"Керуен" ғылыми журналы №1 (74) 2022 issn: 2078-8134


"Keruen" scientific journal №1 (74) 2022 ISSN: 2078-8134 | elSSN: 2790-7066



Pdf көрінісі
бет8/19
Дата18.05.2023
өлшемі383,5 Kb.
#94502
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
"Keruen" scientific journal №1 (74) 2022 ISSN: 2078-8134 | elSSN: 2790-7066
1 (74) 2022 | "Keruen" M.О. Auezov Institute of Literature and Art 
 
41
ақын екендігі өлеңдерінен байқалады» (Жұмабаев, 1989: 341), – деп баға берген 
Базар Оңдасұлы шығыс әдебиетіне кең тараған сюжетті оқиғасы тартымды көркем 
дастанға айналдырды. Ақынның шығармашылығын жан-жақты зерттеген С.Қосан 
бұл туындыны новеллалық дастандардың қатарына жатқызады (Қосан, 1912: 95). 
Базар жырау ағайынды үш жігіттің сатып алған үш сиқырлы бұйымының қадір-
қасиетін бейнелі тілмен бедерлеп көрсетеді. Аталған үш бұйымды дәл осылай көркем 
кейіптеу басқа нұсқаларда кездесе қоймайды. Үш жігіттің әрқайсысы өзінше мен-
шіктеп жүрген бойжеткен қалауын айтқан кезде қиял-ғажайып дүниесіндегі заттарға 
тапсырыс бермейді. Қыздың аңсары – әйел затына қажетті кәдімгі кілем, айна және 
тарақ. Бірақ жігіттер Бұқараға табан іліктіргеннен бастап, шығармадағы қиял әлемі 
басталады. Әлгі заттардың сиқырлы нұсқалары алдарынан шығып, шым-шытырық 
оқиғаның алғышартына айналады. «Айна-тарақ» дастанының атауын осы үш 
бұйымның екеуінен ғана құрып, кілемді тыс қалдырған Базар жырау оның құдіретін 
танытуға барынша мән береді. Халық аңыздары мен ертегілерінде көп ұшырасатын 
ұшқыш кілемнің сипаты «Айна-тарақта» былайша көрініс тапты:
Кілемнің болғанменен солғын түсі,
Тұрарлық мың ділдәға бар жұмысы.
Жетеді сағатында айлық жерге,
Үстіне дәреттеніп мінген кісі (Базар жырау, 2008: 310).
Ежелгі сюжетті нәзиралық тәсілмен қайта жырлаған Базар Оңдасұлы айнаны 
сипаттаған сәтте тек аңыздық нұсқаларды ғана ұстанбайды, жаңашылдық идея-
ларын санаға сіңіріп, болашақтың болжамын бедерлеуге жетелейді. Айна ежел-
гі түсінік бойынша күннің бейнесін де танытады, өзге әлемге бастайтын қақпа 
деп те бағаланады, әйел құдайлардың құнды құралы ретінде де дәріптеледі. Қиял 
әлемінде өткен оқиғаларды немесе болашақтың кереметтерін көз алдыңа әкелетін 
айналар туралы да әфсаналар бар. Сол айна арқылы жер түбіндегі нәрсені көру – 
ескі аңыздардың көпшілігінде кездесетін белгілі мотив. Дастанның кейіпкерлері бұл 
сиқырлы айна арқылы өздеріне қажетті нәрсені – қыздың халі қалай екенін білуге 
асығады. 
Қайтыс болған арудың жерленгелі жатқанын көрсетіп, оқиғаны тым шиеленістіру-
ге себепкер болатын қастерлі дүниенің сипаты былайша кейіптелген:
Саудалап мың жарымды әркім берген,
Ешкім жоқ екі мыңға әлі келген.
Болғанмен пұлы қымбат бұл айнаның, 
Айрықша қасиеті бар өзгелерден.
Төрт бұрышы дүниенің көрінеді,
Қола алып қарасаң биік жерден (Базар жырау, 2008: 310).
Мифтік түсінік бойынша, әйел әсемдігінің символы саналатын, махаббат және 
су құдайларының ұстанған қасиетті заты ретінде бейнеленетін кәдімгі тарақ Базар 
шығармасына тегіннен-тегін арқау етіп алынбаса керек. Дастан оқиғасына сәйкес, 
екі дүниенің ортасында дәнекер болып, бойжеткенді фәни жалғанға қайта орал-
татын тарақ аталған бұйымдардың бәрінен де бағалы. Қалаған жерге лезде жеткі-
зетін ұшқыш кілем мен әлемнің бар түкпірін көрсететін айнаға қарағанда әлдеқайда 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет