Кешенді емтиханға шығарылатын сұрақтары бар пәндер тізбесі: «Бастауыш мектеп педагогикасы»


Оқыту процесiнiң мəнi, оның ерекшелiктерi мен қызметi. Тəрбие міндеттері мен қызметтері



бет32/43
Дата21.05.2023
өлшемі170,8 Kb.
#95606
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43
Байланысты:
педагогика

34. Оқыту процесiнiң мəнi, оның ерекшелiктерi мен қызметi. Тəрбие міндеттері мен қызметтері.
Оқыту процесі – білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, оқушылардың дүниетанымын, күш қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс–әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана–сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.
Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық.
Оқыту – мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.
Оқыту – таным процесі. Танымдық ерекшелігі — оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп арта түседі.
Оқытудың міндеті – оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп, дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі. Оқыту – жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз етуі үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған түрде жүзеге асырады. Оқушы білімді қысқартылған, педагогикалық тұрғыдан өзгертілген жолмен мұғалімнің және арнайы жазылған оқу құралдарының көмегіне сүйене отыра меңгереді.
35. Педагогикалық процестiң құрылымы. Саналылық пен белсендiлiк принципi

Педагогикалық процестің құрылымы
Педагогикалық процес - тәлім-тәрбиелік қарым-қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі. Педагогикалық процесті ұйымдастыратын педагог. Педагогикалық процес - бірнеше элементтен құрылатын жүйе. Педагогикалық процестің үш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық.

Педагогикалық процестің педагогикалық құрылымы: мақсат - принциптер - мазмұн -әдістер - құралдар - түрлер.


Мақсат - ұстаз бен шәкірт арасындағы педагоги-калық қатынастардың нәтижесі.
Принциптер мақсатқа жету жолдарын анықтайды. Мазмұн - мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі. Әдістер - мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру-қабылдауға арналған іс-әрекеттері. Құралдар - мазмұнмен жұмыс жасайтын материалдық тәсілдер мен әдістер.
Педагогикалық процестің әдістемелік жүйесін жасау үшін мақсат бірнеше міндеттерге бөлінеді. Әрбір міндет ұстаз бен шәкірт іс -әрекеттерінің кезеңдерін анықтайды. Мысалы, сабақтың әдістемелік құрылымы: сабаққа дайындалу, сабақты өткізу, сабақты талдау; экскурсияның әдістемелік құрылымы: дайындық, керекті жерге бару, бақылау, көргенді бекіту, нәтижені талдау.
Педагогикалық процестің психологиялық құрылымы: танымдық процестер (қабылдау, ойлау, есте сақтау, ақпарат сіңіру), оқуға қызығушылық (оқуға қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау), қуат (көтеріңкі не түсіңкі дене мен жан күш-қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамикасы).
Оқыту адамның қызметінің бір ғана түрі, ол екі жақты сипатта болады. Ол мұғалім мен оқушылар арасында оқудың мақсат - міндеттерін жүзеге асыруға байланысты бір мезгілде өзара қарым-қатынастары мен оқу әрекеттерінен тұрады. Оқу әрекеті дегенде: мұғалімдер тарапынан білім беру қызметіне басшылық болса, оқу - бұл оқушылар тарапынан білімдерді белсенді түрде меңгеруі, таным әрекеті. Мұғалім оқушыларға білім беруде қаншалықты белсенділік танытқанымен, егерде ондай белсенділік оқушылар тарапынан қолдау таппаса оқыту нәтижелі болмайды. Сондықтан, белгілі бір мақсатқа бағытталған бұндай өзара қарым-қатынаста біржақты көзқарас болмауы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет