Кешенді емтиханды сәтті тапсырған магистрантқа магистрлік диссертацияны қорғауға рұқсат беріледі


ЕМТИХАН ТАПСЫРУҒА ДАЙЫНДЫҚ ҮШІН ЕМТИХАН ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ



бет7/23
Дата09.05.2022
өлшемі64,94 Kb.
#33520
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
2. ЕМТИХАН ТАПСЫРУҒА ДАЙЫНДЫҚ ҮШІН ЕМТИХАН ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

2.1. Міндетті профильді емес пәндер блогы бойынша

(Педагогика-психология блогы бойынша)


  1. Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орны.

  2. Жоғары білім берудің қазіргі парадигмасы.

  3. Жоғары мектеп педагогикасының әдіснамасы.

  4. Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби және коммуникативтік құзыреттілігі.

  5. Жоғары мектептегі оқыту теориясы.Оқытудың жалпы заңдылықтары.

  6. Кредиттік жүйе негізінде жоғары мектепте оқыту үдерісін ұйымдастыру.

  7. Оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі және инновациялық әдістері мен түрлері. Жоғары мектептің ғылыми іс-әрекет теориясы.

  8. Жоғары мектеп маман тұлғасын тәрбиелеу мен қалыптастырудағы әлеуметтік институты ретінде. Жоғары мектептегі куратор.

  9. ЖОО-н басқару. Жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары.

  10. Қазіргі кезеңдегі болашақ маманның тұлғасын қалыптастыру ерекшеліктері.

  11. Психология зерттейтін құбылыстар туралы. Психикалық құбылыстар және адамның психологиялық қасиеттері. Психология ғылымының объектісі мен пәні. Психологияның пәнаралық байланысы. Психологияның зерттеу әдістері.

  12. Тұлғаның психологиялық құрылымы. Тұлға туралы биологиялық және әлеуметтік түсініктер:тұқымқуалаушылық және орта-тұлға дамуының қозғаушы күші ретінде.

  13. Темперамент түсінігі. Темперамент туралы Гиппократ ілімі. Темперамент типтерінің психологиялық сипаттамасы.

  14. Мінез туралы түсінік. Мінездің қалыптасуы және оның жастық ерекшеліктері.

  15. Эмоция және оның адам өміріндегі рөлі. Эмоция ерекшеліктері. Эмоцияның негізгі қызметтері. Эмоция түрлері және сипаттамасы.

  16. Түйсіктің физиологиялық негізі мен жіктелуі. Түйсіктің түрлері мен сипаттамасы.

  17. Қабылдаудың физиологиялық негізі. Қабылдау және оның қасиеттері мен түрлері.

  18. Зейін және ес психологиясы. Зейін мен естің тұжырымдамалары. Зейін мен естің түрлері және олардың жіктелуі.

  19. Ойлау адамның индивидуальды-типологиялық сипаттамасы ретінде және ойлау іс-әрекеттің субьектісі мәселесі.

  20. Қарым-қатынастың жалпы сипаттамасы. Қарым-қатынастың адамдар өзара әрекеттестігіндегі маңызы. Шиеленіс түсінігі және оның негізгі сипаттамалары.

  21. Ғылым философиясының негізгі тақырыптары. Ғылым философиясының мәселелері мен нәтижелері,олардың ғылым мен философия үшін маңызы. Ғылыми білімнің даму заңдылықтары – ғылым тарихының пәні. Ғылымды зерттеудің қырлары: ғылым философиясы, ғылымтану,ғ ылым социологиясы, ғылым психологиясы, ғылым этикасы.

  22. Ғылымды білім жүйесі және әлеуметтік институт ретінде түсіну. Ғылымның мәдениеттегі орын мен рөлі туралы пікірталастар: сциентизм және антисциентизм. Интернализм және экстернализм. Ғылыми білім динамикасының кумулятивтік және антикумулятивтік үлгілері.

  23. Ғылымның көзқарастың басқа тарихи типтерімен және қоғамдық сананың формаларымен өзара байланысы. Ғылыми және қарапайым сана: пайым және ақиқат. Ғылым-дүниені игерудің ерекше тәсілі.

  24. Ғылымның қызметтерін классификациялау мәселесі. Ғылымның мәдени қызметі. Ғылым-әлеуметтік реттеу факторы. Ғылымның қоғам қажеттіліктеріне әсері. Ғылым-рационалды басқару факторы және шарты. Ғылым және қазіргі заманның жаһандық мәселелері. Ғылымның гуманистік қызметі. Ғылымның экологиялық қызметі.

  25. Танымның эмпирикалық деңгейінің ерекшеліктері және сипаттық белгілері. Ғылымның эмпирикалық тілінің ерекшеліктері. Негізгі эмпирикалық білімдердің, фактілердің (бақылаулардың, эксперимент пен өлшеулердің) қалыптасуы. Ғылыми білім-күрделі дамушы жүйе.

  26. Ғылыми білімнің типтерінің көптүрлілігі. Теориялық танымның ерекшеліктері. Теориялық танымның құрылымдық компоненттері: мәселе, гипотеза, теория. Ғылыми теорияның критерийлері. Теориялық танымның методтары: формалдау, аксиоматикалық, гипотетикалық-дедуктивтік, абстрактылықтан нақтылыққа өту.

  27. Ғылымының мамандық пен қызметтің ерекше түрі ретінде қалыптасуы. Ғылымның идеалдары мен нормалары-ғылыми қызметтің мақсаттары және оларға жету тәсілдері туралы түсініктері. Объектіні ғылыми білімнің әртүрлі формаларында бейнелеу үрдісін реттеуші танымдық тұғырнамалар. Ғылыми ізденістің әлеуметтік нормативтері.

  28. Зерттеушілердің, ғылыми қоғамдастықтардың бір-бірімен және жалпы қоғаммен коммуникациясының ерекшеліктері. Ғылымның танымдық идеалдары-зерттеу қызметінің методтары схемасын қалыптастырушылар. Ойлау мәнері түсінігі және оның мәдени-тарихи шарттылығы.

  29. Ғылыми дәстүрлер мәселесі. Дәстүрлердің өзара әсері және жаңа білімнің пайда болуы. Ғылыми революциялардың мәні мен құрылымы. Ғылыми революциялар-ғылымның негіздемелерін қайта құру. Ғылыми революциялардың типологиясы. Ғылыми революциялардың концепциялары.

  30. Қазіргі заманғы жаһандық өркениет және оның ерешелігі, дүниенің реттілігінің дамуына ықпалы. Қазіргі заманғы жаһандық өркениет философиясының қызметтері. Тарихи және қоғамдық үрдісті өркениеттік ұстаным тұрғысынан зерттеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет