Казакстаннын казіргі заманғы тарихы


17.Кырғыз (Казак) АССР-дағы білім(образование киргизской (казахской) асср деп орысша суракта жазылып тур)



бет8/48
Дата08.12.2023
өлшемі1,54 Mb.
#134844
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48
17.Кырғыз (Казак) АССР-дағы білім(образование киргизской (казахской) асср деп орысша суракта жазылып тур)
Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасының құрылуы. Қазан төңкерісінен кейінгі алғашқы уақытта ұлттың өзін-өзі билеу идеясын қабылдамаған В.И.Ленин мен большевиктер партиясы унитарлық мемлекет құруға бет алды. 1920 жылғы 20 тамызда Кеңес үкіметі РКФСР құрамында «Киргиз (Қазақ) Аутономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декретке қол қойды.
1920 жылдың 4 қазанында Орынбор қаласында Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы Кеңестерінің съезі өтті. Съезде РКФСР құрамындағы Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланып, Қазақ халқының ұлттық мемлекетінің шаңырағы қайта көтерілді. Республиканың құрамына Қарақалпақстан да кірген болатын. Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып С. Меңдешев, ҚАКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болып В. Радус-Зенькович сайланды.
Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Басында бұл автономия «Қырғыз» деп аталып, 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің басшысы «қырғыз» сөзін «қазақ» атауымен алмастырып, бұдан былай Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы деген атауды пайдалануға енгізді.
1920-24 жылдар аралығында Қаз АКСР орталығы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, кейін 1927 жылдан бастап Алматы қаласына ауыстырылды. 
Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы ел тарихындағы негізгі оқиғалардың бірі болып табылады.
18.Азаматтык соғыстын әлеуметтік-экономикалык және саяси салдары.
1.Азамат соғысының қырғынында 8 млн. адам қаза тапты
2. Экономосикалық күйзеліс тереңдеді
1913 ж салыстырғанда мұнай өндіру 4 есе,Қарағандыда көмір өндіру 5 есе қысқарды. Мыс өндіру мүлде тоқтап қалды
3. Адамдар арасында қатыгездік пен зорлық зомбылық күшейіп, ертенгі күнге деген сенімсіздік пайда болды
19.Кеңестік қазақстанның мемлекеттік құрылысы.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі. Ол 1920 жылы 26 тамызда құрылды. Алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді. 1936 жылы 5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. 1936 жылы КСРО-да жаңа Конституция қабылданды, оған сәйкес Қазақ АССР одақтас республика мәртебесіне ие болды. Осыған байланысты ол РСФСР құрамынан шығарылып, онымен тең құқықтарға ие болды және осы кезден бастап Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы деп аталды. Қазақ КСР-нің құрылуы осылай болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет