Казакстаннын казіргі заманғы тарихы


Жэс-тың әлеуметтік-экономикалық қорытындылары



бет9/48
Дата08.12.2023
өлшемі1,54 Mb.
#134844
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48
Байланысты:
Тарих гос ответы все (1)

20.Жэс-тың әлеуметтік-экономикалық қорытындылары.

Халықшаруашылығын қалпына келтіру басталғанымен, ол баяу жүрді. Халықтың жаппай наразылығы жалғаса берді, өйткені рынок іс жүзінде қаңырап қалған еді. Дегенмен Қазақстанның малшаруашылығы мен ауылшаруашылығы біртіндеп күш ала бастады. Егілген жер көлемі ұлғайып, 3,0 млн гектарды құрады. Орал, Ақмола, Семей губернияларының астықты аудандарында бұл көрсеткіш соғысқа дейінгі деңгейге жетті. 1925 жылы 1914 жылғы көрсеткішпен бірдей 92 млн пұт астық жиналды. Мал басының саны екі еселеніп, көшпелі малшаруашылығы
біртіндеп қалпына келе бастады. 1925 жылдың соңына қарай өнім өндіру деңгейі 1920 жылмен салыстырғанда 6 есе дерлік өсіп, шамамен соғысқа дейінгі деңгейдің үштен екісіне жетті. Өнеркәсіп орындарының 60% -ынан астамы іске қосылды. Сауда кең құлаш жайды. 1926 жылы Қазақстан аумағында 200-ге жуық жәрмеңке жұмыс істеді. Осылайша, республиканың халықшаруашылығында байқалған серпіліс дағдарыстан шығудың, экономиканың дами бастағанына дәлел болды.

21.Қазақ КСР-дағы білім.
Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде халыққа білім беру мен ағарту ісін дамытуға баса назар аударылды. 1920-1921 оқу жылында Қазақстанда 2410 мектеп жұмыс істеді, оның көбі бастауыш мектептер. Білім берудің дамуына арнайы және тиісті оқыту мекемелерінің аздығы, оқулық пен оқытушылардың тапшылығы кедергі келтірді. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс, халыққа білім беру саласын жеделдетуге зор үлестерін қосты. Қазақ тілінде оқулықтар жазылды. Мұндай оқулықтардың авторлары А. Байтұрсынұлы, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, Ә. Ермековтер болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі мектеп оқулығын Қаныш Сәтбаев, географиядан Әлихан Бөкейхан, Қазақстан тарихын профессор Санжар Асфендияров құрастырды. 1928 жылдың соңына қарай қазақ мектептері үшін 30-дан астам оқулық жарық көрді.1924 жылы А.Байтұрсынұлы араб әрпінің негізінде жасалған қазақ әліпбиін жетілдірді. 1929 жылы араб жазуы бойынша енген жаңалықтардың бөрі латын әліпбиіне көшумен тоқтап қалды. 20-жылдардың ортасында орталық және жергілікті билік органдары қыз балаларды оқытуға көңіл бөле бастады. Бұрынғы оқыту жүйесінде оқуға қыз балаларды кеңінен тарту болмаған еді. Қыз балаларды жаппай оқытудың алғашқы кезеңінде бөлек мектептер ашылды. Қыздарға арналған мектептер Шымкентте, Түркістанда, Алматыда және Ордада ашылды. Биліктің қаншама шара қабылдағанына қарамастан ұзақ уақыт бойы қыздарды жаппай оқыту кең өріс алмады.Кеңес билігінің 1930 жылы 27 тамызда шыққан ОАК мен ХКК-нің жалпыға бірдей бастауыш оқытуды 8 жастан бастау туралы қаулысы маңызды жетістік болды. 1931 жылдан бастап қаулыны көшпелі аудандарда енгізу қарастырылды. Елде кедей халықтың көптігінен жаңа оқу жылына барлық ата-аналар балаларын мектепке дайындауға мүмкіндігі бола бермейтін. Кедей балаларын оқыту үшін жергілікті билік жалпы оқу қорын құрды. Жалпы білім беру қорының қаржысына жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға киім-кешек, аяқкиім, сөмке, оқулықтар алып берді. 1935 жылдың соңына қарай республикада мектептің үш түрі болды:бастауыш (3 жылдық), толық емес орта (7 жылдық), орта мектептер (10жылдық). ХХ ғасырдың 30-жылдарының аяғына қарай балаларды жаппай оқыту үдерісіне өткізу аяқталды. 1940 жылдардың басына қарай елімізде 7,5 мың мектеп, оның 5,2 мыңы бастауыш, 1,7 мыңы толық емес орта мектеп болды. Бұл мектептердегі оқушы саны 1 млн балаға жетті.Республикада мамандарды, әсіресе педагогтерді даярлауға ерекше көңіл бөлінді. Мұғалімдерді даярлау үшін тұрақты және қысқа мерзімді курстар құрылды. Педагогикалық училищелер ашылды. 1919-1925 жылдары Орынбор мен Семей және басқа өңірде Халық ағарту институттары ашылды. Бұл оқу орындарында арнайы орта білімді мұғалімдер даярланды. Кәсіби мамандар әзірлеу мақсатында жұмысшы факультеттер (рабфактар) ұйымдастырылды. 1920 жылдардың соңында республикада маман кадрлар 24 техникумда даярланды.Жоғары білімді мамандар негізінен Мәскеуде, Ленинградта, Ташкентте оқып, білім алды. Кеңестік билік кезінде Қазақстанда жоғары оқу орындарының жүйесі дами бастады. 1928 жылы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты ашылып, 1935 жылы оған Абай есімі берілді (қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет