Кешенді емтиханға шығарылатын сұрақтары бар пәндер тізбесі: «Бастауыш мектеп педагогикасы»



бет6/43
Дата21.05.2023
өлшемі170,8 Kb.
#95606
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Тәрбие әдістері, тәсілдері
Тәрбие әдісі дегеніміз – оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі.
Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.
• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер. А.П.Пинкевич тәрбиені екі топқабөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі-бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады.
Тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:
• Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.
• Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.
• Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер.
• Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.
Тәрбие тәсілдері дегеніміз – әдістің бір бөлігі. Тәрбие тәсілдері:
1. Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.
2. Ақпараттық – ағартушылық.
3. Бағдарлау – іс-қызмет.
4. Қатынас.

8. Бастауыш мектептегі оқу түрлері мен формалары. Мүмкіндігі шектеулі балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру
. Оқу түрі (типi) – оқу-тәрбие үдерісi ұйымдасуының жалпы тәсiлi, жолы. Басты құрылымдық бiрлiктерiн талдау арқылы оқу түрін анықтаймыз. Ол бiрлiктер келесiдей: 1) мұғалiм iс-әрекетiнің сипаты; 2) шәкiрттер оқып, бiлiм игеруiнің ерекшелiгi; 3) бiлiмдердi тәжiрибеде қолдану анайылылығы және т.б. Осы жалпыланған белгiлер негiзiнде оқудың бiрнеше типтерi ажыралады: Нақтамалық, түсiндiрме – көрнекi, мәселелi, бағдарламаластырылған, компьютерлi, қашықтан оқу.
Қазіргі заман мектебiнде үш салыстырмалы дербес ерекшеленген әрi бiр топ белгiлерiмен ажыралған оқу түрі қолданылуда: – түсiндiрме – көрнекi (дәстүрлi немесе ақпаратты деп те аталады); – мәселелi (проблемді); – бағдарламаластырылған және оның неiгiзiнде пайда болған компьютерлi оқу.
Оқу ұйымдастыру формасы – мұғалiмдер мен оқушылардың үйлесiмдi iс-әрекеттерiнің сырттай көрiнiсi, оқу мазмұнының тысқы “қорабы”. Ол дидактикалық жүйелердің дамуымен пайда болып, жетiлiп барады. Оқудың ұйымдастырылу формалары әрқилы өлшем-шектерге орай ажыралады. Оқушылар санына байланысты жеке-дара, ықшам топ, бүкiл сынып (фронтальды) оқуы болып бөлiнедi. Оқу орынына қарай мектептiк, мектептен тыс және экстернат формалары қалыптасқан. Мектептегi оқудың түрлері: сабақ, мектеп тәжiрибе алаңдарындағы жұмыстар, кеңестер, үйiрме жұмыстары және т.б., мектептен тыс оқулар: үйдегi өзiндiк жұмыстар, табиғат серуендерi және т.б., ал экстернат – ақырында бiлiм құжатын алу үшiн емтихан тапсырумен бiтетiн өзбетiнше дайындық жүргізуге негiзделген ерекше оқу формасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет