Кешенді емтиханға шығарылатын сұрақтары бар пәндер тізбесі: «Бастауыш мектеп педагогикасы»


Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға қойылатын талаптар



бет9/43
Дата21.05.2023
өлшемі170,8 Kb.
#95606
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43
Байланысты:
педагогика

Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
1. Оқушылардың танымдық ойлау және қиялдау қабілеттерінің белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз ету шараларын анықтау:
оқушылардың оқылатын объектілері мен құбылыстарды саналы қабылдау және оларды ұғыну жолдарын жоспарлау;
сендіру, көндіру тәсілдерін қолдану;
оқушылардың материалды қабылдауын және олардың зейінін тұрақты ұстау шарттарын жоспарлау;
оқушылардың жадында алдында игерілген білімдерін, біліктіліктерін және дағдыларын өзектілендіру үшін жаңа материалды қабылдау қажет (әңгіме, жеке сұрау, қайталау бойынша жаттығулар сияқты) жұмыстың әртүрлі формаларын қолдану;


2. Жаңа білімдерді және біліктіліктерді қалыптастыру үрдісінде, ойлау және қиялдау әрекеттерін ұйымдастыру:
оқушылар білімдері мен біліктіліктерінің қалыптасу деңгейін (ұғымдарды нақты елестетіп түсіну, бейнелерді жалпылау, «жаңалық ашу», қорытындыларды тұжырымдау деңгейінде) анықтау;
оқушылардың ойлау және қиялдау әрекеттерін, жаңа бейнелерді елестету және түсіну деңгейлерін ұйымдастырғанда ұғымдарды қалыптастырудың психологиялық заңдылықтарына сүйену;
оқушылардың өздігінен ойлау қабілетін жүзеге асыратын және белсенділігін қамтамасыз ететін жұмыстың түрі мен тәсілін жоспарлау (проблемалы жағдайларды жасау, іздеу немесе танымдық жұмыстарды жүргізу, тапсырмаларды күрделендіру);
түсіну деңгейін арттыру (сипаттамалықтан бастап салыстырмалыға, түсіндірмеліктен – жалпыламалыққа, бағалауға, мәселелікке) және әңгімелесу, сөйлесу, ойқорыту, пайымдау қабілеттерін қалыптастыру;
оқушылардың шығармашылық жұмыстарының әрүрлі
формаларын қолдану (жұмыстың мақсатын, оны өңдеуді түсіндіру);
Оқушылардың жастық ерекшеліктерін ескеру:
сабақты оқушылардың жеке дербестік және жас
ерекшеліктеріне сәйкес жоспарлау;
сабақты нашар және жақсы оқитын оқушыларды ескере отырып жүргізу; сараланған әдістерді қолдану.


Жұмыстың нәтижесін бекіту:
тапсырмалар арқылы дағдыларды қалыптастыру;
алдында игерілген дағдылары мен біліктіліктерін жұмыстың жаңа жағдайында қолдануға үйрету, ойланбай ауыстырудан ескерту;

Оқушылардың ұйымшылдығы, жинақылығы:
оқушылардың оқуға деген көзқарасы, олардың өзін-өзі ұйымдастыру және ақыл-ой дамуының деңгейі;
оқушылардың оқуды қабылдау қабілетінің деңгейі бойынша топтастыру мүмкіндігі, сабақта жұмыстың жеке, топтық және жаппай формаларын анықтағанда, осы жағдайларды ескеру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет