Казахский национальный



Pdf көрінісі
бет13/54
Дата22.12.2016
өлшемі2,7 Mb.
#281
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   54

70 
законность  с  деятельностью  людей,  с  их  правомерными  поступками,  с  их  отношениями, 
развивающимися  на  основе  и  в  рамках  закона.  При  таком  отождествлении  смысловые  оттенки 
понятий «законность», «правопорядок» выявить сложно.  
В  правовой  системе  общества  есть  три  категории,  соотношение  которых  целесообразно 
проследить.  Их  внутренние  взаимосвязи  настолько  сложны  и  многообразны,  что  трудно  уловить 
зависимости и провести различие. Такими категориями являются право, законность и правопорядок. 
Они имеют много общего, слишком высока степень их взаимопроникновений и зависимостей.  
Свойства  этих  категорий  переходят  из  одного  в  другое  качество  анализируемых  явлений.  Так, 
например, упорядоченность, с одной стороны, есть результат осуществления права и законности, а с 
другой  –  их  важнейшее  свойство.  Долгое  время  в  содержание  законности  и  правопорядка 
вкладывалось выполнение законов и поэтому различие между ними не проводилось.  
Эти  категории  формируются  на  одних  принципах,  взаимосвязаны  с  государственной  властью,  у 
них  единое  государственно-волевое  содержание  и  интересы.  Они  связаны  с  правами,  свободами  и 
обязанностями,  ответственностью  граждан,  субъектов  права,  имеют  формальную  нормативную 
определенность  и  т.д.  Но  это  не  отрицает,  а  предполагает  наличие  принципиальных  отличий, 
определяющих их качественную самостоятельность.  
Право,  законность,  правопорядок  -  различные  по  содержанию  и  характеру  категории:  право  - 
установленная  законом  государственная  воля  и  интересы,  их  объективированная  форма,  имеющая 
нормативную  определенность;  законность  -  качественная  сторона  правовой  деятельности  субъектов 
права  и  их  поведения;  свойство  метода,  принципа,  режима;  правопорядок  -  состояние  правовой 
жизни общества, упорядоченная система правовых отношений и их свойств.  
Право,  законность,  правопорядок  выступают  также  различными  этапами  реализации  воли  и 
интересов власти и народа: право - начальный этап, как оформление воли и интересов в обязательные 
для  всех  правила,  их  объективирование;  законность  -  реализующееся  право,  правовое  качество 
нормативных и правореализационных актов, процесса их реализации; правопорядок - претворенное в 
жизнь право, реализованные воля и интересы государственной власти и народа.  
Право,  законность,  правопорядок  несут  различную  правовую  функциональную  нагрузку.  Право, 
законы - юридическая основа правопорядка, законность - средство его установления, правопорядок - 
результат осуществления права и законности, упорядочивающий социальную жизнь.  
Право  и  законность  -  своеобразные  инструменты,  позволяющие  решать  поставленные  задачи  и 
достигать цели. Есть законность -  есть и правопорядок. Нет законности -  есть беззаконие, произвол, 
анархия.  Поэтому  прочность  и  совершенство  правопорядка  находятся  в  прямой  зависимости  от 
законности, от этого качества нормотворческого и правореализационного процесса.  
Если  право,  законы  выступают  как  возможность  регулирования  общественных  отношений,  то 
законность - реальность их реализации, а правопорядок - осуществленность, действительность. Если 
законность  выступает  качеством  нормотворческого  и  правореализационного  процессов,  то  в 
правопорядке  она  выступает  одним  из  существенных  проявлений  состояния.  Простыми  словами, 
если законность выступает как причина, то правопорядок – это следствие. 
Каждая  из  форм  проявления  законности  имеет  свои  определенные  последствия.  Их  нельзя 
включать в понятие законности, как нельзя смешивать причину и следствие. Требования законности 
в нормотворческом процессе обусловливают стройную и разветвленную систему демократического и 
справедливого законодательства. Требования законности в правореализационном процессе приводят 
к устойчивым правоотношениям, обеспечивают правовой порядок [3]. 
Поэтому  право,  правоотношения,  правопорядок  есть  результат  осуществления  законности  в  ее 
качественных  параметрах.  Эти  характерные  черты  переходят  на  право,  правоотношения, 
правопорядок. Поэтому речь идет не  о любом законе, правоотношении, порядке, а об определенных 
их качественных характеристиках.  
В  заключение  хотелось  бы  отметить,  что  на  путях  законности,  демократии  и  справедливости 
формируется правовой порядок. На путях беззакония, произвола и несправедливости он разрушается. 
Эти  противоположности  обусловливают  определенную  тенденцию  правового  развития.  Государства 
и люди не могут быть снисходительными к этим направлениям.  
 
 
1. Теория государства и права: Курс лекций / Под ред. проф. М.Н.Марченко. - М.: Зеркало, ТЕИС, 1999. – С. 290. 
2. Шабуров А.С. Законность и правопорядок // Теория государства и права: Учебник для вузов. - М.: Норма, 1997. - С.457. 
3. Алексеев С.С. Общая теория права. - М., 1981. - Т.1. - С. 235. 
 
*** 
Нұрпейісов  Дауренің  осы  мақаласы  осы  заманның  өзекті  проблемасын -  құқықтық  тәртіпті  нығайту мәселелерін  зерттейді. 
Автор осы мәселесінің теориялық жайларын ашып жатыр, атап айтқанда негізгі құқықтық мәселе ретінде қарастырады. 
 

Вестник КазНУ. Серия юридическая. № 2(50). 2009                                                                                       
 
 
71
*** 
Given  article  of  Nurpeissov  Dauren  considers  aspects  of  one  of  actual problems  of  the present  -  strengthening  of  the  law and 
order. The author opens separate theoretical positions of the given problem, namely the analysis of the law and order as conditions of 
actual orderliness of the public relations expressing real, practical realization of requirements of legality. 
А.И. Даркенбаев 
 
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТТЕРІ 
 
“Қазақстан  халқы  Ассамблеясы”  тарихына  тоқталатын  болсақ,  сонау  1992  жылы  Қазақстан 
халықтарының  1-ші  форумында  мемлекет  басшысы    Н.Ә.  Назарбаев  “Қазақстан  халықтары 
Ассамблеясын”  құру  туралы  тың  идея  ұсынған  болатын.  Сол  идея  1995  жылы  1  наурыз  күні 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Жарлығымен  ел  тарихында  тұңғыш  рет  “Қазақстан 
халықтары Ассамблеясы” құрылды. 
“Қазақстан  халқы  Ассамблеясының”  пайда  болуы,  еліміздің  ішкі  және  сыртқы  саяси  ахуалына 
елеулі  оң  әсерін  тигізді.  Осы  жөнінде  БҰҰ-ның  бұрынғы  хатшысы  К.  Аннан  бұл  теңдесі  жоқ  ұйым 
туралы  өте  жоғары  пікір  білдірді:  “Қазақстан  бүгінгі  таңда  басқа  мемлекеттердің  тұрақты  дамуына, 
ұлтаралық  келісімнің  үлгісіне  айналып  отыр.  “Қазақстан  халықтары  Ассамблеясы”  қызметінің 
арқасында  әр  түрлі  этникалық,  мәдени,  діни  топтар  мемлекетте  өздерінің  өміріне  қатысты  маңызды 
мәселелерді шешуге қол жеткізіп отыр”, - деп өз ойын білдірді. 
Көптеген шетелдік және отандық БАҚ өкілдері қазақстандық даму моделі туралы әңгіме қозғалып 
жүр.  Себебі,  бүкіл  әлем,  соның  ішінде  еуропалық  мемлекеттер  Қазақстанда  болып  жатқан 
өзгерістерден  қалыс  қала  алмайды.  Себебі,  Қазақстан  бәрімізге  белгілі  2010  жылы  ТМД 
мемлекеттерінің арасында тұңғыш рет ОБСЕ-ге төрағалық етеді. Сондықтан да Қазақстанға көз тігуі 
айтпаса да түсінікті. 
Сол  себепті  де,  қазақстандықтардың  алдында  қоғамды  одан  әрі  демократияландыру  мен 
азаматтық қоғам институттарын дамытуға бағытталған шараларды жүзеге асыру міндеті тұр. 
2002  жылы  сәуір  айында  Қазақстан  Республикасының  Президенті  “Қазақстан  халықтары 
Ассамблеясының” 2007 жылға дейінгі даму стратегиясы туралы Жарлыққа қол қойды. 
Ал  “Қазақстан  халықтары  Ассамблеясы”  қызметі  тарихындағы  елеулі  оқиғалардың  бірі  2007 
жылғы  21  мамырдағы  елімізде  орын  алған  Конституциялық  реформаның  нәтижесінде  “Қазақстан 
халықтары Ассамблеясы” Конституциялық статусқа ие болады. Оны еліміз тарихында алтын әріппен 
жазылатын  саяси  оқиға  деп  бағалауымыз  қажет.  Қазақстандағы  ұлттық  саясаттың  құқықтық  негізі, 
әрине Конституция болып табылады. 
Жаңа мәтінмен толықтырылған Конституциямыздың 51-бабына сәйкес “Мәжілістің 98 депутатын 
сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге 
асырылады.  Мәжілістің  9  депутатын  “Қазақстан  халықтары  Ассамблеясы”  сайлайды.  Мәжіліс 
депутаттарының  кезекті  сайлауы  Парламенттің  жұмыс  істеп  тұрған  сайлану  өкілеттігінің  мерзімі 
аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі” делінген. 
Қазақстан халықтары Ассамблеясына конституциялық құқықтық мәртебенің берілуі бір жағынан 
“Қазақстан  халықтары  Ассамблеясы”  үшін  үлкен  мәртебе  болғанымен,  екінші  жағынан  оларға 
күрделі міндеттер жүктеліп отыр. 
Қазіргі  таңда  “Қазақстан  халықтары  Ассамблеясы”    қызметін  реттейтін  негізгі  құқықтық 
құжаттардың  қатарына  Қазақстан  Республикасы  Конституциясын,  Қазақстан  Республикасы  тұңғыш 
Президенті  туралы  заңы,  “Қазақстан  халықтары  Ассамблеясы”  стратегиясын  және  де  “Қазақстан 
халықтары Ассамблеясы” туралы арнайы заңды жатқызуға болады. 
Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  туралы  2008  жылғы  20  қазанда  қабылданған  заңға  сәйкес 
“Қазақстан  халқы  Ассамблеясы”  (бұдан  әрі  -  Ассамблея)  –  заңды  тұлға  құрылмай,  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  құратын,  мемлекеттік  ұлттық  саясатты  әзірлеуге    және  іске  асыруға 
ықпал ететін мекеме. 
Ассамблея  өз қызметін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырады. 
Облыстардың  (республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың)  ассамблеялары  -  облыстардың 
(республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың)  әкімдері  жанындағы  заңды  тұлға  құрылмай, 
қызметін Ассамблея үйлестіретін мекемелер [1, 2 б.]. 
Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі мақсаты қазақстандық патриотизмді, ұлт бірлігін және 
ұлт  аралық  татуластықты  сақтауға  қызмет  ету  болып  табылады.  Сонымен  қатар  Қазақстан  халқын 
топтастырудың ұйытқысы да және этносаралық келісімді қамтамасыз етуші құрылым. 
Қазақстан халқы Ассамблеясы  елімізде белгілі бір негізгі міндеттерді атқаратын ұйымға жатады. 
“Ассамблеяның негізгі міндеттері мыналар: 

ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы. № 2 (50). 2009
 
72 
1)  Этносаралық  қатынастар  саласында  мемлекеттік  органдармен  және  азаматтық  қоғам 
институттарымен  тиімді  өзара  іс-қимылды  қамтамасыз  ету,  қоғамда  этносаралық  келісімді  және 
толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау; 
2)  Халық  бірлігін  нығайту,  қазақстандық  қоғамның  негіз  қалаушы  құндылықтары  бойынша 
қоғамдық келісімді қолдау және дамыту; 
3)  Қоғамдағы  экстремизмнің  және  радикализмнің  көріністері  мен  адамның  және  азаматтың 
құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік 
органдарға жәрдемдесу; 
4)  Азаматтардың 
демократиялық 
нормаларға 
сүйенетін 
саяси-құқықтық 
мәдениетін 
қалыптастыру; 
5)  Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық 
бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету; 
6)  Қазақстан  халқының  ұлттық  мәдениетін,  тілдері  мен  дәстүрлерін  өркендету,  сақтау  және 
дамыту болып табылады” [2, 2 б.]. 
Қазақстан халықтар Ассамблеясының қызметінің негізгі бағыттарына мыналар жатады: 
1)    мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесу; 
2)  қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға жәрдемдесу; 
3)  мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту; 
4)  этносаралық саладағы өңірлік саясатты жетілдіру; 
5)  демография  және  көші-қон  саласындағы  жоспарлар  мен  іс-шараларды  әзірлеуге  және  іске 
асыруға қатысу; 
6)  елде және  шет  елдерде этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін 
насихаттау; 
7)  этносаралық  келісімге  қол  жеткізуге  бағытталған  ағартушылық  және  баспасөз  қызметін 
жүзеге асыру; 
8)  этносаралық  қатынастар  жай-күйінің,  оның  ішінде  мемлекеттік  тіл  мен  Қазақстан  халқының 
басқа да тілдерін қолдану саласында мониторингті жүзеге асыру; 
9)  мемлекеттік  ұлттық  саясат  мәселелері  жөніндегі  заң  жобаларын  қоғамдық-саяси  сараптама 
жасауға қатысу; 
10)  шет  елдердегі  қазақ  диаспорасына  ана  тілін,  мәдениеті  мен  ұлттық  дәстүрлерін  сақтау  және 
дамыту, оның тарихи Отанымен байланыстарн нығайту мәселелерінде қолдау көрсету; 
11)  этносаралық  қатынастар  саласындағы  келіспеушіліктер  мен  дауларды  реттеу,  қақтығысты 
жағдайларды  болдырмау  жөнінде  ұсыныстар  әзірлеу  және  практикалық  шараларды  іске  асыру  және 
оларды шешуге қатысу; 
12)  этномәдени қоғамдық бірлестіктерге  әдістемелік, ұйымдастырушылық және құқықтық көмек 
көрсету; 
13)  этносаралық  қақтығыстар  мәселелері  бойынша  мемлекеттік  органдар  мен  қоғамлық 
бірлестіктердің диалогын қамтамасыз ететін семнарлар, конференциялар өткізу, өзге де іс-шараларды 
жүзеге асыру; 
14)  этносаралық және  конфессиаралық  келісімді  қамтамасыз  ету  мәселелері  бойынша азаматтық 
қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; 
15)  Қазақстанның  басқа  да  этностарына  өздерінің  тарихи  отанымен  байланысын  дамытуға 
жәрдемдесу; 
16)  Этносаралық келісімге жәрдемдесетін және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы 
келмейтін өзге де қызмет болып табылады” [3, 3 б.].  
Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  өзінің  қызметін  жүзеге  асыру  барысында  адам  құқықтары  мен 
бостандықтарының басымдығына, халық пен мемлекет мүддесіне және жариялық қағидаларына және 
дербес  жауапкершілік  негізіне  сүйеніп,  өзінің  қызметін  жүзеге  асырып  отырады.  Бұл  айтылғанның 
барлығы ассамблеяның қызметінің басты қағидаларын құрайды. 
“Ассамблеяның  және  облыстар  (республикалық)  маңызы  бар  қала,  Астана    ассамблеяларының 
құрамы  Қазақстан  Республикасы  азаматтарының-этномәдени  және  өзге  де  қоғамдық  бірлестік 
өкілдерінің, мемлекеттік органдар өкілдерінің және олардың қоғамдағы беделі ескеріле отырып, өзге 
де адамдардың қатарынан қалыптастырылады. 
Ассмблеяға мүшелікке кандидатуралар: 
1)  Облыстардың  этномәдени  және  өзге  де  қоғамдық  бірлестіктерінің  ұсыныстары  негізінде 
облыстардың  (республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың)  ассамблеялары  сессияларының 
шешімі; 

Вестник КазНУ. Серия юридическая. № 2(50). 2009                                                                                       
 
 
73
2)  Ассамблеяға  мүшелікке  ұсынылатын  барлық  кандидатуралар  Ассамблея  Кеңесінің 
отырысында қаралады және оларды ассамблея Төрағасының орынбасарлары Қазақстан Республикасы 
Президентінің бекітуіне ұсынады; 
3)  Ассамблеяға  мүшелікке  ұсынылатын  барлық  кандидатуралар  Ассамблея  Кеңесінің 
отырысында  қаралады  және  оларды  Ассамблея  Төрағасының  орынбасарлары  Қазақстан 
Республикасы Президентінің бекітуіне ұсынады. 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  ұсынылған  кандидатураларды  қабылдамауға  және 
Ассамблеяның құрамына өз қалауы бойынша өзге де адамдарды кіргізуге құқылы. 
4)  Этномәдени  қоғамдық  бірлестіктерден  облыс  (республикалық  маңызы  бар  қала,  астана) 
ассамблеясына  мүшелікке  кандидаттар  олардың  жоғары  басшы  органдарының  шешімімен 
ұсынылады және тиісті аппаратқа (хатшылыққа) енгізіледі; 
5)  Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) ассамблеясына мүшелік барлық кандидаттар 
кеңестің  отырысында,  ал  кейіннен  тиісті  ассамблея  сессиясында  қаралады  және  оның  төрағасының 
бекітуіне  ұсынылады.  Облыс  (республикалық  маңызы  бар  қала,  астана)  ассамблеясы  төрағасының 
шешімі бойынша тиісті ассамблея мүшесінің өкілеттігі осы Заңға сәйкес тоқтатылуы мүмкін [4, 2 б.].  
Қазақстан  халқы  ассамблеясы  мүшелері  де  өзінің  қызметін  жүзеге  асыру  барысында  осы 
қағидаларды  басшылыққа  алуы  қажет  және  сонымен  қатар,  қызметін  жүзеге  асыру  барысында  заң 
бойынша мынандай мәселелерге көңіл бөлуі қажет: 
1)  мемлекеттік ұлттық сасатты әзірлеуге және іске асыруға жәрдемдесуге; 
2)  этносаралық  қатынастарға,  азаматтардың  ана  тілі  мен  мәдениетін  пайдалануға,  қарым-
қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауға берілген конституциялық құқықтарын 
іске  асыруда  нәсілдік,  ұлттық  немесе  тілдік  белгісі  бойынша  кемсітушілікті  болғызбауға  қатысты 
нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға; 
3)  этносаралық  қатынастар  мәселесі  бойынша  конференциялардың,  семинарлардың,  дөңгелек 
үстелдердің және өзге де іс-шаралардың жұмысына қатысуға; 
4)  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол 
жеткізуге бағытталған өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы. 
Ассамблея мүшелері өз қызметін жүзеге асыру кезінде: 
1)  этносаралық  келісімді,  мемлекеттік  тілдің  мәртебесін  нығайтуға  және  Қазақстан  халқының 
басқа да тілдерінің сақталуына ықпал етуге; 
2)  ассамблея  қызметі  мәселелері  бойынша  Ассамблеяны  басқару  органдарының  шешімдерін, 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің,  Ассамблея  Төрағасының  және  Төраға  орынбасарларының 
тапсырмаларын орындатуға; 
3)  ассамблея  сессияларының  жұмысына,  оның  отырыстарына  шығарылатын  мәселелерді 
талқылауға және шешімдерді қабылдауға қатысуға; 
4)  мемлекеттің  ұлттық    қауіпсіздігіне  нұқсан  келтіруге  әлеуметтік,  ұлттық,  рулық  және  діни 
араздықты,  өшпенділікті  және  дұшпандықты  қоздыруға  бағытталған  іс-әрекеттерге  немесе  сөздерге 
жол беремуге; 
5)  ассамблея қызметінің принциптерін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын 
сақтауға міндетті. 
Облыстар  (республикалық  маңызы  бар  қала,  астана)  ассамблеялары  мүшелерінің  Ассамблея 
мүшелері үшін осы бапта көзделгендей құқықтары мен міндеттері болады” [5, 2-3 бб.].  
 
 
1.Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы 2008 жылғы 20 қазандағы  №70-ІҮ Қазақстан Республикасының Заңы // Егемен 
Қазақстан. – 2008. – 21 қазан.  
 
*** 
This article is devoted to receive the power of assembly people of Kazakhstan at the maintaining national policy and interethnic 
agreements of Kazakhstan people. 
 
*** 
В данной статье рассматриваются полномочия Ассамблеи народов Казахстана по обеспечению национальной политики 
и межэтнического согласия народов Казахстана. 
 
 
 
 
 
 

ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы. № 2 (50). 2009
 
74 
 
 
 
А.Б. Адилханова 
 
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ 
ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
 
 
        Қазақстан  Республикасындағы  адам  құқықтары  жөніндегі  Уәкіл  (омбудсман)  өз  құзыры 
шегінде  мемлекеттік  органдардың  және  лауазымды  тұлғалардың  әрекеттеріне  келтірілген 
адамдардың  шағымдарын  тексеретін  тәуелсіз  лауазымды  тұлға  болып  табылады.  Омбудсманның 
қызметке  тек  мемлекет  басшысымен  тағайындалып,  осындай  жолмен  қызметінің  тоқтатылуы, 
сондай-ақ  омбудсман  қызметінің  толығымен  республикалық  бюджет  есебінен  қаржыландырылуы  
оның тәуелсіздігінің негізгі кепілі болып табылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы Ережеге 
сәйкес  «Ережеде  көзделмеген  функцияларды  Уәкілге  жүктеуге  ешкімнің  құқығы  жоқ.  Уәкілдің 
қызметіне  қандай  да  бір  заңсыз  араласуға  жол  берілмейді»  (5-бап)  [1].  Уәкілдің  қызметі:  заңдылық, 
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, объективтілік, жариялылық 
принциптеріне негізделеді. Уәкілдің заңда белгіленген тәртіппен: 

лауазымды тұлғалар мен ұйымдардан шағымдарды қарау үшін қажетті мәліметтер сұратуға, 

мемлекеттік  органдардың,  өзге  де  ұйымдар  басшыларының  және  басқа  да  лауазымды 
тұлғалардың кідіріссіз қабылдауында болуға; 

адамның  және  азаматтың  құқықтарының  бұзылуымен  байланысты  анықтауға  жататын  мән-
жайлар  бойынша  қорытынды  дайындау  үшін  сарапшылық  және  консультативтік  жұмыстарды 
орындауға шарт негізінде ұйымдар мен мамандарды тартуға; 

адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар 
қолдануға; 

қызметтік  куәлігін  көрсетіп  мемлекеттік  органдар  мен  ұйымдардың,  соның  ішінде  әскери 
бөлімдер мен құрылымдардың аумағында және үй-жайларына кіруге және ол арада болуға, сондай-ақ 
бас бостандығынан айыру орындарына баруға, оларда ұсталатын адамдармен кездесіп, әңгімелесуге; 

іс-әрекеттері  адамның  және  азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтарының  бұзылуына  әкеп 
соқтырған адамдарды заңмен белгіленген жауаптылыққа тарту туралы, сондай-ақ материалдық және 
моральдық  зиянды  өтеу  шараларын  қолдану  туралы  тиісті  мемлекеттік  органдарға  ұсыныстар 
енгізуге; 

жүргізілген  тексерулер  нәтижелері  бойынша  бұқаралық  ақпарат  құралына  ресми 
хабарламалар жариялауға құқығы бар [2]. 
Адамның  және  азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтарының  бұзылу  фактісін  анықтау 
мақсатында  жоғарыда  айтылғандарға  сәйкес  Уәкіл  өз  құзыретінің  шегінде,  келіп  түскен  өтініштер 
негізінде  де,  және  егер  оған  ресми  көздерден  немесе  бұқаралық  ақпарат  құралдарынан  аталған 
жолсыздықтар  туралы  мәлім  болған  жағдайда,  сондай-ақ  өз  бастамасы  бойынша  да  адамның  және 
азаматтың  құқықтары  мен  бостандықтарын  бұзу  фактілері  туралы  мәліметтерді  тексереді  (16-бап).  
Уәкіл  Қазақстан  Республикасының  Президентінің,  Парламентінің  және  оның  депутаттарының,  ҚР 
Үкіметінің,  Конституциялық  Кеңестің,  Бас  прокурордың,  Орталық  сайлау  комиссиясының,  ҚР 
соттарының  іс-әрекеттері  мен  шешімдеріне  жасалған  шағымдарды  қарамайды  (18-бап).  Уәкіл  өз 
құзыреті  шегінде  ҚР-  дың  адам  құқықтары  мен  бостандықтарына,  олардың  қорғалу  нысандары  мен 
әдістеріне  қатысты  заңнаманы  жетілдіруге,  оларды  халықаралық  құқықтың  жалпыға  ортақ 
принциптері мен нормаларына сәйкес келтіруге, ҚР мемлекеттік органдарына тиісті ұсыныстар енгізу 
арқылы  адам  құқықтары  саласындағы  халықаралық  ынтымақтастықты  дамытуға  ықпал  етеді.  Адам 
құқықтары мен  бостандықтары саласында құқықтық ағартушылыққа жәрдемдеседі, адам құқықтары 
бойынша білім беру бағдарламалары мен халықтың білім деңгейін көтеруге, ұлттық заңнамалар мен 
маңызды  құжаттар  әзірлеуге  қатысады.  Уәкілдің  пікірі  бойынша  қоғамдық  маңызы  ерекше  деген 
жағдайларда, ол өз үндеуін тікелей Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне немесе 
Үкіметіне жолдауға хақылы. Уәкіл өз қызметін жүзеге асыру барысында: 

ҚР Конституциясы мен заңнамасын сақтауға; 

азаматтардың  құқықтарын,  бостандықтары  мен  заңды  мүдделерін  сақтауды  және  қорғауды 
қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдануға; 

заңнамада  белгіленген  тіртіппен  және  мерзімде  азаматтардың  лауазымды  тұлғалардың  іс-
әрекеттеріне  (әрекетсіздігіне),  мемлекеттік  органдардың,  өзге  де  ұйымдар  мен  олардың  лауазымды 

Вестник КазНУ. Серия юридическая. № 2(50). 2009                                                                                       

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет