Кешенді емтиханға шығарылатын сұрақтары бар пәндер тізбесі: «Бастауыш мектеп педагогикасы»


Бастауыш сынып мұғаліміне қойылатын талаптар



бет5/43
Дата21.05.2023
өлшемі170,8 Kb.
#95606
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Бастауыш сынып мұғаліміне қойылатын талаптар
Бастауыш сынып мұғалімінің міндеттеріне оқу процесін ұйымдастыру, білім беру аймағы және тағы басқалары кіреді. Бастауыш сынып мұғалімінің өзінің қызметтерін педагогикалық сауатты, сәтті және тиімді орындауы үшін нақты жастағы балалармен жұмыс істеудің психологиялық-педагогикалық негіздерін жақсы білуі тиіс.
Міндеттері
• Оқушылардың білімін кеңейтуге деген сұраныстарын қалыптастыру.
• Өзіндік санасы мен өзін өзі тәрбиелеуін дамыту.
• Өз халқының жетекші рухани құндылықтарымен таныстыру, азаматтығын тәрбиелеу.
• Салауатты өмір салтына деген сұранысын дамыту.
• Жалпы мектептік ұжымдағы қарым-қатынасты үйлестіру.
Бастауыш сынып мұғалімінің өзінің қызметтерін педагогикалық сауатты, сәтті және тиімді орындауы үшін нақты жастағы балалармен жұмыс істеудің психологиялық-педагогикалық негіздерін жақсы білуі, тәрбие қызметіндегі жаңа тенденциялардан, тәсілдері мен формаларынан хабардар болуы, тәрбиелеудің заманауи технологияларын білуі, өзін өзі жетілдіруі, өзінің кәсіби шеберлігін арттыруы, оқу және тәрбие үдерістерін ұйымдастыруда әріптестерінің тәжірибесіне жүгінуі және өзінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісуі тиіс.

7. Бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс. Тәрбиенің әдістері, тәсілдері
Бастауыш мектепте білім беру және тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық процеске айналдыру немесе біртұтас оқу – тәрбие процесі деп атау, оқу-тәрбие процесін ұштастырып жүргізуге, олардың мақсатын бір жерге ұштастыруға зор педагогикалық мүмкіншілік береді. Демек, білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әрбір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу бүгінгі таңда оқу – тәрбие процестің басты шарты болып табылады. Педагогика ғылымында бүгінгі таңда ұсынып отырған біртұтас педагогикалық процестіңкомпоненттері деп мыналарды атауға болады: оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны формалары мен әдістері, сонымен қатар олардың шығатын , нәтижелер. Бұл компоненттер бір — бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады. Демек педагогикалық процесс сонда ғана нәтижесін береді. Тәрбие мен оқыту процестерін бірте-бірте өзін-өзі тәрбиелеу және өз бетімен білім алу процесіне(ауысды) ұласады. Сондықтан, тұтас педагогикалық процесті оқыту, тәрбие, білім беру және даму процестерініңтабиғи бірлігі деп қарастырлады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет