-
білімділік;
-
әрекеттік;
-
коммуникативті;
-
эмоционалды;
-
тұлғалық;
-
шығармашылық.
Автор педагогты оқыту барысында қалыптасатын құзыреттілікке тікелей
қатысты болатын бірізділік қағидасының
ерекше маңыздылығын атап
көрсетеді. Контекстен жұлып алынған жеке блок педагогтың қажетті кәсіби
біліктілігін қамтамасыз етпейді.
Ресей зерттеушісі Дружилов С.А. педагогтың кәсіби біліктіліктің келесі
компоненттерін бөледі: мотивациялық-еріктік, қызметтік, коммуникативті және
рефлексивті
.
Мотивациялық-еріктік компонент құрамына түрткілер, мақсаттар,
қажеттіліктер,
құндылық ұстанымдарыкіреді, тұлғаның мамандықтағы
шығармашылық көріністерін ынталандырады, кәсіби әрекетке қызығушылықты
қарастырады.
Қызметтік (лат.
тілінен functio – орындау) компонент жалпы алғанда
белгілі бір педагогикалық технологияны жобалау және жүзеге асыру үшін
мұғалімге қажетті педагогикалық әрекет тәсілдері туралы білім ретінде
көрінеді.
Коммуникативті (лат. тілінен
communico – байланысамын, сөйлесемін)
құзыреттілік компонентіне өз ойын анық, дәл жеткізу, сендіру, дәлелдеу,
талдау,
пайымдаулар жасау, рационалды және эмоционалды ақпарат беру,
тұлға аралық байланыстар орнату, өз әрекеттерін әріптестердің әрекеттерімен
келісіп жасау, әр түрлі іскерлік жағдайларда сөйлесудің тиімді мәнерін таңдау,
диалогты ұйымдастыру және қолдау іскерліктері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: