Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет315/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   423
Байланысты:
6-5-PB

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
247 
 
әрекет  тәсілдеріне  қалай  ҥйретуге  болады?  Бҧл  сҧрақтардың  барлығына  білім  берудің  барлық 
сатыларындағы  педагогтар  жауап  беруге  тырысады.  Біздің  білім  беру  мекемесінің  педагогтары 
да  қазіргі  кезде  оқушылардың  жетістіктерін  бағалау  жҥйесін  қайта  мағыналау,  жаңа  бағалау 
технологияларын белсенді іздеу және апробациялау ҥрдісінде. 
Инклюзивті  сыныптағы  нақты  баланы  оқыту  нәтижелерін  бағалаудың  әдістері  мен 
формаларын  қҧрастыру,  бейімделген  оқу  бағдарламасын  жҥзеге  асыру  саласындағы  тҥйінді 
мәселелерді  бірі  болып  табылады.  Оқытушылар  мен  психологиялық-педагогикалық  қолдау 
мамандарының жҧмысының тиімділігінің аса маңызды кӛрсеткіштері, бала дамуының жағымды 
динамикасында  кӛрініс  табады.  Белгілі  уақыт  аралығында  баланың  «қозғалысының»  мазмҧнын 
бағалау,  жеке  білім  беру  бағдарламасын  қҧрастыруда  мҧғалімдер,  ата-аналар  және  қолдау 
кӛрсету  мамандары  қҧрастырған  міндеттермен  тікелей  байланысты.  Инклюзивті  білім  беруде 
оқыту  нәтижелерін  бағалаудағы  қиындықтарға  жол  бермеу  ҥшін,  мҧғалімнің  іс-әрекеті  келесі 
принциптерге негізделуі қажет: 
1.  Бағалау  білім  беру  тәжірибесіне  кіріктірілген  ҥздіксіз  ҥрдіс  болып  табылады.  Оқыту 
сатысына  байланысты  диагностикалық  және  бақылаушы  (срез)  бағалауды  қолдануыға  жол 
беріледі.  Сонымен  бірге,  қорытынды  баға  қыту  мерзімінде  жинақталған  бағалардың  жалпы 
нәтижесі ретінде қҧрылуы мҥмкін. 
2.  Бағалау  тек  критериалды  болуы  мҥмкін.  Бағалаудың  негізгі  критерийлері  ретінде, 
оқытудың  жоспарланған  нәтижелері  алынады  (жеке  білім  беру  бағдарламасын  қҧрастырған 
жағдайда  (ЖББ)  -  бағдарламалық  материалды  бала  деңгейіндегі  жеке  қабілеттерге  сәйкес 
қҧрастыру  міндеті).  Сонымен  бірге,  бағалаудың  ережелері  мен  критерийлері  алдын  ала  тек 
мҧғалімге белгілі болады. 
Кейде жҧмысты бағалаудың жалпы критерийлерін ҧсақ және аймақтық деп ажырату қажет. 
Әрбір  жағдайда,  мҧғалім  жҧмыстың  қандай  критерийлер  бойынша  бағаланатынын  айтады, 
сонымен  бірге  осы  критерийлер  туралы  тәлімгерге  және  ата-аналарға  ақпарат  береді.  Жетекші 
критерий баланың нақты тапсырманы орындау формасына әсер етеді. 
3. Бағаның кӛмегімен бағалауға оқушылардың іс-әрекеті және осы іс-әрекеттің нәтижелері 
ҧшырауы мҥмкін, бірақ баланың жеке сапаларын бағалауға тҥспейді. Бағалауға тек ҥйретілетін 
немесе оқытылатын нәрсе тҥседі. 
4.  Бағалау  жҥйесі  оқушылардың  ӛзін-ӛзі  бағалау  және  ӛзара  бағалау  дағдылары  мен 
әдеттерін меңгеріп, бақылау және бағалау бойынша іс-әрекетке енгізілетіндей жағдайда қҧрылуы 
қажет. 
Критериалды  бағалау  оқушылардың  тҥйінді  қҧзыреттіліктерін  қалыптастыруға  ықпал 
ететін,  білім  берудің  мақсаттары  мен  мазмҧнына  сәйкес,  білім  беру  ҥрдісінің  барлық 
қатысушыларына  алдын  ала  белгілі,  нақты  анықталған  критерийлермен  оқушылардың  оқу 
жетістіктерін салыстыруға негізделген ҥрдіс ретінде қарастырылады [4]. 
Отандық  зерттеушілер  және  жаңашыл-педагогтар  бағалау  жҥйесін  жаңартудың  негізгі 
бағыттары  ретінде,  мҧғалімнен  білім  алушыларға  бақылау-бағалау  механизмдерін  бірте-бірте 
беруді,  констатациялық  бақылаудан  диагностикалық,  процессуалды  бақылауға  ӛтуді,  білім 
алушылардың жоспарланған нәтижелерді меңгеруі туралы алынған ақпарат негізінде білім беру 
сапасын басқаруды жҥзеге асыруға мҥмкіндік беретін тиімді кері байланысты қамтамасыз етуді 
атайды.  Қазіргі  кезде  Ресейде  бағалау  технологияларының  қҧрастырылған  және  апробациядан 
ӛткен  тәжірибесі  бар.  Ерекше  білім  беруді  қажет  ететін  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін 
бағалау  тәжірибесін  инклюзивті  білім  берудің  талаптарына  сәйкес  тҧғырда  талдау,  келесі 
тҧжырым  жасауға  мҥмкіндік  береді:  мҥмкіндігі  шектеулі  оқушылардың  оқу  жетістіктерін 
бағалау мәселесін критериалды бағалауды қалыптастыру арқылы шешуге болады [5]. 
Мәскеу  мемлекеттік  педагогикалық  университетінің  арнайы  педагогика  Институтының 
оқытушылары  Журавлева  Ж.И.,  Кожекина  Т.В.  «Денсаулық  мҥмкіндігі  шектелген  баланың 
ерекше  білім  алу  қажеттіліктерін  есепке  алу,  бағалаудың  арнайы  және  толыққанды  шкаласын 
қолдануды қамтиды. Мҧндай шкалалар жалпы білім беру стандартында кӛрсетілген бағдарларға 
жетуде  білім  алушылардың  дамуында  минималды  қадамдарын  анықтау  ҥшін  қажет,  сонымен 
бірге,  кҥтілетін  және  алынған  нәтижелер  арасындағы  арақатынасты  барынша  дәл бағалау  ҥшін 
қажет» - деп атап кӛрсетеді [6].  
Осылайша,  білім  беру  бағдарламасын  меңгерудің  пәндік,  метапәндік  және  тҧлғалық 
нәтижелерін  объективті  бағалау  ҥшін  қазіргі  мҧғалімдерге  бағалау  шкалаларының  мазмҧнын, 
икемділігін қҧрастыру, ӛлшеуші және жинақтаушы бағалау қҧралдарын қолдануды талап етеді. 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
248 
 
Психофизикалық  даму  ерекшеліктері  бар  балалардың  оқу-танымдық  іс-әрекетін  бағалаудың 
қосымша  критерийлерін  анықтау  қажеттілігі  туралы  арнайы  педагогиканың  қағидаларын  Н.А. 
Белякова,  Н.М.  Назарова,  Е.Г.  Речицкая  [7]  және  т.б.  қҧрастырды;  кіріктірілген  оқыту  және 
тәрбиелеу сыныптарында бағалауға қойылатын спецификалық талаптарды жҥзеге асыру туралы 
ғылыми-әдістемелік идеяларды А.М. Змушко, С.Ф. Левяш, Т.В. Лисовская, Т.Л. Лещинская, В.И. 
Олешкевич сипаттады [8].  
Қазіргі  кезде  қолда  бар  оқу-әдістемелік  материалдар  білім  беру  ҥрдісіндегі 
психофизикалық  даму  ерекшеліктері  бар  балаларды  бағалауды  ҧйымдастыруды  қарастырады, 
алайда инклюзивті білім беру тәжірибесі ҥшін ӛзекті мәселелердің шешілуін қамтамасыз етпейді, 
яғни  оқу-танымдық  іс-әрекетті  бағалаудағы  жеке-дифференциалды  тҧғырды  жҥзеге  асыруға 
мҥмкіндік  бермейді,  ерекше  білім  беруді  қажет  ететін  білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін 
бағалау  ҥрдісін  жеткіліксіз  әдістемелік  қамтамасыз  етуде,  мықты  қырларға  тірек  жасауға 
мҥмкіндік  беретін  бағалау  қҧралдарын,  кӛрсеткіштерін  және  критерийлерін  нақтылауды  талап 
етеді. 
Инклюзивті  ҥрдістерді  білім  беру  тәжірибесінде  белсенді  дамыту,  берілген  мәселенің  әрі 
қарай терең зерттелуін және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жҥйесінің мазмҧнын 
толықтыруды  талап  ететінін  кӛрсетеді,  бҧл  әрбір  бала  ҥшін  жетістік  жағдаятын  қҧруда,  оқу 
мотивациясын  ынталандыруда  және  баланы  қоғамда  әлеуметтендіру  нәтижесі  ретінде 
қарастыруда кӛрініс табады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет