Кешенді емтиханды сәтті тапсырған магистрантқа магистрлік диссертацияны қорғауға рұқсат беріледі


Міндетті профильді пәндер блогы бойынша



бет4/23
Дата09.05.2022
өлшемі64,94 Kb.
#33520
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Магистр. кешенді емтихан Последний

1.2. Міндетті профильді пәндер блогы бойынша



Құзырет

Қалыптасу критерийі

1

Ғылыми проблемаларды шешуде дербес және бірегей жолды көрсете білу, кәсіби деңгейде жоспар құрып, міндеттерді шеше білу.

Филология саласындағы ғылыми зерттеулердің әдістерін, ұйымдастыру мен жоспарануын білу керек.

2

Талдаудың заманауи теориялары мен әдістері негізінде филология саласындағы ғылыми зерттеулердің кешенді үдерісін жоспарлау, жүзеге асыру, түзету алу.

Ғылыми мәселелерді шешудегі өзін-өзі таныту мен нақты көзқарастарды қабылдай білу керек, кәсіби деңгейде мәселелерді шешіп, өз бетінше жоспар құрай білу керек.

Филология саласында (тіл білімі/ әдебиеттану) ғылыми зерттеулердің әдістемесін ұйымдастыру және жоспарлай білу керек.



3

Ғылыми ақпаратты жүйелеу және жинақтай білу (заманауи ғылыми парадигмалардағы лингвистика/ әдебиеттанудың, өзекті филологиялық бағыттардың теориялық-әдіснамалық қағидалары мен ұғымдық-терминологиялық аппараты).

Тіл жағдаятына баға берудің әдістемелік негізін экстралингвистикалық процестермен байланыста қарау және магистрлік диссертацияның зерттеу тақырыбына байланысты өз көзқарасыңды сипаттай білу керек.

Тіл білімі/теория әдістемесі мен көркем мәтін интерпретациясы аясында әр түрлі теориялық тұжырымдамаларды салыстырып, баға беру және қорытынды жасай білу керек.




4

Зерттеу технологиялары мен әдістерге ие болу; филология саласындағы заманауи ғылыми ізденістерде және өзіндік жеке ғылыми зерттемелерінде пайдаланылатын әдістер мен техниканы түсіну.

Тілдегі жаңа тенденциялардың туындауы мен түсіндірілуіне байланысты ақпараттық өрісті сараптау методикасын, лингвистикалық / әдебиеттанулық мәтіндерді сараптау әдістемесін меңгеру керек.

5

Әртүрлі теориялық тұжырымдамаларды талдай білу, бағалау және салыстыра алу. Өзіндік қорытынды шығара білу.

Гуманитарлық білімнің маңызды бөлігі ретінде қазіргі филологияның аясындағы басты түсініктерді, теориялық негіздерді және ғылыми бағыттарды білу керек.


6

Әртүрлі дереккөздерден алынған ақпараттарды сараптай алу, өңдей білу. Соны және күрделі идеяларды сыни түрде сараптай алу және бағалау.


ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. соңында жаңа тарихи шартта қалыптасқан филологияның ең басты мәселелерін білу керек.


7

Қазіргі лингвистика / әдебиеттанудың өзекті мәселелері бойынша, іргелі лингвистикалық және әдебиеттану теориясына негізделген базалық курстарда жүйелі білім таныту.

Қазіргі филология ғылымының түсініктері мен бағыттардағы әр түрлілігіне назар аударып, оны болашақта диссертациялық жұмыстың тақырыбына қолдана білу керек.

8

Қазақ/орыс тілі жүйесінің, қазақ/орыс тіл бірліктерінің құрылымы және қызметі, қазақ/орыс тілдерінің дамуы мен қызметтері туралы іргелі білімді қолдана білу.

Қазіргі тіл білімі/әдебиеттанудың негізгі теориялық орны мен түсініктерін білу керек және олардың орыс/қазақ және жалпы тіл білімі мен шетел әдебиеттану тарихындағы орнын анықтау керек.

Орыс/қазақ тіл біліміндегі және орыс/қазақ тілінің теориясы мен шетел әдебиеттануының шешілмеген басты мәселелерін білу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет