"Керуен" ғылыми журналы №1 (74) 2022 issn: 2078-8134


"Keruen" scientific journal №1 (74) 2022 ISSN: 2078-8134 | elSSN: 2790-7066



Pdf көрінісі
бет4/19
Дата18.05.2023
өлшемі383,5 Kb.
#94502
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Рукопись

"Keruen" scientific journal №1 (74) 2022 ISSN: 2078-8134 | elSSN: 2790-7066
1 (74) 2022 | "Keruen" M.О. Auezov Institute of Literature and Art 
 
37
жал туады. Әрқайсысы өз бұйымының құдіретін айтып, таласқан үшеудің дауы-
на қыздың өзі араласып, олардың бірде-біреуіне тұрмысқа шықпайтынын айтып, 
жігіттердің бетін қайтарады. Әркімнің өз теңіне қосылу идеясына негізделген жаңа 
заман дәстүріне орайластырылған шығарманың кейіпкері оқыған-тоқығаны көп 
төртінші жігітті таңдайды. Қаншама әуре-сарсаңға түсіп, өліп жатқан қызды тірілтіп 
алған үш күйеудің меселін қайтарып, өзгеше шешім қабылдау «Қыз көрелік» рома-
ны авторының жаңашылдыққа ден қойып, ағартушылық үрдісті ұстанғанының бел-
гісі екені анық. Шығыс аңыздарындағыдай, үш жігіттің дауынан мезі болған қыздың 
бәрінен безініп, тақуалық жолға түсіп, мешітке барып, өмір бойы құлшылық етуге бекі-
нуі сынды мотивтер Т.Жомартбаевтың жаңа туындысында қайта қорытылып шықты.
Шығармада қиял-ғажайыптар әлеміне негізделген шарттылықпен қатар, нақты 
тіршіліктің боямасыз болмысын танытатын көріністер де бар. Мәселен, Әділжан 
Лондонның, Мұқаш Берлиннің базарында бу шар мен трубканы емін-еркін сауда-
лап жүрсе, Парижге барған Сейітжан тіл білмей қиналып, сол жақта жүрген Қазан 
шаһары ноғайының аудармашылық көмегіне жүгінеді. Яғни, бір өңірден шыққан 
арғын Әділжан мен найман Мұқаштың тіл кедергісінсіз сөйлесе беретін шарттылығы 
керей Сейітжанға келгенде сақталмайды. Ол қарапайым өмірдегі кейіпкердің кейпі-
не еніп, жат жердің жұртымен тілдесе алмай, дағдарып тұрады. Үш рудың өкілін 
таңдап, сиқырлы үш бұйымның әрқайсысының құнын үш мың сомға бағалаған автор 
осылайша шығармашылық шарттылықты ұстана отырып, кейіпкерлерін Семейдің 
ауқымынан шығарып, романының оқиғасын дүние жүзіндегі ірі қалалардың астана-
сында өрбітеді.
Қытай қазақтары арасында кең тараған «Ханның үш ұлы» ертегісі – «Күйеу 
таңдаған қыздың» біраз өзгеріске түскен нұсқасы. Шыңжаң халық баспасынан 1980 
жылы шыққан «Қазақ халық ертегілері» (Құрастырған О.Қанафин, З.Сәнік) деген 
кітапта жарияланған. Бұл ертегіде хан қатар өскен ұлдарын өзі үйлендірмек болып, 
олармен жеке-жеке әңгімелесіп көргенде, үшеуі де бір-бірімен келісіп қойғандай, 
саудагер Сиямның қызын алғысы келетінін жеткізеді. Хан үшеуіне жүз түйе жүк, 
отыз нөкерден бөліп, қайсысы ел аралап, қымбат бұйым алып, көбірек пайда түсіріп 
келсе, соған Сиямның қызын алып беруге уәде етеді. Үлкен ұл айлық жердегі 
көретін айна, ортаншысы қалаған жеріне апаратын кілем, кішісі өлгеніне үш күннен 
аспаған адамды тірілтетін алма сатып алады. «Күйеу таңдаған қыз» бен «Ханның 
үш ұлындағы» сиқырлы заттар (айна, кілем, алма) да, жігіттердің жерленгелі жатқан 
қызға келу тәсілі де бірдей. Тек біріншісінде қыз хал үстінде жатады да, екіншісін-
де демі тоқтап, қабірге түсіріліп, беті жабыла бастайды. Алғашқысында қыз алма-
ны жеп қояды, кейінгісінде өлген қыз алманы бір иіскегеннен-ақ тіріліп кетеді. Ал 
осы екі ертегіден нәр алған «Қыз көрелікте» дүниеден өткен Ғаникамалдың денесі 
жер қойнына тапсырылғанша үлгеріп келген жігіттердің резеңкемен үрлеп тірілтіп 
алғаны жөнінде баяндалады.
Бұл ертегінің тағы бір ерекшелігі, үш бұйымның иелері бір қызға таласқан сәтте 
ханның өзі, яғни, жігіттердің әкесі төрелік айтады. Осыған ұқсас үнді сюжеттерін-
дегі оқиғаны күрмейтін «Қыз кімге тиесілі?» деген сауалға ұлдарын олжа тауып ке-
луге жұмсаған әкенің өзі жауап береді. «Сиямның қызын үлкен балам алуға тиісті, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет