№
|
Құзырет
|
Қалыптасу критерийі
|
1
|
Ғылымның қоғамдық өмірдегі рөлі және ғылыми танымның дамуындағы заманауи үрдістер туралы ұғымға ие.
|
Ғылым тарихы мен философиясы категория мен терминология жүйесінде бағдарланады.
Ғылымның тарихи дамуының негізгі кезеңдерін біледі.
Ғылымның қызмет, білім жүйесі мен қауымдастық ретіндегі табиғатын түсінеді.
Ғылыми танымның негізгі ұстанымдары мен заңдылықтарын түсінеді.
Ғылым дамуының қазіргі сатысындағы негізгі мәселелерді біледі.
|
2
|
Жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) ғылымдардың өзекті әдіснамалық және философиялық мәселелері туралы түсінікке ие.
|
Өз зерттеу саласындағы негізгі ғылыми-зерттеу мәселелерді атай алады.
Пәндік саласындағы лайықты зерттеу әдістерін таңдауын негіздей алады.
Пәндік саласындағы ғылыми зерттеу жүргізу барысында қазіргі таңда қандай этикалық мәселелердің пайда болуы мүмкін екенін болжай алады.
|
3
|
Ғылыми танымның әдіснамасын, ғылыми қызметті ұйымдас-тырудың ұстанымдары мен құрылымын біледі.
|
«Әдіснама», «зерттеу әдісі», «ғылыми парадигма» және т.б. түсініктердің мазмұнын біледі және оларды еркін қолдана алады.
Ғылыми танымның әдіснама негіздерін біледі.
Әртүрлі зерттеу әдістерін, зерттеу схемаларын (эксперимент жоспарларын) сипаттауды және олардың арасындағы айырмашылықтарды анықтауды біледі.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлаудың және орындаудың негізгі кезеңдерін біледі.
Ғылыми мекемелерде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудың ұстанымдарын біледі.
Ғылыми зерттеулерді, конференцияларды, семинарларды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру мен өткізудің ұстанымдары мен заңдылықтарын біледі.
|
4
|
Қабылданған нормалар мен стандарттарға сәйкес ғылыми-зерттеу қызметін өз бетінше жоспарлап, жүзеге асыра алады.
|
Ғылыми проблеманы анықтай алады.
Ғылыми болжамдар жасап, оларды тексерудің тәжірибелік (эмпирикалық) тәсілдерін ұсына алады.
Ғылыми зерттеудің (жобаның) мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін зерттеу әдістерін және әдіснамалық ыңғайларды бағалап, таңдап және негіздей алады.
Қажетті ақпараттық негіздерді (ғылыми мақалаларды) тауып, оларды сыни бағалап, әдеби шолу жасай алады.
Зерттеу бағдарламасын құра алады.
Деректер жинап, оларды өңдеп, талдау жасауды ұйымдастыра алады және жұмысты жүргізе алады.
Ғылыми қауымдастыққа және мүдделі тұлғаларға ұсыну үшін зерттеудің нәтижелерін рәсімдей алады.
Ғылыми мақалаларды журналдарда жариялау үшін жазу, рецензиялау және беру талаптарын, әдістерін, ережелерін біледі.
ТМД елдеріндегі және алыс шетелдегі іргелі және қолданбалы ғылым саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың ерекшеліктерін біледі.
Ғылыми зерттеулерді қаржылық қолдаудың (халықаралық және ұлттық ғылыми гранттар, қорлар, бағдарламалар және т.б.) жүйесін біледі.
Ғылыми зерттеулерді жүргізудің этикасын біледі.
Ғылыми топтармен жұмыс жасаудың ережелері мен ұстанымдарын біледі.
ҚР мемлекеттік саясатының ғылым мен техника саласындағы ұстанымдары мен басымдықтарын біледі.
|
5
|
Үдерістер мен құбылыстарды талдаудың қолданыстағы тұжырымдамаларын, теориялары мен ыңғайларын сыни талдай алады.
|
Белгілі саладағы ғылыми зерттеулердің философиялық негіздерін түсінеді.
Сыни талдауды көрсете алатын, күрделі, ерекше дәйектер (дәлелдемелер) келтіре алады. Балама болжамдарды тексеріп, дәйектер (негіздемелер) ұсыну үшін дәлелдемелер түрлерінің және әртүрлі әдістемелердің дұрыстығын бағалай алады.
Дәлелдемелер логикасына, әдіснамасына, алынған дәлелдемелер мен дәйектер арасындағы байланыстарға назар аудара отырып, жарияланған зерттеулерді бағалай алады.
|
6
|
Зерттеу міндеттеріне жету үшін әртүрлі пәндер аясындағы алынған білімді тоғыстыра біледі.
|
Жаңа білімді талап ететін жаңа сұрақтар мен мәселелерді іздей алады.
Зерттеу мәселесінің кең мәнмәтінін көре алады және ғылыми зерттеулердегі пәнаралық ыңғайдың табиғатын түсінеді.
Ғылыми міндеттерді шешу барысында өз құзіреттерін арттыру үшін әдеби көздерді тауып, қолдана біледі.
|
7
|
Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ақпараттық-аналитикалық, ақпараттық-библиографиялық жұмысты жүргізе алады.
|
Өз зерттеу саласындағы қажетті ақпараттық дереккөздерді (ғылыми мақалаларды) анықтай алады.
Ғылыми мақалалар мен өзге де ғылыми және техникалық ақпаратты іздеудің жүйелерін, халықаралық деректер базаларын қолдана біледі.
Күрделі кешенді талдау (жиналған ақпаратты талдау, салыстыру, бағалау, жүйелеу және маңыздыларын анықтау) барысында дереккөздерді тиімді қолданып, жинақтауға қабілетті.
Ғылыми зерттеудің әдіснамасы мен кең теориялық әрі концептуалдық мәнмәтін арасындағы өзара байланысты көре алады.
Ғылыми зерттеудің әртүрлі схемаларын (бағдарламаларын) және концептуалды/ теориялық ыңғайларды бағалай біледі.
Ғылыми әдебиетті пайдалану кезінде сілтеме жасау мен цитаталаудың дұрыс тәсілдерін түсінеді.
|
8
|
Ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстардың нәтижелерін диссертация, ғылыми мақала, есеп, аналитикалық жазба және т.б. түрінде жинақтай біледі.
|
Ғылыми материалды жазудың және ұсынудың ерекшеліктерін біледі.
Әдебиет бойынша реферат пен аннотация жасауды біледі.
Халықаралық рецензияланатын журналдарда жариялау үшін мақала дайындаудың форматын біледі.
|