"Керуен" ғылыми журналы №1 (74) 2022 issn: 2078-8134


"Керуен" ғылыми журналы №1 (74) 2022 ISSN: 2078-8134 | elSSN: 2790-7066



Pdf көрінісі
бет7/19
Дата18.05.2023
өлшемі383,5 Kb.
#94502
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
"Керуен" ғылыми журналы №1 (74) 2022 ISSN: 2078-8134 | elSSN: 2790-7066

40 
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты "Керуен" | 1 (74) 2022
қарай мың теңгеге қымбаттап отырады. Сонымен қатар, бұл дастанда қыздың өзі 
үш жігіттің алып келуге тиіс құнды дүниелерінің атын атап, түсін түстеп, арнайы 
тапсырыс береді. 
Шынында да, Базардың «Айна-тарағының» басқа нұсқалардан айырмашылығы 
жеткілікті. Бір үйдің үш баласының бір-біріне білдірмей, патшаның қызымен көңіл 
жарастыруы, бойжеткенге барып, «қандай сыйлық ала келейін» деп өздері өтініш 
айтуы, ғашықтығын жасырып жүрген үшеудің Бұхара шаһарында бас қосуы әріден 
келе жатқан аңыздың желісінде кейін пайда болған өзгерістерге сәйкес туындағаны 
екені анық.
Күндік жер бай мен патша екі арасы,
Дос екен кеулінде ешбір жоқ қарасы.
Бар екен падишаның жалғыз қызы,
Байдың бар өнері асқан үш баласы.
Сыйласып сүйген жарға бір-бірімен,
Тең болар бір күнгі өмір бір жылымен.
Үш мырза бірінікін бірі білмей,
Жүріпті ашық болып хан қызымен (Базар жырау, 2008: 306).
Базар жырау нұсқасында оқиғаның өткен дәуірі (Әзіреті Әбу Жүсіп заманында, 
Айталық үш мырзаның әңгімесін»), әфсананың шыққан төркіні («Төртқара Үмбет 
биден есіткен ем, Тыңдарлық ертегі екен бір сыдырғы»), жырлауға не түрткі болғаны 
(«Өлеңге осы сөзі айналдыр» деп, Өтінді үлкен-кіші қатар-құрбы»), шығарманы қай 
кезеңде жазғаны («Сол кезде ертегіні еттім дастан, Толтырған уақытым еді отыз бірді»), 
дастанның тағылымдық мән-маңызы («Жастарға жатқа аларлық хикая екен, Ойлантар 
оқиғасы алуан түрлі») туралы мәлімет беріледі. Яғни, «Айна-тарақтың» қорытынды 
бөлігінде Базар жыраудың өз туындысына көзқарасы нақты көрініс тапқан.
Тағы бір ерекшелік, «Айна-тарақ» дастанында байдың кіші баласы Әбдісұлтанның 
ғана есімі аталады. Оның екі ағасының аты мүлде ауызға алынбайды. Бұл нұсқада 
үш жігіт қазақ ертегілеріндегідей ажал аузында шала жансар жатқан бойжеткенді 
емес, жан тәсілім еткен соң, көпшілік болып көтеріп, жерлеуге алып бара жатқан 
қызды тірілтіп алады. Әрқайсысының еңбегін бұлдап, тірі қалған қызға таласуы 
аталған дастанда да байқалмай қалмайды. Дауласушы үшеуге төрелік айтушылар 
өлген қызға жан салған тарақтың орны бөлек екенін («Әбжаттың есебімен екшеген-
де, тарақтың сан-салмағы басып бұрды. Кілем мен айна нарқын қосқанда тек, Бо-
лыпты бағасы әрең тарақ құрлы») айтып, қызды кіші ұлға лайық көреді. Сол кезде 
қалыңдығына қолы жететін негізгі кейіпкер Әбдісұлтанның ғана атын атап, оқиғаны 
күрмейтін салмағы басым тарақтың бағасын басқа бұйымдардан қымбаттатып 
көрсеткен Базар жыраудың шеберлігіне көз жеткіземіз. Оның оқиға барысын ал-
дын-ала астарлап, тұспалдап аңғартқанын байқаймыз. Бұл ретте «Қыз көреліктің» 
авторы Т.Жомартбаев жиырмасыншы ғасыр басында Мағжан Жұмабаевтың арнайы 
мақаласына арқау болған Базар жырау шығармашылығымен, оның ішінде «Айна-
тарақ» дастанының сюжетімен таныс болуы әбден мүмкін. М.Жұмабаев: «Асса, 
елдің қамын ойлаған, қалса, өзінің ойына терең бойлаған «кеңесі кеңіне келетін» 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет