"Keruen" scientific journal №1 (74) 2022 ISSN: 2078-8134 | elSSN: 2790-7066
1 (74) 2022 | "Keruen" M.О. Auezov Institute of Literature and Art
35
оқырманға ойлы дүние ұсынуды мақсат тұтқан Міржақып («Қазаққа бір роман жаза
салшы») пен Тайырдың («Бір роман жазайын деп мен ойландым») ұстанымынан да
өзіндік ұқсастық көреміз.
«Қыз көрелік» – поэзия мен прозаның элементтері араласқан, күнделікті
өмір мен ертегілік болмыстың белгілері бір арнада тоғысқан бітімі бөлек дүние.
Т.Жомартбаев романның өлеңмен өрілген эпилогында оқырманды оқиға барысы мен
идеялық бағытынан («Үш жігітті қыз көрген оқып қара, Надандықтың түбі болды,
қандай жаман») да хабардар етеді, автор ретінде өзін де қамшылап («Кел, Тайыр,
жаз сөзіңді, босқа жатпа»), қаламды мығым ұстауға жігерлендіреді. Бір қарағанда,
бұл шығарманың негізгі желісі қазақ әдебиетіндегі дәстүрлі сюжеттерден алыстай
қоймайтын сияқты көрінеді. Семейді мекендеген Ғайса деген ташкендік саудагердің
қызына үш жігіттің таласып, өнер жарыстыруы, бірақ қыздың олардың ешқайсына
да бұйырмауы, ақыры бойжеткеннің өзі сүйген адамға қосылуы ешкімге де таңсық
емес көрініс. Мұндай мотив сол кезеңдегі шығармалардың біразында кездеседі. Ро-
манда
жастайынан оқып, білім алған Ғайникамалдың мақсат-мұратымен орайлас
жаңашылдық пен арманшылдықтың белгілері көптеп көрініс тапқан.
Шығарманың сюжеті салғаннан шарттылыққа бағындырылып,
өңірді жайлаған
үш іргелі жұрт – арғын, найман, керей руларынан шыққан үш жігіттің бір қызға
қолқа салуы оқиғаны ширықтыра түседі. Татар ұстазына еріп, Уфаға оқуға аттанып,
бес жылдай білім алған Ғайникамалдың жаман атын шығармай, абыроймен елге ора-
луы оған өмірлік серік болуға ниеттенген азаматтар алдындағы бәсін арттырады. Ав-
тор Т.Жомартбаев ақылына көркі сай аруға көзі түскен жігерлі жігіттердің беделді
бейнесін жасау үшін көп ізденген сыңайлы. Ақыры, «Ғалия» медресесінде оқыған,
шығыс әдебиеті үлгілерімен жақсы таныс қаламгер ежелгі ертегі-аңыздардың эле-
менттеріне жүгінеді. Бірақ әлемді шарлаған осынау сюжеттің
қазақ әдебиетіндегі
қолданылған нұсқасы оқиғаны мейлінше дамытып,
әбден ширықтыруға септігін
тигізсе де, білімді бойжеткеннің жар таңдауына ықпал ете алмайды. Ежелден келе
жатқан ертегінің көріністері күйеу болуға талпынған маңғаз мырзалардың абыройын
асқақтатқанымен, жүректің әмірі, көңілдің қалауы бәрібір басқаша болып шығады.
Өйткені, романда айтылғандай, «Басында ықтияры бар бақытты қыздар кімді сүйсе,
өз басының қор болмас қамын ойлайды. Кіммен сүйіп өмір сүрсе, жақсы өмір сүреді,
соны ойлап, басында миы, көкірегінде ойы, санасы бар қыздар балияға толған соң
өзінің теңін тауып алып, теңін біліп, өзіне қандай адам өмірлік болуға жарайды, соны
талап қылып іздей бастайды» (Жомартбаев, 2009: 78).
Достарыңызбен бөлісу: