"Керуен" ғылыми журналы №1 (74) 2022 issn: 2078-8134


"Керуен" ғылыми журналы №1 (74) 2022 ISSN: 2078-8134 | elSSN: 2790-7066



Pdf көрінісі
бет9/19
Дата18.05.2023
өлшемі383,5 Kb.
#94502
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
Рукопись

"Керуен" ғылыми журналы №1 (74) 2022 ISSN: 2078-8134 | elSSN: 2790-7066

42 
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты "Керуен" | 1 (74) 2022
қымбатқа сатылғаны да сондықтан. Базар жырау Бұқара шаһарындағы саудагердің 
аузына сөз салып, тарақтың таңғажайып ерекшеліктерін тамсандыра суреттейді:
Тарақтың кереметін айтайын мен,
Нәрсе жоқ бұл базарда мұнымен тең.
Үш күндік өлген кісі тіріледі,
Тарақты көкірегіне қойған жерден (Базар жырау, 2008: 310).
«Айна-тарақ» дастанының өзіне тән уақыттық және мекендік өлшемдері бар. 
Шығарманың кейіпкерлері «Күндік жер бай мен патша екі арасы», «Бұқара шәһарына 
барды бұлар, Ай жарым болды деген шамасында», «Үш күндік өлген кісі тіріледі», 
«Төрт бұрышын дүниенің жақындатып, Алысты алады екен леппен тартып». 
«Сағатта ай жарымдық алыс жолдан, Жаназа тарқамай-ақ келіп түсті», «Көрсеткен 
көз алдына елестетіп, Алысты атты адамға ай баратын» деп сипатталатын нақты және 
қияли өлшемдері бар уақыт пен кеңістіктің аясында әрекет етеді. Кейде Базар жырау 
кейіпкерлерінің толғанысына ерік беріп, осы өлшемдердің өзін саналы түрде мың 
құбылтады. Мәселен, сатушы: «Кілемнің тоғыз құлаш айналасы, Мың ділдә алам 
десең оның бәсі», – деп ұлғайтып әсірелесе, сатып алушы: «Кілемнің қошқыл емес, 
солғын түсі, Көлемі жайнамаздай жайсаң кіші», – деп оны тұқырта түседі.
«Айна-тарақтың» мезгілдік және мекендік ерекшеліктері ақын шығармашылығын 
зерттеуші С.Қосанның назарынан да тыс қалмаған. Ол бұл турасындағы ой-пікір-
лерін «Базар дастанында парсы ертегісінде жоқ Бұқара, Әбдісұлтан, сарт, халифа 
секілді тың ономалық, этнотопонимдік, т.б. атаулар кездеседі. Бұл да ақынның өзі 
өмір сүрген орта мен фольклорлық дәстүрдің ықпалына түсе отырып, ертегінің жаңа 
вариантын туғызғанын білдіреді және оған қоғам мен уақыт өзгерістерінің тиісінше 
үлес қосқанын көреміз» (Қосан С. Базар, 2012: 19), – деп тұжырымдайды.
Базардың шығыс сюжетін әрлеу тәсілдерінің өзі арнайы зерттеуді талап етеді. Оның 
ұшқыш кілемге дәрет алып мінген адам ғана діттеген жеріне жетеді деп топшылауы 
мұсылмандық қағидасымен сабақтасып жатыр. Сондай-ақ, тарақты өлген адамның 
кеудесіне қойып, тірілтіп алу салты басқа нұсқаларда кездесе бермейді. Бұл тұрғыдан 
да ақын белгілі бір негізге сүйене отырып, өзіндік шешім қабылдаған секілді. 
Ақын шығармашылығына арқау болған осы сюжет қырғыз халқының «Зыйфы-
рым» деген ертегісінде бар. Бұл ұзын-сонар ертегінің бір эпизоды ғана. Дәлірек 
айтқанда, ертегінің қосалқы кейіпкері баяндайтын әңгіменің оқиғасы. Яғни, құрақ 
хикаяттың желісін құрайтын бірнеше тәмсілдің бірі. Мұхарым деген патша үш ұлының 
ақыл-парасатын сынағысы кеп, оларды қымбат дүние алып әкелуге жұмсайды. Сол 
заттарды сатып алатын мекен ретінде Шам шаһары таңдалған. Бұл жолы қазақ ер-
тегілеріндегі дәстүрлі кілемнің орнында жер жүзін айналып шығатын ат көрініс 
тапқан. Бүкіл әлемді көретін айна мен өлген адамды тірілтетін алма сол күйінде 
алынған. Әдетте, бұрынғы нұсқаларда жігіттер әуелі қызды көріп, соның тілегімен 
аттанатын болса, бұл нұсқада ұлдар әкесін қуанту үшін ғана жолға шығады. Олар 
қолдарындағы бұйымдарын сынап көрмек болған кезде Куфа шаһары патшасының 
қызының өліп жатқанын айнадан көреді. Үшеуі ұшатын атқа мініп, қыздың денесі 
қойылмай тұрғанда жетіп келіп, алманы иіскетіп, тірілтіп алады. Бұл үшеуінің ара-
сында да дау-дамай, тартыс-талас туындауы заңды. Ұшатын аттың, көреген айнаның 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет