Кешенді емтиханды сәтті тапсырған магистрантқа магистрлік диссертацияны қорғауға рұқсат беріледі


МАГИСТРАНТТЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТЕРІНІҢ ТІЗІМІ



бет3/23
Дата09.05.2022
өлшемі64,94 Kb.
#33520
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Магистр. кешенді емтихан Последний

1. МАГИСТРАНТТЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТЕРІНІҢ ТІЗІМІ
1.1. Міндетті профильді емес пәндер блогы бойынша




Құзырет

Қалыптасу критерийі

1

Педагогика және психология ғылымдарының рөлі, педагогика және психология жоғары мектебінің теориялы, әдістемелік негіздері жайлы; Блум таксономиясы, талдаудың қазіргі технологиялары, оқыту мен тәрбиені жоспарлау және ұйымдастыру жайлы түсініктері бар.

Әдістемелік тұғырларды, ұстанымдарды, тұжырымдамаларды, теорияларды, жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясы әдістерін біледі; ғылыми зерттеу әдістері меңгерген, жоғары мектеп педагогикасы және психологиясы бойынша жаңа мақсаттар қалыптастырып және жаңа нәтижелерге жетуге қабілетті

2

Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі жайында түсініктері бар.

Өзекті заманауи мәселелері және заманауи әлемдік білім беру кеңістігіндегі жоғары мектептің даму стратегиясын, жоғары мектепте оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін біледі; ЖОО-ғы (дәріс, семинар және т.б.) оқу-тәрбие үрдісіндегі педагогикалық технологияларының барлық нысандарын жобалай алады; заманауи ғылыми жетістіктерін сыни талдауға және бағалауға қабілетті, педагогика және психология саласындағы тәжірибелік және зерттеу міндеттерін шешу барысында жаңа идеяларды жасай алады.

3

Оқыту үрдісінде студенттердің танымдық іс-әрекет психологиясын біледі.

Педагогикалық қызмет нәтижелеріне студенттердің жеке айырмашылықтарына әсерін; студенттік жастың психологиялық ерекшеліктерін; жоғары мектеп психологиясының негізгі мәселесін түсінеді.

4

Психологиялық әдістерді, білім беру сапасы мен тиімділігін жоғарылату қүралдарын білу.

Білім беру қызметінің психологиялық аспектісін, білім беру мақсаттарының психологиялық негіздерін; жас ерекшелік, гендерлік және әлеуметтік-мәдени қазіргі студенттік ерекшеліктерін түсінеді. Жоғары мектеп оқытушысы және зерттеушісі ретінде өзін тұлғалық-кәсіби өзін-өзі дамытуын басқаруға қабілетті.

5

Өзінің педагогикалық қызметінде жоғары мектеп педагогикасы мен психологиясынан алған білімдерін қолдана алады.

Негізгі психологиялық категоиялар және ұғымдармен жұмыс жасай алады. Кәсіби қызметте алған білімдерін пайдалана отырып, алдыңғы қатарлы психологиялық-педагогоикалық тәжірибені талдайды және бағалайды. Магистранттардың өзін-өзі тәрбиелеуі мен шығармашылық өзін-өзі дамыту үрдісінде отандық және шетелдік педагогикалық тәсілдерге, тұжырымдар мен технологияларға бағытталады.

6

Интерактивті білім беру әдістерін қолдана білу.

Заманауи білім беру технологияларын қолдану, оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру қабілетіне ие; инновациялық әдістерді меңгерген, ақпаратты басқару дағдыларын меңгерген. Шешімдердің бірнеше және шешім қабылдай алуға ие.

7

Кредиттік технология бойынша білім беру және педагогикалық іс-әрекет дағдыларын меңгерген.

Жоғары мектептің әлеуметтік кеңістігі жағдайындағы білім беру процесінің субьектілерінің өзара әрекеттесудің педагогикалық жолдарын және психологиялық механизмдерін түсінеді.

8

Білім беру үрдісінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларына ие.

Ғылыми және оқу үрдісінде ақпараттық және коммуникативтік технологияларды қолданудың негізін меңгерген; зерттеу жұмыс нәтижелерін ғылыми мақала және ғылыми баяндама түрінде дайындауға қабілетті.

9

Заманауи білім беру технологияларының мәселелері жайында түсініктері бар.

Жобаларды өңдеу және оларды басқару қабілеттеріне ие, оқытудың мынандай белсенді және интерактивті әдістерін: рөлдік, іскерлік ойын, әртүрлі жұптық және топтық жұмыстар, оқулық «миға шабуыл» дискуссия, психологиялық және басқа да тренингтерді қолдана алады; топта барлық қатысушылардың, әңгімелесушінің пікірін тыңдай отырып, ымыраға келу шешімдерін табуға өзара әрекет жасай алады.

10

Бейін бойынша іргелі кәсіби дайындықтың болуы, ғылым тарихының және философиясының өзекті мәселелерін зерттеудің негізгі әдістерін, «формаларын», мәнмәтіндері мен қырларын білу және жүйелі, терең түсіну

- зерттеу қызметінің теориялық әдістемелік негіздерін дәлелдеуге және ғылыми және философиялық зерттеу әдістерінің тұтас жиынтығын қолдануға қабілетті;

- мәдениет пен қоғамдағы рухани байланыстарды сыни талдауға қабілетті



11

Ғылымның табиғатын, құрылымын, ұйымдастыру және қызмет ету принциптерін; ғылымның генезисі мен тарихын – оның үлгілерінің, бейнелерінің және ойлау түрлерінің қалыптасуы тұрғысынан түсіну

- магистрант зерттеу үдерісіне қажетті әдіс-тәсілдерді таңдауға, бұрынғыларын жетілдіруге және нақты ізденістің міндеттерінен туындайтын жаңа әдістерді қалыптастыруға қабілеттілігін көрсетеді;

- магистранттың ғылыми әрекет нәтижелерін болжауға және идеяларды генерациялауға қабілеті артады.



12

Ғылымның тарихы мен философиясының, жаратылыстану, әлеуметтік-гуманитарлық және техникалық білімдер методологиясының негізінде қазіргі заманғы теория мен практиканың шындығын сараптауды игеру

- философиялық концепциялардың маңыздылығын анықтап, оған сыни баға беру қабілетін көрсетеді;

- ғылыми ізденіс барысында туындайтын және терең кәсіби білімдерді қажет ететін міндеттерді тұжырымдауды және шешуді игереді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет