Кешенді емтиханға шығарылатын сұрақтары бар пәндер тізбесі: «Бастауыш мектеп педагогикасы»


Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері. Дамудың жалпы заңдылықтары



бет3/43
Дата21.05.2023
өлшемі170,8 Kb.
#95606
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
4. Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері. Дамудың жалпы заңдылықтары.
Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері
Жас кезеңдері :
1.Сәбилік (өмірдің алғашқы бір жылы).
2.Мектеп алды дейінгі жас (1жастан 3жасқа дейін ).
3.Мектепке дейінгі жас (3жастан 6жасқа дейін). Бұл аралықта а) кіші мектепке дейінгі жас(3-4жас),б)орта мектепке дейінгі жас (4-5жас), в) үлкен мектепке дейінгі жас (5-6жас).
4.Кіші мектеп жасы (6-10жас).
5.Орта мектеп жасы(10-15жас).
6.Жоғары мектеп жасы(15-18жас).
Жастық даму заңдылықтары :
1. Жастық шақта адамның тән – дене дамуы тез әрі қарқынды жүріп жатады.
2. Тән – дене дамуы біркелкі болмайды, бір кезеңде жылдам дамыса, екінші де – тым баяулап кетеді.
Адам денесінің әр бір ағзасы өзіне тән қарқынмен дамып барады, тұтастай дене бөліктерінің дамуында теңдестік пен сәйкестік болмайды.
Адам жасы мен оның рухани дамуы өзара кері тәуелділік байланыста.
Адамның рухани дамуы бірде қарқынды, жедел болса, әлде бір жағдайда баяу халге түседі.
Даму барысында кейбір психикалық сапа – қасиеттер мен мүмкіндіктердің қалыптасуы үшін тиімді жас кезеңдері болады.


5. Дидактиканың объектісі, пәні мен қызметі. Талантты және дарынды балаларды оқыту
Талантты және дарынды, қабілетті балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды және талантты, қабілетті адам қоғамға көбірек пайда әкеледі. Әрбір талантты адам еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен еңбек етеді. Біздің мақсатымыз жан- жақты білімді, іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, қабілетті тұлға қалыптастыру, балалармен жүргізілетін жұмысты дұрыс ұйымдастыру болып табылады. Мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір күрделі деп ойлаймын. Себебі, дарынды және талантты балаларға тапсырмалар дайындаған кезде көп ойлануды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етеді.
Таланттты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып мектептердің мұғалімдері өздерін «дарынды бақылаушылар» ретінде көрсетуге тиіс(Еуre and Lowe ,2002) Бұл ұғымның мазмұндық жағы әртүрлі болуы мүмкін.Балалар өздері бір ғана пәнге ғана емес, бірнеше пәннен немесе басқа да салада өзін көрсете алуы мүмкін.Мысалы: әртістік, спорттық, музыкалық және де басқа таланттармен танылуы ықтимал.Сонымен қатар олар бір салада дарынды болса басқа салаларда қиындықтар туындауы мүмкін.Олар дамудың бір кезеңінде өте қабілетті болса, келесі кезеңдерде қабілеттерін танытпауы да мүмкін.Бұл дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер, ата- анасы, балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабілеттілігін дамытуға мектепте жағдай туғызуы қажет.Біздің мектепте осындай балаларға жағдай жасалған деп ойлаймын.Себебі мектепте спорттың бірнеше үйірмелері бар,пәндік факультативтер, би топтары бес жастан ұйымдастырылған және де хорға көп оқушылар қатысады.Дарынды оқушыны дамытудағы басты мақсат жеке адамның дарыны мен қабілетін жоғары деңгейге көтеру деп ойлаймын.
Дарынды дегеніміз барлық салада қабілеттілігі жоғары балалар деп санаймын.Дарынды балалармен жұмыс кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі.
Дарындылықты дамытудағы басты мақсат еліміздің зияткерлік қорын құру үшін азаматтың ең талантты тұлғаның дарыны мен қабілетін жоғары деңгейге көтеру.Дарынды балаларды дамытудағы міндеттерім оқушыларымның ақыл ой қабілетін жетілдіру, шығармашылық жеке дарындылығын дамыту, тәрбиелеуде жан -жақты дамуын ,еңбекке шығармашылық қатынасын, өмірлік , азаматтық белсенділігін қалыптастыру,жоғары адамгершілік сапалары мен рухани құндылықтарының дамуына ықпал ету.Мектептің мақсаты жан- жақты білімді, іскер, өздік ойлау жүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары қабілетті тұлға қалыптастыру, балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет