2010
 
 
278
Т. И. Акешеева 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет