Кәсіби білім беру тағам индустриясы л. З. Шильман аспаздық Ӛнімнің технологиясы


  Бӛктірілген балықтан әзірленетін тағамдар



Pdf көрінісі
бет95/166
Дата20.01.2023
өлшемі2,01 Mb.
#62066
түріБағдарламасы
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   166
Байланысты:
64. Шильман Аспаздық өнімнің технологиясы. Оқулық

10.3.2. 
Бӛктірілген балықтан әзірленетін тағамдар 
 
Бӛктірілген частик тҧқымды балығы. Балықтың 
ҥлестеп бӛлшектелген бӛліктері ыдыстың ішіне бір қатарға 
салынады, ҥстіне ыстық су немесе сорпа қҧйылады (1 кг 
балыққа 0,3 л), тҧз, тҥйінді пияз, ақ тамыр сабақтары, 
дәмдеуіштер, саңырауқҧлақ қайнатпасы қосылады, ыдыстың 
беті қақпақпен жабылады және 15 минут ақырын бірақ 
тҧрақты қайнатып, балықты бӛктіреді. Сорпаға тҧздық 
әзірленеді. 
Ҧсынатын кезде балыққа тілімдеп туралған қайнатылған 
саңырауқҧлақтар, лимонның тілімі салынады, қасына — 
гарнир қойылады, бетіне кӛк себіледі. Тҧздық бӛлек 
ҧсынылады немесе балықтың ҥстіне қҧйылады. 
«Ақ шарап» тҧздығымен бӛктірілген балық. Балық 
алдыңғы тағамдағыдай бӛктіріледі. Сорпаға «ақ шарап» 
тҧздығын әзірлейді. Ҧсыну кезінде бидай нанынан істелген 
қуырылған нанның бетіне немесе қатпарлы қамырдан 
жасалған крутонның ҥстіне бӛктірілген балық салынады 


115
 
(қуырылған нан немесе крутонның пішіні балық бӛлігіне 
сәйкес болуы қажет), оның ҥстіне — тілімдеп туралып, 
пісірілген саңырауқҧлақтар қойылады, бетіне тҧздық 
қҧйылады, лимонның тілімімен безендіріліп, кӛк себіледі. 
Тҧздық қосылған ақ тҧздықпен бӛктірілген балық. 
Балықты пияз, балдыркӛк немесе ақжелкен, дәмдеуіштер және 
сҥзілген қияр тҧздығын қосып бӛктіреді. Бӛктіруден қалған 
сорпаға тҧздықтан жасалған ақ тҧздық әзірлейді. 
Тҧздалған қияр қабығынан тазартылып, тҧқымдары 
алынып тасталады, тілімдеп туралады және дайын болғанша 
бӛктіріледі. Саңырауқҧлақтар қайнатылады. 
Ҧсынарда балықтың ҥстіне саңырауқҧлақтың тілімдері, 
бӛктірілген қияр салынады, ҥстіне тҧздық қҧйылады, бетіне — 
тазартылған лимонның тілімі, жанына — гарнир қойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет