"Keruen" scientific journal №1 (74) 2022 ISSN: 2078-8134 | elSSN: 2790-7066 1 (74) 2022 | "Keruen" M.О. Auezov Institute of Literature and Art 47
төртіншісінің қызды дерттен айықтыруы (Мухаммад аз-Захири ас-Самарканди, 1960:
247) бұл хикаяның өзге нұсқалармен сабақтас екендігін айғақтайды. Аталған нұсқада
жігіттердің қызға таласып, дауласқаны баяндалмайды, олар үнсіз ғана патшаның
шешіміне құлақ асады.
Қазақ және қырғыз ертегілерінен де бұл сюжетке ұқсас эпизодтар табылып
қалады. Мәселен, «Тоғыз дәруіш» деген қазақ ертегісінде бір байдың тоғыз ұлы
қарақұс кейпінде келіп, патшаның қызын ұрлап кеткен жалмауыз кемпірді іздеп жолға
шыққаны, әрқайсысының өз өнерін көрсетіп, қызды құтқарып әкелгені баяндалған
(Бабалар сөзі, 2011: 242). Ал қырғыздың «Кемпірдің жеті ұлы» деген ертегісі – қазақ
ертегісінің сәл түрлене түскен нұсқасы. Тоғыз дәруіш әкеден қалған мылтыққа та-
ласып, патшаның алдына барса, жеті ұл анасы берген садақты иелену үшін ханға
жүгінеді. Біріншісінде қызды қарақұсқа айналған мыстан, екіншісінде нағыз қарақұс
ұрлап әкетеді. Алғашқысында тоғыз жігіт бір қызды құтқарады, соңғысында жеті
жігіт екі қызды (Болмас хан мен Тоймас ханның қыздары) ертіп келеді (Қырғыз
халық ертегілері, 1992: 30). Бұл нұсқалардың бәрінде де дерлік ұрланған қыз өнерлі
жігіттердің біріне (көп жағдайда кішісіне) бұйырады. Сонымен қатар, бойжеткеннің
кімге тиесілі екені айқындалмай қалатын нұсқалар да бар. Мысалы, «Веталаның»
тоғызыншы әңгімесінде Шрингаравати қаласының билеушісі Вирабаху патша мен
Падмавати патшайымның қызы Анангаватиге өнері бірінен бірі асқан төрт жігіт қол
созып, бірі қайраттылығын, екіншісі тірі жан атаулының тілін білетінін, үшіншісі
бес қаруын асынған мергендігін, төртіншісі ғалымдығын айтып мақтанады. Веталаға
Викраманың «қызды кшатрийге беру керек» деп ақыл қосқаны болмаса, әңгіме сол
жерден аяқталып, оқиғаның немен тынғаны белгісіз күйінде қалады (Двадцать пять
рассказов Веталы, 1958: 70).
Біз талдап-таразылаған бір-біріне ұқсас осы екі сюжет (өліп-тірілген қызға та-
лас және ұрланған қызды құтқару) о баста бір сюжеттен алынған деген ойға жете-
лейтін тағы бір хикая Веталаның алтыншы әңгімесінен табылды. Харисмавин де-
ген брахманның Сомапрабха деген қызының оқиғасы «Тотынаманың» аталған екі
сюжетімен өзектес. Бір брахманның ұлы Харисваминнің келісімін алып, қызына
үйленетін болады. Харисвамин патшаға кеткен кезде тағы бір брахманның баласы
Сомапрабханың ағасы Девасваминге келіп, қарындасына құда түсіп, уәдесін ала-
ды. Үшінші жігіт қызды алу жөнінде Харисваминнің әйелімен бәтуаласады. Осы-
лайша, қажылыққа аттанарда қызын күйеуге беру мәселесін әйелі мен ұлына тап-
сырып кететін «Тотынамадағы» тақуаның оқиғасы айна-қатесіз қайталанады. Бірақ
дәл осы жерден «Тотынаманың» екінші сюжеті жалғасып жүре береді. Дхуста деген
ракшас ұрлап әкетіп, Виндхий ормандарына апарып жасырған Сомапрабханы алып
келу үшін өнерлі үш жігіт барын салады. Біріншісі бойжеткеннің қайда кеткенін
анықтайды, екіншісі жылдам жеткізетін күймелі арба жасайды, үшіншісі ракшастың
тас-талқанын шығарады. «Сомапрабха кімге тиесілі?» деген Веталаның сұрағына
оны арқалап келе жатқан Викрамадитья ракшасты өлтірген ержүрек жігіттің қызды
алуға тиіс екенін айтады (Двадцать пять рассказов Веталы , 1958: 59).
Қорытынды. Осылайша, бір сюжеттің немесе бір тектес екі сюжеттің көркем
әдебиетімізге, қазақ және қырғыз ертегілеріне, әлемге танымал әдеби ескерткіштерге
арқау болуы көптеген тұжырым жасауға жетелейді.