Казакстаннын казіргі заманғы тарихы



бет4/48
Дата08.12.2023
өлшемі1,54 Mb.
#134844
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Тарих гос ответы все (1)

9.Алаш партиясы құрылуы
XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын.
XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Б.Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты.

10. Казакстаннын ұлттык зиялылары. Алаш Орда Көшбасшылары.
1917 жылы Алаш Орда партиясын журналист, публицист Әлихан Бөкейханов, лингвист, ақын, аудармашы Ахмет Байтұрсынов пен жазушы Міржақып Дулатов құраған.

  1. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (5 наурыз 1866, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі — 27 қыркүйек 1937, Мәскеу) — қазақтың мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.

  2. Ахмет Байтұрсынов (1873-1937ж.)

Туған жері: Торғай облысы, Торғай уезі, Тосын болысы, Сарытүбек қыстағы (қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы,аққол ауылы).Қызметі: аса көрнекті ғалым, ақын, түркітанушы, көрсемсөзші, ағартушы, аудармашы-ұстаз, қоғам қайраткері, публицист-журналист, ҚазПИ-дің профессоры, этнограф, фольклорист, композитор әрі орындаушы, қазақ тілі білімі, алфавиті, баспасөзі және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы, қазақ әліппесін (төте жазу) жасаушы, алғашқы оқу құралын жазған. 
«Қазақ »газетінің бас редакторы (1913-1918ж.ж.),Алашорда үкіметі мен «Алаш »партиясының негізін салушы әрі көсемі.

  1. Міржақып Дулатов (1885-1935ж.ж.)

Туған жері: бұрынғы Торғай уезінің Сарқопа болысының үшінші болысы.
Қызметі: қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын,жазушы, жалынды көсемсөз шебері.
11.1917 жылғы Букілқазақ съездері және олардың маңызы.
1917 жылы 21-26 шілде аралығында Бірінші Жалпыказақ сьезі өткен кала: Орынбор, оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана, Ішкі Бөкей Ордасынан делегаттар қатысты. Қаралған мəселелер:
− Мемлекеттік басқару формасы;
− Қазақ облыстары автономиясын құру;
− Жер мəселесі;
− Халық милициясын құру;
− Білім беру;
− Сот ісі;
− Рухани-діни мəселе;
− Жетісудың ашыққан халқына көмек ұйымдастыру;
− Қытайдағы 83 мың қазақ босқыны туралы.
Жалпыказак съезі кабылдаган шешім бойынша Ресейдегі «мемлекеттік
басқару .формасы»: «Демократияшыл федерациялык парламенттік республика» болды. Съез қабылдаған қаулы бойынша Ресей «демократиялық федеративтік республика болып, қазақ облыстары қоныс, ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс» болды. Делегаттар жер туралы мәселені аса ұкыптылықпен талқылап, 14 тармақтан тұратын шешім қабылдады. Онда: «Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып болғанша қазақ жері ешкімге берілмесін» деп көрсетіліп, бұрын қазақтардың пайдасынан алынып қойған жерлерді кері қайтару талап етілді.

Екінші жалпықазақ съезі — 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған съез.


Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, С.Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты.
Құрылтайдыдың күн тәртібіне келесі мәселелер қойылды:
Сібір автономиясы;
Түркістан автономиясы және Оңтүстік-шығыс Одағы туралы;
Қазақ-қырғыз автономиясы;
Милиция туралы;
Ұлт кеңесі;
Ұлт қазынасы;
Мүфтилік мәселесі;
Халық соты;
Ауылды басқару және азық-түлік мәселесі.
Екінші жалпы қазақ съезі делегаттары екі маңызды шешім қабылдады: Алаш автономиясын құру және өз қарулы күштерін қалыптастыру туралы.
Бұл съез ғасыр басынан бергі ұлт-азаттық қозғалысының ұлы қорытындысы болды. Ол өзінің тарихи маңызы жағынан ұлтымыздың сан ғасырлық өміріндеғі аса маңызды оқиғалардың қатарынан орын алады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет