Кешенді емтиханға шығарылатын сұрақтары бар пәндер тізбесі: «Бастауыш мектеп педагогикасы»


Оқыту əдiстерiнiң көптүрлiлiгi, оларды топтастыру . Тəрбие əдістері мен тəсілдері жөнінде түсінік



бет41/43
Дата21.05.2023
өлшемі170,8 Kb.
#95606
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
педагогика

48. Оқыту əдiстерiнiң көптүрлiлiгi, оларды топтастыру . Тəрбие əдістері мен тəсілдері жөнінде түсінік
Оқыту әдістері педагогика саласында талас тудыратын күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Соған орай бүгінгі таңда оқыту әдістерінің анықтамасы және оларды топтастыру мәселесінде ортақ пікір қалыптаспаған.Бұл мәселені зерттеуші авторлар (С.И.Архангельский, С.И. Зиновьев, Н.В. Кузьмина, Т.А. Ильина, Н.Д. Никандоров т.б.) оқыту әдістеріне әдістеріне түрліше анықтама беріп, оларды әр түрлі негізде топтастыруды ұсынады.
Оқушылардың таным белсенділігіне қарай (М.Н. Скаткин, И.Я. Лернер):
түсіндірмелі - хабарлау әдісі;репродуктивтік әдіс;проблемалық баяндау әдісі;эвристикалық әдіс.Зерттеу єдісі.
Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай (М.А.Даниалов, Б.П. Есипов, Т.А. Ильина):жаңа білім беру әдісі;біліктілер мен дағдыларды қалыптастыру әдісі;техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі;µзіндік жұмыс істеу әдісі;білімді тексеру әдісі;проблемалық, программаланған оқыту әдісі.
Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай (Ю.К. Бабанский):оқу –танымдық әрекеттерді ұйымдастыру;оқуға ынталандыру; оқытудағы бақылау және өзін–өзі бақылау әдістері.
Тәрбие әдісі-көпөлшемді,құбылыс оның жүйесінің негіз болатын белгілері көп.Тәрбие жалпы әдіс тәсілдері-ынталандыру,мадақтау. әрбие әдістері:
• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.
• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер.  Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі. Тәрбие тәсілі - жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты іс. Тәсілдер — бұл тәрбиешінің қойылған мақсатқа тез жету үшін тәрбиеленушімен бірге салатын соқпақ жолы деуге болады. Егер оны басқа тәрбиешілер де пайдалана бастаса, біртіндеп ол соқпақ үлкен жолға -әдіске айналады. Тәрбие әдістері мен тәсілдерін тану, оларды дұрыс қолдану - бұл педагогикалык. шеберлік деңгейінің маңызды сипаттамасын білдіреді. Тәрбие әдістері мен тәсілдері тығыз байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет