13.Түркістан автономиясы мен Алаш-Орданын кұрылуы мен кызметі Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды.Оған қазіргі Өзбекстан, Түркіменстан, Қазақстан сияқты елдердің кей аймақтары кірген. Орталығы Қоқан. Автономия үкіметінің алғашқы басшысы Мұхамеджан Тынышбаев 1918 жылы қаңтарда өз еркімен қызметтен кетіп, орнына Мұстафа Шоқай сайланған.
1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпы қазақ съезі өтті. Съезде Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. Осы съезде Алаш автономиясы жарияланды. Автономияның мақсаты - Ресейден тәуелсіздік алып, ұлтшылды-демократиялық мемлекетті құру.
Ә.Бөкейхан бастаған топ Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды қажет деп тапты. Ал Х.Досмұхамедұлы бастаған топ автономияны дереу жариялау керек деп санады. Соңында екі жақ ортақ келісімге келді. Нәтижесінде Түркістан қазағын қосып алып, автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын болып шешілді. Осы үшін 1918 жылы 5 қаңтарда шақырылған Сырдария съезіне «бірігу мәселесін қозғау үшін» Б.Құлманов, М.Дулатұлы, Т.Құнанбайұлы арнайы жіберілді. Бұл жиында табиғи талас-тартыстан кейін Түркістанның оқығандары қосылуға ықылас танытса керек. Әйтсе де көзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде өзгеріссіз қалды. Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын тоқтатты. Қазақ қайраткерлері автономия жариялау үшін қайта жиналған жоқ. II съездің қаулысы күшінде қалып, енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын болды.
14.Әлихан Бекейханов - "Алаш" партиясынын көшбасшысы. Қазақ халқының алдыңғы қатарлы қоғам қайраткері, алаш партиясының көшбасшысы, заңғар тұлға — Әлихан Бөкейханов 1866 жылы Семей облысының Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысына қарасты № 7 ауылында дүниеге келді. Әлихан Бөкейханов Ақтоғай ауданында төре тұқымынан шыққан Нұрмұхамедтің шаңырағында дүниеге келді.
Болашақ ғалым білім жолын алғаш 1890 жылы Омбы техникалық училищесінде бастап, 1894 жылы Санк-Петербургтегі Императорлық Орман шаруашылығы институтының экономикалық факультетінде жалғастырды.
1905 жылы Петербург шаһарында «Ресей. Өлкеміздің толық географиялық сипаттамасы» деген атпен көлемді еңбектің он сегізінші томы жарық көрді. Бұл еңбектің авторлары бірі Алаш жұртының кемеңгер тұлғасы — Әлихан Бөкейханов еді.
Әлихан Бөкейханов Ресей империясының I Мемлекеттік Думасына Семей облысы атынан депутат болып қатысқан. 1913 жылы Әлихан Бөкейханов ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшілері саналған Ахмет Байтұрсынов және Міржақып Дулатовпен бірігіп тұңғыш жалпыұлттық редакция ұйымы — «Қазақ» газетін ұйымдастырады.
Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 ж. желтоқсанында Екінші жалпықазақ съезі Алаш автономиясы жарияланып, Ә. Бөкейхан сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады.
1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейхан қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады.
Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейхан Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 71 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі.
1989 жылы мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.
Сөз соңында, ғалым, Ә.Бөкейхан XX ғасырдың алғашқы жартысында қазақ эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыдан зерттеген ғалымдарымыздың бірі болды. Ол қарастырған негізгі аспектілер: эпостың тарихилығы, қазақ фольклорының түрлері, шығу мезгілі, жыршы мен оның шеберлігі, қоғамдық ой-сананың жырда көрініс табуы, бейнелер, олардың атқарған идеялық қызметі, үлгінің көркемдік ерекшеліктері т.с.с.- әлі де қазақ фольклортану ғылымында өз маңызын жойған жоқ, және сол дәуірдің жетістігі болып саналатыны сөзсіз.
15.Қазақстанда Кеңес өкіметінін орнауы. Кеңес үкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:
Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.
Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен.
Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс аймақтың әлеуметтік–экономикалық және мәдени баяу дамуымен, ұлтаралық қатынастардың күрделілігімен, жұмысшылар мен большевиктік ұйымдардың аздығымен шиеленісе түсті. Кеңес үкіметін орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак әскерлері мен құлаған Уақытша үкіметтің жақтастарының табанды қарсылық көрсетуі жағдайды одан әрі шиеленістіре түсті. Кеңес өкіметі Уақытша үкіметтің жақтастары қарулы қарсылық көрсете алмаған Сырдария, Ақмола облыстары және Бөкей Ордасында бейбіт жолмен орнады. Ал, Торғай, Орал, Орынбор, Семей және Жетісу облыстарында Кеңес өкіметін орнату үшін қиян-кескі күрес болды. Облыстық орталықтар мен уездік қалаларда кеңес өкіметі қызыл гвардиялық отрядтардың және жергілікті горнизондар солдаттарының қарулы көтерілісі арқылы орнады. Кеңес өкіметі 1918 ж. наурыз айында Жаркентте, Сергиопольде (Аягөзде), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады. 1917 ж. соңы мен 1918 ж. наурызы аралығында Кеңес өкіметі Қазақстанда негізінен қалалар мен басқа да ірі халық тығыз орналасқан жерлерде орнады.
Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.