Кенесары туралы тарихи жырлар


Кенесары хан қоныстан ауғанда Досқожа ақынның шығарған қоштасу жыры



бет2/10
Дата21.09.2022
өлшемі38,81 Kb.
#39790
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Êåíåñàðû òóðàëû òàðèõè æûðëàð

Кенесары хан қоныстан ауғанда Досқожа ақынның шығарған қоштасу жыры
Кенесарының күресін жақтаған қазақ ақындары сарбаздардың рухын көтеруге өз үлесін қосты. Сондай ақындардың бірі Алтай-Қалқаман руының өкілі Досқожа Тоқбөріұлы, өзінің айтуы бойынша, Кенесары ханның қолына Ақмола аймағында қосылған. Кенесарының күресін жақтаған ақындар қатарында белгілі қазақ драматургы Қалтай Мұхамеджановтың бабасы Күдеріқожа ақын да болды.
Досқожа жыраудың (1801–1866) есімі «Кенесары қоныстан ауғанда айтқаны» деген жырынан мəлім. Бұл жыр мекенін тастап ауа көшкен елдің туып-өскен жерін қимай жылап айрылысқан қоштасуын бейнелейді.
Досқожа ақын қазақтың бейбіт, еркін бақытты күн кешкен шағын еске түсіреді. Бұл қоныстың ата-бабалар қайратымен қолға түскенін айта кетеді.
Қатарыңнан артықсың,
Қайраты түпсіз тереңім!
Атаңыз жаулап өтіпті
Қалмақтың Уса, Серенін.
Біз қоныстан кеткен соң,
Көреміз бе, дүние-ай,
Мына жатқан Есілдің
Көк орай тартқан өзенін?! — дей келіп, туып-өскен жердің сəулетін, қадір-қасиетін айтып тауыса алмайды.
Наурызбай-Ханшайым» атты эпикалық туындыдағы Кенесары мен Наурызбай бейнесі
Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы (1854–1936) — бүкіл өмірін қазақ ауыз əдебиетін жинап, оның өзіне ұнаған жақсы үлгілерін қайта жырлап, кітап етіп бастыруға жұмсаған зерделі жан. Ақынның Қазан қаласынан жарық көрген дастандары отызға жуық. Жүсіпбектің сондай шығармаларының бірі «Наурызбай-Ханшайым» атты эпикалық туындысы.
Жүсіпбек қожаның бұл шығармасы Қазан қаласында 1915 ж. өз алдына жеке кітап болып жарық көрген. Дастан бастан-аяқ ата-бабамыздың көшпелі тұрмысын жан-жақты суреттеген. Бұл еңбекте ақын еліміздің көшіп-қону, қыз ұзату, бəйге, сайыс, айтыс, күрес, жамбы ату сияқты сан алуан ұлттық сəн-салтанатын əр қырынан əдемі жырлаған. Поэмада Кенесары мен Наурызбай бейнесі, ел бүтіндігіне, халық бірлігіне шыбын жанын қиюға даяр Ханшайым сұлудың өмірі анық сомдалған.
Қолда бар фольклорлық мəтіндерде Кенесары — идеалды кейіпкер, мінсіз адам, əділ хан ретінде суреттеледі. Ол бірнеше сипатта көрінеді. Егер жүйелеп айтар болсақ :
Кенесары — идеалды қаһарман, билік тізгінін мықтап ұстаған əмірші, күллі қазақты өзіне қаратқан хан;
оның қол астына атақты батырлар жиналған;
олар ханның ордасын – мемлекет орталығына айналдырған. Бұл туралы Жүсіпбек Шайхисламұлы өз дастанында:
Хан болды Кенесары Орта жүзге,
Жайылды əруағы өзге жүзге.
Хакім боп жеті жұрттан иығы асты,
Жарамас шөп салуға басқан ізге. деп жырлайды.
Поэмада Кенесары — ақылшы, батагөй абыз, тапқыр шешен, бекзат болып бейнеленеді. Əрбір жауапты, қиын іс Кенесары бата бермей істелмейді. Жорыққа шығарда, шайқасқа енерде ол бата беріп, ақ жол айтып кіріседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет