Диагностикалық құзыреттілік құрылымы
№
|
Компонеттер
|
Критерийлер
|
Көрсеткіштер
|
1
|
Құндылықты мотивациялық
|
Мотивтер бағыттылығы; өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысы.
|
1 Құндылықтарды меңгеруге және оларды оқытуға мотивінің және қызығушылығының болуы.
2 Өзіндік білім алуға ұмтылысы.
3 Педагог-психологқа тән кәсіби іс- әрекетте диагностикалау бойынша тұрақты қызығушылықтар және оң нәтижеге жетуге деген тырысулар, ұмтылыстар, табандылық, адалдық .
|
2
|
Мазмұндық
|
Психология және педагогика саласы бойынша, диагностика-
лық іс-әрекетті жүзеге асыруға
қажет теориялық-әдістемелік білімдерді меңгеруі.
|
1.Диагностиканың мәнін, оның әдістерін, құралдарын, ұйымдастырушылық түрлерін, оқу үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды білуі; 2.Диагностикалық әдістер, тәсілдер туралы жүйеленген білімге ие болуы, білім беру үдерісіндегі психологиялық- педагогикалық диагностиканың рөлін жеткілікті түсіуі.
3.Диагностикалау бойынша алған білімді практикада қолдануы.
|
|
Процессуал-дық
|
Диагностикалық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін қажетті дағдылар жүйесі.
|
1.Диагностиканың құралдары мен түрлерін, әдістерін өздігінен таңдауы.
2.Стандартты дидактикалық диагностикалық материалдарды өз бетінше өңдеуі.
3.Диагностика процедурасына белсенді қатысуы.
|
4
|
Рефлексивті
|
Бағалау мен ой елегінен өткізе білуге, талдауға , рефлесияға қабілеттілік.
|
Рефлексия жақсы дамуы, білімін бағалауы,психологиялық педагогикалық диагностика аймағында өз көзқарасын дәлелдеуі
|
Осылайша, болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруды қамтамасыз ететін модель өзара байланысты компоненттерден тұратын ойластырылған құрылымды, зерттелетін сапа деңгейін анықтай отырып, осы бағыттағы жұмыстарды іске асыру кезеңдерін білдіреді.
2. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі.
Білім беру мекемесінде педагог-психологтың кәсіби міндеттерін білікті орындау үшін келесі жалпы педагогикалық құзыреттерге ие болуы тиіс: басқарушылық, әдістемелік, аналитикалық, коммуникативтік. Айта кету керек, диагностикалық құзыреттілік педагог-психологтың негізгі құзыреттілік жүйесіндегі компонент және байланыстырушы буын болып табылады. Осыған сәйкес, біз маманның алғашқы зерттеу қызметін қамтамасыз ететін диагностикалық құзыреттілікті анықтаймыз. Ол педагогтың одан әрі басқарушылық, ұйымдастырушылық, әдістемелік, коммуникативтік, сараптамалық қызметі үшін негіз болады.
Болашақ педагог-психологтарды даярлау негізгі жағдайларда нормативті- құқықтық құжаттармен реттеледі. Оған МЖМБС (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты), типтік оқу жоспары және мамандықтың типтік оқу бағдарламасы кіреді. Білім беру мазмұнын реттеуде жетекші тетіктер бола отырып нормативті құжаттардың әрқайсысы оқытудың білім беру траекториясын құруға қатысты талаптарды ұсынады.
"5В010300 – Педагогика және психология" мамандығының РК 3.08.253-2006 ҚР МЖМБС және 3.08.003-2004 ҚР МЖМБС ретроспективті талдау болашақ педагог-психологтарды диагностикалық іс-әрекетке даярлау мазмұны сұлбалы, үзік-үзік келтірілгенін көрсетті.
Бұл типтік оқу бағдарламасында міндетті ретінде келесі пәндер бөліп көрсетіледі:
Педагогикалық мамандыққа кіріспе
Педагогика
Педагогиканың тарихы
Этнопедагогика
Әлеуметтік педагогика
Педагогикалық менеджмент
Педагогикалық шеберлік
Педагогиканы оқыту әдістемесі
Бейіндік білім беру педагогикасы.
Сонымен қатар типтік оқу бағдарламасын талдау "050103 - Педагогика және психология" мамандығының базалық міндетті пәндері мазмұны педагогикалық пәндерді зерттеуге бағытталғандығын және психологиялық- педагогикалық диагностика сұрақтарын толықтай аша алмайтындығын дәлелдейді.
Осылайша, ҚР 2016 жылғы Типтік оқу бағдарламасында психологиялық- педагогикалық диагностиканың мәселелері мен сұрақтарын толық болмағанымен ішінара қарастыратын бір пән бар болғаны әрине, мамандардың келешектегі кәсіби қызметте өте маңызды екені айқын.
Білім беру бағдарламасы мамандықтың типтік оқу жоспары және МЖМБС негізінде жасалады. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті "5В010300 - Педагогика және психология" мамандығының ОБ мазмұны 5В010300 - Педагогика және психология мамандығының Типтік оқу жоспарына сәйкес келеді және мамандарды даярлаудың толықтығын қамтамасыз етеді. Мамандықтың оқу жоспарында пәндер курсының логикалық тізбегі анықталған. Әр пән бойынша оқу-әдістемелік кешен жасалынды. Білім беру бағдарламасын жасау барысында еңбек нарығының және жұмыс берушілердің қажеттіліктері ескеріледі.
Мамандық сипаттамасында педагог-психолог алдында тұрған міндеттер білім беру процесінде тұлғаны, сондай-ақ оның жеке даму деңгейін зерттеу, тұлғаны зерттеу міндеті ретінде анықталған; психологиялық қасиеттерін, жеке сипаттамаларын, қасиеттерін зерттеу, яғни студенттердің (оқушылардың) қабілеттерін, қызығушылықтарын және бейімділігін зерттеу; мінез-құлық ерекшеліктерін зерделеу, білім беру процесінің басқа да қатысушыларымен қарым-қатынас жасау, топтарда (сыныптарда) қарым-қатынас жасау және психологиялық климат; даму, білім беру және оқыту саласындағы бұзушылықтардың себептерін анықтау. [108].
Осыған орай жоғарыда көрсетілген тапсырмаларды орындау үшін оның диагностикалық құзыреттілігі болу керек. Осы тұста педагог – психологтарды даярлаудың бүгінгі күнгі мазмұнына да теориялық талдау жасауды жөн көрдік.
Төмендегі кестеде Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің "Педагогика және психология" мамандығының оқу жоспарындағы «Тұлғаны психологиялық-педагогикалық диагностикалау» пәнінің мазмұнына жасалған талдау келтіріледі..
Пәннің мақсаты: Пәнді оқыту мақсаты оқытудың келесі нәтижелеріне қол жеткізу болып табылады:
студенттердің теориялық білімдерін арттырып, психологиялық дайындықтарын нығайту;
жеке адам психодиагностикасының ғылыми-теориялық негізін тереңдетіп оқыту;
психодиагностикалық зерттеулерді жүргізу ережелерімен таныстыру;
психологиялық көмек көрсету кезінде маманның практикалық дайындығын және кәсіби дағдыларын игеру.
Пәннің міндеттері:
- психологиялық-педагогикалық диагностиканың қазіргі ғылыми-теориялық негізі;
- адамның жеке психологиялық ерекшеліктерін бағалау амалы мен жолдары;
- психологиялық практиканың әр түрлі облыстарында психологиялық-педагогикалық диагностикалауды ұйымдастыра алу дағдысы;
- өзінің мамандығына кәсіби тұрғыда даярлығын қамтамасыз ету.
Пәнді оқытудың сонғы нәтижесі: тұлғаның даму ерекшелігін меңгерген, диагностика жасау әдіс-тәсілдерін біледі; педагогикалық-психологиялық үдерістің мазмұнын анықтап, өз бетінше диагностикалық бағам жасайды; жас ерекшеліктеріне қарай және тұлғаның қалыптасу диагностикасының мәнін белгілі дәрежеде бақылап, тәжірибеде іске асырады.
«Тұлғаны психологиялық-педагогикалық диагностикалау» курсы құзыреттілік моделіне көшуіне байланысты жаңартылған мазмұнмен білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге дайын және біліктілік деңгейін қалыптастыруға ықпал ететін жоғары білікті мамандарға тәжірибе талап етуге тікелей жауап береді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу үдерісі бойынша болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілікті қалыптастыруға ықпал етеді. Дегенмен пән мазмұнына жүргізілген теориялық талдау қазіргі практиканың және уақыт талаптарын ескере отырып, оны жетілдіруді, «Тұлғаны психологиялық- педагогикалық диагностикалау» курсының мазмұнындағы ӨБСӨЖ тақырыптарына толықтырулар енгізу қажет етеді деп санаймыз. Бұл бағыттағы жүргізілген жұмыстарымыз диссертацияның тәжірибелік бөлімінде сипатталатын болады.
Біздер анықтау эксперменті материалдары нәтижелерін талдау негізінде төмендегідей тақырыптарды болашақ педагог-психологтарға оқыту керек деп білеміз.
1. Оқытуды өнімді етуге ықпал ететін факторлар жөніндегі түсінік.
2. Оқу материалдары және оның оқытуды өнімді етудегі негізгі фактор ретіндегі маңызы.
3. Оқыту үдерісіндегі ұйымдастыру-педагогикалық ықпал - оқытуды өнімді етудегі негізгі фактор.
4. Уақыт және оны басқару оқытуды өнімді етудегі негізгі фактор.
5. Оқушының оқу мүмкіндіктері мен жағдайлары – оқытуды өнімді етудегі негізгі фактор.
6. Оқытуды өнімді ету факторларын анықтау бойынша диагностикалық тесттер мен сауалнамалар әзірлеу мазмұны.
7. Оқытуды өнімді ету факторларын жеке және кешенді диагностикалау мен оның нәтижелерін өңдеу.
Осылайша, педагог-психологтың кәсіби қызмет мазмұнын талдау арқылы, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттары, міндеттері, мазмұны, ұйымдастыру формалары, олардың нәтижелеріоның пәні ретінде ұсынылған; білім алушылардың әлеуетті мүмкіндіктерін дамыту мақсатында, тұлғалық-бағдарланған білім беру арқылы, психиканың тұлғалық және когнитивті салаларын зерттеу қарастырылған мамандықтың кәсіби қызметінің нақты айқындалған саласы қалыптасқан деген қорытынды жасауға болады.
Педагог-психолог жұмысының табыстылығы оның жоғары оқу орнында, теориялық және практикалық қызметтерден тұратын, кәсіби дайындығымен тікелей байланысты. Оқыту үдерісінде ЖОО-да болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруға қажетті барлық алғышарттар қамтылған. Ол педагог- психологты даярлауда қалыптасқан қиындықтарды оңтайлы шешу әдістерін табуға мүмкіндік бере отырып, Қазақстан Республикасының заманауи білім беру ұйымдарындағы оның статусы мен рөлін арттырады. Болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесінің әдістері мен формаларының мәнін түсіндіруге келесі тарау мазмұны арналатын болады.
Педагог-психолог маман «білім», «іскерлік» және «сапалық» құзыреттерді бойында қалыптастыра отырып, білім беру үдерісінде ұтымды шешім қабылдай алуы, тұлғаға немесе топ мүшелеріне кәсіби қызмет көрсете алу қабілеті оның қалыптасқан «диагностикалық құзыреті» болып табылады. Сол себепті, жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді, педагог-психолог мамандарды даярлау барысында оларды кәсіби құзыреттілігін құраушыларын меңгеруге бағытталған оқу жұмыстары ұйымдастырылады. Педагог-психологтың диагностикалық құзыреттілігіне оқушылардың оқу үлгермеу себептерін анықтауда қатысты болып табылады. Сонымен қатар, оқытуды өнімді ету бағытындағы бағдарлы жұмыстарды анықтау педагог-психологтың қызметі түріне енеді. Оқытуды өнімді ету бойынша бірқатар ғалымдар өздерінің зерттеулерін жүргізген және өзіндік анықтамаларын берген. Солардың бірі М.И. Башмаков өнімді оқытуды былайша сипаттайды: «Өнімді оқытудың негізі білім берудің ең маңызды мақсаты болып табылатын жеке тұлғаның жеке дамуын қамтамасыз ететін өнімді іс-әрекеттер. Ол жеке өсуді және жеке дамуды, тұлғааралық дағдыларды, қатысушылардың өзін-өзі анықтауын қамтамасыз етуге бағытталған өмірлік дағдыларды қалыптастыру» - дейді
Көптеген зерттеулердің нәтижесінде өнімді оқыту үдерісін қалыптастыратын кешеннің төрт құраушысы, негізгі факторлар анықталған. Олар
1) Оқу материалдары;
2) Ұйымдастыру-педагогикалық ықпалдар;
3) Оқушының оқуы;
4) Уақыт.
Көріп тұрғандай басты фактор ретінде оқу материалы алынады. Сол себепті де бұл факторды анықтау үшін пән мазмұнын айқындауды педагог-психолог мектеп мұғалімімен біргелікте оқыту мазмұны, оқу материалдары мен элементтерінің оқушыға ұғынықты жағын қамтуы тиіс. Оқу материалының ұғымдық және психологиялық тұрғыдан ұғынықтылығы басты мәнге ие. Екінші басты фактор ретінде алынған ұйымдастыру-педагогикалық ықпалдар отбасы мен әсіресе білім беру мекемелеріндегі педагогтардың (мұғалімдердің) ұйымдастыру, оқыту және тәрбиелеу функцияларын жүзеге асыруға байланысты болады. Бұл бағытта да бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуы тиіс. Олардың қатарында мұғалімнің өзінің жеке басының педагогикалық қызметке сәйкестілігі, оқушы тараптан бағаланатыны педагогтардың (мұғалімдердің) жеке тұлғалық/қарым-қатынасы, білімі, тиімді оқыту әдістерін таңдаумен педагогикалық үдерісті ұйымдастыруы. Психологиялық әсерлер мен жағымды қатынастарды орнату да аталған факторға қатысты болып табылады.
Үшінші фактор ретінде оқушының оқуы, яғни мұнда оқушының оқуға қабілеттілігі немесе жарамдылығы қарастырылады. Мақсатты түрде оқушының топтық және жеке дара оқуы қамтылады. Мұнда оқушының оқуын тағы да сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеті ретінде бөліп көрсетуге болады. Оқушының психикалық үдерістері де осы фактор аясында қарастырылады.
Өнімді оқытудың соңғы басты факторы уақыт үлкен мәнге ие. Уақыттың өзін сабақтағы жұмсалған және өзіндік дайындыққа (өзіндік оқу) жұмсалған уақыт деп бөлуге болады. Бұл фактор аталған басқа факторлармен байланысты және солардың оқытудағы үлесін, мәнін арттыруға бағытталады.
Сонымен, педагог-психологардың оқытуды өнімді етуді айқындауы бойынша диагностикалық құзыреттілігі төмендегідей құраушыларды:
1) өнімді оқытудың басты факторларын: оқу материалдары, ұйымдастыру-педагогикалық ықпалдар, оқушының оқу қабілеттілігі (жарамдылығы) мен оқуға жұмсайтын уақыты бойынша білімді, олардың өзара байланысын, жүзеге асырудың әдістері мен технологияларын қолдана алуды;
2) оқытуды өнімді етудегі негізгі төрт факторды педагогикалық үдеріс құраушылары мен қатысушыларына қатысты диагностикалауды жүзеге асыруды, алған нәтижелерінің негізгі себеп-салдарларын айқындауда заманауи тәсілдерді қолдануды;
3) оқушылардың оқу үлгермеушілігін және өнімді оқыту үдерісіне ықпал ететін факторларды анықтауға деген мотивациясының болуын, алдына мақсат қоюы мен оған жетуге деген ұмтылысының жоғары болуын, алған нәтижелерді рефлексиялауды қамтиды деп білеміз.
Педагог-психологтың өнімді оқытуды ұйымдастырудағы диагностикалық құзыреттілігі жоғарыдағы аталған төрт фактор бойынша диагностикалық тест білімдерін және оларды қолдануға сәйкес іскерліктерді қамтуы тиіс.
Педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде:
- оқытуды өнімді етудегі негізгі фактор – ұйымдастыру-педагогикалық ықпал бойынша
мұғалімнің жеке басы мен оның педагогикалық білімін, іскерлігін және қабілеттерін анықтау бойынша диагностикалық тесттік тапсырмалар жеткілікті;
- оқушының оқуға қабілетін анықтау, оның тәртібін жеке тұлғалық сапалық қасиеттерін айқындау бойынша да диагностикалық тестерді (тапсырмаларды) табуға болады;
- оқытудың өнім ететін фактордың бірі - оқу материалдары мен оның кешенін анықтау бойынша да диагностикалық тесттер педагогикалық, психологиялық еңбектерде баршылық.
Ал, оқытуды өнімді етудегі уақыт факторы бойынша диагностикалық тестерді интернет ресурстардан кездестіруге болады және басқа салаларда бұл аталған фактор бойынша материалдар жеткілікті.
Ол үшін алдымен осы тұста дидактикадағы оқу өнімділігін анықтаушы факторларды анықтап, соның негізінде диагностикалық құзыреттілікке қол жеткізу жолдарын қарастырамыз.
Педагогикалық үдерісте мұғалім оқытуды нәтижелі ету мен оқытуды өнімділігін арттыру мақсатында ұйымдастыру-педагогикалық іс-әрекеттерді жүзеге асырады.Ол іс-әрекеттердің тізбесін төмендегі кестеден көруге болады (кесте -8)
Кесте - 8- Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеттері және оны бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |