"Керуен" ғылыми журналы №1 (74) 2022 issn: 2078-8134


"Керуен" ғылыми журналы №1 (74) 2022 ISSN: 2078-8134 | elSSN: 2790-7066



Pdf көрінісі
бет5/19
Дата18.05.2023
өлшемі383,5 Kb.
#94502
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
Рукопись

"Керуен" ғылыми журналы №1 (74) 2022 ISSN: 2078-8134 | elSSN: 2790-7066

38 
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты "Керуен" | 1 (74) 2022
өйткені, менің істемек болған тойым – тұңғышымның тойы. Бәрінен бұрын сол 
үйленуге тиісті, екінші, үшеуі ағаласқан күнде де қашан да жол үлкендікі болады. 
Үшінші, Сиямның қызын аламын дегенді айтқан алдымен үлкен ұлым. Төртінші, ай-
намен бұрын көрген сол, ол хабар бермей, кешігіп қалар болса, қыз дүниеде жоқ еді. 
Қаншалық еңбектері болғанмен, екі інісі алдымен ағасын үйлендіріп, жеңгелі болуы 
керек, одан кейін жастарына қарай үйленеді» (Бабалар сөзі, 2011: 257-258), – деп 
отбасылық құндылықтарды алға тартып, дау тудырмайтын шешімге келеді. Бұл – ұлт 
болмысы мен ұрпақ тәрбиесінің ауыз әдебиетінде көрініс тауып, халық мұрасымен 
өзектесіп кеткенінің көрінісі.
Екі ертегінің желісіне де бір сюжеттің арқау болғаны сөзсіз. Екеуінде де үш 
бұйымның бірдейлігі, күйеудің талас-тартыс арқылы таңдалуы, қыздың сол үшеудің 
ішіндегі біреуіне қосылуы, оқиғаның дәл сол тұстан тәмамдалуы осыны айғақтайды. 
Бірақ бұл ертегілерде үш жігіттің тайталасы шығыс әдебиетінің өзге нұсқаларындағы 
сияқты дүниені дүрліктірген дау-дамайға ұласпайды. Оқиғаның түйіні жүйелі сөз айтып, 
таласқанды татуластыру арқылы шешіледі. Бұл жағынан алғанда, «Қыз көреліктегі» 
қалыңдық үшін тартыс анағұрлым күрделілеу екенін көреміз. Себебі, өзінен дәмелі 
жігіттерді қымбат дүние тауып, өнер жарыстырып келу үшін жер түбіне жұмсаған қыз 
олардың ешқайсысына да бұйырмайды. Халық ертегілерінде әділ шешімге разы болып 
тарасатын жігіттердің мінез-құлқы «Қыз көрелікте» сәл басқаша кейіптеледі. Романда 
үш жігіттің өкпе-реніші мен ашу-ызасы нақты көрініс тапқанымен, теңінне қосылған 
қыздың бағы мен бақытын дәріптеуге баса мән берілген.
Т.Қабышев мысалға келтірген испан ертегісінің сюжеті қазақ ертегілерінің 
оқиғасына ұқсас десек те, еуропалық үрдістерге бейімделген кейіпкерлердің мінез-
құлқы жағынан айырмашылығы аңғарылып тұрады. Біреудің жалғыз қызын бірінен 
бірі сымбатты үш жігіт іздеп келіп, әкесіне қолқа салады. Ол қызына келіп тұрған 
жігіттерді үйдің терезесінен көрсетсе, үшеуіне де бірдей ғашық болып қалыпты. 
Әкесінің «қызымның желөкпелеу мінезі бар еді» деп сипаттама беруі, оған «үшеуіне 
бірдей күйеуге тимейсің ғой» деп кейістік білдіруі, ал қыздың «маған бұлардың үшеуі 
де керек» деп табандап отырып алуы бұдан басқа нұсқаларда кездесе қоймайды. 
Әбден дағдарған шалдың қызынан дәмелі жігіттерді ел аралап, жұртта жоқ сыйлық 
тауып келуге жұмсайтын тұсынан бастап ортақ оқиға желісі жалғасады. Тек мұндағы 
үш жігіттің тапқан заттарының ішінде бірінші жігіт сатып алған алысты көретін 
айнадан басқасы қазақ нұсқаларында жоқ дүниелер. Екінші жігіт тапқан бальзамы 
бар шөлмек – қазақ ертегілеріндегі алма секілді өлген адамға жан бітіретін бұйым. 
Алғашқы екі жігіттің бұл екі қастерлі заттарды әр мезгілде шаһарда ұшырасқан бір 
ғана кезбе қарияның қолынан алуынан да өзгешелік байқаймыз. Ал үшінші жігіттің 
қолына тиген бұйымның сипаты да, тұрпаты да бөлек екені назар аудартпай қоймайды. 
Бұл – ұшқыш кілем де емес, ұшатын шар да емес, теңіз жағасынан табылған сандық. 
Тағы бір өзгешелігі, сол сиқырлы бұйымды саудалайтын қария теңіз арқылы есеп-
сіз жолаушыны жағалауға жеткізген әлгі сандықтың ішінен шығады. Кейіпкердің 
қалауына орай жылдам қозғалатын бұл сандыққа ерекше қасиет дарыған: жерде де 
жүгіреді, әуеде де ұшады, суда да жүзеді. Қазақ фольклорындағы ұшқыш кілемнің 
дәстүрлі қызметі испан ертегісінде одан әрі түрлене түскен. Айнадан өліп жатқан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет