Кешенді емтиханға шығарылатын сұрақтары бар пәндер тізбесі: «Бастауыш мектеп педагогикасы»


Талантты және дарынды балаларды оқыту. Тұлғаның өзіндік тəрбиесі мен қайта тəрбиесі



бет37/43
Дата21.05.2023
өлшемі170,8 Kb.
#95606
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43
43. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Тұлғаның өзіндік тəрбиесі мен қайта тəрбиесі.
Талантты және дарынды, қабілетті балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды және талантты, қабілетті адам қоғамға көбірек пайда әкеледі. Әрбір талантты адам еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен еңбек етеді. Біздің мақсатымыз жан- жақты білімді, іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, қабілетті тұлға қалыптастыру, балалармен жүргізілетін жұмысты дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі деп ойлаймын. Себебі, дарынды және талантты балаларға тапсырмалар дайындаған кезде көп ойлануды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етеді. Дарынды оқушыны дамытудағы басты мақсат жеке адамның дарыны мен қабілетін жоғары деңгейге көтеру деп ойлаймын. Дарынды дегеніміз барлық салада қабілеттілігі жоғары балалар деп санаймын.Дарынды балалармен жұмыс кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі. Дарындылықты дамытудағы басты мақсат еліміздің зияткерлік қорын құру үшін азаматтың ең талантты тұлғаның дарыны мен қабілетін жоғары деңгейге көтеру.Дарынды балаларды дамытудағы міндеттерім оқушыларымның ақыл ой қабілетін жетілдіру, шығармашылық жеке дарындылығын дамыту, тәрбиелеуде жан -жақты дамуын ,еңбекке шығармашылық қатынасын, өмірлік , азаматтық белсенділігін қалыптастыру,жоғары адамгершілік сапалары мен рухани құндылықтарының дамуына ықпал ету.Мектептің мақсаты жан- жақты білімді, іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары қабілетті тұлға қалыптастыру, балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру.Дарынды және талантты балаларды оқыту, тәрбиелеуді ұйымдастыру үшін педагогикалық психиологиялық жағдайларды жақсарту керек.Мен өз тәжірибемде дарынды баланы анықтауда жұмыс жасау барысында дарындылықты анықтау психиологиялық жағынан аңғарылатынын байқадым.Сонымен қатар дарынды және талантты бала деп баланың, ата- ананың ,мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға болады.Баланың дарындылығын белгілі бір жастан дамиды деп айта алмаймын.Мектепте дарынды және талантты оқушылар жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылған іс шаралар кезінде байқалады.
Өзіндік тəрбие – адамның өзіндік дамуға, өзіндік білім алуға, өз ұнамды қасиеттерін жетілдіріп, келеңсіз тұлғалық сапаларын жоюға бағытталған саналы əрі мақсатты бағдарланған іс-əрекеттері.Өзіндік тəрбие бірліктері - өзіндік таным, өзіндік талдау, өзіндік бағалау, өзіндік есеп жəне өзіндік қадағалау. Өзіндік тəрбие тəсілдері- өз өзіне бұйрық беру, өзіндік сергектік көтеру, өзіндік қолдап-қуаттау, өзіндік мадақ, өзіндік жаза.
Өзіндік тəрбиеге ынталандырушы жағдай – тек тəрбиешінің тəрбиелік іс-əрекетін ғана емес, сонымен бірге тəрбиеленушінің өз қалауы мен ынта-ықыласын қамтыған дұрыс тəрбие. Қайта тəрбие – мақсаты келеңсіз қасиеттерді жойып, ұнамды тұлғалық сапаларды дамытуға бағытталған тəрбие түрі. Бұл процесс жеңіл емес, көп күш-қуат пен шыдамдылықты қажет ететін ұзақты процесс. Тəрбиелегеннен гөрі қайта тəрбиеге салу анағұрлым күрделі, себебі бұл белгілі бір уақыт аралығында орныққан көзқарас, əдеттерді, мінез бітістерін бұзып, бұрынғыларынан өзгеше, тəрбиеленушілердің дағдыланбаған жаңа əдет-қылық жүйелерінің тіктелуіне байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет