3. Жұмбақ айтысынамысал келтіріңіз Айтыстардың ішінде ерекше орын алатын түрі – жұмбақ айтысы. Бәдік, жар-жар, жануарлар мен адамның айтысына қарағанда жұмбақ айтысы адамның сана-сезімінің, таным-түсінігінің даму, өсу, табиғаттың әр түрлі құбылыстарын танып-білу кезінде туған. Жұмбақ айтысына «Сапарғали мен Нұржан», «Әсет пен Ырысжан», «Қожахмет пен Әубәкір» айтыстары жатады.
Жұмбақтардың өзі сияқты, жұмбақ айтысы да ұйқасқа құрылады. "Жұмбағым жұтылды, ыққа қарап құтылды". Бұл – бастапқы қысқа түрі. Ал кілең өлеңмен келетін ұзақ түрлері – соңырақ туған әрі адам санасының марқайған кездегі түрі.
Жұмбақ айтыста кез келген ақын бел байлап айтысуға шыға алмайды. Бұл айтысқа түсу үшін, өз жанынан өлең шығара білу жеткіліксіз. Сонымен қатар ақын өмірдің барлық саласынан хабары бар, білімді адам болуы керек.
Әсет пен Ырысжан айтысы — ақындар айтысының шоқтығы биік, аса көркем үлгілерінің бірі.
Айтыс 19-ғасырдың соңғы ширегінде өткен. Мұнда халық өмірінің ауыр жағдайы мен ел билеушілердің зорлық-зомбылығы жұмбақ — жауап түрінде әсерлі сипатталған. Жұмбақты бастан-аяқ Ырысжан айтады да, Әсет қолма-қол шешіп отырады.
Адамды дүниетануға, өмірді көбірек білуге дағдыландырып, оның ойсанасын өрістетіп, қиялын шарықтатуда басқа айтыстан гөрі жұмбақ айтысының орны ерекше.
Ырысжанның жұмбағы: Қыз айтты: әуелінде бір жұмбағым: Аузыма ағытылып, кір, жұмбағым. Отырған Қарқараның хан, қарасы, Жүйріктен екі қыран сөз тыңдадың. Бір сарай нұрланады жалғыз «миммен», «Ра» мен «нұн», «хи» менен «зи» оған ерген. Бұл бес әріп бес сөздің бесеуінде, Білдің бе мағынасын қайдан келген? Және де бір бәйтерек шыққан биік, Көрінер көлеңкесі көкке тиіп, Жемісі мәуесімен жарасулы, Сенімді сегіз бұтақ тұрған тиіп. Ол бұтақ қорқытады жүрек шайып. Теректің жапырағын елге жайып,