Кэкен Аханов грамматика теориясының негіздері ж о га р ы оку оры ндары ны ц филология ф акульт ет т еріне арналган оқу цүралы



Pdf көрінісі
бет88/174
Дата18.10.2023
өлшемі5,78 Mb.
#118714
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   174
Байланысты:
file-4107 3

§ 71. Сіңісу күбылысы 
туралы кейбір маглұматтар осы 
еңбектің т\'бір морфема мен аффикстік морфемалар жайындағы 
тақырыптары мен параграфтарында берілді. Оларга қосымша
1 В .А . Богородицкий, Введение в татарское языкознание в связи с другими
тюркскими языками, издание 2-е, Казань, 1953, стр. 133; Общий курс русской
грамматики. Издание 5-е, М .-Л., 1935, стр. 99-102.
111


айтылатын ойлар мыналар: жоғарыда аталып өткеніндей, кейбір 
сөздердің құрамындағы морфемалар тілдің даму барысында 
мағыналарынан айырылады да, ондай сөздер морфемаларға 
ажыратылып, мүшеленбейтін сөздер ретінде ұгынылады.
Сөз қүрамындағы морфемалардыц магыналары жойы-
лып, олардың бір-біріне кірігіп кетуіне, соның нәтижесінде
сөздің морфемалық жігінің әбден күңгірттеніп, морфемалар-
ға мүшеленбеуіне экелетін морфологиялық процесс сіңісу
қүбылысы деп аталады.
Сіңісу процесінің нэтижесінде сөз қүрамындағы морфемалар 
өзара эбден кірігіп, олардың бұрынғы жігі (шегі) жойылады. Он­
дай сөздің қандай морфемалардан кұралғаны бірден аңғарылмай- 
ды, оның жігін лингвистикалық анализ арқылы ғана айқындауға 
болады. Мысалы, проф. В.А. Богородицкий орыс тіліндегі 
забыть
деген етістіктің құрамындагы -зя-ның қазіргі тілде префикс ретін- 
де сөзден бөліне алмайтындығын айтады'. Ал гіроф. Р.А. Будагов 
забыть
деген етістік мүшеленбейтін бір бүтін сөз ретінде таны- 
лып, қажет болган жагдайда ол сөзге баска бір префикс жалғана 
алады (мысалы: 
забыть
— 
перезабыть
) дейді2. Ол осы тәрізді, 
«дәм, татым, талғам» деген мағыналарды білдіретін 
вкус
деген сөз 
казіргі орыс тілінде 
в 
жэне 
кус 
деген морфемаларга мүшеленбей- 
тін сөз ретінде үгынылатынын, ал тілдің ертеректегі дәуірлерінде 
бүл сөздің морфемалык күрамының ажыратыла алынгандыгын 
(мысалы, орысша 
кус-ать, кус-ок
дегендерді салыстырыңыз) 
көрсетеді3.
Сонымен сіңісу процесінің нэтижесінде создің о баста түбір 
мен аффикске мүшеленген негізі казіргі тілде морфемаларга (тү- 
бір морфема мен аффикстік морфемаға) ажыратылмайтын негізге 
айналады.
Морфологиялық сіңісу процесінің нэтижесінде кұрамындағы 
бөлшектері (морфемалары) бір-біріне сіңісіп кетіп, бүл күнде 
мүшеленбейтін сөздер түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ 
тілінде де бар. Мысалы, 
тімтін
(у), 
тіміскіле
(у) тэрізді сөздердің 
алғашкы түбірі 
тім-
екені, ал 
-т іп (-ті,-т), -іскг (-іс, -кі), -ле


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет