Казакстаннын казіргі заманғы тарихы


жылғы көтерілістің тарихи маңызы мен жеңілу себептері



бет3/48
Дата08.12.2023
өлшемі1,54 Mb.
#134844
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
8.1916 жылғы көтерілістің тарихи маңызы мен жеңілу себептері
Қазақстандаы 1916 жылғы көтеліліс қазақ халқының азаттық қозғалысының шежіресіндегі ең бір жарқын белес болып табылады . Көтеріліс дүние жүзілік империялистік соғыстың қызып тұрған кезінде Ресейдегі жұмысшы және шаруа қозғалысының иықтап өрлеу жағдайында өтті . Бұл азаттық қозғалыс ең алдымен империялистік соғысқа және өз жерлерінің тартып алуына қарсы бағытталып , империализмнің жалпы Ресейлік системасына мықтап соққы болып тиді .Көтерілістің біріңғай басшылығы және ұйымдастырушы орталығы болмаса да , Қазақстанда болып жатқан оқиғалар басқа аймақтарға ықпал жасап , өзара байланысты болып отырды . Алайда , көтеріліс стихиялы түрде дамып тұрақты , жеткілікті басшылықтың болмағандығының салдары айқын көрінді . 1916 жылғы көтеріліс қазақ еңбекші бұқарасының таптық сана сезімін арттыруда зор рөл атқарды . Көтерілістің негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың қалың топтары , сондай – ақ жаңадан туындап келе жатқан жұмысшы табының өкілдері, қолөнершілері еді . Оған қазақ халқының өзге топтарының, сонымен бірге демократиялық интелегенцияның өкілдері де қатысты . Жалпы алғанда, Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс қазақтармен қатар ұйғырлар, өзбектер, дүнгендер және кейбір өзге халықтардың өкілдері қатысқан ұлттық сипатқа ие болды.
Қозғалыстың жеңіліс табуының ең басты себептері оның бытыраңқылығы, аймақ ауқымында ұйымшылдықты болмауы еді. Патша өкіметі қалыптасқан жағдайда бағалап, халық қозғалысына қарсы шұғұл шаралар қолданды. Оның үстіне күште соның жағында болды. Ол қоныстандыру протцесі жеделдете жүргізіліп жатқан аймақтарда Орыс, Украйн шаруалары, казактар және қазақ, қырғыз шаруалары, дүнген, ұйғыр, өзбек диқандары арасындағы қайшылықтарды пайдалана білді. Саны аз жергілікті пролитариат оқиғалардың барысына әлі де азды – көпті елеулі ықпал жасай алмады. Көтерілістің бір тұтас басшылығы, ұйымдық орталығы болмада. Паша әкімшілігі Қазақтардың ру аралық тартыстарын шебер пайдалана білді.
Ұлттық демократиялық зиялылар қатарында бірлік болмады. Біреулері әскери қызметке баруға шақырды, екіншілері патша үкіметімен келіссөз жүргізді. Даланың бетке ұстарлары ( батырлар, хандар, қазылар ) көптеген реттерде қозғаыс басына келгеннен кейін дәиектілік, батылдық көрсетпеді. Бір қатар жағдайларда кейбір бай – фиодалдар , хандар көтерілісшілердің мүдделерін сатып кетіп отырды. Патша өкіметі қозғалысты тез арада басшыларынан айыра білді. Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Бекболат Әшекев Боралдай асуында жұрт алдында дарға асылды. Қарқарадағы көтерілістің ең басында көтерібісшілер қозғалысы жетекшілерінің бірі Жәменке Мәмбетов түрмеге қамалды, басқа 12 басшы азаптап өлтірілді.
Қазақстан мен Орталық Азиядағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс тұтас алғанда Ресей империясындағы саяси және әлеуметтік – экономикалық дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды. Ол Ресейдегі әскери – феодалдық және әскери – отаршылдық басқару жүиесінің іргесін шайқалтты және шығыстың отар халықтарының импералистік езгіге қарсы ХІХ ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт – азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі, буындарының бірі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет