Казақстан республикасының денсаулық сақтау



бет20/76
Дата25.11.2023
өлшемі1,73 Mb.
#127467
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   76
Байланысты:
ЭНЗИМОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ (каз)-15

2.9 - сурет. Асукцинат иондық байланыстарымен сукцинатдегидрогеназа ферментінің активті орталығымен байланысады; Б – ферментативті реакция барысында сукцинаттан екі сутегі атомы бөлініп, кофермент FAD-пен байланысады. Нәтижесінде сукцинатдегидрогеназаның активті орталығынан фумарат бөлініп шығады; В – малонат сукцинатпен құрылымы ұқсас, ол сукцинатдегидрогеназаның активті орталығымен байланысады, бірақ онда химиялық реакция жүрмейді, себебі, екі сутек атомын FAD-тың простетикалық тобына малон қышқылынан тасымалдау мүмкін емес, осыған орай реакция жылдамдығы төмендейді. Конкурентті ингибитор Кm ді үлкейтеді және V max-ті өзгертпейді.

Көптеген дәрілік препараттар өзінің терапиялық әсерін конкурентті ингибирлену механизмі арқылы көрсетеді. Мысалы, ацетилхолиннің холин мен сірке қышқылына гидролиз реакциясы ацетилхолинэстераза (АХЭ) ферментімен катализденеді (2.10 сур.Е.С.Северин,Биохимия,225б). Осы реакция ферменттің бәсекелес ингибиторлар қатысунда тежелуі мүмкін, (мысалы, прозерин, эндрофоний) (2.11. сур.). АХЭ белсенділігі осындай ингибиторлар қосқанда төмендейді, ацетилхолиннің концентрациясы артады. Бұл өз кезегінде жүйке импулсінің өтуін күшейтіп, жүйке импульстері ұдайы жүріп, бұлшық ет ұзақ уақыт бойы босаңсымайды. Аяғында сал ауруына шалдығады, көкірек қуысы бұлшықеттеріне әсер етіп, нәтижесінде тыныс алу тоқтап, өлімге әкелуі мүмкін. Қазіргі таңда қолданылатын кейбір инсектицидтер (мысалы, паратион) жәндіктерге тура осылай әсер етеді. Олар адамның жүйке және бұлшық ет жүйесін де зақымдайды. Ацетилхолинэстеразалардың конкурентті ингибиторлары бұлшықет дистофиясын емдеуде, сонымен қатар жарақат, сал ауруы, полиомиелиттен кейінгі қозғалыстың бұзылуын емдеу мақсатында қолданылады.





сірке қышқылы




2.10. сурет - АХЭ әсерінен ацетилхолиннің гидролиздену реакциясы

Кейбір жағдайларда конкурентті ингибиторлар ферменттің активті орталығымен әрекеттесе отырып, оларды псевдосубстраттар (антиметоболиттер) ретінде пайдалана алады. Бұл дұрыс емес құрылымды өнім синтезіне әкеледі. Алынған заттардың «керекті» құрылымдары жоқ, сондықтан, функционалды белсенділіктен айрылған. Осындай дәрілік заттарға сульфаниламидті препараттар жатады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет