Van Overmeire және бірлескен авторлар ААӚ-
мен туылған нәрестелерді ӛмірінің 3-ші және 7-ші күндері бойынша
индометацин дәрілік затының емдік әсерін салыстыра отырып зерттеу
30
жүргізген. Нәтижесінде ӛмірінің 3-ші күні индометацин дәрілік затын
қабылдаған нәрестелерде жанама әсерлер жиі байқалған, бірақ ААӚ ӛздігінен
бітелу кӛрсеткіші тӛмен болуына байланысты, хирургиялық түзетулерді қажет
еткен [148]. Индометацин дәрілік затын кеш (7-ші күні) енгізген жағдайда
ААӚ ӛздігінен бітелу кӛрсеткіші жоғары деңгейде байқалған. Соған қарамастан
ерте гемодинамикалық асқынулар (ӛкпелік қан кетулер, НЭК және ҚІҚҚ)
алғашқы 3–5 тәулікте жиі кездескен. Осыған орай ААӚ медикаментозы
терапиясында
әртүрлі
елдер
мен
клиникаларда
емдеуге
арналған
ұсыныстарында айырмашылықтар байқалады. Мысалы, Department of Neonatal
Medicine Royal Prince Alfred Hospital (Австралия, Сидней қаласы)
клиникасында
ҚҚСЕДЗ
қолдануы
ААӚ
диаметрінің
динамикалық
кӛрсеткіштеріне бақылау арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, барлық қауіп
тобындағы нәрестелерге ӛмірінің 3–6 сағаттарында эхокардиографиялық
зерттеулер жасалынған. Егер нәрестеде ашық ӛзекшенің диаметрі 2,0 мм –ден
жоғары болса, туылғаннан 3сағат уақыт ӛткенде дәрілік заттың алғашқы
мӛлшерін енгізген [149]. Сонымен қатар, Ресейде және Қазақстан
Республикасында тіркелген ибупрофеннің ерітінді түріндегі кӛктамыр ішілік
енгізуге арналған жаңа аналогы Orphan Europe компаниясында жасалынған
«Педеа» дәрілік заты қолданылуда. Бұл дәрлік зат алдын алу шарасы ретінде
қолдануға ұсынылмаған.Оған себеп, 2009 жылы ибупрофен дәрілік затын
алдын алу мақсатында қолдануға арнап жүргізілген мультиорталықты
рандомизирленген қосарарланған жасырын плацебо-бақыланатын зерттеулер
болып табылады. Зерттеу нәтижесінде ААӚ бітелуіне аталған дәрілік заттың
тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген, бірақ қолданғаннан кейін туындайтын
жанама әсері (ҚІҚҚ, НЭК және БӚД) бойынша осы топтағы басқа да дәрілік
заттармен салыстырғанда айырмашылықтар байқалмаған [150].
Ӛкінішке орай елімізде барлық босану үйлері мен перинатальды
орталықтарында нәрестелер туылғаннан кейін ӛмірінің алғашқы сағаттарында
оперативті түрде эхокардиографиялық тексерулер жүргізіле бермейді. ҚР
ДСӘДМ денсаулық сақтауды дамыту сұрақтары бойынша эксперттік
комиссияның 2014 жылдың 4 маусымында № 10 хаттамасымен бекітілген
«Ашық артериалды ӛзекшені диагностикалау мен емдеудің клиникалық
хаттамасына» сәйкес
эхокардиографиялық зерттеулер қауіп тобындағы (ГЖ ≤
30 апта, ӚЖЖ жүргізілген жағдайда, сурфактант қабылдағандар мен ӛмірінің
алғашқы 48 сағат ішінде ӛкпелік қан кетулер) барлық нәрестелерге жүргізіледі.
Осы хаттамаға сәйкес ГАФАӚ анықталған жағдайда нәресте ӛмірінің алғашқы
2-5 күндері 24 сағаттық арақашықтықпен 10 мг/кг – 5 мг/кг – 5 мг/кг мӛлшерде
«Педеа» дәрілік заты кӛктамыр ішіне енгізіледі [151]. Терең шала туылған
нәрестелер үшін ГАФАӚ ерте диагностикалау мен жүргізу барысы кӛптеген
қиыншылықтар туғызады.
Медикаментозды терапиядан ем нәтиже бермеген жағдайда немесе
ГАФАӚ терең шала туылған нәрестелерге хирургиялық жолмен байлау
оперативті ем жасалынады. Ең алғаш 1963 жылы ААӚ бар шала туылған
нәрестеге жасалған операция сәтті аяқталды. ААӚ кең тараған емдеу әдісі
31
ретінде хирургиялық жолмен байлау арқылы түзетулер жатады. Аталған
хирургиялық тәсілдің бірнеше модификациялары қарастырылған: қосарланған
және үштік байлау [152], ӛзекшені бӛлу, ӛзекшенің ұштарын тігу, ӛзекшені
механикалық тігіспен тігу, ӛзекшені жасанды қанайналым жағдайында түзету
[64,р.157]. ААӚ-ні хирургиялық байлау тәсілі негізінен жасанды қанайналым
жасамай-ақ сол жақты торакотомия арқылы жүргізіледі. Кӛп жағдайда ашық
ӛзекшені бітеуде қосарланған байлау тәсілі қолданылады. Сонымен қатар, бұл
тәсіл қарапайым, сенімді және нәтижесі жоғары деңгейде. Алайда байлау тәсілі
түзетулер кезінде жарақаттауға бейім және операция кезінде, операциядан
кейін ерте кезеңде асқынуларға жол беруі мүмкін [153]. Операция барысында
орын алуы мүмкін қауіпті жағдайлар: қан кетулер, пневмоторакс, ларингеалды
қайтпа жүйкенің салдануы, хилоторакс (кеуде лимфа ӛзегінің зақымдануынан),
және ұзақ уақыттан кейін қалыптасатын сколиоздар [127,с.24; 154; 17,с.24;
139,р.905;44,р.123]. Moller J.H (1994ж) және бірлескен авторлардың
зерттеулерінде ГЖ 28 апта және одан кем шала туылған нәрестелерге ӛмірінің
алғашқы 15 сағатында алдын алу мақсатында индометацин беріледі және ашық
ӛзекшенің бітелуінде нәтиже байқалмағандарға хирургиялық байлау жолымен
түзетулер жасалынады. Зерттеу нәтижесінде хирургиялық байлау тәсілінен
кейін неврологиялық асқынулардың қалыптасу қаупі орын алмайтындығы
туралы қорытындыға келеді [34,р.923]. Қазіргі таңда әлемнің әртүрлі елдері
мен емдеу мекемелерінде ААӚ хирургиялық байлау тәсілі екі реттік
медикаментозды емдеу курсынан нәтиже болмаған жағдайда және ашық
ӛзекшенің кеш қайта ашылу кезінде жүргізеді. ААӚ жасалаған хирургиялық
оперативті ем нәтижесі қаншалықты алда туындауы мүмкін асқынулардан
алдын алатыны немесе қорғайтыны жӛнінде сұрақтар бәс туғызады [31,р.624].
Ғылыми әдебиеттік деректерде келтірілген кӛптеген мәліметтердің
болуына қарамастан нәрестелер мен ерте жастағы балалардағы ААӚ емдеуде
қандай емдеу тәсілінің тиімділігі туралы нақты мәліметтер келтірілмеген.
Ohlsson A. мен Walia R. (2008) пікірлерінше шала туылған нәрестелердегі ААӚ
хирургиялық байлау тәсілімен оперативті ем жүргізудің оңтайланған уақыты
нақты анықталмаған болып табылады [155]. Сонымен қорытындылай келе
нәрестелердегі ААӚ хирургиялық жолмен түзетуге кӛрсеткіш – ӚЖЖ тәуелді,
консервативті ем шараларынан нәтиже байқалмайтын гемодинамикалық айқын
ААӚ болып табылады. Нәрестелердегі айқын гемодинамикалық ААӚ-ге ӛз
уақытында жүргізілген хирургиялық түзетулер ӚЖЖ-де болу ұзақтығын
шегереді. ААӚ бар нәрестелерге жүргізілген оперативті араласулар тӛмен
деңгейдегі асқынулар мен операциядан кейінгі ӛлім кӛрсеткішінің тӛмендеуіне
септігін тигізеді. [156,157]
.
32
2
ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
2.1 Зерттеу материалдарының сипаттамасы
Аталған зерттеу жұмысы Тараз қаласындағы «Ғылыми-клиникалық
кардиохирургия және трансплантология орталығында», Жамбыл Облыстық
перинаталды орталықта, Алматы қаласы «Педиатрия және балалар хирургиясы
ғылыми орталығында» және Алматы қаласы «Перинатология және балалар
кардиохирургиясы» мекемелерінде жүргізілді. Жамбыл Облыстық перинаталды
орталықта 2014-2015 жылдары ЖТБДА-мен туылған 176 нәрестелердің
стационарлық науқастың медициналық картасына ретроспективті талдау
жүргізілді. Ал, Тараз қаласындағы «Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және
трансплантология орталығында» III- деңгейлі, ал Алматы қаласы «Педиатрия
және балалар хирургиясы ғылыми орталығында» және Алматы қаласы
«Перинатология және балалар кардиохирургиясы» мекемелерінде IV-деңгейлі
ем қабылдаған ЖТБДА бар нәрестелер мен ерте жастағы балалар құрады.
ЖТБДА туындатуы мүмкін қауіп факторларына талдаулар жүргізу үшін негізгі
топтағы 176 нәрестелерді салыстыру мақсатында, бақылау тобына дені сау 50
нәрестенің амблаториялық картасы таңдалынып алынды және талдау
жасалынды. Сонымен қатар, жүректің туа біткен кардиоваскулярлы аурулары
бар балаларға хирургиялық кӛмекті жақсату барысында таңдап алынған 176
нәрестелердің ішінен, туа біткен ашық артериалды ӛзекшесі бар 37 (21%) шала
туылған нәрестелер таңдап алынды. Шала туылған нәрестелерді кешенді
(комплекс): клинико-анамнездік, электрокардиографиялық, кеуде сарайының
рентгенографиясы, эхокардиография, қанның газдық құрамы мен қышқыл-
сілтілік статустық талдау зерттеулерге сүйене отырып, гестациялық жасы,
салмағы, ашық артериалды ӛзекшенің ерекшеліктеріне байланысты топқа
бӛлінді. Әр топтағы шала туылған нәрестелерге жүргізілген консервативті-
медикаментозды және хирургиялық емдеу шараларының нәтижесі сарапталып,
нәтижелері анықталды. Ашық артериалды ӛзекшені хирургиялық жолмен
«лигирлеу» операциясы арқылы емдеу тәсілдерінің артықшылықтары мен
тиімділіктері, хирургиялық түзетуден кейінгі асқынулар мен ӛлім деңгейінің
тӛментетуге маңыздылығы толығымен сипатталады.
Клиникалық зерттеу обьектісі: Жамбыл Облысы бойынша 2014-2015
жылдар аралғындағы жүректің туа біткен даму ақаулары бар 1 жасқа дейінгі
және ӛмірінде алғаш рет анықталған балалар құрады.
Зерттеу дизайны: ретроспективті сипаттамалы жағдай – бақылау (case-
control study) зерттеулер бойынша құрастырылды.
Зерттеуге алынған таңдау кӛлемі: заманауи, кең тараған арнайы
EpiInfo7 бағдарламасымен есептеу арқылы таңдап алынды. Аталған бағдарлама
бойынша таңдау кӛлемі n ≥170 кем болмау қажет. Жалпы Жамбыл Облысы
бойынша 2014-2015 жылдар аралығында 510 нәрестелер ЖТБДА-мен туылған.
Зерттеудің негізгі тобына алу алаптарының негізінде ЖТБДА бар 176
нәрестелер таңдап алынды. Жүректің туа біткен даму ақауларының кездесу
жиілігі мен таралуы-Medinfo.kz сайтындағы Республикалық және Жамбыл
33
Облыстық
перинатальды
орталықтың
статистикалық
мәліметтеріне
негізделді.Сонымен қатар, ЖТБДА таралу кӛрсеткіштерінің Қазақстан
Республикасындағы Облыстары бойынша ерекшеліктеріне сипаттама жасау
мақсатында ҚРДСӘД-нің «Медициналық кӛмек кӛрсетуді ұйымдастыру
департаментінің» статистикалық мәліметтеріне сүйене отырып, салыстырмалы
талдаулар жасалынды. Аталған мәліметтердің негізгі мақсаты- ЖТБДА таңдау
жасау мүмкіндіктеріне оңтайлы ықпал жасау.
Зерттеудің негізгі тобына ЖТБДА бар балаларды алу талаптары:
- ӛмірінде алғаш рет ЖТБДА анықталған нәрестелер мен ерте жастағы
балалар;
- гестациялық жасы ≥ 25 аптадан жоғары және салмағы ≥ 700 гр.нан артық
ЖТБДА бар шала туылған нәрестелер;
- ӛзге де жүйелер мен мүшелердің туа біткен даму ақауларымен
қосарланбаған ЖТБДА бар нәрестелер мен ерте жастағы балалар.
Зерттеу тобына алмау талаптары:
- 1 жастан асқан ЖТБДА бар балалар;
- гестациялық жасы ≤ 25 аптадан тӛмен және салмағы ≤ 700 гр.нан кем
ЖТБДА бар шала туылған нәрестелер;
- қосарланған басқа да жүйелер мен мүшелердің туа біткен даму ақаулары
бар балалар;
- ЖТБДА диагнозы нақтыланбаған балалар.
Клиникалық зерттеудің дизайны тӛмендегі суретте кӛрсетілген (сурет 1)
Ретроспективті клиникалық клиникалық зерттеу
Әдістер: 1. Жалпы клиникалық зерттеулер 3. Аспаптық зерттеулер
2. Анкета жүргізу әдісі (инвазивті емес)
Жамбыл Облысы бойынша 1 жасқа дейінгі ЖТБДА туылған
510 нәрестелер (2014-2015жж.)
Зерттеуге алынған 1 жасқа дейінгі ЖТБДА Бақылау тобы
бар балалар саны- 176
үшін дені сау
балалар саны - 50
ЖТБДА: ААӨ ЖТБДА басқада нозологиялық
шала туылған түрлері бойынша балалар
нәрестелер- 37
саны - 139
Сурет 1— Зерттеу дизайны
34
Жүректің
туа біткен даму ақауларының жеке нозологиялық түрлерінің
таралу кӛрсеткіштеріне талдау жүргізу барысы ДДСҰ ұсынылған Q20 - Q28
«Қан айналымы жүйесінің туа біткен ақауларының » XVII кластық «Туа біткен
ауытқулар [даму ақауы], деформациялар және хромосомдық ауытқулар»
аурулардың халықаралық жіктелуі (АХЖ) мен денсаулығына байланысты (10-
шы қайта қарау) номенклатурасы позицияларына сәйкес тіркелді. Жіктемеге
сәйкес ЖТБДА жеке нозологиялық түрлері тӛмендегі кестеге сай іріктеліп
алынды (кесте 2).
Кесте 2
—
Қан айналым жүйесінің туа біткен аномалияларының (даму
ақаулары) АХЖ
- 10 сейкес жеке нозологиялық түрлері
АХЖ-10
кодтары
Қан айналым жүйесінің туа біткен аномалиялары(даму ақаулары)
1
2
Q20
Жҥрек камералары мен қосындыларының туа біткен аномалиялары
[даму ақаулары ]
Q20.0
Жалпы артериалды бағана
Q20.1
Оң қарынша кіреберісінің қосарлануы
Q20.2
Сол қарынша кіреберісінің қосарлануы
Q20.3
Дискордантты қарынша-артериалдық қосарлану
Q20.4
Қарынша кіреберіс тесігінің қосарлануы
Q20.5
Дискордантты жүрекше-қарыншалық қосарлану
Q20.6
Жүрекше құлақшасының изомериясы
Q20.8
Жүрек камералары мен қосындыларының басқа туа біткен аномалиялары (даму
ақаулары)
Q20.9
Жүрек камералары мен қосындыларының анықталмаған туа біткен
аномалиялары (даму ақаулары)
Q21
Жҥрек қалқаларының туа біткен аномалиялары [даму ақаулары]
Q21.0
Қарынша аралық қалқаның кемістігі
Q21.1
Жүрекше аралық қалқаның кемістігі
Q21.2
Жүрекше –қарынша аралық қалқаның кемістігі
Q21.3
Фалло тетрадасы
Q21.4
Қолқа мен ӛкпе артериясының арасындағы қалқа кемістігі
Q21.8
Жүрек қалқаларының басқа туа біткен аномалиялары (даму ақаулары)
Q21.9
Жүрек қалқаларының анықталмаған туа біткен аномалиялары (даму ақаулары)
Q22
Ӛкпе сабауы және ҥш жармалы қақпақшалардың туа біткен
аномалиялары [даму ақаулары]
Q22.0
Ӛкпе сабауы қақпақшасының туа біткен атрезиясы
Q22.1
Ӛкпе артериясы қақпақшасының туа біткен стенозы
Q22.2
Ӛкпе артериясы қақпақшасының туа біткен жетіспеушілігі
Q22.3
Ӛкпе артериясы қақпақшасының басқа туа біткен ақауы
Q22.4
Үш жармалы қақпақшасының туа біткен стенозы
Q22.5
Эбштейн аномалия
Q22.6
Жүректің оң жақтық гипоплазия синдромы
Q22.8
Үш жармалы қақпақшасының басқа туа біткен ақауы
35
2-кестенің жалғасы
1
2
Q22.9
Үш жармалы қақпақшасының анықталмаған туа біткен аномалиялары (даму
ақаулары)
Q23
Қолқа және митралды қақпақшалардың туа біткен аномалиялары
[даму ақаулары]
Q23.0
Қолқа қақпақшасының туа біткен стенозы
Q23.1
Қолқа қақпақшасының туа біткен жетіспеушілігі
Q23.2
Митралды қақпақшасының туа біткен стенозы
Q23.3
Митралды қақпақшасының туа біткен жетіспеушілігі
Q23.4
Жүректің сол жақтық гипоплазия синдромы
Q23.8
Қолқа және митралды қақпақшаның басқа туа біткен даму ақауы
Q23.9
Қолқа және митралды қақпақшалардың анықталмаған туа біткен даму ақаулары
Q24
Жҥректің басқа туа біткен аномалиялары [даму ақаулары]
Q24.0
Декстрокардия
Q24.1
Синистрокардия
Q24.2
Үш жүрекшелі жүрек
Q24.3
Ӛкпе артериясы қақпақшасының воронкотәрізді стенозы
Q24.4
Қолқа астылық туа біткен стеноз
Q24.5
Тәждік тамырлардың даму ақаулары
Q24.6
Жүректің туа біткен блокадасы
Q24.8
Жүректің басқа анықталған туа біткен даму ақаулары
Q24.9
Анықталмаған жүректің туа біткен даму ақаулары
Q25
Ірі артериялардың туа біткен аномалиялары [даму ақаулары]
Q25.0
Туа біткен ашық артериалды ӛзекше
Q25.1
Қолқа коарктациясы
Q25.2
Қолқа атрезиясы
Q25.3
Қолқа стенозы
Q25.4
Қолқаның басқа туа біткен даму ақаулары
Q25.5
Ӛкпе артериясының атрезиясы
Q25.6
Ӛкпе артериясының стенозы
Q25.7
Ӛкпе артериясының басқа туа біткен даму ақаулары
Q25.8
Магистралды тамырлардың транспозициясы
Q25.9
Ірі артериялардың анықталмаған туа біткен даму ақаулары
Q26
Ірі кӛк тамырлардың туа біткен аномалиялары [даму ақаулары]
Q26.0
Қуыс кӛк тамырдың туа біткен стеноз
Q26.1
Сол қуыс кӛк тамырдың сақталуы
Q26.2
Ӛкпе кӛк тамырлар қосарлануының тоталды аномалиясы (даму ақаулары)
Q26.3
Ӛкпе кӛк тамырлар қосарлануының толық емес аномалиясы (даму ақаулары)
Q26.4
Ӛкпе кӛк тамырлар қосарлануының анықталмаған аномалиясы (даму ақаулары)
Q26.5
Қақпа кӛк тамырлар қосарлануының аномалиясы (даму ақаулары)
Q26.6
Қақпа кӛк тамыр-бауыр-артериалды фистула
Q26.8
Ірі кӛк тамырлардың басқа туа біткен аномалиясы (даму ақаулары)
Q26.9
Ірі кӛк тамырлардың анықталмаған туа біткен аномалиясы (даму ақаулары)
36
Зерттеуге алғашқы құжаттар ретінде: «Жамбыл Облыстық перинаталды
орталығындағы» ЖТБДА бар нәрестелердің ауру тарихы, Тараз қаласындағы
«Ғылыми-клиникалық кардиохирургия және трансплантология орталығы»,
Алматы қаласы «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында»
стационарлық емдеуге жатқызылған ЖТБДА бар ерте жастағы балалардың ауру
тарихтары қолданылды. Алғашқы кезеңде, ЖТБДА-ның таралуы мен
құрылымдық ерекшеліктері анықталды, статистикалық талдаулар жүргізілді.
Екінші кезеңде,
жаңа туылған нәрестелер арасында жүректің тума даму
ақауларынан болатын ӛлімнің себептеріне зерттеулер жүргізілді.
Үшінші
кезеңде, ЖТБДА бар негізгі топтағы және дені сау бақылау тобындағы
балалардың ата-аналарына анкеталық сұрау жүргізілді. Тӛртінші кезеңде
ЖТБДА бар балаларға хирургиялық кӛмек кӛрсетуді жақсарту қарастырылды
.
Бірінші кезең бойынша зерттеуге алынған 2014-2015 жылдар бойынша
Жамбыл Облысындағы ЖТБДА нәрестелер мен ерте жастағы балалар арасында
таралу жиілігі мен құрылымдық ерекшеліктеріне терең талдаулар жасалынды.
Алынған нәтижелер Қазақстан Республикасындағы Облыстар мен маңызды
қалалар бойынша статистикалық мәліметтермен салыстырулар жүргізілді.
Зерттеуге таңдау жасаудың негіздемесі жан-жақты нақты зерттеу нәтижелерінің
қорытындыларымен дәйектеліп жасалынды. ЖТБДА жеке нозологиялық
түрлері бойынша экстенсивті және интенсивті кӛрсеткіштер бойынша
талданды.
Екінші кезең бойынша зерттеу материалы ретінде 2014- 2015 жылдар
аралығында Жамбыл Облыстық перинатальды орталығы мен Тараз қалалық
перинатальды орталығында ӛлі туылған және әртүрлі жүректің туа біткен даму
ақауларынан ӛлген 24 нәрестелердің даму тарихына ретроспективті талдау
2-кестенің жалғасы
1
2
Q27
Шеткері тамырлар жҥйесінің туа біткен аномалиялары [даму ақаулары]
Q27.0
Кіндік артериясының туа біткен болмауы және гипоплазиясы
Q27.1
Бүйрек артериясының туа біткен стенозы
Q27.2
Бүйрек артериясының басқа туа біткен даму ақаулары
Q27.3
Шеткері артериовенозды даму ақаулары
Q27.4
Туа біткен флебэктазия
Q27.8
Шеткері тамырлар жүйесінің басқа туа біткен даму ақаулары
Q27.9
Шеткері тамырлар жүйесінің анықталмаған туа біткен даму ақаулары
Q28
Қан айналым жҥйесінің басқа туа біткен аномалиялары [даму ақаулары]
Q28.0
Прецеребралды тамырлардың артериовенозды даму аномалиялары
Q28.1
Прецеребралды тамырлардың басқа даму аномалиялары (даму ақаулары)
Q28.2
Церебралды тамырлардың басқа даму аномалиялары (даму ақаулары)
Q28.3
Церебралды тамырлардың басқа даму аномалиялары (даму ақаулары)
Q28.8
Қан айналым жүйесінің басқа анықталған туа біткен аномалиялары (даму
ақаулары)
Q28.9
Қан айналым жүйесінің анықталмаған туа біткен аномалиялары(даму ақаулары)
37
жасалынды. ЖТДА-нан ӛлі туылған және ӛлім саны, жас бойынқа құрылымдық
ерекшеліктері және ықтимал себептері анықталды.Сонымен қатар ерте жастағы
балалар
ӛлімі:
магистралды
тамырлардың
транспозициясы,
қолқа
коарктациясы, ӛкпе артериясының атрезиясы және ҚАҚК (қарынша аралық
қалқа кемістігі) сияқты күрделі анатомиялық даму ақауларында кездесетіндігі
анықталып және негізгі себепші факторлары сарапталды.
Үшінші кезең бойынша ЖТБДА туындататын қауіп-қатер факторларын
зерттеу үшін
ЖТБДА бар негізгі топтағы
(НТ, n=176)
және дені сау бақылау
тобындағы
(БТ, n=50)
балалардың ата-аналарына демографиялық факторлар
(ата-анасының жасы, отбасылық жағдайы және білім деңгейлері); әлеуметтік-
гигиеналық факторлар (ата-анасының зиянды әдеттері (темекі шегу,
алкоголизм,
жұмысының
персоналды
компьютермен
байланыстылығы);медико-биологиялық
факторлар:
акушерлік
анамнез
(токсикоз, гестоздар, құрсақ ішілік инфекциялар), жүктілік кезіндегі бастан
ӛткізген аурулар (ЖРВИ, анемия, пиелонефрит)
бойынша
анкеталық сұрау
жүргізілді. Анкеталық сұраулар қазақ және орыс тілдерінде Жамбыл Облыстық
перинаталды орталықта жүзеге асырылды
(қосымша 1). Негізгі топтағы
ЖТБДА бар балалардың кӛрсеткіштерімен салыстыру мақсатында жүрегінде
патологиялық шуылдары жоқ, физикалық және психикалық дамуы жасына сай,
«Жамбыл Облыстық перинаталды орталықта» туылған 50 дені сау
нәрестелердің ата-анасына анкеталық сұраулар алынды. Аталған нәрестелердің
туылған кездегі жағдайы Апгар шкаласы бойынша бағаланып, кӛрсеткіші 9
баллдан тӛмен болмады және кешендік бағалау негізінде бірінші денсаулық
тобына жатқызылған балалар құрады. Алғашқы материалдар ретінде
нәрестелердің босану (форма 096\у) және даму тарихы (форма 097\у) алынды.
Тӛртінші кезең бойынша ЖТБДА ААӚ бар шала туылған нәрестелерге
хирургиялық кӛмек кӛрсетуді жақсарту шарасын қарастырылды. Ол үшін:
зерттеуге Жамбыл Облыстық перинаталды орталықта 2014-2015 жылдары
аталған ЖТБД-мен 37 шала туылған нәрестелер таңдалып алынды. Шала
туылған нәрестелерді кешенді: клинико-анамнездік, электрокардиографиялық,
кеуде сарайының рентгенографиясы, ЭхоКГ, қанның газдық құрамы мен
қышқыл-сілтілік статустық талдауға сүйене отырып, гестациялық жасы,
салмағы, ашық артериалды ӛзекшенің ерекшеліктеріне байланысты топқа
бӛлінді. Әр топтағы шала туылған нәрестелерге жүргізілген консервативті-
медикаментозды және хирургиялық емдеу шараларының нәтижесі сарапталып,
нәтижелері анықталды. Шала туылған нәрестелерге ААӚ кезінде «лигирлеу»
тәсілін қолдана отырып хирургиялық кӛмек кӛрсету шараларымен
жақсартылды.
Достарыңызбен бөлісу: |