Кешенді емтиханға шығарылатын сұрақтары бар пәндер тізбесі: «Бастауыш мектеп педагогикасы»


Оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтары.Тəрбие əдістері мен тəсілдері жөнінде түсінік



бет34/43
Дата21.05.2023
өлшемі170,8 Kb.
#95606
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43
37. Оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтары.Тəрбие əдістері мен тəсілдері жөнінде түсінік
Оқытудың негізгі заңдылықтары:
Қоғамдық қатынастар, әлеуметтік құрылыс пен әлеуметтік тапсырыс тәрбие мен оқыту жүйесін
қалыптастыруға ықпал етуі туралы заң.
• Білім алу, іс–әрекет жолдарын меңгеру және тұлғалық дамудың өзара байланысы туралы заң.
• Педагогикалық процестің бөліктерінің бірлігі және біртұтастығы туралы заң.
• Оқытуда теория мен тәжірибе бірлігі және өзара байланысты туралы заң.
• Оқу іс–әрекетінің жеке және ұжымдық түрлерінің бірлігі және өзара байланысы туралы заң.
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары:
• Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс– тәсілдері қоғам талабына, мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымының даму деңгейіне тәуелді.
• Білім беру, тәрбиелеу және дамыту өзара байланысты.
• Оқушының таным белсенділігі артқан сайын, оқыту сапасы жоғарылайды.
• Оқытудың тиімділігі кері байланысқа, қайталауға, түзету іс–әрекетеріне тәуелді.
• Әрбір тұлғаның жас және дара ерекшеліктеріне байланысты таным әрекетін ұйымдастыру.
• Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс– тәсілдерінің өзгеріп, жаңарып, толықтырылуы.


  1. Тәрбие әдістері, тәсілдері

Тәрбие әдістері- тәрбие мақсатына жету жолы. Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері. Тәрбие әдісі (гректің "методос" — жол деген сөз) — бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол, тәсілдер - тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары.
Тәрбие тәсілдері дегеніміз - әдістің бір бөлігі. Тәрбие тәсілдері:
1. Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.
2. Ақпараттық - ағартушылық.
3. Бағдарлау - іс-қызмет.
4. Қатынас.
5. Бағалау.
38. Оқу процесін ұйымдастыру формалары. Сана қалыптастыру əдістері
Оқу процесін ұйымдастыру формалары

  • Сабақ (дəстүрлі түсінімде)

  • Дəрісбаян

  • Семинар

  • Конференция

  • Зертхана-практикалық

  • дəріс

  • Практикум

  • Факультатив

  • Оқу саяхаты

  • Курстық жоба

  • Дипломдық жоба

  • Өндірістік практика

  • Өзіндік үй жұмысы

  • Кеңес

  • Емтихан

  • Сынақ

  • Пəн үйірмесі

  • Шеберхана

  • Студия

  • Ғылыми қоғам

  • Олимпиада, конкурc

Сана — бейнеге сүйене қоғаммен қарым-қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде пайдалану.
Сана қалыптастыру әдістері – тәрбие процесінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас бөлігі. Себебі, тәрбиенің мақсат пен міндеттеріне сай оның мазмұны тек әдістерді қолдану барысында жүзеге асады. Сана қалыптастыру әдістерінің көздейтін мақсаты тұлғаның адамгершілік қасиеттерін,өмірлік көзқарастарын, ұстанымдарын,нанымдарын кемелдендіруге қалыптастыру, соның негізінде олардың әрекеттерін ұйымдастыру. Оқушы əрекет-қылығына дем беретін оның білімі мен білігі емес, ең алдымен ол көзделген адами сапаның қоғамдық қажеттігі мен өзіне пайдалылығын танып, оны өз нанымы негізінде əрекет-қылыққа айналдыруы, ал бұл сана қалыптасуымен бірге жүретін психикалық құбылыс. Тəрбие мазмұнымен белгіленген іс-əрекетке бала белсенді араласуға дайын болған жағдайда ғана қолданылатын əдіс өз нəтижесін береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет