Кенжебаева Сəуле Сағындыққызы биотехнологиядағЫ Қазіргі əдістер



Pdf көрінісі
бет54/78
Дата27.12.2022
өлшемі5,04 Mb.
#59924
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   78
Сұрақтар
1. Нуклеин қышқылдарын бөлу үшін қандай жалпы принциптер 
қолданылады?
2. Өсімдік ұлпаларынан жиынтық ДНҚ-ны бөліп алу қандай əдіс бо-
лады? 
3. Став детергентін қолдану арқылы жəне 5M ацетат калийдің 
көмегімен жиынтық ДНҚ-ны бөліп алудың қандай əдістері бар?
4. Құрамында көп мөлшерде фенолы бар өсімдіктердің құрамынан 
ДНҚ бөліп алудың жиынтықты хлоропласты жəне митохондриялық 
ДНҚ-ны бөліп алудың қандай əдістері бар?
5. Бактериалды клеткалардан сілтілі əдіспен плазмидті ДНҚ-ны бөліп 
алу əдісі қандай сатылардан тұрады?
6. Тризол реагентін пайдаланып, өсімдіктен жаппай РНҚ-ны бөлу 
əдісі қандай?
7. Нуклеин қышқылдарының құрамындағы санын анықтаудың қандай 
əдісі бар? 
8. Нуклеин қышқылдарының сутектік байланыстарын жəне оның 
құрылымын талдауды қалай түсінесіз?
9. Молекулалық гибридизация əдісіне қандай принциптер жатады?
10. Қайталанатын ДНК мен реасоциация кинетикасы қандай?
11. ДНҚ-ны талдау тəсілдерін қалай түсінесіз?
12. Агарозды гельде ДНҚ электрофорезі қандай сатылардан тұрады?


135
Əдебиеттер
1. У. Клаг, М. Каммингс, 2007. – Основы генетики, Техносфера. –
896 б.
2. Е.А. Калашникова, Е.З. Кочиева, О.Ю. Миронова. Практикум по 
сельскохозяйственной биотехнологии. – М., КолосС, 2006, 144 б.


136
4-ТАРАУ. ГЕНЕТИКАЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ ƏДІСТЕРІ
Генетикалық инженерия деп in vitro жагдайында функциялық 
пəрменді генетикалық құрылымдарды (реккомбинантты ДНҚ-
ны) құрастыруды жəне оларды тірі клеткаларға енгізуді түсінеді. 
«Генетикалық инженерия» жəне «ген инженериясы» терминдері сино-
ним ретінде каралғанмен, олардың мағынасы бірдей емес: генетикалық 
инженерия генетикамен байланысқан, ал ген инженериясының тек 
генге ғана қатысы бар. 
Рекомбинантты ДНҚ (рДНҚ) дегеніміз – əртекті ДНҚ-лардан 
құралған (табиғи немесе синтетикалық ДНҚ фрагменттерін жалғас-
тыру арқылы) жəне клеткаларда репликациялана алатын генетикалық 
құрылым. Бұл арадан біз үш терминнің де жалпы анықтамасы бір 
бағытта екендігін байқауымыз керек, нақты тұрғыдан олардың 
мақсаттары бірдей жəне қазіргі биотехнологияның негізгі, əрі болашағы 
зор əдісі болып саналалы.
Ген инженериясы мыңадай кезеңдерден тұрады: 
1) генді (ДНҚ фрагментін) алу; 
2) рекомбинантты ДНК молекуласын құрастыру; 
3) реципиент клеткасына рекомбинантты ДНҚ молекуласын енгізу; 
4) қажет рекомбинантты ДНҚ молекулалары бар клондарды 
(бактериялық клеткаларды) ортадан табу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет