Кәсіби білім беру тағам индустриясы л. З. Шильман аспаздық Ӛнімнің технологиясы


  Бҧқтырылған ет пен ет ӛнімдерінен



Pdf көрінісі
бет101/166
Дата20.01.2023
өлшемі2,01 Mb.
#62066
түріБағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   166
11.2. 
Бҧқтырылған ет пен ет ӛнімдерінен 
тағамдар әзірлеу
11.2.1. 
Жалпы ережелер 
Бҧқтыруға сиыр етінің туралған бӛлігі (І категориялы 
семіз), жауырын, тӛс еті мен жамбас бӛлігінің барлық 
кесектері және шошқа мен қой етінің тӛс, жауырын және 
мойын еті қолданылады. Сондай-ақ, тҥрлі субӛнімдер де 
бҧқтырылады.
Бҧқтыру кезінде тҧздық қышқылы коллагеннің бҥлінуін 
тездетеді. Оның тҧтас еттің аталған бӛліктерінде қҧрылысы 


123
 
терең болады және ол қуыруға арналған бӛліктерге қарағанда 
баяу жҧмсарады.
Бҧқтыру кезінде етке ерекше иіс пен дәм беру ҥшін тҥрлі 
дәмдеуіштер (лавр жапырағы, бҧрыш, даршын, қалампыр, 
кҥнзе, майоран, зире – 1 кг етке 0,5 г), хош иісті кӛкӛністер, 
жҥзімді қҧрғақ шараптар, сыра, квас, кӛкӛніс пен жеміс-
жидектен маринад қолданылады.
Етті ірі (2 кг дейін), ҥлестеп бӛлшектелген және кіші 
кесектермен, ал субӛнімдерді ҥлестеп бӛлшектелген және кіші 
кесектермен бҧқтырады.
Дайын жартылай фабрикаттарға тҧз және ҧнтақталған қара 
бҧрыш сеуіп, плита немесе қуыру шкафында қабықша пайда 
болғанға дейін қуырады. Қуыру кезінде бӛлшектеп туралған 
шикі тҥйінді пияз бен сәбіз қосады. Бҧдан соң, ет пен 
кӛкӛністерді шҧңғыл ыдысқа салып, ыстық сҥйек сорпасын 
немесе су қҧяды (ҥлестеп бӛлшектелген және кіші кесектерге 
– толық, ірілерге – жартылай), шала қуырылған қызанақ пен 
дәмдеуіштер қосып, жабық ыдыста ақырын қайнатып 
бҧқтырады. Етті әр 10 ... 15 минут араластырып, сҧйықтық 
қҧяды. Бҧқтырылған еттің дайындығын пісірілген ет сияқты 
анықтайды.
Бҧқтыру соңында сорпаны қҧйып, шала қуырылған ҧнға 
қосады, 25 ... 30 минут қайнатып, сҥзеді.
Бҧқтырылған ет тағамдарына гарнирлерді етпен бірге 
немесе жеке әзірлейді. Егер гарнир картоп пен кӛкӛністерден 
әзірленетін болса, онда оны етпен бірге бҧқтырады, онда тағам 
хош иісті болады, алайда ҥлестеп бӛлшектеу қиындайды 
(жаппай ӛндіру кезінде). Гарнир ҥшін картоп пен басқа 
кӛкӛністерді ірі бӛлшектеп не текшелеп турайды, қуырып 
алып барып бҧқтырады. Сондай-ақ, гарнир ретінде ботқалар, 
макарон ӛнімдері мен бҧршақтылар да қолданылады.
Бҧқтырылған еттің шығымы келесіні қҧрайды: сиыр еті 
ҥшін - 60 ... 63 %, қой еті ҥшін — 63 ... 70, шошқа — 68, бҧзау 
— 63 %. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет