Кенесары туралы тарихи жырлар



бет7/10
Дата21.09.2022
өлшемі38,81 Kb.
#39790
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Досбол Қорлыбайұлы, Досбол би(1800, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы – 1890, Шиелі ауданы) – би, қоғам қайраткері. Орта жүз құрамындағы қыпшақ тайпасының Көзей руынан шыққан. [1]
Сыр бойын мекен еткен атақты да беделді би халық тыныштығын сақтау үшін көп арпалысып, даулы мәселелердің шешімін тауып білетін данышпан би болатын. Қоғамда айрықша орын алғанм маңызды адам, сөзге жүйрік шешендердің бірі болған.
Досбол би ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен, ел мен елді бітістіріп, әділдігімен, тапқырлығымен, шешендігімен халық арасында зор беделге ие болған адам. Ол «Бәрінен сөз бастау қиын, тауып айтсаң мереке қылады, таппай айтсаң, келеке қылады» деп, аталы сөзді бәрінен жоғары қояды.
Досбол қарауыл Ордабайды ертіп Шекті еліне дауға барады. Сөз арасында Ордабай жеңілтектік қып күле беріпті. Сонда Досболдың Ордабайға айтқаны:
Көлде жүрген қоңыр қаз
Шөл қадірін не білсін?
Шөлде жүрген дуадақ
Көл қадірін не білсін?
Тауда жүріп, таста өскен,
Ағайыннан басқа өскен
Ордабай күлмей, кім күлсін! -
дегенде, Ордабай күлкісін тия қойыпты


3. Қыз Жібек образын талдаңыз
Жібек те - өз теңін іздеген ару. Оның арманы - өзін құлай сүйген, махаббатқа адал адамға қосылу. Жібектің идеалы - бай да, батыр да емес. Оған керегі - өзінің жүрегін жалындата алатын, өзі сияқты жаны таза, ақылды әрі көрікті жігіт. Яғни, Жібектің өзі қалай сүйсе, жігіт те оны солай сүюі керек. Міне, Төлеген осындай адам. Оны Жібек алғашқы кездесуде-ақ сынап, байқаған. "Жалғыз атты" адамсың дей отырып, Төлегеннің сөзінен, өзін қалай ұстайтын мінезінен оның бекзат жан екенін аңғарған.
Жалпы, Жібектің образы эпоста идеалды болып суреттеледі, оның бойында қазақ әйелінің ең асыл қасиеттері жинақталған. Жырда ол екі бейнеде көрінеді: сұлу қыз және адал әйел. Жырдың алғашқы бөлімінің біраз жері - сол сұлу қызға арналған. Оның сұлулығы алыс жерлерге жетеді, Төлеген де, қалмақ ханы Қорен де ару қыздың даңқын естіп келеді. Жібектің өз елінде де талай жігіт оған ғашық, бірақ Жібекке жолай алмайды, өйткені, Жібек тірі жанды менсінбейді, бұла боп өскен ерке әрі өр мінезді.
Жібектің сұлулығына ақылы мен ақындығы да сай. Алғаш кездескен сәттегі Төлегеннің сөзіне берген жауабы өте ұтымды әрі әсерлі. Ол өзін үлкен шеберлікпен таныстырады жігітке, өзінің кім екенін кәнігі ақындарша баяндайды. Өзін халық құрметтейтінін, жоғары бағалап, сыйлайтынын айта келіп, Жібек Төлегенді әдейі кемсіте сөйлейді, сөйтіп, оның жігіттік намысын сынайды. Жігіттің айтқан жауабына, көркі мен ұстамдығына риза болған Жібек енді өзі іздеген адам - осы Төлеген екеніне көзі жетеді де, соған тұрмысқа шығуға бел байлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет